І. Физика физика тұрмыста сынып
ADOBE PHOTOSHOP ЖӘНЕ MACROMEDIA FLASH АРҚЫЛЫ КОМПЬЮТЕРЛІК АНИМАЦИЯЛАРДЫ ОҚЫТУ сынып Беляева Н.А Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицейі. Түсінік хат Қазіргі уақытта Web-сайттар құру, оған барлық мүмкін ақпараттарды орналастыру танымал болуда. Web-беттерде (парақтарда) анимация өте тиімді көрінеді, ал пернелерді және басқа да интербелсенді элементтерді пайдалану сайтты ыңғайлы және есте қалатындай етеді. 45
Курстың мақсаты: -ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратпен жұмыс жасау және компьютер мүмкіндігін пайдалану; -Macromedia Flash бағдарламасымен жұмыс істеу және Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы анимация жасау; -оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; -қызметтік білім алуға лицей оқушыларына мамандандырылған дайындық. Курстың міндеттері: -қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның талабына сай оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, білімін болашақта таңдаған мамандықта қолдануға дайындау;. -танымдық белсенділікті дамыту, өзін-өзі дамытуына қабілетті оқу қызметінің жеке субъектісін қалыптастыру; -абстрактті суреттерді жасауға үйрету, анимациялық баннерлер, өңдеуден өтетін суреттерден көрінбейтін ұқсастықты табу; -Macromedia Flash графикалық пакетімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Курс аяғында оқушылар білуге тиіс: -қабаттар негізінде суреттерді өндеу, қызықты коллаждарды жасау үшін қабаттарды пайдалану (суреттер, логотиптер, эмблемалар, күнтізбелер, открыткалар); -объектілер қозғалысының анимациясын, жәй және күрделі нысандарды дайындау, Flash-роликтерді, суреттерді басып шығаруға дайындау, мультимедиялық бағдарламалардың көмегімен нысандарды Интернетте орналастыру. Ұсынылатын бағдарлама құралдары: Программа Adobe Photoshop 6.0, 7.0 MacromediaFlash МХ, 7.0, 8.0 жүктеу/скачать 252.85 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |