I-дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар


-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс: себебі, қорытындысы



бет3/90
Дата18.11.2022
өлшемі0.5 Mb.
#465191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
I-ä?íèåæ?ç³ë³ê ñî?ûñòàí êåé³íã³ õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð

3.1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс: себебі, қорытындысы
1929-1933 жж аралығында болған әлемдік экономикалық дағдарыс Ақш-та басталып, кейіннен бүкіл әлемге тарады. Дағдарыстың негізгі себебі тауарлардың шектен тыс көп өндіріліп, оны өткізетін рыноктың жоқшылығы себепкер болды. Яғни экономика тілімен айтқанда ұсыныс пен сұраныстың арақайшылығы тепе- теңсіздігі туындатты. Экономикалық дағдарыс көптеген қиыншылықтар туындатты, атап айтар болсақ жұмысшылардың жалақылары қысқарды, жұмысшылардың саны қысқарды, нәтижесінде қоғамда жұмыссыздардың саны өсті. Жәрдемақы , еңбекақы көлемі қысқарды. Қарапайым халыққа кедейшілік тауқіметі төнді. Экономикалық циклдің міндетті кезеңі больш табылатын экономикалық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі — өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем кабілеті — сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып калмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды кысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыноктің тарылған көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929—1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды
Ідүниежүзілік соғыстан кейін экономикалық тұрақтану және дағдарыстар жиі қайталанып отырды. 20 жылдары шаруашылықтың тұрақты даму кезеңі басталды, жұмыссыздық азайды, жаңа салалар – автомобиль жасау, авиация, химия, радио – техника дамыды.Ал АҚШ – та 1922 жылы басталған экономикалық өрлеуін "гүлдену" (просперити)жылдары деп атады. Машина жасаумен үш ірі компания "Форд","Дженерал Моторс" және "Крайслер" айналысты.Автомобиль құрылысының дамуы арқасында мұнай өндіру 2,5 есе артты.Автомобиль америка халқының көпшілігінің өмір салтын өзгертті. «Гүлденудің» бес жылы ішінде жаңа миллионерлер пайда болды.Америка өнеркәсібі бүкіл капиталистік әлемнің өндіретін өнімінің 48 пайызын берді.
1929 жылдың қазан айында Нью-Йорк қор биржасында кенеттен акциялардың құлдырауы басталды.Кеме жасау, көмір өндіру, шұға өндірісі, ауыл шаруашылығы созылмалы дағдарыста болды. Ал 1929 – 1933 жылдары бүкіл дүниежүзілік дағдарыс " ұлы құлдырау кезеңі " деп аталды.
1929 – 33 жылдардағы дағдарыс АҚШ экономикасын ерекше күйзелтті. Өнеркәсіп өндірісі
46 % қысқарды, ұлттық табыс екі есеге кеміді, жалақы 35 % азайды.
Республикалық партиядан сайланған президент Герберт Гувер елді күйзелістен,дағдарыстан алып шыға алмады.1932 жылғы президент сайлауында Франклин Рузвельт жеңіп шықты.Қызметке 19333 жылы 5 наурызда кірісті.Ол банктерді шоғырландырды,несие берді.Жұмыссыздықты тоқтату үшін қоғамдық жұмыстарға тартты,қысқарған фермерлерге сыйақы төледі.1935 жылы «Әлеуметтік қамсыздандыру» Заңы қабылданды1937 жылы экономикалық дағдарыс күшейді,10 млн адам жұмыссыз қалды.1938 жылы жүргізілген реформа «Жаңа бағыт» деп аталды.Кесімді уақыттан тыс жұмысқа 1,5 есе жалақы төленді,балалар еңбегңне тыйым салынды.Жұмысшылардың еңбек жағдайы жақсарды.1933 жылы КСРОмен қарым-қатынас орнатты.1938 жылы «Бейтараптандыру туралы» қайта қарап,1941 жылы 11 наурызда американ саясатымен сәйкес келетін елдерге қару-жарақ жалға беруге құқық беретін
«Ленд-лиз» заңы қабылданды
АҚШ экономикалық дағдарыстан дағдарыстан толықтай 1940 жылы ғана шықты.
Ұлыбританияда дағдарыстың алғашқы белгілері 1930 жылдың басында пайда болды, ал ең тереңдеген кезі 1932 жыл. Елдің дағдарыстан шығуына ағылшын буржуазиясының шетке капитал шығаруды азайтып, қаржыны өз елінің өнеркәсібіне жұмсауы елеулі ықпал етті. Англия дүние жүзінде өнеркәсіптік және финанстық орталық болу рөлінен мүлдем айырылып қалды.
Франция І дүниежүзілік соғыстан 132 млрд франк шығынмен шықты, қираған шаруашылықты қалпына келтіру 1921 жылға дейін дағдарыс кезеңінде өтті. 1922 жылы экономика дами бастады, өнеркәсіп дамуы 1930 жылы Англия мен Германиядан озып шықты . Себебі Германия төлеген репарацияның 52 % алды , өнеркәсіпті аудандар Эльзас пен Лотарингия қайтарып алынды. Дүниежүзілік дағдарыс 1930 жылдың аяғында басталды. Өнеркәсіп өнімдері 46 % , жалақы 30 %қысқарды. Шаруа шаруашылықтары екі есеге төмендеп кетті.
Германия Версаль бітімі бойынша жерінің 13 % отарларынан, рыноктарынан айырылды. Азық – түлік бағасы 40 есеге өсті. Неміс қоғамында бір топ әртүрлі қулықпен байыса, бір тобы кедейленіп, күйзелді, елде жұмысшы қозғалысы, фашистік бүлік жанданды. Батыстың 800 млн марка қарыз беруімен экономика көтерілді. 1924 жылы өнеркәсіп қуаты жылдам қалпына келді. Себебі:шетелден ұзақ мерзімге қарыз алды, әскер мен флотқа капитал жұмсалмады, кәсіпорындарға жаңа техникалар алынды. 1929 жылғы дағдарыс ауыр және созылмалы болды. Ал 9 млн жұмыссыз, жалақы 2 есе азайды, ірі банктер жабылды. Елде фашистік диктатура орнап, тоталитарлық экономикалық жүйе орнығып, экономика соғыс мақсатына сәйкестендіріліп қайта құрылды.
Италия аграрлы – индустриялы елге айналды. Соғыста ұлттық байлығының үштен бірінен айырылды, фашистік қозғалыс күшейді. 1929 – 33 жылдары 3 банк күйреді, өнеркәсіп өнімі 3 есе кеміді, жалақы 50 – 60 % қысқарды. Муссолини үкіметі ірі монополистік бірлестіктердің құрылуына жағдай жасады. Ауыл шаруашылығында өнімді белгілеген баға бойынша мемлекеттік өткізу жүйесі белгіленді, ел экономикасы соғыс бағытына ауыстырыла бастады.
Жапония одақтастарға қару – жарақ сатып, ұлттық өнімі 1914 жылмен салыстырып қарағанда 5 есе өсті. 1923 жылғы 1 қыркүйектегі жер сілкінісі көп зиян келтірді. Дүниежүзілік дағдарыста жалақы 25 – 45 % азайды , жұмыссыздар 3 млн – ға жетті. АҚШ – қа наразылық ретінде 1931 жылы Қытайдың Маньчжурия аймағына басып кірді. Мемлекеттік бюджеттің 70-80 % соғыс өнеркәсібіне жұмсалды. 1937 — 1941 жылдары ел экономикасы өте ауыр жағдайда болды.
Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты.
1929-1933 жж. АҚШ-өнеркәсіп өнімінің көлемі 50% қысқарып, 13 млн. адам жұмыссыз қалды. Бұл кезде АҚШ президенті Г.Губер еді. 1932 ж. президент сайлауында Франклин Делано Рузвельт жеңіп шықты. Ол 1944 жылға дейін төрт рет сайлауға түсіп жеңді. Рузвельт «Жаңа бағыт» немесе «жүз күн» деп аталатын бағдарлама ұсынды. Президент үш ай бойы конгресте көптеген заңдар қабылдады. Рузвельт ең бірінші мұқтаж адамдарға көмек көрсету қажет деп, көмек көрсететін Төтенше федералдық ұйым құрды. Жұмыссыз жастарға орманды аудандарда лагерлер құрып, жыл сайын 500 мың жұмыссыз жастарға тал еккізіп, оларды тамақ пен киіммен қамтамассыз етіп, күніне бір доллардан беріп отырды. Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіретін заң шығарды. Ауыл шаруашылығындағы мәселені ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң шығарып жүзеге асырды. Ол фермерлерге өнімдерін азайтқаны үшін сыйақы тағайындады. АҚШ-та зейнетақы мен қамтамассыз ету заңы, кәмелетке толмаған балалардың еңбегін пайдалануға тыйым саланған заңдар қабылданды. 1935 АҚШ бейтараптық заңын қабылдады.
1933 ж. мамыр айында ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң шықты. Бұл заң ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс пен ұсынысты деңгейлестіру мақсатын көздеді. Фермерлерге мемлекет қарыз берді, қарыз төлемдеріне бірқатар жеңілдіктер белгіленді. Ал фермерлер егіс көлемі мен мал басын қысқартуға тиісті болды, қысқарған жер мен малдың қүнын мемлекет төледі, бұл ауыл шаруашылығы өнімінің бағасын тұрактандыруға мүмкіншілік берді.1933 ж. маусым айында Ұлттық өнеркәсіпті қалпынакелтіру туралы заң қабылданды. Барлық кәсіпкерлік бірлестіктер "адал бәсеке кодексін" жасауға тиісті болды. Бұлқүжаттарда өндірілетін өнімнің мөлшері мен бағаның еңтөмеңгі дәрежесі белгіленді. Кодекстерді президентбекіткен соң, күшіне енеді. Өнеркәсіптің барлық салаларынқамтитын 750 кодекс жасалынды. Ұлттық өнеркэсіптіқалыпына келтіру туралы заң кәсіподақтарға ұжымдықшарт жасау қүқығын берді.
1935 ж. конгресс Вагнер заңын қабылдады (заңды ұсынушы сенатордың атымен аталды). Заң бойынша,жұмысшылар барлық салаларда кәсіподактарға кіру, кәсіп керлермен ұжымдық шарт жасау, ереуілдер ұйымдастыру құқығына ие болды.
Жұмысшы ұйымдарының іс-әрекетіне кәсіпкерлердің араласуына, жұмысшыларды кәсіподақтарға кіргені үшін қудалауға, ұжымдық шарт жасаудан кәсіпорын иелерінің бас тартуына тыйым салынды. Бұл заң еңбек катынастарын реттеудегі ең алдыңғы қатарлы заң болды.
1935 ж. АҚШ тарихында бірінші рет еңбекшілерді әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету туралы заң шықты: қарттарға зейнетақы, жұмыссыздарға жәрдемақы төленетін болды, жетімдер мен мүгедектерге жәрдем беру жүйесі жасалды. 1938 ж. еңбектің, әділетті шарттары туралы заң кабылданды. Заң өндірісте балалар еңбегін пайдалануға тыйым салды, жалақының ең төменгі мөлшері мен жұмыс аптасының ұзақтық мөлшері белгіленді.
Ауыл шаруашылығындағы кедей топтарға көмектесу үшін фермерлік шаруашылықтарды қорғау әкімшілігі деп аталған мекеме құрылды. Бұл мекеме арендаторларға фермалар сатып алу үшін қарыз берді. Ұсақ фермерлер мен кедей топтардың кооперативтер құруына қажетті қаржы бөліп отырды.
Ф.Рузвельт әкімшілігінің реформалары әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін көтерді. Алайда бұл демократияны шектеген жоқ, оны кеңейте түсті. Азаматтардың құқықтары кеңейтілді: бар-лық американдар әлеуметтік жағынан қорғалу құқығына ие болды; кәсіподақтар мен жұмысшылар ұжымдық шарттар жасау және ереуілге шығу кұқығын алды; фермерлер мемлекеттен көмек сұрау қүқығына ие болды. Демек, АҚШ-та мемлекеттің рөлінің күшеюі демократиялық негізде іске асты. Реформалар "игілік мемлекетінің" іргетасын қалады.
Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің «істемей қалуы» көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың кұрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шо-ғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополияларына байланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті кыскартуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы (кей елдерде бес жыл бойына) дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктік механизмінің бұл жағдайда істемейтіндігін, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмімен толыктырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген колдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды киындатты. XX ғ. бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті камтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АКШ-та жана дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұтынушы қажет. 1929—1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет