І. Физика физика тұрмыста сынып



бет23/31
Дата03.09.2022
өлшемі252.85 Kb.
#460156
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
ФАКУЛЬТАТИВ КУРС БАГДАРЛАМА

Барлығы

34

6

28


































ФОТОШОППЕН АНИМАЦИЯ

  1. сынып

Масалимова Н.Е.


М. Дауленов атындағы орта мектеп, Зайсан ауданы.


Түсінік хат

Жалпы білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі ақпараттық білімнің ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі, жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы, сондай-ақ оның әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен, мәнімен және маңызымен анықталады. Соңғы жылдары елімізде графикалық бағдарламалар, анимациялық фильмдер сатылап, терең дамып келеді. Графикалық анимацияларды көптеген ақпараттық құралдардан да жарнама ретінде көруге болады.


Осындай әдемі, қызықты анимацияланған суреттерді Adobe PhotoShop бағдарламасы арқылы жасау мүмкіндігі мол. Сондықтан мектепте осындай бағдарламаларды таңдау курстары ретінде жүргізген жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың даму заманында басты міндеттердің бірі жастардың өздері ұнатып, әрі оған икемі бар мамандықты дұрыс таңдап алуын жүзеге асыру. Біздің мемлекетіміздің оқушылары да мектеп қабырғасынан бастап, өздерінің қалаған мамандықтарына икемделіп шығу керек. Photoshop бағдарламасын игерген мамандарды графиктік дизайнерлер деп атайды.




Курстың өзектілігі:

Курс теориялық және практикалық сабақтарға бөлінеді. Теориялық бөлімінде бағдарламамен жұмыс істеу принциптері, әдістері туралы берілсе, практикалық бөлімінде оқушылар қызығып орындайтын тапсырмалар берілген. Практикалық тапсырманы орындай отырып, оқушы берілген теориялық білімді бойына сіңіріп, біліктіліктері қалыптасады. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, ойлау, қиялдау қабілеттері дамиды. Әдемілікке, ұқыптылыққа, топпен жұмыс істеуге, ұжымды сыйлауға, жеке дара жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезінуге үйренеді.




Курстың мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, бағдарламаның мүмкіндігін көрсету, әлемнің қазіргі ақпараттық өрісі және

48


ақпараттық технологияны қолданудың кеңістігі туралы білімдерін кеңейту және дағдыларын қалыптастыру.


Курстың міндеттері:
-Photoshop-та бейнелерді өңдеу мен редакторлеудің негізгі мүмкіндіктері
туралы түсінік беру;
-редактор мүмкіндіктерін пайдаланып растрлық сурет құруды, фотошоппен

жұмыс істеуді үйрету;


-бағдарлама мүмкіндігін қолданып, суреттерден анимациялық веб баннер, қарапайым анимациялар жасауды үйрету; -кәсіптік бағдар беру.




Курста сабақта қолданылатын әдістер: теориялық, практикалық, жекелей, топтық жұмыстар.


Курстың практикалық маңыздылығы: оқушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, практикалық іс-әрекет дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздық пен жүйелі жұмыс жасауына мүмкдік береді.

Бағдарлама бойынша берілетін білімді есепке алу әрбір бөлім соңында сынама жүргізу арқылы қорытындыланады.


Курстың құрылымы: Бейімделген курстың бағдарламасы аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.




Оқушылардың меңгеруі тиіс білім, білік, дағдылары:
-оқушының материалмен өз бетінше жұмыс жасауы;
-растрлық суреттерді құра білу;
-бейнені жасаудың әдістерін меңгеру;

-қарапайымнан күрделіге анимация жасай алу; -өзін өзі бағалай алу.


Курстың негізігі ерекшелігі информатика пәнінің барлық салада қолданылу аясын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру болып табылады. Осыған байланысты оқушылар жаңа білім алумен және графикалық бағдарламада жұмыс істеу әдістерімен де танысады.


Бағдарлама мектептегі информатика пәнінің бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, информатикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет.


Бағдарламада күрделі тапсырмаларды жасай отырып, аниматорлар туралы, дизайнерлер туралы қосымша мағлұмат алып, шығармашылық қабілеттерін, ұшқыр қиялдарын, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Оқушының жеке тұлғалық кәсіби қасиетін қалыптастырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет