2 ЛАКУНАЛАР МЕН ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Баламасыз лексиканы ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселесі
Философтардың аударманың мақсаты мен міндеттерін анықтау үшін жасаған алғашқы талпыныстарынан қазіргі уақыттағы сөзбе сөз немесе еркін аударма, түпнұсқаның оқырманға тигізетін әсерін аударма мәтінде сол қалпында сақтап қалу жайлы теоретикалық даудың бастауын табуға болады. [1,13] Дегенмен, ғылыми аударма теориясының негіздері аударма мәселесі тіл мамандарын қызықтыра бастағанда ғана, яғни XX ғасыр ортасында пайда бола бастады. Бұған дейін аударма лингвистика ғылымы зерттейтін сұрақтар қатарына жатпайтын В.Гумбольт немістің атақты жазушысы мен аудармашысы Август Шлегельге жазған хатында тіл мамандарының аудармаға деген көзқарасын анық білдірді: "Әрбір аударма –бұл,сөзсіз, орындалмайтын тапсырманы орындау талпынысы. Өйткені әрбір аудармашы өз халқының тілі мен талғамы есебінен өз түпнұсқасына немесе өз түпнұсқасының есебінен өз халқының ерекшеліктеріне адал болу арқылы су асты тастарының біріне тап болады." [1,17]
Тіл туралы ғылымға келетін болсақ, ол аударманы күрделі көп аспектті түсінік ретінде қарастырады. Аударма, ең алдымен, мәтіннің тіларалық трансформация процессі. Бір жағынан, аударманы түпнұсқа мәтіннің аударма мәтініне айналу процессі деп қарастыру керек, екінші жағынан, аударма – бұл мазмұнның жоспары, яғни мағынасы сақтала отырып, бір тілдегі тілдік туындынының басқа тілдегі тілдік туындыға айналуы [2,11б.].
Аударма теориясы пәні түпнұсқаға сай келетін аударма мәтіннің жасалу процессін зерттейді. Аудармашы тек түпнұсқадаға ақпаратты жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар экспрессивтік жағын беруі тиіс, яғни автордың жазғанын ғана емес, оның қалай жазғанын көрсеткені де маңызды [3,28б.]. Берілген тілде сөйлейтін тілдік ұжымның практикалық тәжірибесі әртүрлі тілдерде сөйлейтін ұжымдардікімен неғүрлым ұқсас болса, осы тілде берілген сөздердің мағынасы соғұрлым бірдей болады. Әртүрлі тілдік ұжымдардың айналасындағы шындығының айрмашылықтарынан гөрі ұқсастықтары көп болғандықтан сөздердің мағынасы көп жағдайда ұқсас болады. Әртүрлі тілдер мен мәдениеттер өкілдері қатысатын масштабты құбылыс – тіларалық және мәдениетаралық процесстердің негізін құрайтын "аударымдылық" деп аталатын принциптің теоретикалық расталуы осында.
Алайда, аударма өз нәтижесі бойынша қатысты болатын операция деген көзқарас та бар. Өйткені әрбір тілде басқа бір тілге қатысты түпнұсқа мәтінінде мағынасы дәл беріле алмайтын элементтер болады және аудармаға негізгі шек қоятын, қиындық туғызатын ол ішкі лингвистикалық мағына [4, 38б.].
Лексикалық сөздікпен аудармасы нәтиже бермейтіндіктен баламасыз лексиканы шет тіліне аудару кезінде ең үлкен қиындықтар пайда болады. Баламасыз лексиканы аударудың ерекше әдістемесі ретінде семантикалық лакуналардың, яғни аударма тілінде жеке сөз ретінде баламасы жоқ сөздерді аударуды санауға болады.
Bouncer, glimpse, barber және т.б. ағылшын сөздері қазақ тіліне қатысты семантикалық лакуналар. Алайда қазақ тілінде осы сөздердің баламасы бола алатын жеке сөздердің болмауы бұл ерекше ұлттық түсініктердің мағынасын аударма кезінде жеткізу мүмкін емес дегенді білдірмейді. Семантикалық лакуналарды аударудың негізгі тәсілі деп санауға болатын суреттеп аудару (түсіндірмелі аударма) арқылы беруге болады.
Түпнұсқа тілімен салыстырғанда аударма тілінде мағыналардың сәйкес келмеуі, екі мағыналы бола алатын кең сематикалы сөздер баламасыз лексиканың бір нұсқасы. Мысалы, iron- үтіг, қол - arm, hand, аудармашы - interpreter, translator. Баламасыз лексиканың осы түрінде аударма кезінде керекті мағынасын таңдау тілдік контексттің шегінен шығып шынайы жағдайды білгенде ғана мүмкін.
Аударма кезінде қиындық туғызатын жеке түрі - альтернативті- баламасыз лексика. Бұл баламасыз лексиканың ерекше түріне түпнұсқа тілінде сөйлейтін халықтың тілдік және мәдени ұлттық ерекшеліктеріне байланысты баламасы жоқ болатын жалқы есімдер кіреді. Әдетте, аударуда жалқы есімдер транксрипция – жалқы есімдердің дыбысталуын беру арқылы аударылады. Бірақ жалқы есім затты атап қана қоймай, қосымша бір мағына бергенде жай ғана дыбысталуының берілуі адекватты аударма жасау үшін жеткілікті емес.
Адекватты аудармаға тек жалқы есімдердің әртүрлі типтеріне байланысты белгілі бір заңдылықтары бар мағыналық құрылымның экспликациясы арқылы ғана жетуге болады. Баламасыз лексиканың жеке тобы ретінде А.О. Иванов бір халықтың өміріне, тұрмысына, мәдениетіне, әлеуметтік және тарихи дамуына тән және басқа халықтікіне жат болатын объектілерді атайтын ерекше сөздер мен сөз тіркестерін - тілдік реалийлерді қарастырады. Ұлттық және/немесе тарихи колоритті білдіре отырып, олардың, әдетте, басқа тілдерде дәл баламасы болмайды. Реалийлерді аударудың бірнеше тәсілдері бар:
калькалау, яғни түпнұсқа сөздің ішкі формасын қайталау. Мысалы, Grand Jury – Үлкен жюри, backbencher – парламенттің қатардағы мүшесі және т.б.;
бар аналогын қолдану. Мысалы, drugstore – дәріхана;
транслитерация / транскрипция. Мысалы, pub – паб;
түпнұсқаға жуық немесе сипаттамалы аударма. Мысалы, drive in – автокинотеатр.
Баламасыз лексиканың белгілі бір түріне фразелогизмдер де жатады. Оларды аударудың екі түрі бар – лексикалық және сипаттамалы (мысалы, husband’s tea – сұйық шәй) және калькалау (мысалы, fat cats – семіз мысықтар).
Жалпы, баламасыз лексиканың барлық түрлерін аудару өте қиын мәселе болып саналады, өйткені аудармашы алдында калькалау, түсіндірмелі, сипаттамалы аудармасының қайсысын таңдау деген мәселе тұрады. Ішкі формасын сақтау прагматиканың бұзылуына, ал прагматикалық мағынасын сақтау референцияға, яғни мағынаның белгілі бір бөлігінің жоғалуына алып келуі мүмкін. Бұл таңдаудың әмбебап аудармашылық нормасы жоқ, ол тек аудармашының шеберлігіне байланысты.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, баламасыз лексика теориясы бойынша, лексиканың бұл тобын аударғанда толық сәйкестікке жету мүмкін емес. Бұл түпнұсқа лексикасы бірліктерінің (әсіресе баламасыз) тек әртүрлі экспоненттері (фонемалық құрамы, морфемалар) ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәні, мағынасы бар болуына байланысты. Өйткені берілген тілдің әрбір сөзінің өзіндік семантикалық өрісі бар. Аударма кезіндегі баламалық туралы айтқанда, ең алдымен, түпнұсқа тілі мен аударма тілінің функционалды теңдігін есте сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |