72.1989 ж. қараша. Чехославакиядағы «барқыт» революциясы, нәтижесі.
Жұмысшы табы Чехословакияда, күрестің әртүрлі формаларын пайдалана отырып, буржуазияның позицияларына шабуыл жасады. 1945ж. қазаңда президент Бонештің декреті бойынша ірі кәсіпорындарды, банктерді және неміс оккупанттары мен сатқыңдардың мүлкін национализациялау жүргізілді, бұл антифашистік, патриоттық акция болды. Ұлттық майдан үкіметіне енген буржуазиялық партиялар мұны жұмысшы табына ең соңғы береріміз және осымен революция аяқталды деп санады. Революцияның одан әрі дамуын көздеген Чехословакия Коммунистік партиясы 1946 ж. мамырда өткен заң шығарушы жиналыс сайлауында Ұлттық майдандағы барлық басқа партиялармен салыстырғанда анағұрлым көп дауыс алды (38 пайыз). Чехословакия Коммунистік партиясының басшысы Клемент Готвальд (1896 — 1953) жаңа үкіметті басқарды.
Үкіметтің бағдарламасы жөніндегі мәселе бойынша ЧКП мен оның серіктері арасында елеулі алауыздық туды. 1947ж. соңында ЧКП-ға қарсы бағытталған буржуазиялық партиялар блогы қалыптаса бастады. 1948 ж. 20-ақпанда осы партиялардың мүшесі болып отырған министрлер өздерінің үкіметтен шығатыны жөнінде мәлімдеме жасады. Бұған жауап ретінде коммунистер еңбекші бұқараны Ұлттық майданға опасыздық жасағандарға қарсы шығуға шақырды. 21-ақпанда Прагадағы Старомест алаңында болған көпшілік митингіге қатысқандар “Біз Клемент Готвальдтың реакционер-министрлерсіз үкіметін қалаймыз” деген қарар алды. Солшыл социалистер коммунистер жағына шықты. Буржуазиялық партиялардың қатардағы мүшелері өздерінің оңшыл лидерлерінің позициясын айыптады.
Коммунистердің бастамасымен көсіп орындарда Халық милициясы құрылып, олар кәсіпорындарға күзет орнатты.
Коммунистердің қарсылықтарымен ниеттес болған президент Бенеш үкімет дағдарысы шешілуін кешеуілдете берді, бірақ 25-ақпанда ұлттық майданды жақтайтын министрлермен толықтырылған үкіметтің қызметін жалғастыру туралы Готвальд жасаған ұсыныспен келісті. Мұның
өзі өкімет туралы мәселе бейбіт жолмен жұмысшы табының және оның одақтастарының пайдасына шешілді деген сөз еді. 1968 — 1969-жылдардағы дағдарыс. 60-жылдардын басында Чехословакияда социализмнің берік материалдық-техникалық базасы жасалды және ол экономикалық дамыған елдер қатарына қосылды. Чехословакия Коммунистік партиясы елде социализм негізі қаланды деген қорытынды жасады. Бұл 1960 ж. шілдеде қабылданған Конституцияда баянды етілді. Мемлекеттің аты өзгертіліп, Чехословак Советтік Социалистік Республикасы (ЧССР) аталды.
Социализмнің толық жеңісі туралы жасалған қорытындыға байланысты Чехословакия Коммунистік партиясы экономикасының жоғары қарқынмен дамуын белгіледі, ол елдің нақты мүмкіндігіне лайық келмеді. Өтпелі кезеңнің барлық міндеттері толық орындалды және халықтың моральдық-саяси бірлігіне қол жетті деген түсінік те негізсіз болатын. Кешегі күні ғана буржуазия мен ұсақ буржуазия топтары өмір сүріп, саяси белсенділік көрсеткен, халықтың бір бөлігі бұрынғысынша діни көзқараста болып отырған елде буржуазиялық идеялогияға, ұлтшылдық көріністерге қарсы дәйекті күрес жүргізілмеді. Буржуазиялық республика жылдарында чехтар мен словактар арасыңца тең құқықтылық болмаған елде ұлт мәселесі өзекті мәселе еді, бұл мәселе де толық шешімін таппады. Бұрын артта қалған Словакияның экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған саясатты жүргізе отырып, ЧССР басшылығы Словакияның индустрияландырылуы екі халықтың бірлігін өзінен-өзі нығайтады деп есептеді де, тең құқықтылыққа жету жолындағы саяси және мемлекеттік алғышарттарды жүзеге асырмады. 1960 жылғы Конституция бойынша словак мемлекеттік органдарының өкілдігі 1948 жылғы Конституцияға қарағанда ықшамдалды. Сонымен қатар 60-жылдардың басына дейін бұрын жазықсыз жазаланған Г.Гусак және басқа саяси қайраткерлер толық ақталмаған болатын.
60-жыддардың ортасында экономика саласында қиыншылық туды. Іске аспайтын міндеттердің белгіленуі жоспарлы тапсырмалардың орындалмай қалуына әкеп соқтырды, ұлттық табыс кеміп кетті. Бұл халық тұрмысы дәрежесінен көрініс тапты. Бұрынғы экстенсивті әдістермен, яғни жаңа кәсіпорындар салу және жұмыс күші-санын молайту арқылы экономиканы одан әрі өркеңдетудің мүмкін еместігі белгілі болды. Интенсивтендіруге көшу қажеттігі туды. Экономиканы дамыту жоспарларын іздестіру кезінде ЧССР басшылығы арасында алауыздық пайда болды. Осы тұста Чехословакия
Коммунистік партиясы қатарыңца ревизионистік бағьгг қалыптаса бастады, осы бағытты жақтаушылар ЧКП Орталық Комитетінің экономиканың жоспарлы баскарылуын жетілдіру принциптері туралы жасаған ұсыныстарын таласқа салды, орталықтандырылған жоспарлауды стихиялы әсер ететін рынок механизмімен ауыстыру және ЧССР-дің экономикасын Батысқа бағдарлау керектігі жөнінде ұсыныс түсірді. ЧССР басшылығының экономикалық саясатта ойластырылған концепциясының болмауы және ревизионистік көзқараспен күрес жүргізбеуі жағдайды асқындырып жіберді. Басшылықтың күрделі экономикалық, саяси және ұлттық мәселелерді шешуге қабілетсіз болуы партияда және елде наразылық туғызды. Ревизионистік бағытты жақтаушылардың көптеген идеологиялық мекемелерде жетекші позицияларды иемденіп алуларына негіз қаланды. 1967 жылдың орта
шенінде Чехословакия Коммунистік партиясы мен қоғамда дағдарыс пісіп-жетілді.
1969 ж. сәуірде ЧКП Орталық Комитетінің Пленумы партияның басшылығыңда және оның саясатыңда түбегейлі өзгерістер жасады. Партия басына Словак ұлттық көтерілісі басшыларынын бірі Густав Гусак келді (1913 жылы туған). ЧКП-ның басшылық рөлін қалпына келтіру, мемлекеттік органдарды және қоғамдық ұйымдарды нығайту шаралары іске асырылды. Партия өз қатарын оппортунистік элементтерден тазартты. 1970 ж. мамырда Совет Одағымен жасалған достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы жаңа шарт ЧССР мен КСРО арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды нығайтты. Партия мен қоғамдағы социалистік күштердің бірігуі нәтижесінде экономикалық жағдайды реттеуге және ЧССР-дің мемлекеттік-құқықтық құрылымының жаңа формасын іске қосуға мүмкіндік туды. ЧССР — құрамында екі тең құқылы социалистік республика: Чех және Словак республикалары бар федеративтік мемлекет. Жоғарғы өкімет органдары — Федералъды жиналыс, ол екі палатадан — Халық палатасынан, Ұлттар палатасынан және Федеральды үкіметтен тұрады. ЧКП-ның басшылығымен одақтас партиялар Федеральды жиналысқа уәкілдік етеді. Олар қоғамдық ұйымдармен бірге Ұлттық, майданға кіреді. ЧССР-ді президент басқарады.
1990 жылы маусымда біртұтас ел Чехия мен Словакияға бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: |