I дебиторлық борыштардың есебі



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі450.5 Kb.
#125280
1   2   3   4

«3 - Энергоорталық» АҚ -да БЕС –да қарастырылмайтын жеке операциялар бойынша дебиторлық борыштардың сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің есебі төмендегіше жүргізіледі.

Операция түрі

1. НҚ қайта бағалау сомасы

2. НҚ іске асыру

3. Оңтайлы бағыт айырмашылығы




Кірістерді мойындау тәртібі

НҚ пайдалану барысы бойынша бірқалыпты үлестірілмеген кіріске ауыстырылады.

Қайта бағалаудың барлық сомасы тек шағарылу кезеңінде ғана ауыстырылуы мүмкін /6 БЕС, 20 пункт/.
Сатылу құндылығы және теңгерім /баланс/ құндылығы араларындағы оңтайлы айырмашылық, және сатылу шығысы шығарылу кезеңінде кіріс болып мойындалады



1.2 Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі және болашақ

кезеңнің есебі.

Басқадай дебиторлық қарыздарды (борыштарды) есепке алу 33 "Басқалай дебиторлық карыздар" бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі. Бұларға мынадай шоттар кіреді:



  • 331 "Өтелуі тиісті қосылған құн салығы";

  • 332 "Есептелінген проценттер";

  • 333 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары",

  • 334 "Басқа да қарыздар".

Дебиторлық рыздардың әрбір түрі бойынша есепке алуды ұйымдастырудың жайын қарастырып көрейік.

"Өтелуі тиісті қосылган құн салығы" (331-шот). Бухгалтерлік есепте қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есеп айырысуды көрсету үшін 331 "Өтелуі тиісті қосылған құн салығы" шоты қодцанылады.

331-шотының дебеті бойынша 671"Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу", 687 «Басқа да шоттарының» кредитімен корреспонденциялана отырып, алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды, аткарылған жұмыстарды және керсетілген қызметтерді бейнелеп, ондағы акцептелінген шоттары бойынша ҚҚС керсетеді.

Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен қосылған құн салығы алынады, ондағы айналымы салық салу үшін пайдаланады, егер де:



  • тауар (жұмыс, қызмет) алушы қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші болып табылса;

  • жабдықтаушы Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылады
    сатылған тауарға (жұмысқа, қызметке) берілген шот-фактураның негізінде.

Қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасы зачетқа жатқызылатын болып табылады, егер де:

  • тауарды (жұмысты, қызметті) алушы қосылған құн салығын төлеуші болса;

  • теленген салық сомасы кеден зандылығымен сәйкес келсе, яғни жүк кеденінің декларациясында көрсеткендей болса;

  • төлем құжатында көрсетілген салық сомасы салықтың төленгенін куаттайтын болса;

  • темір жол және авиа билетінде керсетілген салық сомасы салық заңына сәйкес сомада болса;

  • тұрғын-үй қызметінде пайдаланатын құжаттарында көрсетілген сома салық сомасымен сәйкес келсе;

- бақылау-кассалық машинасынан алынған чектердің сомасы салық
сомасымен сәйкес келсе.

Алумен байланысты телеуге жататын ҚҚС болса олар, зачетк» жатпайды, егерде:



  • тауарлар (жұмыстар, қызметтер) кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды жүргізумен байланысты болса;

  • тұрғын-үй қорларындағы ғимараттар болса, қонақ үй ретінде пайдаланатын ғимараттардан басқасы;

Есептелінген проценттер 332 "Есептелінген проценттер" шотында есепке алынады. Бұл шотта есептелінген процентгер бойынша дебиторлық қарыздар женіндегі ақпараттарды табуға болады (ұсынылған заемдар, вексельдер, негізгі құралды жалға алу және т.б.).

Алынуға тиісті проценттік үстеме телем 332 "Есептелінген проценттер" шотының дебеті және 724 "Акциялар бойынша дивидентгер және процент түріндегі табыстар" шотының кредитінде көрсетіледі.

"Есептелінген процентгер" шоты бойынша аналитикалық есеп - қарыз (займ) алушы, вексель ұстаушы, жалға алушы және т.с.с. кәсіпорындар бойынша және уақыттың өтуімен туындаған проценттік қарыздары бойынша айналым ведомосында немесе соған ұқсас машинограммасында жүргізіледі

333 "Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары" шотында дебиторлық қарыздардың келесі түрлері есепке алынады: есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бойынша; жұмыс істеушілерге кредитке сатылған тауарлары бойынша ұсынылган заемдар; материалдық шығынды өтеуі бойынша.

Өкілділік шығыстарының есебі. Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз қызметтерінің барысыңда өкілділік шығыстарын есеп беруге тиісті адамдар арқылы қолма-қол ақшалардың көмегімен жүзеге асыруы мүмкін. Өкілділік шығыстарды әзірлеу үшін негізгі құжаттар ретінде, мыналар саналуы мүмкін:

- басқа заңды тұлғалардың өкілеттілігін, басқарма қатысушыларын,


директорлар кеңесін, бақылау комиссиясын қабылдау бойынша жүргізілетін шаралардың негізділігімен байланысты бұйрығы;

- келушілердің келетін күндерінің және кәсіпкерлік жүмысты жүргізудің бағдарламасы, күтілетін қатысушылардың саны, талқыға түсетін мәселелердің тізімі.

- шығыстың әрбір баптарының негізділігімен байланысты жасалған шығыс
сметасы, осы құжаттар бойынша бұйрық жасалып, кәсіпорын басшысы кол қойғаннан соң, ол бухгалтерияға беріледі, содан кейін жауапты тұлғаға, яғни есеп беруге тиісті адамға бекітілген смета мөлшерінде ақша бөлінеді.

- Материалдық зиян шегудің орнын толтыру 334 шотында мынадай есеп айырысулар есепке алынады:

- шаруашылық ішінен бөлінген бөлімшелердің негізгі құралдары бойынша; тауарлы-материалдық құндылықтардың босатылуы бойынша;

- өнімдерді өткізу бойынша; басқа да ағымдағы операциялар


бойынша. 334 шоты бойынша ішкі шаруашылық есептері бөлігінде шоттардың келесі корреспонденциясы жасалады. 334 шоттың дебеті бойынша бас кәсіпорынның ішкі шаруашылық есептері бөлігіндегі қалдығы, құрылымдық бөлімшелерінің оған деген берешегі, ал құрылымдық бөлімшелерде — бас кәсіпорынның қарыздары көрсетіледі.

Бас кәсіпорынның біріктіріліп жинақталған балансында 334 (дебиторлық) және 687 (кредиторлық) шоттарда есепке алынған ішкі шаруашылық есептері бойынша қарыздар өзара өтеледі де, есепте көрсетілмейді. Баланс жасалғанға, сонда да алған акшасына есеп беруі дейін 334 және 687 шоттары бойынша қарыздар сомасы салыстырмалы тексеруден өткен соң, ондағы дәлсіздік жазбалары ретке келтіріледі.

Материалдық зиян шегудің орнын толтыру бойынша есебі (есептеуі). 333 шотында жоғарыда келтірілген баптармен қатар, еңбеккерлердің кем шыққан және жоғалған мүліктерінің (ақша, тауарлы-материалдық құндылықтары т.б.) орнын толтыру бойынша есебі көрініс табады.

Кем шығудың нәтижесіңде кәсіпорын шеккек зияны немесе құндылықтардың бұзылуы нарық бағасы бойынша есептелінеді, егер де заңмен басқа да тәртібі қаралмаса.

Кінәлі тұлғадан өндіріп алуға жататын сомасына 333 шоты дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі, яғни кем шыққан ақшаның немесе мүліктің нақты құнына; ал нақты құнымен нарықтық бағасының айырмасына 333 дебеттеліп, 727 шоты кредиттеледі. Ал мүліктің нарықтық құнынан ұсталатын ҚҚС сомасына 333 шоты дебеттеліп, 633 шоты кредиттеледі.

Келтірілген материалдық зияндар еңбеккерлердің жалақысынан ұсталуы мүмкін, ол кезде 681 дебеттеледі де, 333 шоты кредиттеледі; ал егер де олар ез кінәсін мойындап, нақты қолма-қол ақшамен төлейтін болса, онда 451 шоты дебеттеледі де, 333 шоты кредиттеледі.

Талдамалы (аналитикалық) есеп әрбір еңбеккер бойынша жүреді.

Басқадай дебиторлық қарыздар (334 шоты). Бұл шотта жалгерлік бойынша келіп түсетін міндеттемелеріне, бюджетке архық аударылған сомаларына, шағым-талап сомаларына, ТМЗ кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемітулеріне, айыппұлдарына т.б. ақпараттарына шолу жасалынады.



Шагым-талап (претезия) бойынша есеп айырысуды есепке алу. Шағым-талап деп - кредитордың өзінің мүліктік кұқығы мен мүддесінің бұзылуына байланысты карыздарды өз еркімен реттеу женіндегі жазбаша талабын айтамыз. Белгіленген тәртіп бойынша талап еткенге дейін кредитор алдын ала тікелей қарызданушыға шағым-талабымен баруы керек. . . і

Кәсіпорын шағым-талап бойынша қарыздарды уақытында және толығымен ендіріп алудың қажетті шараларын қолдануға міндетті. Шағым-талапта: шағым-талап қоюшы кәсіпорынның атауы, шағым-талаптың нөмірі және түскен күні; тиісті (нормативтік) актілерге сілтемесі; мәлімдеушініңталабы; шағым-талаптың сомасы және оның есебі; мәлімдеушінің төлем және есеп айырысу реквизиттері; тіркелген кұжаттардың тізімі; кәсіпорын басшысының қолы керсетілуге тиісті.

Кем шыккан өнімдер, тиісті сапаға сай келмейтін немесе комплектісі (жиыны) түгел емес енімдер қүныньщ орнын толтыру женіндегі және осындай өнімдерді жеткізгені үшін айыппұл төлеуді қоса алғандағы шағым-талаптар бір айдың ішінде қойылады, ал басқа себептер бойынша туындаған шағым-талаптар екі айдың ішінде қойылады.

Бұл шотта жабдықтаушылардың шот-фактураларында жіберілген арифметикалық қателіктері де және бағаның сәйкес келмеуі де; жеткізілген құндылықтардың сапасының мемлекет тарапынан бекітілген стандартына және техникалық шарттарға сай келмеуі де; тауарлардың тізімге енгізілген тауарлар санымен салыстырғанда кем шығуына байланысты туындаған шағым-талаптары да есепке алынады. Осы шотта транспорттық және басқа да ұйымдарға қойылатын шағым-талаптар: табиғи зиян нормасынан артық көлемде жүктің жетіспей қалуы және тарифтің (фрахта) шегінен шыққаны үшін; жабдықтаушылар мен мердігерлердің айыбынан болған ақаулар және тұрып қалғаны үшін; банктегі есеп айырысу және басқа да шоттарынан қате аударьшып есептен шығарьшған сомалар бойынша банкке қойылатын; сот ұйғарған немесе төлеушілердің ездері мойындаған көлёмде (қойьшған шағым-талаптағы телеуші мойыңдамаған сома есепте көрсетілмейді) жабдықтаушылардан және басқа мекемелерден өндірілуге тиісті айыппұл, өсім айыбы және т.б. сомалары есепке алынады.

Тиісті құжаттардың негізінде шағым-талап сомаларын 334 шоттың дебетіне — жабдықтаушыларға шағым-талап қойылған жағдайда 671 "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу" шотының кредитінен; қате аударылып есептен шығарылған сомалар бойынша банкке шағым-талап қойған жағдайда — 441 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шотының кредитінен; телеушілердің ездері мойыңцаған немесе сот ұйғарған келемде келісім-шарттағы міндеттемелерін орындамағаны үшін мердігерлерден, жабдықтаушылардан және т.б. өңдірілуге тиісті айыппұл, есім айыбы, тұрақсыздық айыбы сомаларына 727 "Басқа да қосалқы қызметтерден түсетін табыстар" шотының кредитінен есептен шығарады.

Қойылған шағым-талап бойынша төлем түскен жағдайда 441 шоты дебеттеледі де және 334 шоты кредиттеледі.

Қойылған шағым-талап бойынша қойылған сомалардан бас тартқан кезде 334 шоты кредиттеледі де, 821 шоты дебеттеледі.

Ішкі шаруашшық есеп айырысуларды есепке алу. Ішкі шаруашылық — бұл кәсіпорындардың өз филиалдарымен, өз өкілдіктерімен, бөлімдермен және басқа да ерекшеленген белімшелерімен және жеке (дербес емес) балансқа шығарылғандармен (күрделі кұрылыс, қосалқы ауыл шаруашылығы, ағаш дайыңцау) есеп айырысу. Есепке алу тәжірибесіңце кәсіпорындар мен жеке балансқа шығарылған бөлімшелерінің арасында болатын ішкі баланстық есептерін атайды.

334-шоты бойынша аналитикалық (талдамалық) және жинақтық (синтетикалық) есептерін ұйымдастырудың тәртібі 32 "Еншілес (тәуелді) серіктестердің дебиторлық қарыздар" бөлімшесінің шоттары бойынша жүреді.

334 шотында мынадай есеп айырысулар есепке алынады: шаруашылық ішінен бөлінген бөлімшелердің негізгі құралдары бойынша; тауарлы-материалдық құндылықтардың босатылуы бойынша; өнімдерді өткізу бойынша; жұмыс және қызметі бойынша; бөлімшенің қызметкерлеріне еңбек ақы төлеуі бойынша; егер қордың тиісті бөлігі бөлімшелерге берілмей бас кәсіпорынның балансында есепке алынатын болса, онда тұтыну қорлары және солардың есебінен қаражат жұмсауы бойынша; басқа да ағымдағы операциялар бойынша.

334 шоттың дебеті бойынша бас кәсіпорынның ішкі шаруашылық есептері белігіндегі қалдығы, құрылымдық белімшелерінің оған деген берешегі, ал құрылымдық бөлімшелерде — бас кәсіпорынның карыздары көрсетіледі.

Бас кәсіпорынның біріктіріліп жинақталған балансында 334 (дебиторлық) және 687 (кредиторлық) шоттарда есепке алынған ішкі шаруашылық есептері бойынша қарыздар өзара өтеледі де, есепте көрсетілмейді. Баланс жасалғанға дейін 334 және 687 шоттары бойынша қарыздар сомасы салыстырмалы тексеруден өткен соң, ондағы дәлсіздік жазбалары ретке келтіріледі. Ішкі шаруашылық есебі қаржылық есеп беруде көрініс таппайды. 334 шоты бойыша талдамалы (аналитикалық) есебі, яғни ішкі шаруашылық есебінің субшоты әрбір филиалы бойынша немесе басқа да дербес бөлімшелері бойынша жүреді.

Жоғалту мен кем шығудың есебі. Субъектінің шаруашылық қызметінің процесінде әртүрлі жоғалтулар мен кем шығулар болуы мүмкін және олар: нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінуі мүмкін.

Нормаланатын жоғалтулар негізінен тауарлардың физикалық-химиялық қасиетінің өзгеруімен байланысты болып келеді (табиғи азаюлары, ыдыстарының сынуы т.б.). Бұлардың себептері объективті сипатта болғандықтан олардың жоғалтулары белгілеген деңгейде нормаланады.

Нормаланбайтын жоғалтулар бұзылудың, кем шығудың, ұрлаудың т.б. нәтижесіңце болады.

Нормаланған жоғалтулар өндіріс шығыстарына жатқызылады, ал нормаланбайтын жоғалтулар, себебін анықтағанша, 334 шотқа жатқызылады және ол бойынша "Кем шығу, жоғалту және құндылықтардың бұзылуы" деген субшоты ашылады да, ол мына шоттармен корреспонденцияланады:

334 "Басқа да" шоты дебеттеліп, негізгі құралдардың жетіспеген баланстық құнына- 123-125 шоттары; материалдық құндылықтардың жетіспеген баланстық құнына — 201-206, 208, 221-223 шоттары; жетіспеген ақша қаражаттарына — 451-452 шоттары кредиттеледі.

Жоғалтулардың себебі ашылса, онда 334 шотында есепке алынған сомасы 333 шотына есептен шығарылады, яғни 333 дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі. Ал егер де кінәлілер белгісіз болса, онда олар кәсіпорынның шығысына жатқызылады, яғни 821 шоты дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі.

Негізгі құралдар мен материалдық құндылықтарға бұрындары жатқызылған ҚҚС сомасына 633 шоты дебеттеліп, 331 шоты кредиттелген қызыл жазумен жазылады, сосын 821 шоты дебеттеліп, 331 шоты кредиттеледі.

Іс-сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын-ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іс-сапар шығыстары етелетін шығыстар қатарына жатады.

Қазақстан Республикасының аясында іс-сапарда жүргендерге екі ең төменгі есептік керсеткіштер (ТЕК) деңгейінде тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда болған күндері де коса есептелінеді.

Нақты іс-сапар орнына барған жөне сол жерден шыққан күндері бойынша іссапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс-сапарға шыққан және келген күндері куәлікте керсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Әдетте, іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен аспауы керек.

Іссапарға жіберілген қызметкердің үй-жайды жалдауына кеткен шығындары негізінен ұсынылған құжаттардың негізінде, бірақ Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі бекіткен мелшерден артық емес көлемде өтеледі.

Іс-сапар бойынша еткізілген аванстық құжаттар бойынша белгіленген норматив деңгейіңде және тиісті құжаттармен дәлелденген жағдайда: іссапарда көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен қоса броньға кеткен шығыстары да қоса алынады.

Егер де қызметкерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілсе, басшының бұйрығымен қоса оның мерзімі, мақсаты, орны анықталады.

Іссапар шығыстары еңбеккерлерге қай елге барса, сол елдің валютасына аддын-ала қаралған смета бойынша төленеді, ал егер де оңдай валюта болмаса, онда еркін-конверттелетін валюта беріледі.

Келгеннен кейін бес күннің ішінде алған аванс бойынша есеп беру керек.

Болашақ кезеңінің есебі. Шаруашылық қызметінің барысында кәсіпорындарда келесі есепті кезеңнің өндіріс шығындарына немесе айналымына жатқызылатын шығындар туындайды, яғни пайда болады. Мұндай шығындарға мынадай жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласыңда өндірісті дайыңдау бойынша; жаңа өндірісті, жаңа цехтарды, жаңа агрегаттарды құрау және жаңа кәсіпорындарды игеру бойынша (іске қосу шығындары); өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру мен дайындау және технологиялық процесстер бойынша; тау-кен жұмыстарын жүргізуге даярлық жасау бойынша; егістік жерлерді қайта өңдеу; өндірісті ұлғайтқан немесе ұйымдастырған жағдайда жұмысшыларды жаппай жұмысқа қабылдаған кезде; жалға алушының қаржысының есебінен жасалатын жалға берілген негізгі құралдарды күрделі жөндеуден өткізген кезде; техникалық әдебиетке, газеттерге және журналдарға жазылған кезде; алдағы есепті кезең үшін төленген жалдау ақысы; алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және басқа да шығындары жатады.

Келешек кезең шығындарын есепке алу 34 " Алдағы уақыттың есебіне жататын шығындар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оларға мына шоттар кіреді:

341 "Сақтандыру полисі";

342 "Жалгерлік төлемдері";

343 "Болашақ кезеңнің есебіне жататын басқа да шығыстар".

Алдағы уақыттың есебіне жататын шығындардың аналитикалық (талдамалык) есебі шығынның әр түрі (тобы) бойынша келешек кезең шығындарын есепке алу тізімдемесін де немесе тиісті машинограммада жүргізіледі.

Тізімдемеге жазбалар 34 бөлімшенің шоттарының дебеті бойынша өңдеу кестелерінен "Еңбек ақыны (материалдарды) белу", "Негізгі құралдардың амортизациясы" (тозуы), "Қосалқы (қызметтің көрсетуші) өндіріс пен шаруашылықтардың қызметін бөлу" және басқа да бастапқы құжаттар бойынша жазылады. Басқадай дебиторлық қаржылардың есебі, «3 - Энергоорталық» АҚ –да былай жүргізіледі.

Жалпы «З-Энергоорталық» АҚ өнімнің ке лесі түрлерін шығарады:

1) электр қуаты

2) жылу қуаты

3) тұзсыздандырылған су

Өнімнің өзіндік қүнын құрайтын шығындарды жоспарлау, есепке алу және сараптауда, топтамалардың келесі түрлері қолданады:

- шығындардың пайда болу орыны бойынша - өндірістік цехтар:

1) қазандық-турбиндік цех

2) электр цехы

3) химиялық цех

4) отын-тасымалдау цехы

5) отын автоматика жэне өлшемдер цехы

6) орталықтандырылған жөндеу цехы

7) жөндеу-құру цехы

8) отын жүйелер Департаменті

Өндіріс жүйесі негізгі және көмекші болып бөлінеді:

НЕГІЗГІ ӨНДІРІС /цех/:

1) қазандық-турбиндік цех

2) электр цехы

3) химиялық цех

КӨМЕКШІ ӨНДІРІС:

1) отын-тасымалдау цехы - негізгі жабдықты отын және көлікпен қамсыздандыру;

2) отын автоматика және өлшемдер цехы - жабдықтың жұмыс атқаруын дұрыс есепке алынуын қамсыздандыру;

3) орталықтандырылған жөндеу цехы- «З-Энергоорталық» АҚ сенімді және үздіксіз жұмыс атқару мақсатымен жабдықтың жөнделуін қамсыздандыру;

4) отын құру цехы

5) отын жүйелер депортаменті

«З-Энергоорталық» АҚ басқа да дебиторлық борышкер есебінде келесі мәселелер есепке алынады.

- жеке өндеу қызметкерлері және тартылған мамандандырылған мердігерлік ұйымдары /анық—байқау" қорытындылары - бойынша/ атқаратын жабдықты барлық жөндеу жұмыстарынан өткізуге, оның ішіне заңдылықтармен бекітілген нормалары бойынша еңбекақы төлеу шығындары мен жөндеу қызметкерлерінің еңбекақысы енгізіледі;



- ынталандырма және өтемақы төлемдері енгізілген бөлімшені басқару аппаратының және басқа да бөлімше қызметкерлерінің еңбекақысына шығарылатын шығындар;

- заңдылықтармен бекітілген нормалар, әлеуметтік сақтандыру органдары, зейнетақы қоры бойынша еңбекақыны төлеуге шығарылатын шығындар;

- ғимараттарды қамсыздандыру шығындары, оның ішінде шаруашылық дүние-мүліктің /сыпырғы, тігілген мата/, қыздыру лампаларының құны т.б. енеді;

- тазалау құрылыстары тазартылынатын ағын сулардың құны;

- турбогенератордың технологиялық мұқтаждықтарына пайдаланатын азот құны;

- жабдықты пайдалануға жұмсалатын шығындар;

- сүзгілерді суды тұзсыздандыру құрылғысына орнатуда қолданатын сүзгіш материалдары, жабдықтың дұрыс жұмыс атқаруына қажетті сылау және сүргілеу материалдарының құны, сылау майларының құны, турбина және қазандықтарды реттеуге турбиндік майын құю құны, химиялық зертхана үшін арналған химиялық реактивтер т.б.;

- жабдықты үнемдеу тәртібі мен жабдықты пайдаланудың ілгері әдістерін ендіру үшін немесе күрделі жөндеуден кейін сынақ және зерттеулерге жұмсалатын шығындар;

- пайдаланымға енгізіліп жатқан жабдықты кешенді сынақтан өткізуге жұмсалатын шығындар.

«3 - Энергоорталық» АҚ-да берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебі 35 "Берілген аванстар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімшенің екі шоты бар — 351 "Тауарлы-материалдық құндылықтармен жабдықтау үшін берілген аванстар" және 352 "Орындалатын жұмыстар мен керсетілген қызметтер үшін берілген аванстар".

Аванс берілген жағдайда 35- белімшенің шоттары дебеттеледі және 441 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша", 431 "Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша", және т.б. шоттары кредиттеледі, соңдай-ақ, шетелдік валютада берілген аванс бойынша бағамдық оң айырмасының сомасына 725 шоты корреспоңценцияланады. Тиесілі шоттардың-(351, 352) кредиті бойынша және 671 шоттың дебеті бойынша жабдықтаушылардың біткен жұмыстарын төлеуі кезінде, берілген аванс сомалары ескеріледі (яғни шегеріледі), сондай-ақ шетелдік валютада берілген аванс бойынша бағамдық теріс айырмасының сомасына 844 шоты корреспонденцияланады

Берілген аванстың (талдамадық) есебі басқадай кредиторлық және дебиторлық қарыздар бойынша есеп айырысудың аналитикалық тізімдемесінде 351 және 352 шоттары бойынша бөлек жүргізіледі.

4 -кесте

Басқа да дебиторлық борыштарды 7 – БЕС –да қарастырылмайтын жеке операциялар бойынша мойындау


Операция түрі

Құптау тәртібі

1. Күмәнді қарыздар сомасы

Алуға тағайындалған /5-БЕС, 8 пункт, 25/ және тарифке енгізілмейтін сату құндылығы бойынша шығындар

2. НҚ-ды сату

Сатылу құны және теңгерім құны арасындағы теріс айырмашылық, шығарылу кезеңіндегі шығын ретінде мойындалады /9-БЕС, 28 пункт/

3. Теріс бағыт айырмашылығы

Пайда болған кезеңдегі шығындар ретінде мойындалады /9 - БЕС, 16 пункт/

4. Заңды тұлғалардан алынатын табыстық салық

Тиісті табыс пайда болған есеп беру мерзіміндегі шығындарға жатқызылады. Пайда болған кезеңдегі шығындар ретінде мойындалады /11-БЕС 11пункт/

5. «Мерзімі ұлғайтылған қарыздар» 632 шотындағы дебет сальдосы

Табыстың қажетті мөлшерін алуға сенімділігі жоқ шығындарға жатқызылады.

6. Жұмыс берушінің мемлекеттік емес зейнетақылық қорларына жарналары

Қызметкер аталған жүмыс берушіде еңбек атқарған есеп беру мерзіміндегі шығындарға жатқызылады.


1.3 Күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебі

Күдікті қарыз болып белгіленген мерзімде берілмеген қарыздар есептеледі және олар қажетті уақыт ішінде етелмеген дебиторлық қарыздар, сондай-ақ тиісті кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар болып есептелінеді. Күдікті қарыздар бойынша резервтер жылдың аяғыңда дебиторлық қарыздарды тізімдеу деректерінің негізінде жасалады.

Егер де шығыстар салыстырмалы қағидасы бойынша бағаланса және солармен байланысты шығыстар сол өнімнің сатылған кезеңінде жатқызылса, онда қүдікті қарыздар болуы ықтимал. Бұндай шығындар негізінен жыл соңында жасалған түгендеу нәтижесінде анықталуы мүмкін және ол 311 "Күдікті қарыздар бойынша резервтері деген пассивтік шотында керініс табады.

Қаржылық есеп беруде дебиторлық қарыздар бойынша резервтері шегеріліп көрсетіледі. Егер де шаруашылықтар бұндай резерв қорларын жасамаса, онда сенімсіз деп танылған қарыздар кезендік шығыстарына есептен шығарылады.

«3-Энергоорталық» АҚ-да күдікті (күмәнді) қарызды есептеу үшін өзінің есептік саясатында қолданып жүрген бағалаудың бір тәсілін таңдап алуға құқылы. Ол тәсіл сатылған өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің пайыздық деңгейінен немесе төлемнің мерзімі бойынша анықталуы мүмкін. «3-Энергоорталық» АҚ өзінің жылдық нәтижесіңце пайда болған күмәнді қарыздарын, теленбеген шоттарын талдайды. Содан соң сол өткен жылдың нәтижесін шартты түрде төрт кезеңге беліп, әрбір кезеңде сатылған өнімнің келемін және соларға тиесілі қарыздарын анықтайды.

Мысалы, жыл бойында сатылған өнімнің көлемі 3128,4 мың теңге болсын делік. Енді осы сатылған өнімді төрт кезеңге бөліп, күмәнді қарыздың деңгейі қай кезеңге көбірек келетіндігін анықтаймыз.

5 -кесте

Кезеңдері

Сатылған өнімнің көлемі, мың теңге

Күдікті қарыздың сомасы,

мың теңге



Пайызы %

1

2

3

4=3:2х100%

1-тоқсан

579,6

32

3,62

2-тоқсан

815,9

14

1,72

3-тоқсан

782,1

17

2,17

4-тоқсан

950,8

29

3,05




3128,4

81

2,64

Кестеде келтірілген мәліметтердің көрсеткішінен біз күмәнді қарыздың резерві 82,59 мың теңге құрағанын көреміз (3128,4х2,64):100%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет