1. Коммерциялық банктер мен кредит мекемелеріне қатысты арнайы ережелер
|
Иә
|
Резидент банктердің шетелге инвестициялары өз және ішкі активтерге тартылған қаражатты орналастырудың нормативімен шектеледі.
Банктерге банк қызметіне жатпайтын және «ҚР банктер және банк қызмет туралы» ҚР Заңында тікелей көзделмеген кәсіпкерлік қызмет операциялар мен мәмілелер ретінде жүзеге асырылуына тыйым салынады.
Банктерге заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады, тек мыналар қосылмайды: (1) қаржы ұйымдарының; (2) акциялары листингтің неғұрлым жоғары санаты бойынша ҚР аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың; (3) Қазақстан Республикасының резидент емес арнайы ұйымдарын секьюритизациялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, бағалы қағаздарды орналастыру мақсатында құрылған кредит бюроларының, ломбардтарының, арнайы қаржы компанияларының, сондай-ақ қызметінің айырықша түрі банктердің қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын банктердің, заңды тұлғалардың операциялық қызметін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке иелік ету және басқару болып табылатын ұйымдар; (4) осы ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акциялары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кепілдік ретінде банктердің меншігіне өтетін заңды тұлғалардың; (5) банктердің қауымдастықтарының (одақтарының); (6) Қазақстан Республикасының резидент акционерлік инвестициялық қорларының; (7) Банк, сақтандыру ұйымы, зейнетақы қоры, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының жарғылық капиталдарына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу.
Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу (акция сатып алу) бойынша лимит (1) банктің меншік капиталына сатып алу құнына; (2) банктің банктің меншік капиталына заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесінің жиынтық құнына; (3) сатып алатын акциялардың саны заңды тұлғалар орналастырған акциялардың жалпы санына саны.
Банктерге: (1) бағалы қағаздары неғұрлым және одан да неғұрлым жоғары сатыдағы листинг бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың облигацияларымен; (2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен; (3) рейтинг агенттіктерінің біреуінің ең төменгі талап ету рейтингіне ие шетел эмитенттрінің облигацияларымен мәмілелерді қоспағанда кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыруға тыйым салынады.
«Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес банктер бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыруға құқылы: (1) брокерлік – ҚР және рейтинг агенттіктерінің біреуінің ең төменгі талап етілетін рейтингіне ие елдердің мемлекеттік бағалы қағаздармен не базалық активтерді сатып алу тізбесі мен тәртібін уәкілетті орган айқындайтын уәкілетті органның шешімімен рейтингке ие емес туынды бағалы қағаздармен; (2) дилерлік - ҚР және рейтинг агенттіктерінің біреуінің ең төменгі талап етілетін рейтингіне ие елдердің не уәкілетті органның шешімімен рейтингке ие емес мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерді сатып алу тізбесі мен тәртібін уәкілетті орган айқындайтын туынды бағалы қағаздармен, "Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 8-бабында белгіленген жағдайларда сәйкес өзге де бағалы қағаздармен; (3) кастодиандық; (4) трансфер-агенттік.
Банктердің бағалы қағаздар нарығында бір немесе жоғарыда көрсетілген кәсіби қызметтің сәйкес бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензияны уәкілетті орган береді.
|
a. Шетелге қарыз беру
|
Жоқ
|
|
b. Шетелде шот енгізу
|
Жоқ
|
|
c. Резидент еместерді кредиттеу (қаржы немесе коммерциялық кредиттер)
|
Жоқ
|
|
d. Ел ішінде шетел валютасында кредиттеу
|
Жоқ
|
Уәкілетті банктер резидент және резидент емес заңды тұлғаларға шетел валютасындағы кредиттерді қолма-қол емес нысанда ғана кредиттер беруге құқықтары бар.
|
e. Елде шығарылған шетел валютасына деноминацияланған бағалы қағаздарды сатып алу
|
Иә
|
Банктер сатып алу үшін рұқсат етілген бағалы қағаздардың тізбесі банк заңнамаларында айқындалған.
|
f. Депозиттік шоттарды шетел валютасындағы дифференциацияланған есепке алу
|
Жоқ
|
|
1. Міндетті резервтер
|
Иә
|
Шетел валютасындағы депозиттер ең төменгі резерв талаптарын орындайтын банктердің міндеттемелер базасына енгізіледі
|
2.Тарату активтеріне талаптар
|
Иә
|
Банктің шетел валютасындағы жоғары өтімді активтерінің орташа айлық мөлшерінің осы валютада талап еткенге дейін оның міндеттемелерінің орташа айлық мөлшеріне қатынасы 0,9 (ағымдағы валюта өтімділігінің лимиті) төмен болмауы тиіс.
|
3. Пайыздық ставкаларды бақылау
|
Жоқ
|
|
4. Кредиттік бақылау
|
Жоқ
|
|
g. Резидент еместердің депозиттік шоттарын дифференциацияланған есепке алу
|
Жоқ
|
|
1. Міндетті резервтер
|
Иә
|
Резидент еместердің шетел валютасындағы депозиттері олар ең төменгі резерв талаптарын орындайтын банктердің міндеттемелер базасына енгізіледі
|
2. Тарату активтеріне талаптар
|
Жоқ
|
|
3. Пайыздық ставкаларды бақылау
|
Жоқ
|
|
4. Кредиттік бақылау
|
Жоқ
|
|
h. Инвестицияларды реттеу
|
Иә
|
|
1. Банктердің шетелдегі инвестициялары
|
Жоқ
|
|
2. Резидент еместердің банктердегі инвестициялары
|
Иә
|
Резидент емес банк уәкілетті органның келісімінсіз өз өкілдігін ашуға құқығы бар.
Резидент емес банктердің филиалдарын ашуға тыйым салынады.
Резидент емес заңды тұлғалар бір рейтинг агенттігінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған жағдайда банктік холдинг немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға уәкілетті органның келісімін алуға болады. Рейтинг агенттіктерінің ең төменгі рейтингі және рейтинг агенттіктерінің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Еншілес банкке қатысы бойынша бас банк негізгі рейтинг агенттіктерінің біреуінің белгілі бір рейтингіне ие резидент емес банктер бола алады. Негізгі рейтинг агенттіктерінің тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингті уәкілетті орган белгілейді.
Оффшор аймағында тіркелген немесе оффшор аймағында тіркелген афилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар немесе оффшор аймағында тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын тізбесін уәкілетті орган белгілейтін жеке тұлғалар резидент банктердің дауыс беретін акцияларына тікелей немесе жанама иелік ете алмайды және пайдалан алмайды.
Аталған шектеулер тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтинг агенттіктерінің біреуінің А рейтингінен төмен емес жеке кредит рейтингі бар банктерге қолданылмайды.
Банк құрылтайшысы болып табылатын резидент емес тиісті мемлекеттік уәкілетті органының (ҚР резидент емес банктері үшін – банктік қадағалау органдары) осы тұлғаға ҚР резидент банкінің акцияларына иелік етуге рұқсат етілетін жазбаша хабарламасы не емес тиісті мемлекеттік уәкілетті органының (ҚР резидент емес банктері үшін – банктік қадағалау органдары) осындай рұқсат ету аталған құрылтайшының мемлекетінің заңы бойынша талап етілмейтін өтініші болуы тиіс.
|
i. Ашық валюталық ұстанымға лимиттер
|
Иә
|
|
1. Резиденттердің активтері мен пассивтері бойынша
|
Иә
|
Валюта ұстанымының лимиттері мынадай мөлшерде белгіленді:
1) Standard & Poor's агенттігінің «А» төмен емес егеменді рейтингі немесе басқа да рейтинг агенттіктерінің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің еуро және басқа да шетел валюталары бойынша ашық валюта ұстанымының (ұзын және қысқа) лимиті банктің меншік капиталы көлемінің 12,5 пайызынан аспайтын мөлшерде;
2) Standard & Poor's агенттігінің «А» төмен емес егеменді рейтингі немесе басқа да рейтинг агенттіктерінің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің еуро және басқа да шетел валюталары бойынша ашық валюта ұстанымының (ұзын және қысқа) лимиті банктің меншік капиталы көлемінің 5 пайызынан аспайтын мөлшерде;
3) валюта ұстанымының нетто лимиті банктің меншік капиталы көлемінің 25 пайызынан аспайтын мөлшерде.
|
2. Резидент еместердің активтері мен пассивтері бойынша
|
Жоқ
|
|
2. Институционалдық инвесторларға қатысты арнайы ережелер
|
|
|
а. Сақтандыру компаниялары
|
Иә
|
ҚР-да резидент еместердің сақтандыру ұйымдарының филиалдарын, сондай-ақ ҚР резидент емес сақтандыру брокерлерінің филиалдарын құруға тыйым салынады.
Оффшор аймағында тіркелген заңды тұлға не оффшор аймағында тіркелген заңды тұлға тікелей немесе аффилирленген тұлға арқылы жарғылық капиталға қатысатын заңды тұлға ҚР сақтандыру ұйымының құрылтайшысы бола алмайды.
|
1. Резидент еместер шығарған бағалы қағаздарға шектеу (макс.)
|
Иә
|
Сақтандыру ұйымының шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздарына инвестицияларының жиынтық мөлшері, резидент еместердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары және халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары сақтандыру ұйымдарының активтері сомасының 30 пайызынан аспауы тиіс.
Осындай қағаздар үшін уәкілетті орган халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және "Standard&Poor's", "Fitch" және "Moody's Investors Service" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша халықаралық кредит рейтингіні шкаласы бойынша рейтинг бағасына талаптарды белгілейді.
|
2. Шетелге инвестиция портфеліне шектеу(макс.)
|
Иә
|
Шектеулер резидент еместер шығарған бағалы қағаздар үшін белгіленеді.
|
3.Елдегі инвестиция портфеліне шектеу (мин.)
|
Жоқ
|
|
4. Активтердің/пассивтердің валюта құрылымының сәйкестік нормативтері
|
Жоқ
|
|
b. Зейнетақы қорлары
|
Иә
|
Активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (жинақтаушы зейнетақы қорлары) әрбір жеке Қордың инвестициялық басқаруда тұрған зейнетақы активтерін орналастыра алатын қаржы құралдарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды белгілейді.
|
1. Резидент еместер шығарған бағалы қағаздарға шектеу (макс.)
|
Иә
|
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ-" (ұлттық шкала бойынша «kzBBB») төмен рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздарға орналастырылған зейнетақы қорының активтері немесе басқа да рейтинг агенттіктерінің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингіден төмен рейтинг бағасы бар немесе тиісті рейтинг бағасына ие емес борыштық бағалы қағаздарға орналастырылған зейнетақы қорының активтері, сондай-ақ базалық активтері осындай бағалы қағаздар болып табылатын фьючерстер, опциондар, своптар мен форвардтар осы қордың зейнетақы активтерінің 5%-ынан аспауы тиіс.
|
2.Шетелге инвестициялар портфеліне шектеу (макс.)
|
Жоқ
|
|
3. Елдегі инвестициялар портфеліне шектеу (мин.)
|
Жоқ
|
|
4. Активтердің/пассивтердің валюта құрылымының сәйкестік нормативтері
|
Жоқ
|
|
с. Инвестициялық фирмалар және бірлескен инвестициялық қорлар
|
Иә
|
Инвестициялық қордың:
1) ашық немесе интервалдық пайлық қор не жылжымайтын мүлік қоры үшін таза активтер құнының 15 пайызы;
2) акционерлік инвестициялық қор және жабық пайлық инвестициялық қор үшін таза активтер құнының 20 пайызы;
3) тәуекелді инвестициялау инвестициялық қоры үшін таза активтер құнының 30 пайызы мөлшерінен асатын активтері бір эмитенттің бағалы қағаздарына немесе бір тұлға шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына инвестицияланбауы тиіс.
Уәкілетті орган инвестициялық қорға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өз активтерін орналастыра алатын қаржы құралдарының тізбесін және осындай активтерге қолданылатын талаптарды белгілейді. Уәкілетті орган белгілейтін талаптар тәуекелді инвестициялаудың инвестициялау қорына қолданылмайды.
|
1. Резидент еместер шығарған бағалы қағаздарға шектеу (макс.)
|
Жоқ
|
|
2. Шетелге инвестициялар портфеліне шектеу (макс.)
|
Жоқ
|
|
3. Елдегі инвестиция портфеліне шектеу (мин.)
|
Жоқ
|
|
4. Активтердің/пассивтердің валюта құрылымының сәйкестік нормативтері
|
Жоқ
|
|
Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер
|
|
ҚР «Банктер және банк қызмет туралы» 31.08.95 жылғы №2444 Заңы
ҚР «Сақтандыру туралы» 18.12.00 жылғы №126-II Заңы
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 20.06.97 жылғы №136-I Заңы
ҚР «Бағалы қағаздар туралы» 02.07.03 жылғы №461-II Заңы
ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 576-II Заңы
ҚҰБ Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту туралы» 27.05.06 жылғы № 38 қаулысы
ҚҚА Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтерді есептеудің нормативтік мәні және әдісі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 30.09.05 жылғы N 358
ҚҚА Басқармасының «Пруденциалдық нормативтік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының нормативтік мәндері және есептеу әдісі, пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 25.03.06 жылғы № 87 қаулысы
ҚҚА Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 27.10.06 жылғы № 225 қаулысы
ҚҚА Басқармасының «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялық қордың активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы» 21.08.04 жылғы N 258 қаулысы
|