2.2 Жалқы есім мен лакуналарды аудару ерекшеліктері
Түпнұсқаның ұлттық мәдени сипатын көрсететін тілдік құралдардың бірі – жалқы есімдер: жер-су аттары, кісі есімдері, лақапаттар. Көркем аудармадағы жалқы есімдер, бір қарағанда, функционалды қызметі – жүгі жоқ, ақпаратты жеткізу міндетін атқаратын элемент деңгейінде ғана көрінеді. 1950 жылдардан кейінгі кезеңдерде қазақ әліпбиінің орыс графикасына көшуіне және алфавит құрамына өзге тілдік әріптердің енгізілуіне байланысты жалқы есімдердің жазылуы өзге тілдің емлесіне негізделген, әрі бұл жайт норма ретінде орнықты.
Арнаулы ақпаратты әдебиетте де, көркем әдебиетте де жалқы есімдердің ақпараттық–танымдық, ұлттық мәдениетті білдіру сапасы өте жоғары, стильдік қызметі айрықша байқалып тұратын жалқы есімдер де бар. Көркем аудармадағы транскрипциясын сақтау үрдісімен қатар аудармашылар жалқы есімдердің ішкі семантикасына, стильдік қызметіне қарай ара–тұра қазақшалауға да барып отырады. Белгілі бір семантикалық жүк және стильдік қызмет әсіресе лақапаттарға тән. Сонымен қатар екі халықтың да этно-мәдени сипатында тұрмыс тіршіліктің ажырмас бөлігі – жан-жануарларға ат беру дәстүрі бар. Ат беру дәстүрінде екі халықтың тілінде де теңеуге, образ жасауға негіз болатын сөздердің негізгі семантикасы бір–біріне жуық, жақын. Аудармашылар көп ретте осындай ерекшелікті ескеріп, түпнұсқадағы лақапаттың қазақша баламасын қазақ ұғымына сәйкестендіре ұсынып отырады.
Жалқы есімдерді аудару белгілі бір дәрежеде ұлттық реалия сөздері келесі тілге жеткізуімен ұқсас келеді. Себебі жалқы есімдерді аударуда калька тәсілі және транскрипция, транслитерация тәсілдері қолданылады.
Реалий – белгілі бір ұлттың, елдің өзіне ғана тән тұрмыстық, материалдық, рухани, тарихи – қоғамдық құбылыстары мен заттарының тура мағынасындағы атаулар. Ағылшын халқымен қазақ халқының салт-дәстүрі, тілі, мәдениетінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей болғандықтан, жалқы есімдерді, реалий сөздерін аудару барысында аудармашы транскрипция, транслитерация, калька, сипаттама тәсілдерін кеңінен қолданады.
Әңгіме тура мағына туралы болғандықтан, мұны аудару ешқандай қиындық келтірмейтіндей де сияқты. Алайда мұның аударматануда ерекше сөз болуына себеп болар жайттар баршылық. Ол, біріншіден, бір халықтың өмір салты екінші халықта айна–қатесіз қайталануы мүмкін емес; екіншіден, сөз контексте тәуелсіз болып тұруы мүмкін; үшіншіден, ол сөзде ерекше бір стильдік бояу болуы міндетті емес. Міне, сондықтан ұлттық реалияны бейнелейтін сөздерді келесі бір тілде жеткізудің өзіндік шарттары, өзіндік тәсілдерінің болуы – заңды құбылыс.
Өзге тілде жазылған аударылмақшы материалдағы ұлттық өмір шындығын, ғылыми практикалық құбылыстар, қоғамдағы басқа құбылыстардан хабардар болумен байланасты соңғы кезде салыстырмалы тіл білімі мен аударматануда, елтанудағы сияқты, «фондық білім» деген ұғым қалыптасты. Түпнұсқадағы бейнеленген болмысты түсінудің кілтін мәтіннің бойынан да табуға болады, ал сол мәтіндегі кейбір атауларды түсіну үшін, негізінен, фондық білім керек.
Басқа халықтарда, елдер мен жерлерде қайталанбайтын, белгілі бір кезеңнің, елдің, жердің, тұрмыстық, тарихи–мәдени элементтердің атауларын аудару аударма практикасындағы қиын іс екенін айтып өттік. Жергілікті, ұлттық және тарихи бояуы қалың кез-келген тілдің реалия атауларының дәл баламасы басқа тілде бола бермейді.
Алайда орыс тілінің немесе басқа тілдердің қазақша аудармаларына жасалған талдауларға қарағанда, түпнұсқадағы реалия сөздерді аударуда қалай бере білудің әр түрлі жолдары бар екені байқалады. Ондай жолдардың қатарына транскрипция, транслитерация, калькалау, жаңа сөздер енгізу тағы да басқа тәсілдер жатады.
Реалия сөздердің экспресивті–эмоциялық, ұлттық бояуын толық жеткізу үшін транскрипция жолының маңызын қатты бағалауымыз қажет. Өйткені, бұл тәсіл реалия сөздердің бойындағы ұлттық, мәдени, тарихи қасиеттерді мүмкіндігінше сақтауға тырысады.
Себебі жалқы есімдерді аударуда аудару және транскрипция тәсілдері қолданылады. Мұндай жағдайда неғұрлым атақты, белгілі географиялық атауларға байланысты қолдану (Сарыарқа, Алатау, Қарату тағы да басқа), ал тар көлемдегі жергілікті ғана мәні бар географиялық атауларға аударуды (Шортанды – Шучье, Царское село – Патша селосы, Белогорье – Ақкемер тағы да басқа) қолдану үрдісі байқалады. Бұл әрине, тұрақты түрдегі, бір қалыпты үрдіс емес, мұндайда ретіне қара аудару да, транскрипция да қатар қолданыла береді. Тарихи тұлғалардың лақап аттары жалқы есіммен бірдей болмайтындықтан, оларды көбінесе аударып береді. Мысалы: Святая Мария – Әулие Мария, Петр Первый – Петр Бірінші, Карл Великий – Ұлы Карл, Ақжелге – Белогривый (М.Әуезеовтің «Қилы заман» романының кейіпкері). Қазіргі газеттердің, журналдардың аттары басқа тілде баламасы бола тұра аударылмайды (Индустриальная Караганда, Известия, Казахстанская правда, Нойес Дойчланд тағы сол сияқтылар), өйткені осы арқылы бұл атаулардың белгілі бір халыққа, елге қатыстылығы айқындалып отырады.
Жалпы айтқанда, жалқы есімді келесі тілге жеткізуге қатысты аударудың болмаса транскрипциялаудың екеуінің бірін қолдану дәстүрге де байланысты.
1920-30 жылдардағы алғашқы аударма тәжірибесінде жалқы есімдерді қазақшалаудың бірді–екілі фактілері болды. Бірақ бұл әрекет түпнұсқасының мазмұнын бұзатын, аударманың деңгейін төмендететін жайт ретінде бағаланады. Бұл жөнінде Ә.Исмағамбетов былай деп жазды: «Авторлардың өздеріне ғана тән жазушылық ерекшеліктерімен, ұлттық өзгешеліктерімен санаспай, өздерінше қазақшалап беру ол кездегі аудармалардың жалпы стилі еді... Гогольдің Собакевичтері – Итбаев, Ноздревтары – Танауов болып аударылған. Бүгінгі таңда оларды «әдеби брак» деп санайды.
Жалпы аударма тәжірибесінде жинақталған ойды бір тілден екінші тілге жеткізудің бірнеше тәсілдері бар. Олар:
транскрипция, транслитерация;
сипаттама;
калька жолымен аудару;
компенсация жолымен аудару;
антонимдік (шендестіре) аудару;
конкретизация (нақтыландыру);
генерализация(жалпыландыру);
Транскрипция, транслитерация – бұл тәсіл бойынша сөздер тілдің артикуляциялық ережелеріне сәйкес аударма тілдің фонетикалық жазу құралдарының көмегімен басқа тілге сол күйінде енеді. Транскрипция арқылы фонетикалық дыбысталуы, ал транслитерация арқылы оның графикалық формасы.
Мысалы: Қасым хан – Kasym Khan, Орақбатыр – Orak Batyr, Әбілқайыр – Abulkhair, Қобыланды батыр – Kobylandy Batyr, Жәнібек пен Керей – Janybek and Kerei, Тобыл мен Нұра – Tobol and Nura, Ертіс – Irtysh, Моғолыстан – Mogolistan, Баянауыл – Bayan –Aul, Мырза – Mirza, Сұлтан – Sultan, Besbarmak, тағы басқалары.
Сипаттама (экспликация) –бұл лексико–грамматикалық трансформация, бұнда шетел тілінің лексикалық единицасы, оны суреттейтін сөз тіркесімен ауыстырылады. Аударма тілінде толық түсіндірмесі немесе анықтамасы беріледі. Сипаттама тәсілі арқылы баламасыз лексиканың мағынасын беруге болады.
Калька тәсілі – тілдік единицаның (сөздің, сөз тіркесінің) сыртқы нысанын, ішкі мазмұнын нақпа–нақ, сол қалпында аудару дегенді білдіреді. Мысала: Қанішер Абылай – Ablai the Bloodthirsty, Әз–Тәуке – Wize Tauke, Сарыарқа – Yellow–Back, Golden Arka.
Компенсация (орын толтыру) – бұл тәсіл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме –дәл баламасы болмауына байланысты, аудармашының оның басқаша тәсілдермен және дәл сол сөйлемнің ішінде емес, текстің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Бұндай жағдайда кейбір сөз суреттеме, сипаттала арқылы аударылуы мүмкін. Конкретизация, генерализация – түпнұсқа тілдегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура келеді немесе керісінше түпнұсқадағы тар мағыналы сөзді аудармада кең мағыналы сөзбен береді.
Жалқы есімдерді аудару тәсілдері. Ең бірінші топқа топонимдерді жатқызып, олардың аталмыш романдағы берілу жолдарына анализ жасаймыз. Топонимдер – жер бетіндегі кез келген табиғи немесе адам жасаған объектілер атауынан тұратын жалқы есім. Топонимдердің барлық түрлерінің ортақ белгісі – кез келген географиялық объектті атау.
Бірінші қарастыратын сөзіміз – «Сарыарқа». Сар - сөзінің кездесу жиілігі Трилогия бойында 42 рет кездессе, ағылшын тіліндегі аудармасында «Сарыарқа», ал бұның қалған 11 Арқа қалпында кездеді. Ағылшын тіліндегі аудармасында «Сарыарқа» сөзі үш түрлі жолмен берілгендіктен “Golden – Arka” қалпында үш рет кездессе, Sary – Arka, күйінде 12 рет кездесіп, Sary – Arkі қалпында 2 рет кездесіп, “Yellow Back” - деп түсіндірме берген.
«Еділ өзенінің сағасындағы Алтын Орда астанасы Сарай қаласынан «Сарыарқадағы елімді көремін» деген сылтаумен оң түмен қолмен күйікке қарсы жүрген». [1.10].
“The Golden Horde’s troops moved to meet him. Baty said he wanted to find out what the situation was like in his possessions in Sary – Arka”. [4.10].
“Sary – Arka” – name of the central part of modern Kazakhstan, literally – “Yellow Back”.
“The set up light camp – tents by the hills, at the foot of Argynaty, one of the most beautiful places of the “Golden – Arka”. [4.17].
Берілген мысалдардан көріп отырғанымыздай, аудармашы, Олег Чоракаев, «Сарыарқа» географикалық атауын транслитерация және калька тәсілімен аударған. Бірақ Сарыарқаны - “Yellow Back” немесе “Golden – Arka” деп аудару мүмкін емес. Себебі О.Чоракаев «Сары» сөзін түсті білдіретін, бұл күнде әбден түсінікті, жиі жұмсалатын сөздердің бірі ретінде ағылшын тіліне “Yellow” деп аударған.
Сарыарқа – Қазақстанның ұлан байтақ жеріндегі толып жатқан жер – су аттарының әрқайсысының өзіндік мән – мағынасы, шығу тарихы, көпшілікке беймәлім сыр – құпиясы бар екені күмән тудырмайтын нәрсе.
«Сарыарқа» сөзінің этимологиясы жөнінде ғалым топонимист Е.Қойшыбаев та арнайы мақала жазған. Бұл географиялық атаудың «сары» бөлігін арнайы қарап Е.Қойшыбаев «сары аяз», «сары қар», «сарыгідір», сарытоқым» т.б. тұлғаларда, алуан мәнде қолданылатынын көрсетеді. «Сары» сөзі көптеген жер – су аттарының құрамында бар: Сарыадыр, Сарыбел, Сарыбұлақ т.б. Е.Қойшыбаевтың пікірінше «... бұл атаулардағы сары сөзінің арғы тегі түркі – монғол тілдері тегінен артып, орал – алтай тілдері негізіндегі сар тұлғасына, яғни бұл күнде өзінің сол бұрынғы географиялық мәнін сақтап келе жатқан «кең» мағыналарындағы ұғымға саятын сөз болуы мүмкін». Сонымен Е.Қойшыбаевтың болжауынша Сарыарқа сөзі «кең жер», «жалпақ үстірт», «шексіз қырқа деген тіркестер мәніндегі атау. Яғни бұл жерде не “Yellow”, не бұл сөзге синонимдес “Golden” деп аудару мүмкін емес. Бұл сөзді транслитерация немесе транскрипция арқылы аудару ең ұтымды жол екені сөзсіз.
Келесі талдайтын сөзіміз – «Дешті Қыпшақ». Дешті Қыпшақ жері тарихи маңыздылығы зор болғандықтан, біз бұл жердің трилогия бойында кездесу жиілігін ескере кетуін жөн көрдік. «Көшпенділер» тарихи трилогиясында бұл атау 136 рет кездесіп, ал ағылшын тіліне тәржімаланған аудармасында 97 рет кездесіп, бұл сөзге сільеме, яғни трүсіндірме берілгенін төмендегі мысалдан көріп отырсыз.
«Ал Әбілқайыр бауыр басып қалған Дәшті Қыпшаққа ешкімді ортақ етпек емес». [1.15].
“No, he could not allow them to do that since Desht – and – Kipchak was the basis of everything”. [4.13]
Аудармашы бұл топонимді транслитерация тәсілі арқылы аударған және ағылшын оқырманына бұл қандай жер екенін түсіндіру үшін сол беттің соңында төменгідей түсіндірме берген.
“Desht – and – Kipchak – name of a territory in modern Kazakhstan, South Russia and Siberia, literally – “land of Kipchaks” – «қыпшақтар жері». Аудармашының мұндай түсіндірме беруі өте орынды.
Тағы бір сөз «Ұлытау, Ақкөл». «Ұлы асқа бүкіл Дәшті Қыпшақ пен Мауренахрдың бек, сұлтандары тегіс келетінін білген хан, асты кең жайлауда – Ұлытаудың күн – батыс жағындағы Аққөл жағасында өткізбек болды». [1.46].
“This is why khan Abulkhair decided to invite his guests to the shore of Lake Akkol, west of the Ulutau Mountains”. [4.32] .
Жоғарыдағы мысалдардан көріп отырғанымыздай, аудармашы географиялық атауларға қоса «Lake – көл», «Mountains – тау» сөздерін қосқан. Әрине, әрбір шетел оқырманы Қазақстан жерінде өзен, көл, тау атауларын біле бермейтіндіктен, “lake, hills, river, sea – яғни көл, өзен, тау т.б» деген анықтауыш сөздерін қою ең ұтымды жолы деп санаймын. Аудармашы тек Ұлытау, Ақкөл атауларымен ған “lake, sea, etc” сөздерін қолданбаған. Оны келесі мысалдар арқылы көруге болады.
«Жолда бір жарым айдай жүріп, Телікөлге кеп шатырын тіккенде, Арқадан жеткен жауынгерлерден көз тұнатын еді!»[2.505].
“Black and white yurts were promptly pitched, sentries posted, and Ablai galloped with his crack force to Lake Telikol”. [5.326] .
“…, lying in wait on the lake Alakul near the River Turgai”. [6.549] .
“Kenesary demanded that Kazakhs, located on banks of the Rivers Turgai, Yrgiz, Syrdarya, Sarysu and Ili and near numerous steppe lakes should be obligatory involved in farming”. [6.538] .
Осы сөздер арқылы ағылшын оқырманы Телікөл көл екенін, Торғай өзен екенін біледі. Ал, өзен, көл, тау атауларын біршама көп бөлігі транскрипция, транслитерация көмегімен тәржімаланған кезде олалдың дыбысталуының фонетикалық заңдылықтары бұзылмай берілген. Ал, кейбір сөйлемдерге көңіл аударсақ тәржімашы бір атауды анықтау үшін “lake – көл”, “sea - теңіз” қосарлата қолданған. Оны келесі мысалдан көре аламыз.
“At a distance of five mounted marches from the place where the Chu makes it final turn to the west the Blue Sea, or Lake Balkhash, is with five large rivers Falling into it”.[4.125] .
Яғни аудармашы «Балқаш көлі» немесе «Көкше теңізі» деп тәржімалаған. Мұндай аударма ағылшын тілінде сөйлейтін оқырмандарды бұл не көл, не теңіз екенін айыра алмауы тиіс, өйткені кей кезде аудармашы ол екі сөзді қосарлата жазбай, бөлекте қолданады. Қазақ жеріндегі бүкіл көл, теңіздері білмейтін оқырман Балқаш көлі мен Көкше теңіз екі түрлі нәрсе деп ойлауы айдай анық. Сондықтан бұл атауды «Lake Balkhash» түрінде қалдырсақ дұрыс болар еді.
Енді келесі сөйлемдерге көңіл аударайық.
«Жоңғар мен қалмақты бір санайтын қазақ «қара сиырды» енді «Қалмаққырылған» деп атады». [2.378] .
“The battle was fought in the interfluve of the Bulanta and Bulenta rivers Flowing into the Sarysu River, and this spot is still known as Kalmakkyrgan, “Place of Dzungars’ Death”. [4.250].
Аудармашы бұл тәржімада аудармашы транскрипциямен қатар калька арқылы қолданған. Ол алдымен аталмыш сөзді өзгеріссіз тәржімалап, кейін ағылшын тіліне баламасын тауып сипаттап аударған. Біздің ойымызша, аудармашының осы әдісті қолданғаны өте дұрыс, өйткені шетел оқырманы бұл жердің атауын қазақ тілінде қалай дыбысталатынын біліп қана қоймай, оның ағылшын тіліндегі мағынасын түсінеді. Әрине, аудармашы әрбір географиялақ атауға жеке – жеке тоқтамаған, жоғарыдағы сөйлемнен көрініп тұрғандай, бұл жер атауы белнгілі бір тарихи оқиғаға байланысты екені белгілі. Сондықтан калька тәсілі ең ұтымды жол. Бұл, әрине, тұрақты түрдегі, бір қалыпты үрдіс емес, мұндайда ретіне қарай аудару да, транскрипция да қатар қолданыла береді.
Осы сияқты тағы бірнеше мысалдар көре аламыз. «Осы «Жасауыл қырғыны» деп аталатын уақиғадан кейін кенесары желтоқсанның басында сарбаздарын өзі басқарып келіп жаппас руын шапты». [3.300].
“A new name appeared in the steppe, Zhasaul Kyrgyny, better known as Death Place of Cossack Captains, and a new burial hill, Bautabyn Banyzy – the only remainders of those tragic events”. [6.550] .
Жоғарыда айтылғандай бұл жерлер тарихи оқиғаларға байланысты аталған, және де қазіргі таңда олардың көбі бұл атулармен аталмайды. Осы сөлемдерге ұқсас тағы бір мысал алсақ, бұл сөйлемде О.Чоракаев бірден калька тәсілін қолданған.
«- Церен – Доржи қасындағы жігіттерімен бүгін түнде Қанды жартас тұсында ажал табулары керек». [2.427].
“-Death awaits him at Red Rock”. [5.285].
Мысалдардан көріп отырғанымыздай «Қанды жартас – Red Rock» ағылшын тілінің «red»-сөзінің ең бастапқы, түсінікті, жиі қолданылатын мағынасы қызыл түсті білдіреді. Бұл жерде «қанды сөіpің тура баламасы «bloody» сөзін қолданса жақсырақ болар еді. Өйткені «қанды» - «қан төгілген жер» қан араласқан мағынасында, ал ағылшын «bloody» сөзі ағылшын тілінің түсіндірме сөздігі бойынша «covered in blood» - «қанмен жабылған» мағынасында.
Осы сөйлемдерге тектес тағы бір сөйлемді талдайық.
«Әулие шыңының» басындағы Пішпектің күшбегі Алішер датқа мен Орман манапты өңімдей анық көріп тұрмын. [3.304] .
“And Pishpek Kush – Begi Alisher – datka backing the manap was waiting at the top of the Kekli’s Auli – Shyni peak or the peak of the Saint, they all shaking their fists at me and pointing at a still higher mountain”. [3.552] .
Түпнұсқа және аударма сөйлемдерінен көріп отырғанымыздай аудармашы «әулие» сөзін «Saint» деп аударғаны өте сәтті. Өйткені, қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де «әулие», «Saint» сөздерінің мағыналары өте жақын, қасиетті мағынасымен сәйкес. Мәселен, ағылшын, қазақ тіліндерінде бұл сөздердің мағыналары діни наным бойынша адам тағдырына ықпал жасай алатын, «қасиетті, киелі жан». Жоғарыдағы мысалдардан көріп отырғанымыздай трилогия бойында кездесетін географиялық атауларды аудармашы аударма барысында транскрипция, транслитерация, калька тәсілдерін ұтымды пайдалануға тырысқан.
Келесі қарастырылатын мағыналық топ құрамына трилогияда кездесетін жалқы атаулардың үлкен бір қабатын құрайтын адам атаулары, антропонимдерді талдаймыз.
Жалқы есімдердің, тарихқа, мәдениетке, гографияға байланысты атаулардың ең жиі қолданылатын саласы – ақпаратты арнаулы әдебиет. Алайда бұл тармақтағы жалқы есімдерге стильдік қызмет тән емес, олардың міндеті – ақпараттың, мәліметтің дәлме – дәл, шындыққа сай, түсінікке кедергісіз түрде жеткізілуіне ықпал ету. Сондықтан да қазақ тіліне аударылған және аударылатын ақпаратты арнаулы әдебиетке жалқы есімдерді негізінен түпнұсқа қалпында беру – норма. Осыған орай аталмыш романда кісі аттары барлығы дерлік транслитерация, транскрипция көмегімен тәржімаланған кезде әріптердің фонетикалық заңдылықтары бұзбауға тырысқан. Төмендегі мысалдардан оның дәлелін көре аламыз:
«Шыңғысханның төрт ұлы болған: Жошы, Жағатай, Үгедей,Төле». [1.7]
“Genghiz Khan had four sons: Jutchi, Jagatai, Ugedei, Tuleh”.[4.9]
«Бабасы Шыңғысхан бүкіл әлемді осы ажал арқылы бағындырмақ болған жоқ па еді?»[1.6].
“Was it not your forebearer Genghiz(Chingis) Khan who unsheathed it to vanquish the world?” [4.8].
«Әбілқайыр ернін жыбырлатып оқи бастады». (1,6).
“Abul khaуr’s lips moved”. [4.8] .
Яғни аудармашы «Әбілқайыр» есімін екіге бөліп жазған, - «Әбіл – Abul», және «Қайыр – khaуr». Бұл есімде осындай үлгіде жазу шетел оқырманына қазақ тарихынан қосымша ақпарат беріп тұрғандай көрінеді, өйткені оқырман Қазақстан тарихында бір тарихи кезеңде екі Әбілқайыр өмір сүрді деген ойға итермелейді.
Тарихи тұлғалардың лақап аттары жалқы есіммен бірдей болмайтындықтан, оларды көбінесе калька тәсілі арқылы аударып береді. Бірақ, аталмыш романда автор «Ақсақ Темірді».
«... Ақсақ Темір көргенмен алысып өткен Орыс ханның кезінен – ақ бауыр басты». [1.12]
“… Khan Urus measured swords with Lame Timur himself”. [4.11]
“In the palace where Tamerlane had held court in his day …”. [4.256] (book 1, page 256).
“Too vast was the territory the Iron Lame crushed down once”:
Мысалдардан көріп отырғанымыздай автор бірде «Lame Timur» деп калька, транскрипция арқылы аударса, бірде «Iron Lame», яғни лақаптан басқа жалқы есімді қоса «темір – Iron» деп аударған, ал кейбір жерде «Темірлан – Tamerlan» деп берген. Жоғарыда айтылғандай бір лақап екі бөліктен тұруы әбден мүмкін, сондықтан аудармашы мұны ескеру тиіс еді. Өйткені кісі есімдері аударылмайды, аударылған жағдайда олар ұлттық калоритін жоғалтып, қазіргі таңда бәріміз бір тілде Бақыт, Құндыз, Мақсат, Темір болсақ, келесі тілде: Happiness, Mink, Aim, Iron, болушы едік.Осы берілген нұсқалардың ең сәттісі “Timur the Lame” деп санаймын.
Келесі талдайтын сөзіміз «Шыңғысхан - әлем әміршісі, Бар әлемді тітіретуші».
«Шыңғысхынның жер – жиһанға аты жаңа тарап, қырықтан асып бара жатқан кезі екен...». [1.90] .
“The Shaker of the Universe” had already been over forty and by the time he had begun to justify his famous nickname”. [4.57] .
“And what did the “Conqueror of the Universe” do then?” [4.97] .
Сөйлемдерден көріп отырғанымыздай, аудармашы «Шыңғысхан» есімінің орнына бірден оның сол кездегі ел арасында айтылатын яғни, ағылшын тілінде сөйлейтін оқырман, Шыңғысхан жайлы әңгіме болып жатқанын бірден түсінеді, өйткені тәржімашы басынан – ақ «әлем әміршісіне» сипаттама беріп кеткені анық. «Бар әлемді тітіретуші – The Shaker of the Universe» - деген сөйлемдер бір – біріне өте жақсы аударма, ал «әлем әміршісі – The Conqueror of the Universe (яғни барша әлемді жаулап алушы)» деген балама сәтті бола тұра, мен, бұл сөз тіркесін аударудың бір нұсқасын ұсынуға болар еді. «Әлем әміршісі – The ruler of the Universe», өйткені «ruler» - сөзі - «әмірші» сөзінің тура аналогы болып табылады. Бірақ, қазақ жерінің тарихын жақсы менгермеген шетел азаматы үшін «conqueror – жаулап алушы» сөзі қосымша көп мағына беретіне сөзсіз. Бәріміз білетіндей Шыңғысхан барлық жtрлерді өз қол астына күшпен енгізген. Осы «conqueror» сөзі арқылы аудармашы конкретизация (нақтыландыру) әдісін қолданып тұрғаны айдай анық.
Енді, келесі мысалдарға көңіл аударатын болсақ, аудармашы лақап аттарды калька тәсілі арқылы аударып, лақап ат иесінің есімін фонетикалық жағынан қалыпқа келтіріп аударған. Төмендегі сөйлемдер арқылы біз аудармашының шетел тілінде сөйлейтін оқырманға бұл сөздердің мағынасын жеткізудің ең ұтымды жолы.
«Әлгі ақ көз жебірейлі мен маңқа Әлексалдысы көзге түспеді ме?» [3.37] .
“Has anybody seen Dzhebrail, the white – Eyed or Aleksaldy, the Snuffling Man?” [6.399]
«Осы күннен бастап «Жалғыз көз» батыр кедей жұрттың қорғаны деген лақап бүкіл Дешті Қыпшаққа тарады». [1.184] .
“The famous nameless warrior nicknamed “One – Eуed” and forty horsemen had stolen a great number of argamaks belonging to merchant Mukhammed – Hakim al – Tarazi”. [4.123].
«- Дұрыс айтты Арғын би, - деді, ел арасында, «бес құлаш» деп аталатын еңгезердей, қошқыл өңді Қарақожа батыр – анадан ер болып жалғыз қыпшақ тұрған жоқ, батырлыққа, ерлікке бәріміз ортақпыз». [1.109] .
“… of the representatives of the Kreikin Kara – Hoja – Batyr was the oldest. For his large stature he was nicknamed “Five Girdles”. [4.73].
Бұл жерде «ақ көз – white – eyed», «жалғыз көз – one – eyed», «бес құлаш – five girdles» деп қазақ тіліндегі сөздердің ағылшын тіліндегі аналогын берген. Ал, «маңқаны» - «The snuffling man» «мұрнынан сөйлейтін адам» деп бейнелеп аударған. Әрине, бейнелеп аудару ағылшын тілінде баламасы жоқ сөздер үшін кеңінен қолданылатыны баршамызға мәлім, бірақ ағылшын тілінде сөйлейтін оқырман бұл қандай адам екенін көз алдына елестете алады. Сонымен қатар аудармашы «маңқа» сөзінің экспрессивтік реңкін жеткізе алмаған, өйткені «маңқа» сөзін қазақ халқы арасында бір адам өзінен жасын кішірейтіп, менсінбей, жиіркеніш білдірген кезде жиі қолданылады.
Ал келесі мысалдарға көңіл аударсақ түпнұсқадағы сөз аударма мәтініне екі түрлі, екі мағыналы болып аударылған.
«Қанішер Абылайдың баласы Уәлиден Әбілмансұр деген ұл туып, ол он сегіз жасында «Абылайлап!» жауға шауып, қанішер атасының атын әлемге жаятынын білмеді». [2.310] .
“At eighteen, Abulmansur, the grandson of Ablai fathered by Valy, lead the Kazakh army in one of the battles with the Dzungars shouting “Ablai” and he was given name of his bloodthirsty grandfather after that”.[5.196] .
«Ал әзірге атасы «Қанішер» Абылай қанқұмарлы құлқыменен Түркістан маңын шошытумен болды». [2.310] .
“Even the closest people to him called him “Bloody Ablai”. [5.196].
Аудармашы «қанішер» сөзін бірде «bloodthirsty – қақұмар», бірде «bloody – қанды, қанға толы» деп тәржімалаған. Бұл екі сөздің «қанішер» сөзіне «bloodthirsty» сөзі мағынасы жағынан ең жақын болып келетіні анық көрініп тұр. Және де бұл екі аударма қатар қолдану ағылшын тілінде сөйлейтін оқырманға қазақ тарихында бір мезгілде «қанды – bloodу» және «қанішер – bloodthirsty» Абылай болған деген жалған ойға кезіктіруі мүмкін.
Келесі сөйлемімізді талдайық:
«Әз Тәуке күшейіп келе жатқан жоңғар хандығының қазақ еліне өте қауіпті екенін бірден түсінді». [2.304] .
“That was thanks to the previous Khan Tauk who, not without reason, was called Az – Tauk – Wise Tauk - by the people”. [5.192] .
Мысалдардан көріп отырғанымыздай аудармашы «әз» сөзін біріншіден бастапқы қалпында қалтырып, екіншіден «wise – ақылды, данышпан» деп аударған. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «әз» сөзінің сипаттамасы: «ғазиз, ардақты, жақсы, данышпан, қадірлі» деп беріледі, яғни аудармашы бірден «Wise Tauk» деп аударса да, шетел оқырманына Тәуке хан аса құрметті, ақылды, данышпан, беделі зор, қазақ тарихының төрінен орын алған тұлға екенін бірден түсінеді.
Осы мысалға ұқсас тағы бір сөйлемде айта кетуге болады:
«Сұршақыз, - деді Абылай, - айтырып қойған жерің бар ма еді?» [2.596].
- Sursha – Kyz – Ablai said in a low voice. – “Dark young Lady” were you engaged to someone?”[5.363].
Бұл жерде де аудармашы «сұршақыз» сөзінің бастапқы формасын да, аударма тілде аналогын да берген. Абылай хан бұл жерде қыздың бет - әлпетіне қарап қойған аты, сондықтан да оны бірден “Dark young Lady” деп аударуға болар еді. Бұл жерде тағы бір «қыз» сөзіне көңіл аударуға болады. Қазақ және ағылшын тілінде «қыз» және «Lady» сөздерінің мағыналары бір – біріне өте жақын, екеуі де әлі «тұрмыс құрмаған, айттырып қойған жері жоқ» дегенді білдіреді. Әрине, ағылшын тіліне «қыз» сөзін «girl» деп те аударуға болады. Бірақ та бұл екі сөздің арасындағы айырмашылықты ескеруіміз қажет. Біз «girl» сөзін күнделікті қарым – қатынаста қолданамыз, ал «Lady» сөзі белгілі бір салтанатты – ресми кештерде, бұл адамның айрықша маңыздылығын көрсеткісі келген кезде эмоционалды, экспресивті реңкі «girl» сөзінен біршама көбірек болған жағдайда қолданамыз.
Келесі сөйлемдерге көңіл аударайық:
«Бұл Шыршық өзені бойынан Түркістандағы нағашысының үйіне келіп жатқан Сіргелі руының «бала палуан» атанған Елшібек атты батыр жігіт еді». [2.313] .
“There he is – yelchibek whom you yourselves once named “Bala – Рaluan” – “Boy – Hercules”. [5.199].
Аударма сөйлемде «палуан» сөзін «геркулес» деп аударған. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша «палуан» сөзінің түсіндірмесі – «күреске түсетін адам, күрес өнерімен айналасушы». Ал С.И.Ожеговтың сөздігінде «геркулес» сөзінің сипаттамасы - «человек, обладающий громадной силой (по латинскому названию Геракла – героя древне – греческой мифологии)».
Өздеріңіз көріп тұрғандай «палуан – геркулес» болып аударылуы мүмкін емес, өйткені «геркулес» - күрес өнерімен айналасушы емес, олар тек қана дене бітімдерімен сәйкес келуі мүмкін. Бұл жағдай да аудармашы «балуан» сөзінің түсіндірмесін берсе жақсы болар еді.
Қазақ халқы өздерінің болашақ сәбилеріне есім қояр кезде, бұл есімнің мағынасына да қараған. Келесі мысалдарда аудармашы кісі есімдерін траскрипция арқылы беріп, олардың мағынасы нені білдіретіндігін қысқаша бір сөзбен түсіндіре кеткен.
«Атым Құралай, біліп тұрып несіне сұрайсыз? – Қыз теріс бұрылып кетті». [2.508] .
“ – Why, you know it! – exclaimed the maid, surprised at the handsome stranger knowing her name, Kuralai, which meant “gazelle”. [5.328].
«Казахские имена» атты кітапта бұл есімнің мағынасы былай берілген: «Құралай – в переводе с кзкхского языка означает – козлёнок сайгака, особенность у неё очень красивые чёрные глаза. В народе красивые чёрные глаза сравнивают с глазами козлёнка сайгака. Поэтому когда девочка рождается черноглазой, её могут назвать этим именем». Ал, ағылшын тіліне бұл сөз «газель» деген мағынады берілген.
Келесі мысалға көшейік, «- Атым Гәуһар». [2.314].
“ – My name is Gaukhar . That means pearl”.[5.200] .
«Казахские имена» атты кітабында бұл есімде келесі түрде сипаттаған. «гаухар – в переводе с кзкхского языка означает – драгоценный камень, жемчуг, бриллиант, (алуан түсті, қымбат, асыл тас), имя показывает качество чистоты, красоты, ценность». Аудармашы қысқаша түрде бұл есімнің мағынасын «pearl – жемчуг» деп берген.
Келесі мысалға көңіл аударсақ, аудармашы бұл қыз есімінің түсіндірмесін бермеген.
«Ағалы – қарындасты екі жас бір зиратқа қатар жерленді. Осы уақытқа дейін Түркістанның күншығыс жағында «Құндыз» төбе деген төмпешік бар». [2.575].
“So they were buried together, the Konrad beauty Kunduz and her assassin, the young warrior Kanybek”.[5.366] .
Жоғарыда келтірілген мысалдар сияқты бұл есімдер бір тектес болып келеді. «Құндыз» есімі қазақ халқында ең әдемі, мәнді есімдердің бірі болғандықтан, оның да түсірмесін берсе артық болмас еді. «Казахские имена» атты кітабында бұл есімге келесі түсіндірме беріледі: «Кундуз – означает – бобер, нутрия, норка, блестящий красивый, ценный мех. Символизирует красоту. Казахи из этого меха шили красивые женские головные уборы «кундыз борик; красоту женщины сравнивают с норкой. В казахском языке слово «кундызым» используется в ласкательной форме». Әрине, бүкіл есімдердің мағынасын түсіндіріп, аудару қажет емес, өйткені жалқы есімдер (кісі аттары) транскрипция, транслитерация арқылы беріледі. Бірақ, аудармашы бұл жерде қазақ қыздарының сұлулығын, әдемілігін көрсеткісі келгені сөзсіз.
Келесі лақап аттар калька тәсілімен жасалған:
Қаз дауысты Қaзыбек – “Kazybek – the Goose Voice” (гусь).
Қазыбек би Келдібекұлы (1659 – 1765жж) - қазақтың атақты биі. Ел ішінде Қазыбек биді Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен. Былай атаудың себебі, дау, жанжал болған кезде Қазыбек бидің дауысы саңқ етіп, қатты шығатын. Әрине, біз «саңқ етті» деген «қазды (гусь)» көз алдымызға елестетеміз. Бірақ қазақ халқы арасында қазды киелі құс рктінде санаған, сондықтан «Қаздауысты Қазыбекті» түпнұсқа қалпында қалдырған жөн.
Қарға бойлы Қазтуған – “Rook – Size” (грач) Kaztugan – Zhirau. Қазтуған жырау (XVғ) - халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазтуған жырау жорық жылшысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды.
Асан Қайғы – “Asan – Kaigy”, or Asan the Poor Devil (бедный дьявол). Asan the Ill - Starred (родившийся под несчастливой звездой).
Асан Қайғы Сәбитұлы (XIV – XVғғ) - суырып салма ақын, жырау. Асанқайғы көшпенді халық тұрмысына жұт, табиғи апаттар көп нұқсан келтіретінін сезеді. Осыған орай, Асанқайғының жанға жайлы, жері тулы, суы мол, барлық адамдар терезесіз тең өмір сүретін жерұйықты іздегені туралы аңыз да елге кең тараған.
«Қаз дауысты» - “Goose (гусь) Voice” деп аудару орынсыз. Бұл жерде аудармашы «kaz dauysty» деп транслитерация арқылы беріп, оны негe былай атағанына түсіндірме берсе жақсы болар еді. Сол сияқты «Асан Қайғыны» - the Poor Devil (бедный дьявол) the Ill - Starred (несчастный) деп деп аудару орынсыз. Өйткені бұл аударманы оқыған шетел оқырманы бұл кейпкерді мүлдем есінен ауысқан кісі деп елестетуі мүмкін. «Асан Қайғыны - Asan – Kaigy» «Қарға бойлы Қазтуған» қалпында аудару жақсырақ болар еді.
Көріп отырғанымыздай жалқы есімдерді аудару жеңіл жұмыс емес, аударма барысында тәржімашының ескермей кеткен сәттері әрине болды, және де бұл тарихи көркем шығарма болғандықтан аудармашы әрбір детальге көңіл аударса жақсы болар еді. Өйткені ұлы билерімізді, жарауларымызды «гусьпен», «дьяволмен» салыстыру мүмкін емес.
Енді «Көшпенділер» тарихи трилогиясындағы әлеуметтік дәрежені білдіретін атаулардың берілу жолдарына тоқталамыз:
Әмір – emir
Сұлтан – sultan (аға – сұлтан – aga - sultan)
Бек – bek
Би – biy
Батыр – batyr
Мырза – mirza
Жыршы – zhirchi
Ақын – akyn
Төре – tyureh
Құшбегі – kush – begi
Бұл сөздердің барлығы транскрипция (транслитерация) арқылы берілген. Осы топқа жататын келесі сөздер калька, сипаттама тәсілдері арқылы аударылған «Нөкер» сөзі бірде “nuker” болып берілсе, бірде “body – guard - телохранитель” болып берілген. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «нөкер» сөзі былай сипатталады: «Нөкер – ақсүйектердің қасына еріп жүріп, қызмет ететін шашбауын көтеретін қошеметшіл адамдар». Ал, ағылшын тілінің “body – guard” сөзі, тек қана адам өміріне жауапты адам . Бұл сөзді бастапқы қалпында, яғни “ Нөкер - nuker” деп қолданған жөн.
Келесі сөзді аудармашы бейнелеп аударған: «хакімді» “Khakims” (head of a city – қала басшысы) деп түсіндірген. Бұл ағылшын тілінде сөйлейтін, қазақ халқының әлеуметтік құрылымын білмейтін оқырман үшін, ең қысқа, ең ұтымды жол. Осы топқа жататын сөз «игі жақсылар» сипаттама арқылы аударылған, “the best people of the three zhozes” (үш жүздің ең жақсы (беделді) адамдары). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бұл тіркес былай сипатталған: «Үстем таптың басты адамдары, бай мен би, төрелер», яғни бұл аударма өте сәтті шыққан.
Дәл осы тәсілмен ол «қoнтайшы» сөзін “Oirot ruler (басшысы)” деп аударған. Ал «уәзір» сөзіне “vizier” (ақыл – кеңесші) деген аударма жасаған. «Тоқал, Бәйбіше» сөздерін “senior wife, junior wife”, яғни «ең үлкен, ең кіші әйел» деп аударған. Әрине, ол Бәйбішені бірінші әйел «The first wife» деп аударуға болар еді, онда оқырман бірде екінші, үшінші, алтыншы әйел болуына байланысты бұлардың қайсысы тоқал екенін түсінбей қалуы мүмкін. Біздіңше, бұл жол ең ұтымды, өйткені реалия сөздерінің тым көп болуы шетел тілінде сөйлейтін оқырманын мәтін мазмұнын түсінуге қиындықтарға әкелуі мүмкін.
Келесі әскери терминдерді аудармашы транскрипциямен қатар, аналогын табуға тырысқан:
Онбасы – onbasy
Жүзбасы – lieutenant (zhuzbasy)
Мыңбасы – mynbasy
Ноян – noyon
Қолбасшы – commander – in – chief.
Терминдік атауларды ұлттық ұғымға бірдейлестіру, терминдердің ұлттық колоритін көрсету бағыты әскери терминдердің қазақшалануынан да көрінеді. Зиялы қауым өкілдері – ақын М.Әлімбаев, жазушы Қ.Исабаев, әскери қызметкер К.Құттыбаев интернационалдық әскери терминдерге төмендегідей қазақша баламалар ұсынған:
Қолбасшы – маршал, жүзбасы – капитан, елубасы – лейтенант, түмен – армия, жүздік – рота және т.б. Бұлар – ұсыныс жобалар, ұсыныстардың айтылуына негізгі себеп – ұлттық ойсанаға бірделейстіру. Ал айтылған терминдердің ұғымдық көлемі түсініктің дефинициясын толық қамти ала ма, жоқ па, қазақ этномәдениетіндегі терминнің семантикалық құрылымы өзге тілдік аталымның семантикалық құрылымына теңбе – тең түсе ме, жоқ па, - өз алдына жеке мәселе. Сондықтан да аталмыш романдағы әскери – терминдік сөздер бастапқы қалпында берілсе жақсы болар еді.
Ю.В.Скугарованың айтуы бойынша, тілдік емес қыиншылықтарды олардың пайда болу себебіне байланысты екі топқа бөлуге болады.
Біріншісіне белгілі бір білім беру лакуналардың бар болуынан туындайтын түсіну қиыншылығы. Кеңес үкіметі кезінде діни білім берудің болмауы жақсы мысал бола алады. Діни білімнің болмауы жеке алғанда көркем әдеби шығармалардың вертикалды контекстін түсінбеуге әкелуі мүмкін (библиялық аллюзиялар адекватты қабылданбайды, тіпті, олардың бар болуы да қабылдаусыз қалады).
Екінші аспект елдегі жеке өмір тәжірибесімен байланысты. Бұл тәжірибе кең мағынада дәстүрлер білімін анықтайды (шіркеудегі қызмет қалай өтеді, мейрамдар қалай аталып өтіледі, туған күнмен қалай құттықтау қерек және т.с.с.), сонымен қатар бірінші кезде онша маңызды емес болып көрінетін өте көп ақпарат: таңғы асты қалай ішу керек, не жеу керек, жұмыс күні қаншада басталады, бос уақытты қалай өткізеді және осы немесе басқа салтанатты жағдайда қалай киінеді және т.с.с. Мұның бәрі дәстүрдің бөлігі саналады және фондық білімінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Мұндай ақпарат санадан тыс және қасақана емес жиналады, білім алу процессінде емес, белгілі бір әлеуметтік мәдени ортадағы өмірдің жеке тәжірибесімен және керісінше, егер ондай тәжірибе жоқ болса, адамның мәтінді адекватты түсіну үшін жеткілікті фондық білімі болмайды. Бұл жағдайда лакуна – сол қоғамда қабылданған көптеген күнделікті тұрмыстық аспектілер, дәстүрлер және шарттылық. Мәдени фондық лакуналарына сонымен қатар бір лингвомәдени қоғам үшін түсінікті, басқасы үшін түсініксіз болып келетін географиялық атаулар жатады. Бұл атаулар бір лингвомәдени қоғам өкілдері үшін маңызды және басқасы үшін маңызы жоқ белгілі бір әлеуметтік контекстке кірген.
И.В.Гюббенеттің ойынша [27,118б.] ағылшын әдебиеті шығармаларында кейіпкер тұратын географиялық атауды, мысалы, Лондон қаласының немесе ауданның атауын қолдану оның әлеуметтік шығу тегін және қоғамдағы орны туралы маңызды ақпарат береді, бірақ бұл атаулар қазақтар үшін ондай маңызды емес: «Сіздің қалаған жеріңізде тұруға құқығыңыз бар. Мысалы, Парк-Лейнде», ...әдетте Челсиде шақырылған аста басқаша сөйлеседі. Бұл айтылғандарды адекватты түсіну үшін ең болмаса Парк−лейн мен Челси лондондық Уэст−Эйдте орналасқанын және өзінің керемет қонақ үйлері мен жекежайларымен белгілі екенін білу керек. Сонымен қатар қазақ оқырманы үшін ағылшын әдебиетінде көне атаулардың дәстүрлі метонимиялық қолданылуы үйреншікті емес және түсініксіз: «Тоттенхем−Карт−Раудпен бәрі бітті. Дәл қазір, мен Уимпол−стритпен кеткенде». Тоттенхем−Карт−Рауд топонимы – бұл кейіпкер гүл сатқан Лондон орталығындағы көше. Бұл оның өткен өмірін, мамандығын көрсетеді; Уимпол−Стрит топонимы – кейіпкер өмір сүрген көше, оның өзгерген әлеуметтік беделін көрсетеді.
Осы немесе басқа лингвомәдени қоғамның ерекшеліктерін білдіретін лакуналар, әдетте, әртүрлі мәдениет өкілдерінің өзара түсінушілігіне кедергі болады. Алайда мәдениаралық қарым−қатынастың тәжирибесі байланысқа түсетін мәдениеттердің ұлттық ерекше айырмашылықтарынан туындайтын кедергілерден өтетін әртүрлі тәсілдердің барын көрсетеді. Т.А.Антипов, О.А.Донских, И.Ю. Марковина, Ю.А. Сорокин әлеуметік мәдени лакуналарды жоюдың екі тәсілін көрсетеді: алмастыру мен орын толтыру (компенсация).
Лакуналарды алмастыру қабылдаушы үшін таныс емес мәдениетке жататын түсініктің (сөздің) мағынасын ашып беру процесі. Алмастыру (тілдік те, мәдениет саласына қатысты да) лакунаның сипатына, лакуна бар мәтіннің түріне, сонымен қатар мәтін бағытталған қабылдаушының ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады.
Публицистикалық мәтіндегі (газеттік журнал мақалдары, очерктер) лакуналарды алмастырудың, ғалымдардың айтуынша, ең көп тараған түрлерінің бірі мақсаты таныс емес мәдениеттің фрагментін көрсету болып табылатын – мәтінде сақталған ұлттық−ерекше элементтерді аудару: «...құрлықтың бұл кіші бөлігі...Нучи−Бе деп аталады. Ол малағай тілінен аударғанда «үлкен арал» деген мағына береді». Мәтінде өзге мәдениеттің ұлттық−ерекше элементтерін сақтап қалу және мәтінде олардың аудармасын беру тапсырманы орындауға мүмкіндік береді;
- таныс емес мәдениеттің калоритін құру (басқа тілдегі сөз немесе сөз тіркесі қабылдаушы тіліне өзінің түпнұсқа түрінде (дыбысталуында) беріледі және транслитерацияланады);
- аударма арқылы өзге мәдениеттің ерекше элементтерінің мағынасын ашу арқылы мәтіннің мағынасын жақсырақ түсінуін қамтамасыз ету. «Мәтін мәдениет құралы ретінде» атты еңбегінің авторлары ұсынған лакуналарды алмастыру тәсілінің басқа түрі−мәтінге өзге мәдениеттің элементтеріне мүмкіндігінше толық түсініктемені кіргізу. Алмастыру әртүрлі болуы мүмкін. Ол, бір жағынан, автордың алдында тұрған тапсырмаға екінші жағынан, суреттелетін мәдениет пен қабылдаушы мәдениетінің арасындағы мәдени қашықтыққа байланысты. Түсініктеме мақсаты мәтінді қабылдауды жеңілдету ғана емес, сонымен қатар оқу қабілетін дамыту, лексикамен байыту, тілдік эрудиция деңгейін көтеру болып табылады.
Ю.В. Скугарова [21] түсініктеме берудің екі негізгі тәсілдерін көрсетеді:
- энциклопедиялық (анықтама дереккөздерінен алынған нақты, дәл мәлімет берілгенде);
- зерттеушілік. Осындай жолмен құрастырылған түсініктемелер лингвоелтанушылық сипатта болып келеді (яғни тілден сырт факторладың қабылдауының ұлттық ерекшеліктерін ашу).
Энциклопедиялық және әлеуметтік мәдени түсініктеменің нәтижелілігі туралы әлеуметтік мәдени лакуналарды алмастыру қалай жүзеге асатындығы бойынша айтуға болады. Энциклопедиялық түсініктеме белгілі бір тақырып туралы, сол тақырыпқа байланысты мәлімет береді. Бұл жерде берілген контекстке керек ақпарат таңдалып алынбайды, нәтижесіде оқырман қандай да білім алады, бірақ әлеуметтік мәдени лакуна қалады. Оны алмастыру үшін контекстке лайық ақпараттың жиналуы керек. Басқа ақпарат қосымша мәлімет бере алады, бірақ пайда болған лакунаны алмастыра алмайды. Бұл жағдайда түсініктеме қабылдау қыиншылығын жеңуді қамтамасыз ету болып табылатын өзінің тікелей міндетін орындамайды. Ю.В. Скугарованың айтуы бойынша, контекстке бағытталған әлеуметтік мәдени түсініктемеде энциклопедиялық сипаттағы ақпарат болмауы мүмкін, бірақ керекті ақпаратты бере отырып, оқырманның фондық біліміндегі ашық жерлердің орнын толтырады, яғни лакунаны компенсациялайды.
Шетел тілдерін үйретудің Ресейлік тәжирибесінде лакуналарды алмастырудың тағы бір тәсілі көрсетіледі. Мұнда ескертпелер кітап соңында түсінуге қиын мәтіннің ұлттық ерекше элементтері таңдамалы түрде түсіндіріледі. Бірақ бұл элементтер осы немесе басқа көркем шығарманың коммуниканттарының мағыналық қабылдау өрісті кемерлемеу үшін болар авторлық мәтіндерде таңбаланбайды. Мұндай жағдайда түсіну елесі пайда болуы мүмкін және егер оқырман түсініктеме көмегіне жүгінбесе, мәтіндегі лакуна сақталады немесе дұрыс емес түсініледі.
Әлеуметтік−мәдени лакуналарды жоюдың басқа тәсілі – компенсация (орын толтыру). Оның мәні мынада: ұлттық ерекше (мәдени) кедергіні жеңу. Бұл үшін мәтінге осы немесе басқа түрдегі түпнұсқа мәдениеті элементтеріне тепе−тең болатын қабылдаушы мәдениетінің ерекше элементі кіргізіледі. Лакуналардың орын толтыру процессі түпнұсқаның ұлттық ерекшеліктерінің түр өзгертуіне, яғни деформациялануына әкеледі, өйткені мәтінде қабылдаушының мәдениетіне жататын жаңа элемент пайда болады. Мәтіндегі қабылдаушы тіліндегі лакуналардың орнын толтырудың қарапайым түрлерінің бірі өзге мәдениеттің фрагментін көрсететін (мәтін авторы мен қабылдаушы бір мәдениетінің өкілдері) автордың өзге реалийлерді немесе жағдайды түсінуге көмектесетін реалийлерді қалдыру.
Өзге мәдениет феномені сипатын дәлірек түсінуге және оған дұрыс қатынас тудыруға көмектесетін оқырманға жақсы таныс әдеби шығармаға сілтеме немесе әдеби цитата да орын толтырудың тірек элементі бола алады. Орын толтыру лакунаны сақтап қалуға болмай (мәтінді максималды түрде түсінікті ету қажет), алмастару белгілі себептерге байланысты мүмкін емес болған жағдайда да пайда болады.
2.3 Көркем шығармаларда кездесетін баламасыз лексикаларды аудару тәсілдері (J.R.R Tolkien “The Hobbit, or there and back” (Дж.Р.Р Толкин «Хоббит, немесе барып, кері қайту») шығармасы негізінде)
Қазіргі тіл білімі арқылы меңгерілетін көптеген күрделі мәселелердің арасында тіл аралық қатынастар қызметінің лингвистикалық аспектілерін «аударма» немесе «аударма қызметі» деп аталатын меңгеру саласы маңызды орын алады.
Аударма – бұл, әлбетте, адам кәсібінің өте көне түрі. Адамзат тарихында тілдер айырмашылықтары бар адам топтарының қалыптасуымен қатар «әр түрлі тілдер» ұжымдарымен қатынасуға көмектесетін «билингвтер» де пайда болды.
Жазба тілінің шығуымен осындай ауызекі «тілші-толмач» аудармашыларға жазбаша түріндегі де ресми, діни және іскери түрдегі әр түрлі мәтіндерді аударатын аудармашылар қосыла бастады.
Басынан бастап аударма маңызды әлеуметтік адамдар арасындағы тіл аралық қатынасты жасайтын қызметті атқарды.
Жазбаша аудармаларды тарату адамдарға басқа халықтардың мәдени мұраларына қол жеткізуді кеңейтіп, мәдениет пен әдебиеттерін байытуға, әсерін тигізуге мүмкіндік берді.
Шетел тілдерін білу - бұл тілдердегі кітаптардың түпнұсқасын оқуға мүмкіншілік береді, бірақ бір ғана шет тілін меңгеріп алудың өзі әркімнің қолынан келмейді.
Алғашқы аударма теоретиктері ретінде өздерінің тәжірибесін қорытындылауға ұмтылған аудармашылардың өздері болды, бірақ та кейде кәсіби бойынша әріптестерінің тәжірибесі де осыған қосылды. Өздерінің «аудармашылық ісін» көрсетуге барлық кезеңнің атақты аудармашылары болған еді, дегенмен олардың білдірген көзқарастары қазіргі талаптарға сай ғылыми дәлелді болмағанымен жүйелі теоретикалық тұжырымдамаларға енгізілмесе де, бір қатар осындай пікірлер мен көзқарастар күні бүгінге дейін өзіне қызығушылықты арта түседі.
Сонымен, антик кезеңінің аудармашылары түпнұсқаға аударманың жақындық деңгей мәселесін кеңінен талқылауға түсірген. Библия мен басқа шығармашылардың ерте кездегі киелі мен негізгі болып саналатын аудармаларында түсініксіздікке немесе аударманың толық ұқпауына әкеліп соққан түпнұсқаны дәлме-дәл аудару мен тастап алуға талпыныстар басым болды. Сондықтан кейінірек кейбір аудармашылар түпнұсқаға қатысты үлкен бостандыққа ие болуға аудармашылар құқығын теориялық жағынан әріпті емес, мағынасы немесе жалпы көрінісін, түпнұсқа «ерекшелігін» көрсету керектігін айқындауға тырысты.
Аудармашы көздеуге тиісті мақсаты туралы бастапқы пікірлердің өзінде-ақ біздің заманымыздың дәлме-дәл немесе еркін аударманың болуы мен түпнұсқа ие болатын оқырмандарға әсерін тигізетін жақтарын сақтауға керектігі туралы көптеген теоретикалық даулы қайшылықтарды табуға болады.
Кейінірек кейбір аудармашылар «жақсы» аударма немесе «жақсы» аудармашы дәрежесіне ие болатын бірқатар талаптарды көрсету арқылы «аударманың қалыпты теориясының» кейбір түрлерін қалыптастыруға тырысты. Француз гуманисі, айқын және аудармашы Этьенн Доле (1509-1546 жылдары өмір сүрген) оның ойынша, аудармашы бес шақты аударманың негізгі принциптерін сақтауы қажет деп көрсеткен, бұлар:
1. Аударатын мәтіннің мазмұны мен автордың мақсатын еркін түсіну;
2. Қандай тілден қай тілге аудару тілдерін біркелкі жетік білу;
3. Сөзбе-сөз, дәлме-дәл аудару жақтарынан бас тарту, себебі бұл түп нұсқаның мазмұнын өзгертеді де, оның көркемдік формасын жойып жібереді;
4. Аудармада жалпы қолданылатын сөйлеу түрін пайдалану;
5. Түпнұсқаның иісті «ырғағынан» шығып жалпы әсерін тигізетін сөздерді дұрыс қолдану мен тізбектеу.
1790 жылы «Аударма принциптері» атты ағылшын А.Тайтлердің кітабында аударманың негізгі талаптары былайша көрсетілген:
1) аударма түпнұсқа идеясын толық беруге тиіс;
2) аударма стилі мен мазмұндамасы түпнұсқа сияқты болулары қажет;
3) түпнұсқа шығармасы сияқты аударма да, жеңіл оқылуға тиіс.
Аударманың ғылыми негіздері жиырмасыншы ғасырдың ортасында қалыптасып, сол кезде аударма мәселесі тілшілер назарында бола бастайды.
Бұл кезде дейін лингвистика ғылымы меңгеретін мәселелерге аударма мәселесі ешқандай жағымен енбейтін болып саналатын. Аудармашылардың өздері «аударма өнерінде» аударманың лингвистикалық аспектілері шағын, таза техникалық рөл атқаратындығын тұжырымдаған.
Әрине, аудармашы түпнұсқа тілімен қатар аударма тілін жетік білуі тиіс, бірақ та тілдерді білу аударманың тек қана қосымша жағы, негізі емес, болып саналады. Осындай білімнің рөлін композиторға ноталарды білу рөлімен салыстыруға болады.
Өздері жағынан, тілшілер аударма қызметін тіл білімі зерттеу объектісіне енгізуін көздемесе де, бірақ та ол лингвистикалық факторлармен айқындалды.
Түпнұсқа тілімен салыстырғанда аударма тілінде мағыналардың сәйкес келмеуі, екі мағыналы бола алатын кең семантикалық сөздер баламасыз лексика деп аталады.
Сондықтан да, лексиканы аударуда оның аударылатын тілде баламасы болмауы өзіндік қиындық тудырады, бірақ оны жеңуге де болады.
Бұл тақырыптағы теоретикалық әдебиеттің анализі бойынша баламасыз лексиканы аударуда келесі әдістер жиі қолданылады деген қорытындыға келдік:
Транслитерация/транскрипция;
Калькалау;
Сипаттап аудару;
Мағынасын жақындатып аудару;
Трансформациялық аудару.
Баламасыз лексиканы аударудың тәсілдерін зерттеу барысында келтірілген қорытындыны бекіту мақсатында біз Дж.Р.Р. Толкиннің «Хоббит, немесе барып, кері қайту» туындысына зерттеу жүргіземіз. Бұл зерттеуде қарастырылып отырған туындының ерекшеліктері мен баламасыз лексиканың негізгі аудару әдістерін мысал арқылы көрсеткім келеді.
Шығармадан жалпы таңдау әдісі арқылы баламасыз лексика қолданылған 123 фрагмент таңдалып алынды. Таңдалған лексикалық бірліктер жалқы есімдер, географиялық атаулар, тұрмыстық затардың атауы, лакуналар және фразеологизмдер болып табылады.
Аудармадағы транслитерация мен транскрипция. Бұл шығармада аударудың келесі мысалдары жатады: a hobbit – хоббит, Belladonna Took – Белладонна Тук, Gandalf – Гэндальф, ale – эль (ағылшын сырасы). Таңдалған фрагменттердің көп бөлігі (31%) баламасыз лексиканы аударудың осы әдісі арқылы жүргізілген, онда ағылшын сөздерінің дыбысталуының бұзылмай жеткізілуі (транскрипция) және ағылшын тіліне тән дыбыстың қазақ тілінің орфографиялық заңдылығына лайық белгіленуі (транслитерация). Бұл тәсіл арқылы жалқы есімдер, географиялық атаулар, лакуналар және тұрмыс заттарының атаулары берілген.
Баламасыз лексиканы түпнұсқадан аударуда оның құрамдас бөліктерінің аударылатын тілдегі тура лексикалық сәйкестіктерімен алмастыру тәсілі – калькалау әдісі болып табылады. Мысалы: Baggins – Торбинс, Oakenshield – еменді қалқан, seed cake – зире (тмин) қосылған бәліш, buttered scone – май қосылған нан. Бұл әдіс баламасыз лексиканы аударуда, транслитерация мен транскрипциямен қатар, туындыда кең таралған (31%).
Баламасыз лексиканы сипаттау (түсіндіру) арқылы аудару түпнұсқа тіліндегі лексикалық бірліктің мағынасын ашуда сол тілдегі құбылыстың лексикалық бірлігінің түсіндіруші сипаттарын сөз тіркестері арқылы ашу, яғни, аударылатын тілдегі дефиниция (қайсыбір ұғымның қысқаша тұжырымды анықтамасы) арқылы жүргізіледі.
Мағынасы жақындатылған аудару (аналогы арқылы аудару), ол түпнұсқа тіліндегі лексикалық бірліктің мағынасына сәйкес аударылатын тілдегі баламасы жоқ, сондықтан жақын мағыналы сөзді іздеу, табу болып табылады. Мысалы: walking stick – жол асатаяғы, hearthrug – камин алдындағы кілемше, shaking like a jelly that was melting – басынан аяғына дейін дірілдеп тұр. Бұл әдіс арқылы шығармада баламасыз лексиканың 23% фрагменті табылды. Бұл тіркестердің түпнұсқа тілі мен аударылатын тілдегі баламасы жоқ және олар осы тәсілсіз аударылаа алмайды.
Трансформациялық аудару. Бұл жағдайда баламасыз лексиканы аударуда сөйлемнің синтаксистік құрылымның өзгеруіне, түпнұсқадағы сөздің мағынасының толықтай өзгеруіне әкеледі немесе аудармашылық трансформациясың лексикалық-грамматикалық атауы болады, сондықтан да бұл жерде трансформациялық аудару жөнінде айтуға болады. Мысалы: It was often said (in other families) that long a go one of the Took ancestors must have taken a fairy wife . – Көршілер кәрі Туканың ата-бабаларының бірі ертеде эльфийкаға үйленеген деп айтады. Әрине, бұл варианттарды дұрыс таңдау үшін кең контекстке немесе экстралингвистикалық жағдайға жүгінуіміз керек. Бұл әдіс сипаттау әдісімен қатар сирек қолданылатын әдіс (7,5%) болып табылады.
Практикалық мәліметтің анализі бойынша шығармада аударудың транслитерация мен калькалау әдістері (62%) өте жиі кездесетінін көрсетеді. Ал баламасыз лексиканы аударуда сипаттау мен трансформациялық аудару әдістері (15%) өте сирек қолданылатын тәсіл болып табылады.
Сурет – 1. Баламасыз лексиканы аудару тәсілдерінің қатынасы
Алынған нәтижелер Дж.Р.Р. Толкиннің «Хоббит, немесе барып, қайта келу» шығармасын аударудағы баламасыз лексиканы аударуда транслитерация мен калькалау әдістері жиі қолданылады деген қорытындыға келуге болады. Шығармада жалқы есімдер, георграфиялық атаулар, лакуналар жиі кездеседі және оларды аударуда тек қана транслитерация мен калькалау әдістерін қолданды. Бұл әдістер бұл категория үшін стандартты тәсілдер болып табылады, мұны осы зерттеу арқылы көз жеткіздік.
Осылайша, мұндай лексикалық бірліктердің басқа тілдің сөздік құрамында тура баламасының болмауы олардың сол тілге аударыла алмайтындығы туралы айтпайды. Аудармашының қолында нақты мәтіндегі сөйлемде бастапқы сөздік бірліктердің мағынасын берудің бір емес, бірнеше мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |