I дебиторлық борыштардың есебі


Төлем мерзімі бойынша шоттарды есептеу әдісі



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі450.5 Kb.
#125280
1   2   3   4

Төлем мерзімі бойынша шоттарды есептеу әдісі. Негізінен жалпы дебиторлық қарыздың белгілі бір пайыздық бөлігінің күдікті деп танылуын көрсетеді. Бұл белгілі бір пайыздың бөлігін табу үшін алынуға тиісті шоттарын олардың категориясы бойынша жіктеуді ұсынады:

- төлеу мерзімі жетпеген шоттар;

- төлеу мерзімі 1-30 күннің аралығында жасалатын шоттар;

- төлеу мерзімі 31-60 күннің аралығында жасалатын шоттар;

- төлеу мерзімі 61-90 күннің аралығында жасалатын шоттар;

- төлеу мерзімі 90 күннен жоғары шоттар.

Әрбір категория үшін күдікті қарыздың болжамдық пайызы анықталады.

Мысалы. Түгеңдеу нәтижесінде теленбеген дебиторлық қарыздың деңгейі 9610 мың теңгеге жеткен. Енді осыларды төлем мерзімі бойынша мынадай етіп бөлуге болады:

бірінші категория 340 мың теңге;

екінші категория 134 мың теңге;

үшінші категория 249 мың теңге;

төртінші категория 211 мың теңге;

бесінші категория 77 мың теңге.

Еңді осы талап етілетін күдікті соманы анықтаудың кестесін келтіреміз, оның категориясы бойынша болжамдық пайызы өткен жылдың тәжірибесінің негізінде анықталады.

Сонымен, топшыланған күдікті қарыз сомасы 187,24 мың тенге құраған. Күдікті қарыздың бұл әдісі бірінші әдіске қарағанда анағұрлым дәлірек және объективті мәлімет беретін сияқты.
6 -кесте

Дебиторлық

қарыздын төлеу

мерзімі


Сомасы, мың теңге

Күдікті қарыз деп

саналатын, болжамдық

пайызы, %


Талап етілетін күдікті сомасы, мың теңге

Төлем мерзімі жетпеген

340

11

37,40

1-30 күннің аралығындағы

134

8

10,72

31-60 күннің аралығыңдағы

249

23

57,27

60-90 күннің аралығыңдағы

211

19

40,09

90 күннен жоғары


27

48

20,76

Жиыны

9610




166,48

Егер де күдікті қарыздар бойынша резервтер бірінші рет қалыптастырылатын болса, онда ол қаржылық есеп беруде кезеңдік шығыстар ретінде көрсетіледі, яғни есепті кезеңнің шығыстарын өсіреді. Демек, күдікті қарыздарды қалыптастырған кезде 821 дебеттеліп, 311 шоты кредиттеледі. Ал егер де дебиторлық қарыздар күдікті қарыздардың есебінен есептен шығарылса, онда 311 шоты дебеттеліп, 301, 302, 303, 321 - 323 шоттары кредиттеледі, бірақ бұл жерде ҚҚС есепке алынбайды, яғни қарыздың таза сомасы ғана алынады. Ал салық сомасы 633 шоттың дебетінде және 301-303, 321-323 шоттарының кредитінде көрініс табады.

Егер де төлем сатып алушылардан алынса, сенімсіз ретінде есептен шығарылған дебиторлық қарыздар есептік кезеңде табыс сомасы ретінде танылады да, ол 441, 451 шоттарының дебеті бойынша және 727 шоттың кредиті бойынша көрініс табады. Олардың ҚҚС сомасы да 441,451 шоттарының дебеті бойынша және 633 шоттың кредиті бойынша көрініс табады. Егер де күдікті қарыздарды іздеу мерзімі өтіп кетсе де есептен шығаруға рұқсат етілмесе, онда олар баланстан тыс 007 шотында көрініс табады.

311 шоты бойынша аналитикалық есеп әрбір күдікті талаптар бойынша тізімдемеде жүреді.



ІІ. Дебиторлық борыштар есебінің аудиті.

1.1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті.
Аудитор дебиторлық борыштарды тексеруге кіріскен кезде тексеру барысында қаралатын және анықтауды талап ететін материалдарын жеке сұрақтарға бөліп, аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасап, тексеру барысында анықталған факторларға байланысты толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, басшылыққа алып қадағалап отырады. Дебиторлық борыштарды тексерудің аудиторлық бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтуға тиісті:

  • Баланстың көрстекіштерін Бас кітаптағы, есеп регистрларындағы және машинажазбалардағы мәліметтерімен салыстырып тексереді;

  • Аналитикалық және синтетикалық есептердің дұрыс жүргізілгендігін текесереді.;

  • Субъектідегі дебиторлық борыштардың жағдайын олармен есеп айырысуларды түгендеу жүргізу жолымен тексереді;

  • Күдікті қарыздар резевтерінің құрылу тәртіптерін және олардың дұрыс қолданылуын тексереді;

  • Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысуларды, вексельмен төлеу операцияларының дұрыс жүзеге асырылғандығын тексеруді;

  • Шағым-талап ету тәртіптерінің уақытылы сақталып, олардың қозғаласан бақылаудың дұрыс ұйымдастырығандығын тексеруді;

  • Еншілес серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштары бойынша есеп айырысу операцияларының бухгалтерлык есеп шоттарында дұрыс көрсетілгендігін тексеруді Дебиторлық борыштар бойынша алынған материалдарды талдап, есеп айырысуды ретке келтіру және дебиторлық борыштарды төмендетуге байланысты ұсыныстар жасауды.

Дебиторлық борыштар бойынша есеп айырысуды тексере отырып, аудитор олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін, жылдың басында және аяғында қалдықтарының баланстың «Ұзақ мерзімді активтер» және «Ағымдағы активтер» бөлімдеріне дұрыс топталып көрсетілгендігін тексереді. «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде есеп беретін күннен бастап, 12 айдан кейін төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетсе, ол «Ағымдағы активтер» бөлімінде – 12 айдың ішінде төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетеді.

  1. «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде тексеру жүргізген кезінде де аудитор талап еткен мерзімі біткен борыштарға және уақытылы өндірілмеген сомаларға назар аударуға тиіс.

Баланста «Ұзақ мерзімді активтерге» жатқызылған дебиторлық борыштар мынандай баптар бойынша көрсетіледі:

  • алынуға тиісті шоттар;

  • алынған вексельдер;

  • негізгі серіктестіктер мен еншілес серіктестіктердің арасындағы ішкі топтардың операциялары бойынша борыштары;

  • акционерлік қоғамдардың лауазымды тұлғаларының борыштары;

  • басқа да дебиторлық борыштар.

Ағымдағы активтерде аталған баптар сол күйінде қайталанып, оған тек қана «Аванстық төлемдер» бабы қосылады.

Аудитор баланстың сәйкес баптарындағы борыштардың қалдықтарының дұрыс көрсетілгендігін анықтау үшін №11 журнал-ордердегі, басқа да синтетикалық есеп регистрларындағы және есеп айырысудың жүзеге асырылғандығын көрсететін шоттарындағы мәліметтер бойынша, баланстың сәйкес баптарындағы қалдықтармен тексеру кезеңінің басындағы әрбір есеп айырысу бойынша қалдығын салыстырып, содан кейін есеп айырысудың әрбір түрін тексереді. Сатып алушылармен есеп беруге тиісті тұлғалармен, жұмыскерлерімен және басқа да дебиторлармен есеп айрысуларды түгендеу, тиісті құжаттар бойынша шоттарында көрсетілген сомаларының негізділігін мұқият тексеріп анықтауды талап етеді. Аудитор және түгендеу комиссиясының мүшелері дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімін, себебін және оған кінәлі тұлғаларды, нақты алынатынын талап ету мерзімінің өтіп кетпегендігін қарыздарды өндіру үшін қандай шаралар қолданылғандығын анықтайды. Қарама-қарсы тексеру жүргізу мәселелерін шешіп, қарама-қарсы тексеру негізінен сауда және жабдықтау ұйымдарына жүргізілетіндігі ескерілуі тиіс.

Есеп айырысуларды түгендеудің нәтижесінде акт толтырылады. Актыда түгендеу жүргізілген шоттардың аттарын, дебиторлық борыштардың сомасын талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарын өндіру мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын көрсетеді. Бұндай борыштарды түгендеу түрлері бойынша есеп айырысуларды түгендеу актыларына дебиторлардың аталуы, мекен жайы, қарыз сомасы, не үшін қарыз болғандығы, қай уақыттан бері, қандай құжаттардың негізінде көрсетіліп анықтама тіркелуге тиісті. Анықтамада талап ету мерзімін өткізіп алған дебиторлық борыштары бойынша есеп айырысуларды түгендеудің материалдарына талдау жасау немесе түгендеуді аудитордың өзі жүргізгенде анықталған ауытқуларды, сәйкессіздіктер,түсініксіздіктер бойынша, аудиторға есеп айырысуларды өте мұқият тексеруге, ойын жинақтап бағыттауға мүмкіндік береді.

Баланс мәліметтерімен бас кітап немесе айналым ведомостінің мәліметтерінің сәйкес келмеуі жиі кездесетін жағдай.

Мұндай жағдайды «энергоорталық»-тың дебиторлық борышын талдау барысында баланс және реестермен айналым ведомості және бас кітап мәліметтерінің сәйкес келмеуінен жекелеп ашып көрсетуге болады.

«Энергоорталық-3»-те баланс мәліметтері екі мың екінші жылдың отыз бірінші желтоқсанына дебиторлық борыш көрсеткішін 310477,3 теңгеге қорытындыланаған. Бұл көрсеткіш жыл басындағы мәліметпен салыстырғанда дебиторлық борыш көлемінің 9229,3 мың теңгені немесе 103,1 пайызға артқандығын көрсетеді.

Алайда 2002 жылдың 31 желтоқсанына. Бас кітаппен айналыш ведомосінде дебиторлық борыш қорытындысы 315337166 тенге көрсеткен.

Бұл жағдайды ескере отырып, дебиторлық борыш көлемін мынадай жекелеген шоттар арқылы талдауға болады.

301108-30201 «Алынытын шоттар» электро энергия және жылуға 278401338 теңге.

33301-33303 «Крелитке сатылған тауарлар есебінен, дебиторлардың есептемелері» 4010197 теңге.

33419 «Басқада де дебиторлық борыш» 161895 теңге

35101-35108 «Берілген аванстар» 28847929 теңге.

63401 «Кіріс салығының физикалық түрі» 871381 теңге

63403 «Мүлік салығы» - 623850 теңге.

63408 «Транспор салығы» - 121837 теңге.

63407 «Дивидент, табыс салығы» - 33350 теңге.

68101 «Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу» 378294 теңге.

68703 Басқалары

Сонымен, аналитикалық есептеме жасай отырып, біз дебиторлық борыш көлемін 315337166 теңге құрайтынына көз жеткіземіз. Бұл көрсеткіш баланс және реестрлік мәліметтеріме салыстырғанда 4859866 теңгеге артық соманы корсетеді. Яғни баланста дебиторлық борыш самасы 485 9866 теңгеге кем көрсетілген.

Гиаладау барысында дебиторлармен есеп айырысу шоттарынын жекелеген қателер табуға болады. Олар:



  1. Дебиторлар тізімі баланста жалпы тізімі бойынша көрсетілген.Аналитикалық шоты бойынша көрсетілмеген.

  2. Дебиторлардың атауы аналитикалық шоттарында енгізілмеген.Айналым ведоменде «анықталмаған атау» деп көсетілген.Аналитикалық есеп коды бухгалтерлік сәйкес емес түсініксіз түрде берілген.

  3. Бір дебиторға,әртүрлі субъшот ашылған. Нәтижесінде бірнеше шот қалдығы пайда болған.

Мысалы:

«жылу тұтынушы халық» Дт қалдығы.

301102345 шотында – 150589127 теңге

302012345 шотында – 11426 теңге



  1. «Энергоорталық - 3» те тұтынушылармен жабдықтаушылар қаторы бір мезгілде дебиторларда кредиторда болып саналады. Мысалы:

«ШТЭЦ – 3» «магазин»

30107 Дт қалдығы 286608 теңге

30108 Кт қалдығы 246317 12 теңге.


  1. «Профвзносы»

30105100 Кт қалдығы – 10000 теңге

655025100 Кт қалдығы – 187470 теңге



  1. «Атауы анықталмаған»

334192322 Кт қалдығы – 76952 теңге

334192322 Кт қалдығы – 32931 теңге

301012322 Дт қалдығы – 997215 теңге


  1. «Энергоорталық – 3» «асхана»

301077000 Кт қалдығы – 1133134 теңге

351057000 Дт қалдығы – 166795 теңге



  1. ЖШС «Қуат»

302012353 Дт қалдығы – 1045307755 теңге

351012353 Дт қалдығы – 546528 теңге



  1. ЖШС «Натим»

302012292 Дт қалдығы – 1596035 теңге

351012293 Дт қалдығы – 10376456 теңге



  1. «Энергоорталық – 3»

351014424 Дт қалдығы 1000000 теңге

661014424 Кт қалдығы 2578 теңге

Бұл шот корреспонденциясы дұрыс құрылмаған


  1. «Аныкталмаған атау»

334190015 Кт қалдығы – 181150 теңге.

334190015 Дт қалдығы – 181150 теңге.

301010015 Дт қалдығы – 14065692 теңге

334190333 Дт қалдығы – 130000 теңге

334190333 Кт қалдығы – 130000 теңге

334194012 Дт қалдығы – 17622248 теңге

334194012 Кт қалдығы – 240629 теңге

334195106 Кт қалдығы – 9497 теңге

334195106 Дт қалдығы – 16881 теңге

301028888 Дт қалдығы – 2015261582 теңге

334198888 Дт қалдығы – 30000193 теңге


  1. ЖШС «Аргос»

301012165 Дт қалдығы – 7079523 теңге

301012165 Дт қалдығы – 559 теңге



  1. «Жергілікті жылу жүйесінің жөндеу жұмыстары»

351072334 Дт қалдығы – 2256497 теңге

671572334 Кт қалдығы – 194656 теңге


Төменде көрсетілген кестеден бұл талдауға қарсы жасалған дебиторлардың шоттарының аналитикалық есептемесі көрсетілген

7 - кесте





Жергілікті атаулары


АЕК

Борыш теңгемен

Қалдық теңгемен



Дебет

Кредит

Дебет

Кредит

1

халық

2345

15058912732













-

2345

11426,27













қортындысы




150600553,5




1506005553,59




2

ШТЭЦ-3 магазин

6000

286608

346317,12





59709,1


3

Профвзносы

5100




10000































қорытынды







197470,34




197470,

4

Эо-3 асхана

7000

1667,95

1133134,6




113113

5

Атауы жоқ

2322




76952,03













2322

997215

32931










қортынды




997215

109883,03

887336,97




6

ЖШС Қуат

2353

10453077,55
















2353

546528,06













қортынды




10999605,66




10999605,66




7

ЖШС Натим

2293

15860,95
















2293

103764,56













қортынды




119625,51




119625,51




8

ЭО-3

4424

1000000
















4424




2578










қорытынды




1000000

2578

999974,22




9

Атауы жоқ

0015



















0015

181150
















0015

140956,92













қортынды




322106,92

181150

140956,92




10

Аты жоқ

0333

1300000

130000

-

-

11

Аты жоқ

4012

176222,48

240629




64006,52

12

Аты жоқ

5106

16881

9497

7384




13

Барлығы




187430401

18634069

-

145305


2.1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті

Сатып алу және тапсырыс берушілермен есеп айырысуды тексерген кезде бағдарламада келтірілген сұрақты жан-жақты қамтып, ауқымын кеңейте түсу үшін мынадай мәселелерді анықтап алу қажет:



  • өнім сатуға сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарт жасалғандығын;

  • түгендеу(салыстыру) актілермен есеп айырысу құжаттарымен расталған сатып алушылардың борыштарының нақтылығы;

  • 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің борыштарын;

  • бөлімшесінің шоттары бойынша жүргізілген синтетикалық есептің дұрыстығын.

Бұндай жағдайда аналитикалық есеп мынадай мәселелерді қамтамасыз етуге міндетті:

  • вексельдермен қамтамасыз етілген ақша қаражаттарының түсу мерзімі әлі жетпеген, сатып алушылар мен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар бойынша борыштардың мәліметтерін алу мүмкіндігін, дисконтталған вексельдер мен ақша қаражаттарының мерзімінде түспегендігіне қарамастан, банктен өткен дисконтталған вексельдерді;

  • 30 «сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімшенің шоттары бойынша бухгалтерлік есеп корреспенденцияларының дұрыс берілгендігін;

  • 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімнің шоттары бойынша аналитикалық есеп жазуларының №11 журнал –ордердегі Бас кітаптағы және баланстағы жазулар мен сәйкестігін;

  • талап ету мерзімі өткен сайын дебиторлық борыштардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын.

Субъектінің басшысының қабылдаған шешіміне сәйкес талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштар шығысқа шыгарылып, күдікті қарыздар резервінің шотгарына жатқызу арқылы жабылады.

Аудитор 301 «алынуға тиісті борыштар» шотының дебетінде көрсетілген артылып жөнелтілген өнім (тауарлар), орындал-ған жүмыстар жоне көрсетілген қызметтердің құнын талап ету құжаттарының уақтылы банк мекемелерінде қабылданғандығын және оларды төлеу мерзімінің сақталғандығын банк көшірмелеріндегі жазуларымен салыстырып тексереді. Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің алдын ала сатушының есеп айырысу шотына аударған аванстарының жабылып, айдың аяғында 301 шоттың дебетіндегі құны өтелген өнімдердің құнының дұрыс анықталғаңдығына көз жеткізуі тиіс.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың жедел дамып келе жатқан түрі - алынған вексельдер бойынша есеп айырысу Вексельмен төленген операциялардың дұрыс көрсетілгендігіне көз жеткізу үшін аудитордан бұндай операцияларға баса назар аудару талап етіледі.

Сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден есеп айырысу үшін алынған вексельдермен қамтамасыз етілген борыштарын 302 «Алынған вексельдер» шотында жүргізеді. Вексель бойынша өтелген қарыздарын шоттың кредитінен Ақша қаражаттар бөлімінің сәйкес шоттарының дебетінде көрсетеді. Вексельмен есеп айырысқан кезде қарапайым және аудармалы вексельдер қолданылуы мүмкін. Қарапайым вексель бұл жасалған сауда-саттықтар немесе орындалған жұмыстарды (қызметтер) төлеу үшін бір жағының (вексель берушінің), екінші бір жағына (вексельді ұстаушыға) төлеу мерзіміне қарай белгілі бір соманы төлеуге жазбаша берген ақшалай қарызының міндеттемесі.

Аудармалы вексель (тратта) немесе беруші (трассант) жазады да, онда дебиторға (трассат) вексельде көрсетілген соманы, үшінші тұлғаға (ремитентке) немесе талап етушіге төлеу туралы бұйрығын көрсетеді.

Бұл құжат борыштық міндеттемеге айналып, төлеуші (трассант) төлеуге келісім бергеннен кейін ғана заңды күшке ие болады. Өтпелі белгінің (индассамент) көмегімен әмбебап несие есеп айырысу құжатының қызметін орындап, вексель бірнеше рет қолданылуы мүмкін.

Вексельдерді дисконттау олардың банкідегі есебін және қаржының айналымын елеулі жылдамдатады. Бұндай жағдайда вексельді ұстаушының (индассамент) қатысуымен төлеу мерзіміне дейін банкке өткізіліп, банктің тәуелсіз дисконтының пайдасына есептелген пайыздың шығынын шегеріп тастап, вексельдік сомасын алады.

(Аудит кезінде вексельдердің есебінің түрлері төлеуші субъектінің төлеу мерзімінің жетуі бойынша борыштарды (аударады) вексельдер арқылы толтырудың негізділігін; алудан үмітін үзген немесе талап ету мерзімін өткізіп алған борыштарды, вексельдерді сатудан тыс зияндарына шығысқа шығарудың заңдылығын тексеру қажет.

Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті. Шаруашылықтың басшысының шешімімен талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштарды күдікті қарыздар резервтерінің шоттарындағы жинақталған қаржыландыру көзіне жатқызу арқылы шығысқа шығарып жабады. Демек күдікті қарыздар бойынша резервтер талап ету мерзімі біткен, қайтарылуы сенімсіз субъектінің алшақ дебиторлық борыштарын есептен шығарып жабу үшін жасалады.

Күшіндегі салық жөніндегі заң актілерінде күдікті қарыздар - бұл өнім (жұмыс, қызмет) сатудың нәтижесінде пайда болған және табыс есептелген күннен бастап екі жылдың ішінде сөңдірілмеген қарыздар деп көрсетілген.

Аудитор есепті жылдың аяғында тіркеліп, тізімделген дебиторлық борыштардың мәліметтерінің негізінде жасалған күдікті борыштар резервтерінің заңдылығын және қандай борыштарды жабу үшін жасалғандығын және талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың баланстан шығарылуын тексереді.

3-Энергоорталық мекемесінде сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен тапсырыс берушілердің аудитін жүргізгенде мынадай шоттары қарастырылады:

-30101-30108 шоттарында «Алынатын шоттар»-электро энергия және жылу үшін есептеледі

30301-30308 шоттарында «сатып алушылармен тапсырыс берушілердің басқада қарыздары»

« Алынуға тисті қарыздар» шотында тұтынушыларға жөнелтілген энергия мен жылу есепке алынып, мынандай шоттар корреспанденциясы жасалынады. 801 «сатылған дайын өнімнің өзіндік құны» кредиттеледі.

АҚ «3-электро орталықтағы» 2002-2003 жылдардағы салыстырмалық дебиторлық борыш өтелімін электро энергия және жылу үшін тұтынушы халықтың борышты өтеу қабілеттілігін төмендегі кестеден көруге болады.

8 - кесте





Тұтынушылар

Қалдық 01.01.2002

Қалдық 01.01.2003

Көрсеткіштер

сома

пайыз

1

Барлығы

106838,9

150589,1

+43750,2

140,9

2

РК-1

38109,6

50034,5

+11924,9

131,3

3

РК-2

28365

36976

8611

135,6

4

РК-3

36761

49862,3

13101,3

127,6

5

К-21

719,4

1489,2

769,8

341,5

6

К-24

2145,5

9472,0

+7326,5

-

7

К-9

-

631,2

+631,2

-

8

К-54

-

953,1

953,1

130,4

9

Кара-төбе

738,7

1171,1

432,4

158,5

Кесте көрсеткіші 2003 жылы тұтынушы халықтың 2002 жылдың борышты өтеу мәліметтеріне қарағанда 140,9 пайыз өсу сомасын көрсеткен.

3-энерго орталық мекемесінде талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарды күдікті қарыздар резервтерінің шоттарында жинақталған қаржыландыру көзіне жатқызу арқылы шығысқа шығарып жабады. Мекемеде күдікті қарыздар ретінде төмендегі мекемелер танылған.


9 - кесте



Тұтынушылардың атауы

Уақыты

Сомасы

01.01.2003есебінде

Өтегені

1

ЖШС «БТ и К»




6181

6181

-

2

ЖШС «Энергия-плюс»




252

252

-

3

АҚ «ИНТЕРПРОМ»




2165

2165

-

4

Отырар РЭС




249

249

-

5

ЖШС «қазығұрт»




314

314

-

6

ЖШС «Фарратекс»




125

125

-

7

ЖШС «РАЙ»




539

539

-

8

ЖШС «Акерек-2030»




34

34

-




ҚОРТЫНДЫ




9610

9640

-






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет