Ы есімдерді транскрипциялау ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау


Жалқы есімдердің ерекшеліктері мен топтастырылуы



бет15/20
Дата20.05.2024
өлшемі0.68 Mb.
#501578
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Ағылшын және қазақ тіліндегі жалқы есімдерді транскрипциялау ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау

1.3 Жалқы есімдердің ерекшеліктері мен топтастырылуы

Тілдердің лингвомәдени сипаттамалары, рухани ұлттық мәдениетті танытып тұратын тілдік құралдар (лингвокультуремалар) екі тілдегі мәтінді – түпнұсқа мен аударма мәтінді салыстырғанда, нақтырақ байқалады. Лингвомәдени ерекшеліктері – ұлттық мәдениетпен біте қайнасқан, ұлттық мәдениеттен бөлшектенбейтін төл сипат – белгі: сондай – ақ мәдениеттердің байланысы мен қарым – қатынасынан туындаған сипаттар да бар. Бұл құбылыстарды зерттеуге көркем әдебиеттегі тұрақты теңеулердің, арнаулы ақпаратты әдебиет пен көркем әдебиеттегі фразалық тіркестердің салыстыруы көп үлес қосады. Аударылатын әдебиеттің тілі мен түпнұсқаның тілін қатар салғастыру, сондай–ақ мифологиялық, теориялық атауларды, материалдық мәдениет атауларының, уақыт пен кеңістікке қатысты ұғымдар атауларының және бұл аталғандарды белгілейтін образдық құралдардың аккумуляциялық қызметінен де мол мәлімет береді.


Бір тілден екінші тілге аудару қоғамға басқа елдің мәдениетімен етене араласуға, яғни аударма арқылы екінші халықтын мәдениетімен пікір алмасып, қарым–қатынасқа түсуге мүмкіндік береді. Белгілі бір ұлтқа, халыққа тән мәдени ерекшеліктерді екінші тіл оқырмандарына өзгеріссіз жеткізу – аударма саласындағы маңызды мәселе.
Аудармашыға қойылатын ең бірінші талап: ол екі тілді де барынша жақсы білуге тиіс. Оның үстіне, сөз мәнін, көркемдіктің қадірін білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркем образдылық тұрғысынан ұғына алатын қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал, ақындық–жазушылық дарынның иесі болу керек.
Бұл айтылғандарға қосымша, аудармашыға ауадай қажет нәрсе – нағыз энциклопедиялық жан-жақты, жоғары мәдениет. Ол түпнұсқаның тілінде сөйлейтін халықтың тарихынан, тұрмыс–салтынан, сол дәуірдегі қоғамдық қалыбынан мол хабардар болуға тиіс. Тіпті жалғыз сол халықтың ғана емес, жалпы адамзат тарихы мен мәдениетіне байланысты көп нәрседен мағлұматсыз болмауы керек. Өйткені ол әрбір ойдың түпкі төркіні қайдан шығып жатқанын біліп отырмаса, сөздің арғы сырын жеткізе алмайды. Бұл тұрғыдан аудармашыға ғалымдық білімпаздық, әр алуан сөздіктер мен энциклопедияға үйірсектік керек.
Тілдегі жалқы есімдер дегеніміз жекелеген заттардың бейнелеу қызметін атқаратын, заттық мағынаны беретін арнайы атаулар тобы. Қазақ аудармасының тарихында жалқы есімдерді мүмкіндігінше аудару үрдісі де болған. Мысалы: Пушкин – Зеңбіреков, Лев Толстой – Арыстан Жуанов, сондай–ақ Н.Гогольдің кейіпкерлері: Собакевич – Итбаев, яичница – уыз құймағы (М.Дәулетбаевтың аударуы); А.Чеховтың «Лошадиная фамилия» шығармасындағы Овсов–Сұлыбаев (А.Ахметовтің аударуы). Соңғы сөзді Бекмұхамедов сол күйінде қалуын ұсынса, С.Талжанов Сұлыбаев деген баламаны дұрыс аударылған деп табады, өйткені ғалымның пікірінше кейіпкердің есімінің «сұлымен» байланыстылығы шығарманың идеясымен үндес. Мұнан шығатын мәселе – сол жалқы есімді басқа тілге жеткізудің жолы қандай екенін іздеу.
Жалқы есімдердің болмысын толығымен ашу мен теория тұрғысынан ұғыну үшін олардың атқаратын рөлін анықтау өте маңызды. Лингвистикада, соның ішінде ономастикада атау қызметінің нақты мазмұны мен көлемін анықтаған бір шешім жоқ. Әрине, әр түрлі деңгейде берілетін элементтерден тұратын ауқымды құбылыс ретіндегі тілдің қызметіне қарағанда жалқы есім қызметтері жекелеген болып саналады. А.В.Суперанскаяның айтуы бойынша, «тілдегі жалқы есімнің арнайы ерекше қызметі жоқ. Олардың негізгі грамматикалық қызметі – сөйлемде бастауыш пен толықтауыш қызметін атқару, ал негізгі лексикалық қызметі – атау. Жалпы есімдердегі сияқты бұл функциялар жалқы есімдерге де қолдану аясы мен жағдай ерекшелігіне қарамастан тән». Барлық зерттеушілер жалқы есімнің бірінші қызметі атау болып табылады дейді: «Сөздер болмыстағы заттар мен құбылыстарды атауы мүмкін: бұл номинативтік қызметі, атау қызметі; таза осы қызметті атқаратын сөздер – жалқы есімдер... Жалқы есімдер гипертрофирлі атау беруші: олар атау үшін қалыптасқан, бұл олардың мақсаты» [16; 10, 36, 66].
Жалқы есімнің атау қызметі мен жекелеуші және ажыратушы қызметі тығыз байланысты, бұл аталмыш объекті басқа объектілермен салыстырып, ажыратуға, жекелеуге мүмкіндік береді. Н.Д.Арутюнованың пікірі бойынша, жалқы есім «индивидке қатысты теңестіру қызметін атқарып, белгілі бір дескрипцияның эквиваленті болып табылады» [11, 16]. Н.В.Подольскаяның сөздігінде барлық үш қызметі: атау – салыстыру – жекелеуші қызметі деп бір ақ жинақталған [12, 145]. Дегенмен көптеген зерттеушілер оларды біріктіргенді жөн көрмейді, себебі олардың әрқайсысын ономастикалық қызмет деп қарастырады.
Тіл біліміндегі жалқы есімдерге қатысты көз қарастардың әртүрлі болуының нәтижесінде сөздіктерден жалқы есімдерді алып тастау немесе қосыуы туралы сұраққа әртүрлі келістер тудырады. Британдық лексикографияда мысалыға, ереже бойынша жалқы есімдер түсіндерме сөздіктерге кірмейтін өйткені олар энциклопедияның нысандары болып есептелген [24,25б.]. Тіпті кіріспесінде жалқы есімдердің тіркелуіне қарсылығы анық көрсетілген БОС – тың өзінде, құрастырушылар жалқы есімнің кейбір топтарын қосқан (мысалға, антономазия әсеріне түскен жалқы есімдер). Американдық лексикографияда байырдан қалыптасқан жалқы есімдерді түсіндірмелі сөздіктерге қосу дәстүрі қалыптасқан. Бірақ бұл дәстүр әрқашанда мұны құрастырушылардың теоретикалық көз қарастарымен сәйкес келе бермейді, оған келесі Дж. Халберттің айтылымы дәлел: «... теоретикалық сөздік тек қана тілдің қарапайым сөздерінен тұру керек» және «жалқы есімдер оның құрамына кірмейді..., бірақ атақты жерлер немесе адамдар туралы мәліметті жалпы есімдер тұрған томнан іздеген ыңғайлы» [25,85б.].
Ұқсас көріністі оқулық сөздіктерден де байқауға болады. Американдық оқушылар үшін Торндайк – Барнхарт сөздігінде мысалға, топонимдер, антропонимдер және басқа да жалқы есімдер кеңінен берілген. Британдық фирмалардың оқулық сөздіктерінде (мысалға, Oxford Student’s Dictionary of Current English және Longman Active Study Dictionary of English), ереже бойынша жалқы есімдер жоқ. Дегенменде ең алғаш рет жалқы есімдерді құрамына енгізген британдық фирма Макмиллан сөздігінде жалқы есімдер саны қанша екені қызығушылық тудырады. Берілген сөздікке сараптама жасау барысында оның құрамында маңызды мөлшерде жалқы есімдердің берілгенін көруге болады.
Есімдер мен атаулардың басқа көптеген шетелдік кірме сөздерден айырмашылығы, сонда оларды басқа тілге аудару кезінде олар негізінде өздерінің бастапқы дыбыстық түрін сақтап қалады. Мұның себебі жалқы есімдердің семантикалық құрылымының ерекшелігінде. Жалқы есімдерді аудару кезінде бастапқы маңыздылықты дыбыстық қабаты қабылдайды. Бұның бұлай болу себебі өйткені олар жеке заттарды атайды, таныстыру деңгейін немесе ортақ түсінікті (референтті) тікелей айналып өтеді.
Жалқы есімнің әрбір мүмкін теориясына кейбір қиыншылықтарды енгізетін жәйт ол бірқалыпты жалқы есімдерден басқа (Astana, Америка, Saken, Yesen және т.б.) қандайда бір мөлшерде мағынасы бар есімдер мен атаулар бар, мысалға, Қазақстан Республикасы, Халықаралық Қатынастар Институты, сонымен қатар кітап, кино атаулары («Аққулар ұшқанда», «Мұстафа Шоқай» және т.б.).
Жалқы есімдерді беру барысында аудармашыға негізгі ережелерді меңгеру қажет, содан кейін аударма дәстүрімен түсіндірілетін, берілген ережелерден ауытқу жағдайларын білу қажет.

  1. Географиялық атаулар:

а) Аударылады:
Lake Superior – Жоғарғы Көл, the Pacific Ocean – Тынық мұхиты, Rocky Mountains – Тасты таулар.
ә) Транскрипцияланады:
New Mexico – Нью – Мексико, Pearl Harbor – Перл Харбор.
Кейбір жағдайларда бұрмаланған болса да дәстүрлі транскрипция сақталады: Texas – Texac.
б) Аралас тәсілдермен беріледі:
North Dakota – Солтүстік Дакота, Black Hills – Блэк Хилс таулары.
Ағылшын тілінен шетелдік атауларды (неміс, француз, және т.б ) аударғанда тұрақтанған дәстүрлі формасы сақталады: Mexico City – Мехико, Munich – Мюнхен.

  1. Мекемелер атаулары дәстүрлі түрде транскрипцияның көмегімен аударылған:

Paramount Pictures – Парамаунт Пикчерз
BBC – Би-Би-Си
CNN – Си-Си-Эн
General Electric Corp. – Дженерал Электрик Корпорейшн.
Бірақ соңғы кезде аудармаға түсіндірмелі сөзді жиі қосатын болды: AT&T – AT&T компаниясы.

  1. Мерзімді баспалардың, кемелердің, көшелердің, алаңдардың және театрлардың атаулары транскрипцияланады:

The Wall Street Journal – «Уолл Стрит Джорнал» (артикль түсіріледі)
Mayflower – «Мэйфлауэр»
Downing Street – Даунинг – Стрит
Bedford Square – Бедфорд Сквері
Бірақ: Trafalgar Square – Трафалгар Алаңы деп аударылады.

  1. Партиялардың, халықаралық ұйымдардың және мемелекеттік қызмет атаулары ереже бойынша аударылады:

Conservative Party – Консервативтік партия
U.S Department – АҚШ – тың Басдепартаменті.
Бірақ мұнда да өзіндік ескертулері бар:
Labour Party – Лейбористік (Еңбектік емес) партия
Foreign Office – Форин Офис (шетелдік мекеме емес) – Біріккен Әмірліктің Сыртқы Істер министрлігі.
Транскрипцияланған атаулардың алдына түсініктеме сөз жиі қойылады, мысалға, газет, мекеме, автокөліктік компания (егер ол экономиканың қай саласына жататыны белгілі болса).

  1. Адамдардың аты – жөні:

а) Транскрипцияланады;
ә) Аудармалық дәстүрге байланысты аударылады:
Charles Dickens – Чарльз Диккенс, бірақ Charles I – Бірінші Карл; George V – Бесінші Георг.
б) Мадақтау атаулар, «сөйлейтін» есімдер аударылады.
Жалқы есімдердің топтастырылуы. Антропоним (anthopos – адам және onoma – есім) – адамды жекелейтін жалқы есімдер тобы немесе жеке жалқы есім. Кеңінен қарастырсақ бұл әр адамның есімі: ол ойдан шығарылған немесе шынайы болуы мүмкін. Антропонимдердің бірнеше түрі бар: жеке есім (туылғанда берілген есімі); әкесінің аты (патроним - әкесінің, атасының есімімен атау); тегі (рулық немесе жанұялық есім); жалған есім (олар жеке немесе топты болуы мүмкін); криптоним (жасырын есім); әдеби шығармалардың антропонимдері (әдеби антропонимика); шығармалы антропонимдер (аңыз, ертегі және ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлер); этнонимдер (ұлттың, халықтардың және т.с.с атаулар).
Антропонимдер - бұл барлық мүмкін болатын нұсқаларымен қоса, ресми түрде бір адамға оның танитын белгісі ретінде берілген жалқы есімдер (немесе есімдер тобы) [22,38б.]. Мұның құрамына берілген дәл жақты білдіретін жалқы есімдер кіреді.
Антропоним атайды, бірақ ешқандай басқа ерекшеліктерді қоспайды. Осы топтың көптеген есімдерінің арасынан ортақ есімдер мен тектері ерекшеленеді, мысалға ол танымал қоғам қайраткерлерін, әскербасшыларын, әдебиетшілерді, суретшілерді, әртістерді, спортсшыларды және басқа да атақты адамдарды атайтын және жиі аударма кезінде ерекше ескертулерді талап ететін жеке есімдер мен тектер.
Біз ең алғаш рет антропонимді тілде естігенде немесе мәтінде кездестіргенде, ол тек қана қандайда бір адамдардың кең шеңберін көрсетіп тұрады (мысалға: Jim деген есім бізге сөз ер адам туралы екенін және ол ағылшын тілдік этникалық ортаның өкілі екенін айтып тұр) және референтті аз мөлшерде оны басқа есімдер иесінен жекешелендіреді бірақ тура сол есім иелерінен ғана емес (өйткені Jim есімді ер адамдар өте көп).
Бірақ тілдік тәжірибеде антропоним адамның дәл жекешелігіне сатылап мүмкіндігін алуда. Бұл егерде бір ортадағы адамдар берілген адамның оның есімімен байланысты барлық оларға танымал белгілерді қосқанда орын алады.
Расында бұл ортадан тыс адамдарға бұл белгілер жарияланбаған болуы мүмкін. Мұндай адам ортасы қоғамдық немесе аймақтық қауым (мысалға: жанұя, таныстар ортасы, кәсіби ұжым, қандайда бір жердің тұрғындары және т.б) адам жекешілігі туындайтын қарым-қатынас аймағы немесе сөйлесу аймағы болып табылады.
Енді маңызды ғылыми-техникалық аударманың кейбір жағдайларында жалғыз кездесетін жалқы есім – фамилияны қарастырамыз. Жалқы есімдердің бұл түрі барлық жағдайларда – транскрипцияланады және кейбір тілдер қатарында кей-кезде жеке есімдер формасымен сәйкес келеді. Соңғы жағдай жиі шатасуға әкеледі. Бұл мәселені шешуге болады, бірақ бұл үшін жеке есімдерді және фамилия мен есімдердің құрылымын жақсы білу керек.
Фамилияны аудару кезінде қазақша сәйкестік, әрине қазақ тілінің грамматикалық-синтаксистік жүйесіне қосылуы керек. Ер адамды көрсететін дауыссыздармен аяқталатын фамилиялар саны бойынша септеледі және өзгереді. Мысалы: «Клинтондар жұбайлары».
Шет тілдерде словяндық тілден шыққан көптеген фамилиялар бар, орыс фамилияларына ұқсайтын – ский, - цкий жалғаулары бар. Ағылшындық жазбаларда жиі ski немесе sky жалғауларымен аякталады) әйел адамға катысты жағдайда - ska жалғанады) орыс тілінің граматикалық жүйесінің күшті интерференциясы аударма кезінде оларды орыс фамилияларына ұқсас етіп хаттауға итермелейді, демикс «и» жалғауын ер адамдарға және «я» жалғауын әйел адамдарға жалғау арқылы қалдырады.
Ағылшын тілінде адам фамилиясының жыныстығы айтылмайды. Дегеніменде, сөйлемде адамның жынысын көрсетуге және оның фамилиясын айтуда мүмкіндік береді. Бұған қосымша лауазымдар арқылы қол жеткізіледі, олар Mr, Mrs, Miss, Mrs. және Miss қосымшалары жынысынан басқа, осы есімді ұстанушылардың жанұялық деңгейін көрсетеді.
Бір жағынан транскрипцияның ортақ принципі әйел адамның фамилиясын түпнұсқада қалай жазылып қалай дыбысталса солай берілуін талап етеді. Мысалға атақты фигуристка Ирина Роднина ағылшынша Irina Rodnina деп берілсе, екінші жағынан кеңес Одағының призиденті Михаил Горбачевтің жұбайын Батыста Raisa Gorbachev (Gorbachevа деп емес) жұбайының есімімен тығыз байланысымен атаған.
Сондықтан орыс немесе қазақ әйел фамилияларын аудару барысында келесі тәжірибе қалыптасқан. Әдетте, егер ерлі – зайыптылар бір контексте ескеріліп өткен немесе сөз жолдасы халыққа танымал әйел туралы болса, онда әйел адамның фамилиясының флексиясына назар аударылмай фамилиясы ер адамның фамилиясының нұсқасымен беріледі: Mrs. Nazarbayev, Mrs. Khrapunov қалған жағдайларда әйел есімінің формасы жыныстық жалғауымен бірге тұпнұсқаға жақын аударылады.
Антропонимдердің тағы бір түрі әкесінің аты. Әкесінің аты көптеген антропонимдердің түрі болып табылады, өйткені бір әкенің аты (отчество) әртүрлі адамдар санына қатысты болуы мүмкін. Бұл әкесі арқылы айтудың өте өзгеше формасы, Европада тек қана орыс және бірнеше славян тілдеріне тән әкесінің аты орыс жазбаларында алғаш рет шамамен XII ғасырда көрсетілген, демек әкесінің атымен атау, фамилиядан бұрын қалыптасқан, ал біздің егемендікте әкесінің есімімен атау жүйесі XVII - XVIII ғғ қалыптасты.
Фамилияға дейінгі кезеңде аты – жөнімен атау, адамның толық жекешелігінің мақсаты ретінде қызмет еткен, демек қазіргі фамилиялар атқарып жүрген қоғамдық функцияны атқарған. Әкесінің аты формасы бойынша байырда қазіргі фамилиялардан ерекшеленген жоқ, демек қазіргі дәуірдегідей тек қана ич, – евич, – ович жалғауларын ғана емес сонымен қатар –ов, – ев, – ин жалғаулары да болды.
Сол дәуірдің адамдарды ресми атау жүйесі қазақ қоғамында екі компоненттен тұрды: есімі және әкесінің аты.
Қазіргі дәуірде жеке есім мен әкесінің атының тіркесуі адамның заңдық жекешілігін жоғалтты және сөйлесіп отырған адамды аты-жөнімен атау, оған деген сыйластық көрсеткіші ретінде қызмет етеді. Үлкендерге үндеу кезінде әкесінің атын қосу сөйлесу әдептілігінде соншалықты талап етілмейтін жәйт болғандықтан, әкесінің атын қолдану құрметті көрсету ережесі екені жиі көрсетілген. Мысалға қандай да бір сәттен бастап журналисттер мен эстрадалық әннің жанкүйерлері әнші алла Пугачеваны барлығы бірге тек қана есімі мен әкесінің атымен Алла Борисовна деп атай бастады.
Қалай дегенмен әкесінің аты сол қалпы қазақ есімнамаларында кеңінен қолданылып және қазақ тілінен шет тілдерге аударатын аудармашыларға үлкен қиындық тудырды.
Көбінесе әкесінің атымен қиыншылықтар шетелдік адамдарда пайда болады. Біріншіден, оларға қазақ аты- жөндерін айту мен есте сақтау қиын түседі, олардың қолданылуы олар үшін жабайы болып көрінеді. Қазақстанның мәдениетімен таныс емес шетелдік адамзаттар адамның әкесінің аты (отчество) туралы аз біледі. Мысалға бір текстің ішіндегі кейіпкерді бірде Айдар Абжаханов деп, бірде Айдар Аңсарович деп атайтын болса, онда американдық оқырманның бұл атауларды әр түрлі фамилиялы екі аттас кейіпкерлерге тиесілі атаулар деп қабылдауы әбден мүмкін.
Тіпті қандай да бір деңгейде қазақ мәдениетімен таныс шетелдік адамзаттың олардың көз- қарасы бойынша адамға үндеу барысында қолданылатын ортақ элементті қолдануда жүйкелік қиыншылықтарды сезеді.
Топонимдер. Географиялық атауларды анықтайтын жалқы есімдер. Оны топонимика ғылымы зерттейді. Топонимика (грек тілінің «орын» + «есім» деген сөздерінен шыққан), географиялық атауларды, олардың пайда болу заңдылығын, дамуын, функциялануын зерттейтін ономастиканың бөлімі. Топонимдердің (сол немесе басқа саладағы) жиынтығы топонимия деп аталады.
Топоним - жер бетіндегі адам қолымен жасалған немесе табиғи жолмен пайда болған нысандарға қатысты жалқы есімдер. Аталған нысандардың сипатына байланысты: су нысандарының атаулары – гидронимдер (Қара теңіз, Есіл өзені); жердің құрлықтық жоғарғылығының атаулары – оронимдер (Алатау тауы, Алтай тауы); жер асты нысандарының атаулары – спелеонимдер (Қызыл үңгір); кішкене нысандардың атаулары – микротопонимдер (Ақбұлақ бұлағы, Қабанбай жарлары); тұрғын аймақтар атаулары – ойконимдер (Үштөбе қаласы, Ақөзек ауылы, Қызылтаң ауылы); қала ішіндегі нысандар атаулары – урбанонимдер (Абай даңғылы, А. Байтұрсынов көшесі, Сұңқар дүкені, Алматы мейрамханасы) ерекшеленеді.
Топонимдер - елді мекен, өзен, тау және басқа да географиялық объектілердің атауы. Мұнда бірнеше бөлімдерді атап өтуге болады.
Әр тілдің топонимдік құрамы шексіз және бір қалыпты емес. Шынайы географиялық атауларды аударуда В.С. Виноградов екі топқа бөлді: қарапайым және меморативті топонимдер. Соңғысының құрамында аудармашыға өте қажет болатын гео – нысанға сілтеп тұратын қосымша ойлы ақпарат болады [26,15б.].
Мұнда белгілі және белгісіз топонимдердің арасына анық шекара қою керек, сонымен қатар – шекараны лингвоелтанулық бағытталған (екі тіл үшін неміс – қазақ, бұл – Қазақстан, Германия, Австралия, Швейцария топонимдері, қазақ – француз тілдері үшін бұл – Қазақстан, Франция топонимдері) және экзотикалық (аудармашыға таныс емес тілден шығатындар).
Гидронимия (сутану) - өзен, көл, теңіз және т.с.с. атауы. Ұсақ гидронимиялық нысаналардың атауы ортақ ережелер бойынша транскрипцияланады. Кейбір өзендердің атаулары, әсіресе әртүрлі тілдік шекаралардан ағып өтетіндер әртүрлі тілде беріледі. Мысалы: Дунай.
Теңіздер, үлкен шығанақтар бұғаздар үшін аудару әдеттегідей, дегенмен ол жиі аудармамен еріп жүреді. Мұхиттардың атауларының дәстүрлі формалары бар. Ереже бойынша, егер гидронимиялық объект қандай да бір тілдің жалғасу шекарасында жатса, ол сол тілден аударудағы транскрипцияның ортақ ережелерімен беріледі. Атаудың меншіктік бөлігін аударуға бұл жағдайда жол берілмейді, тіпті бұл меншіктік бөлікке жалпы есімдер кірсе де: мұнда тек қана атау (номенклатурасы) терминдер аударылады («көл», «өзен», «қайнар көз» және т.с.с.). Мысалға АҚШ-ң шекарасында орналасқан (Lower Klamath) және (Upper Klamath) көл атаулары, қазақ картасында «жоғарғы», «төменгі» деген компонентсіз беріледі, бірақ «Лоуэр – Кламат көлі» және «Аппер- Кламат көлі» деп аударылады.
Саяси географиялық атаулар оның құрамында елді мекен, көше атаулары, ресми және жартылай ресми мемлекеттер, ауылды жерлер және т.с.с. атаулар. Практикалық транскрипция жұмысында жалқы есімдердің бұл түрі, фамилиялармен қатар маңызды орын алады. Кейбір жағдайларды санамағанда онда есімдер дәстүрлі түрде беріледі немесе аударылады. Мысалға, мемлекеттер атауы: Англия, Бразилия, Америка Құрама Штаттары, бұл бөлімнің атаулары транскрипцияның ортақ ережелерімен аударылады. Мысалға, неміс қалалары Лейпциг, Бонн, Дармштадт және т.с.с. Рейланд-Пфальц жері.
Жергілікті географиялық терминдер ортақ ереже бойынша транскрипцияланады, егер ол ортақ қабылданған мағынада немесе егер атаудың меншікті бөлігі анықтауыш ретінде қолданылмаса: ағылшын сөзі (Hook Head) Хук - Хед.
Басқа жағдайларда атау терминдер қазақша сәйкестікпен алмастырылады, демек аударылады. Кейбір кездерде қалыптасқан дәстүр бойынша географиялық атаудың меншіктік бөлігінде аударылады: ағылшын сөзі (Gape of Good Hope) – Мейірімді Үміт Мүйісі.
Топонимдердің элементтері: Ағылшынша: тон (ағылшынша Ton, Town) — қала (Эвертон), берн (ағылшынша Burn) — жылға (Блэкберн) , пул (ағылшынша Pool) — тоған (Ливерпуль). Түркі тілдік: абад — қала (Исламабад), агай, агач —ағаш (Кош-Агач), к —ақ (Ақмола), алтын — алтын (Алтын-Таш), балык — балық (Карабалык), баш — бас, басшы (Башкортостан, Карабаш), елга — өзен (Коелга, Сак-Элга), кара — қара (Қарақұм), коль, куль —көл (Ыстық Көл), құм — құм, шөл (Кызылкұм), қызыл — қызыл (Қызылтаң), сары — сары (Сарыөзек), су — су, өзен (Мрас-Су), тау — тау (Ямантау), таш — тас (Ташкент), темір, тимер — темір (Теміртау), яна — жаңа (Янаул).
Соңғы жылдары ағылшын тіліндегі жалқы есімдер транскрипция арқылы беріледі. Оның негізінде фонетикалық принцип жатыр. Шетел сөздерінің жазылуын емес, дыбысталуын, яғни оның ұлттық фонетикалық формасын жеткізуге тырысу.
Осыған байланысты көптеген ағылшын жалқы есімдері аудармада графикалық формасы өзгерген, түпнұсқа дыбысталуына жақындатылған түрде кездеседі. Мысалы:
Ньюкестелдің орнына Ньюкасл
Гулль сөзінің орнына Хамл
Грнивич орнына Грнич және т.б.
Фонетикалық тенденция ықпалымен жазудың эволюциясы XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын саяси қайраткерінің тегін аударудан жақсы көрінеді (R. Walpole). 1891 жылы шыққан Брокгауз бен Эфронның энциклопедиялық сөздігінде ол Вальпольдеп берілген, ал 1951 жылғы БСЭ басылымының алтыншы томында Вальпол нұсқасы берілді, 1956 жылы БСЭ баслымынң 44 томында Уолпол деген таза фонетикалық нұсқасы көрсетілген [28,262б.]. Тағы бір мысал. R. Zelazny американ жазушының тегі оның алғашқы кітабының аудрмасында Зиланзи (екпін бірінші буынға түседі) деп берілді, ал кейінгі басылымдарда оның шығу тегі поляк екені ескеріле отырып Желязны (екпін екінші буынға түседі) деп көрсетіледі.
Ағылшын тіліндегі жалқы есімдерді аударғанда фонетикалық тенденция қалыптасқан дәстүрді ескермей механикалық түрде жасалмау керектігін айта кету керек. Бұл принцип қазақ әдебиетінде жазылуының көпжылдық дәстүрі бар және қазақ тілінде нақты графикалық формасы қалыптасқан кең таралған есімдер мен атауларға қатысты қолданылмайды. Сондықтан Huxley тегін аударудың екі нұсқасы бар: XIX ғасырдың атақты табиғат зерттеушісі Thomas Huxley Тексли деп, ал ағылышн жазушысы Aldous Huxley фонетикалық сипаты бойынша түпнұсқаға сәйкес келетін Хаксли деп аударылады. Сонмен қатар ағылшын басшыларының есімдерінің дәстүрлі жазылуы өзгеріссіз қалуы тиіс:
Яков І (Джейкоб емес)
Карл І (Чарльз емес)
Генрих ІІІ (Генри емес)
Елизавета І (Элизабет емес)
Транскрипция арқылы аударғанда негізінен сөздің фонетикалық формасына назар аудара отырып, дұрыс оқылуына нұқсан келтірмей, сөзді жазғанда мүмкіндігінше оның графикалық формасымен жақындығын сақтап орфографиялық жағын да ұмытпаған жөн. Сондықтан,мысалы, транскрипциялау кезінде, әдетте, ағылшын тілінің екі еселенген дауыссыздары беріледі [28,264б.].
Қалай болғанда да транскрипция қазақ тілінің фонетика орфоэпиялық нормаларын ескере отырып жасалуы керек. Сондықтан транскрипция арқылы аударғанда ағылшын дауыстыларының созылыңқы айтылуын көрсетудің қажеті жоқ, өйткені ол қазақ тілінде еш роль атқармайды.
Аудармашыға нұсқау ретінде төменде транскрипциялау кезінде қиындық туғызатын ағылшын дыбыстарына қазақ тілінің әріптік сәйкестіктері берілген:

  1. ағылшын [æ] дыбысы қазақ тілінің «э» немесе «а» әріптері арқылы беріледі




Hampshire

Гэмпшир

Hants

Хэнтс

Hampstead

Хэмпстед

Bangor

Бэнтри

Banf

Бангор

Allan

Аллан




  1. [е] дыбысы үш тәсілмен беріледі:

а) сөз басында «э» әрпімен
Essex Эссекс
Eliot Эллиот
ә) дауыстыдан кейін «э» әрпімен
Coen Коэн
б) дауыссыздан кейін «е» әрпімен
Hendon Хэндон
Betty Бетти
Helston Хелстон

  1. [ˆλ] дыбысы «а» әрпімен беріледі

Buckley Бакли
Bundoran Бандоран
Humber Хамбер
Huntly Хантли

Кейбір жағдайда дәстүрлі жазылу сақталады: Дублин, Хэлл және т.б.





  1. [] әдетте е әрпімен беріледі:

Surbiton Сербитон
Bermondsey Бермондси
Bernard Бернард
Curme Керм

«э» әрпі арқылы беру сирек кездеседі.мысалы:


Bird Бэрд



  1. [] дыбысы графикалық сәйкестікті сақтау үшін екпін түсіп тұрған сәйкес дауыстылар сияқты транскрипцияланады:

Molton Моултон


Nordstad Нордстэд
Morton Мортон
Miller Миллер

  1. [w] дыбысы екі түрлі беріледі

а) [u] дыбысының алдында «в» әрпі арқылы:
Wood Вуд
Worcester Вустер
ә) қалған жағдайда «у» әрпі арқылы:
Webster Уэбстер
William Уильям
West Уэст
Worker Уоркер

  1. [h] дыбысы «х» дыбысы арқылы беріледі:

Hodson Ходсон
Harrow Хэрроу

Дегенмен кейбір жағдайда дәстүрлі жазылуы сақаталады: Генри, Говард, Гайд-парк, Гастингс, Галифакс және т.б.





  1. [l] дыбысы дауыссыз дыбыс алдында және сөз соңында қатаң «л» әрпі арқылы беріледі:

Blackpool Блэкпул


Look Лук
Life Лайф

  1. [r] «р» әрпі арқылы беріледі, кейде графикалық сәйкестікті сақтау үшін дыбысталмайтын жерде де:

Darwin Дарвин


Brown Браун
Bloomsbury Блумсбери
Ford Форд
Baker Бэйкер
Roberts Робертс





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет