I. хвқ келісімінің Баптарына сәйкес мәртебе


VIII. Экспорт және экспорттан түсімдер



бет4/8
Дата03.07.2016
өлшемі451.5 Kb.
#174068
1   2   3   4   5   6   7   8

VIII. Экспорт және экспорттан түсімдер





1. Қайтару туралы талаптар

Иә

Резиденттер мәміле талаптарында көзделген мерзімде уәкілетті банктердегі банктік шоттарға резиденттер тауар (жұмыс, қызмет) экспортына ақы төлеуге алған ұлттық және шетел валютасын есептеуді қамтамасыз етуге міндетті.

Резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шоттарға экспорттық валюта түсімін мына жағдайларда есептеуі талап етілмейді:

1) резидент еместен тартылған заемдар резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін арналған жағдай талабымен резиденттің шетел банктеріндегі шоттарға валюта түсімін есептеу;

2) резиденттің шетелде ашылған филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз ету үшін арналған жағдай талабымен резиденттің шетел банктеріндегі шоттарға валюта түсімін есептеу.

Уәкілетті банктердің шотына экспорт түсімі түспеген жағдайда қайтару бойынша міндеттемелер ішінара немесе толығымен мына жағдайларда орындалды деп саналады:

1) қарсы біржақты талапты ескере отырып резидент еместің міндеттемелерінің тоқтату;

2) резидент еместің міндеттемелерінің олар арасындағы, орындаудың өзге мәнін немесе тәсілін көздейтін осы тұлғалар арасындағы басқа бар бастапқы міндеттемелер ауысуымен тоқтатуы ;

3) резидент емеске қойылатын талап ету құқығын басқа тұлғаға беру;

4) сақтандыру шарты бойынша резидент емес міндеттемелерін орындамау тәуекелі сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда сақтандыру төлемін алу.



a. Валюта түсімін міндетті сату туралы талап

Жоқ




Орталық банкке

Жоқ




Уәкілетті дилерге

Жоқ




2. Қаржыландыру бойынша талаптар

Жоқ




3. Құжаттама беру туралы талаптар

Иә

Экспорт бойынша төлемдер және (немесе) аударымдар жүргізу үшін экспорт келісім-шартын не төлемнің және (немесе) аударымның негізділігін растайтын басқа да құжаттар ұсыну талап етіледі.

a. Аккредитивтер

Жоқ




b. Кепілдіктер

Жоқ




c. Домицилирлеу

Жоқ




d. Тиеу алдында инспекция

Жоқ




e. Басқа талаптар

Иә

Баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын сомаға тауарды ауыстыруды көздейтін экспорт мәмілелері бойынша есепке алу үшін қызмет көрсететін банкте мәміле паспортын ресімдеу талап етіледі. Мәміле паспорты экспорт келісім-шартының талаптарына сәйкестігі тексеріледі және банк мәміле аяқталғанға дейін бақылайды.

Экспорт бойынша төлемнің мерзімін ұзарту не экспортты аванстау коммерциялық кредиттерге жатады.

Резидент экспортшы:

1) егер резидент баламасы 50 мың АҚШ долларынан асатын сомаға экспорт бойынша алдын ала жеткізуді ақы төлегенге дейін 180 күн бұрын жүзеге асырса.

2) егер резидент емес баламасы 300 мың АҚШ долларынан асатын сомаға экспорт бойынша алдын ала жеткізуді ақы төлегенге дейін 180 күн бұрын жүзеге асырса экспорт бойынша коммерциялық кредитті ҚҰБ-де тіркеуі тиіс.

Тіркеу талабы мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін экспорт келісім-шарттарында қолданылмайды.



4. Экспорт лицензиялары

Иә

Тауарлардың 21 санаты бойынша экспортқа лицензиялар талап етіледі.

a. Квотасыз

Иә

Лицензиялар бойынша экспорт жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ ҚР Үкіметінің рұқсаты негізінде экспортқа арналған лицензия ресімделетін тауарлардың тізбесі белгіленді.

b. Квоталарымен

Иә

ҚР халықаралық міндеттемелеріне сәйкес лицензиялау бойынша экспорт жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі бекітілді.

5. Экспорт салықтары

Иә




a. Салықтарды валюта жүйесі арқылы алу

Жоқ




b. Басқа экспорт салықтары

Иә

Кеден баж салығы қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтары, алюминий және алюминий өнімдері, үй жануарларының терілері мен жүндері, темір жол локомотивтерінің, трамвай немесе қозғалмалы құрам вагондарының бөліктері сияқты тауарларды экспорттау кезінде қолданылады. Мұнай өнімдерін экспорттау кезінде маусымдық баж салығы қолданылады.

Экспортталатын өңделмеген мұнай мен газ конденсатына ренталық салық нарық бағасына байланысты 0-ден 33%-ға дейінгі мөлшерде қолданылады (өнім бөлімі туралы келісім-шарт жасаған жер асты байлығын пайдаланушыларға қолданылмайды).



Заң құжаттарына сілтемелер және гиперсілтемелер




«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы

http://213.211.77.60/cont/publish330376_3580.pdf

ҚҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 11.12.06 жылғы №129 қаулысы



http://213.211.77.60/cont/publish610251_3431.doc

ҚҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт - импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 17.08.06 жылғы № 86 қаулысы,



http://213.211.77.60/cont/publish401681_3280.doc

ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасында тауар (жұмыс, қызмет) экспортын лицензиялау туралы» 30.06.97 жылғы №1037 қаулысы,

ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімнің тізімін бекіту туралы» 18.08.00 жылғы №1282

ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 12.06.01 жылғы №209 (9-1-бөлім) Кодексі

«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы» ҚР Үкіметінің 15.10.2005 жылғы № 1036 қаулысы

«Қазақстан Республикасының кеден тарифі туралы» ҚР Үкіметінің 17.08.2006 жылғы № 765







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет