I. хвқ келісімінің баптарына сәйкес мәртебесі


VIII. Экспорт және экспорттан түсімдер



бет4/7
Дата22.02.2016
өлшемі263.5 Kb.
#1604
1   2   3   4   5   6   7

VIII. Экспорт және экспорттан түсімдер





1. Қайтару туралы талаптар

Иә

Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортынан барлық түсімдерді резиденттер алуы және уәкілетті банктердегі шоттарға тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты күнінен бастап 180 күн ішінде есепке алынуы тиіс.

Экспорттық валюталық түсімді уәкілетті банктердегі шоттарға есепке алу немесе 180 астам жоғары кезеңде міндеттемелерді өзгеше орындау құқығы ҚҰБ лицензиясымен беріледі. ҚҰБ лицензиясында резидент негіздеген қайтарып алу мерзімдері белгіленеді.
Экспорттық түсімді резиденттің шетелдік банктегі шотына есепке алуға резидентте ҚҰБ шетелдік банкте осы шотты ашуға лицензиясы немесе, ҚҰБ тіркеу туралы куәлік не ҚҰБ-нің осындай шоттың бар екені туралы хабарламасы болған кезде рұқсат беріледі.
Резиденттің экспорттық түсімді уәкілетті банктердегі банктік шоттарға есепке алуы:

1) егер шоттар резидент еместен тартылған заем талаптары бойынша резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге арналған жағдайда резиденттің шетелдік банктердегі шоттарына валюталық түсім есепке алынған;

2) егер шоттар филиалдардың және резиденттің шетелде ашылған өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған жағдайда валюталық түсімдер шетелдік банктердегі шоттарға есепке алынған жағдайларда талап етілмейді.
Экспорттық валюталық түсім уәкілетті банктердегі шоттарға түспеген жағдайда қайтару жөніндегі міндеттеме:

1) қарама-қарсы бір текті талапты ескеріп резидент еместің міндеттемелері тоқтатылған;

2) резидент еместің міндеттемелері олардың арасындағы бастапқы міндеттемені сол тұлғалар арасындағы, өзге мәнді немесе орындау тәсілі көзделетін басқа міндеттемемен ауыстырып тоқтатылған;

3) резидент емеске талап қою құқығын басқа тұлғаға берген;



4) резидент еместің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтандыру төлемі алынған жағдайларда ішінара немесе толық орындалған болып саналады.

a. Валюта түсімін міндетті сату туралы талап

Жоқ




2. Қаржыландыру жөніндегі талаптар

Жоқ




3. Құжаттаманы ұсыну туралы талаптар

Иә

Қызмет көрсететін банкке және кеден органына экспорттық келісім-шартты ұсыну талап етіледі.

a. Аккредитивтер

Жоқ




b. Кепілдіктер

Жоқ




c. Домицильдендіру

Жоқ




d. Тиеп жіберу алдындағы инспекция

Жоқ




e. Басқа талаптар

Иә

Баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын сомадағы тауарлардың қозғалысы көзделетін экспорттық мәмілелер бойынша кедендік органда және қызмет көрсететін банкте мәміленің паспортын ресімдеу талап етіледі. Мәміленің паспорты экспорттық келісім-шарттың талаптарына сәйкес келуіне тексеріледі және мәміле аяқталғанға дейін кеден органы және банк бақылайды.
180 күнге дейінгі экспорт бойынша алдын ала ақы төлеу (жеткізу) шектеусіз жүзеге асырылады.

Егер 10 мың АҚШ доллары сомасындағы экспорт бойынша алдын ала ақы төлеуді резидент тауар жеткізілген күнге дейін 180 күн бұрын жүзеге асырса, ҚҰБ лицензиясы талап етіледі. ҚҰБ лицензиясы сондай-ақ, егер экспорттық келісім-шартта кемінде 180 күн келісілген мерзім резидент еместердің тауарды төлеу немесе қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерін нақты орындау мерзімі 180 күннен асқан жағдайда талап етіледі.

Егер резидент емес экспорт бойынша ақы төлеуді жеткізу күнінен дейін кемінде 180 күн бұрын жүзеге асырса және 300 мың АҚШ долларынан асса, ҚҰБ-да тіркеу талап етіледі. Тіркеуді талап ету келісім-шарттың барлық сомасы бойынша мәмілелердің паспорты ресімделген экспорттық келісім-шарттарға қолданылмайды.

4. Экспорттық лицензиялар

Иә

Тауардың 21 санаты бойынша экспорттық лицензияның болуы қажет.

a. Квотасыз

Иә

Экспорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ экспортына лицензия ҚР Үкіметінің рұқсаты негізінде ресімделетін тауарлардың тізбесі айқындалған.

b. Квотамен

Иә

Экспорты ҚР халықаралық міндеттемелеріне сәйкес лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі бекітілді.

5. Экспорттық салықтар

Иә




a. Валюта жүйесі арқылы салықтар алу

Жоқ




b. Басқа экспорттық салықтар

Иә

Экспортталатын өңделмеген мұнайға, газ конденсатына нарықтық бағаға қатысты 0-ден 33% дейнігі мөлшерде салынатын рента салығы (өнімді бөлу туралы келісім-шарт жасаған, өнімді бөлу туралы келісім-шарт шеңберінде өндірілген меншікті мұнайды экспортта жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды)

Заңды құжаттарға сілтеме жасау және гиперсілтемелер




«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы

http://213.211.77.60/cont/publish557033_3640.pdf,

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” ҚҰБ Басқармасының 29.10.05 ж. №134 қаулысы



http://213.211.77.60/cont/publish655894_2768.doc,

«Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының 05.09.01 ж. № 343 қаулысы

http://213.211.77.60/cont/publish784731_2859.doc,

Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы” ҚР Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусым № 1037 қаулысы,



Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімнің тізімін бекіту туралы” ҚР Үкiметiнiң 18.08.00 ж. № 1282 қаулысы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет