І. Сөз таптарына қарай:
Зат есімдер, мысалы: baby-moon, address book, letter-box, match-box;
Сын есімдер, мысалы: power-happy, old-hand, new-born, light-headed;
Етістіктер, мысалы: to honey-moon, to baby-sit, to henpeck, to blackmail;
Үстеулер, мысалы: down deep, headfirst, splash down;
Шылаулар, мысалы: into, within, onto, without;
Сан есімдер, мысалы : fifty-five, seventy-eight, thirty-eight, ninety-one.
ІІ. Құрамындағы компоненттерінің қатысына қарай:
Аралық (neutral), олар екі түбірден ешқандай морфемаларсыз бірігуінен жасалады, мысалы, outrageous, she-goat, general public, space age, iron-clad;
Морфологиялық (morphological), мұнда компоненттер «o» немесе «i» дауысты яки «s» дауыссыз дәнекер дыбыстары арқылы байланысады: astrospace, handicraft, sportsman, craftsman, tradesfolk, Anglo-Saxon;
Синтактикалық (syntactical) немесе лексикаланған фразалар мұнда компоненттер көмекші формалар арқылы байланысады, мысалы, hold-a-lot-of-beer, sick-in-the-mud, breakfast-in-the-bedder, free-for-all, do-or-die, lily-of-the-valley, bring-and-buy sale, washing-up-liquid, Jack-of-all-trades, good-for-nothing.
ІІІ. Құрылымына қарай:
Екі түбірден тұратын негізгі күрделі сөздер, мысалы, job-hunt, hidebound, go-go, tip-top, heartache, speak-easy, double-cross, chatter-box, whitewash;
Түбірлерінде аффикстері болатын туынды (derivational) күрделі сөздер, мысалы, ear-minded, hydro-skimmer, guided missile, baked beans, runner-up, horn-rimmed, factory-packed, science-based, chain-smoker;
Үш немесе одан да көп түбірлерден тұратын күрделі сөздер, мысалы, cornflower-blue, eggshell-thin, singer-songwriter, greenhouse effect, one-parent family;
Қысқарған күрделі сөздер, мысалы. VJ-day, motocross, intervision, Eurodollar, T-shirt, math-mistress, H-bag, X-mas, G-man.
Достарыңызбен бөлісу: |