Ы жарнама технологиясы



бет22/57
Дата16.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492187
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
bak

Теледидардағы жарнама
Тележарнама өмірдегі шынайы оқиғалар көрсетілген шағын сахналық қойылымды елестетеді. Кейіпкерлер көріністің басында қарапайым адамдар болса, ал соңында пайда болған қиыншылықтың шешушісіне айналды. Осы әдіспен жасалған жарнаманың жақсы шығуының кілті -қарапайымдылық. Жарнама белгілі бір тауарды жариялауға бағыттап, оны көрермен есінде қалатындай етіп берілуі тиіс. Әрбір эпизодтың нанымды шығуын қамтамасыз ету және жақсы идея қажет. Ал осы идеяның ойдағыдай жүзеге асуы, жарнаманың сәтті шығуы көрініске қатысушы тұлғаның актерлік шеберлігінің жоғарылығына байланысты. Өз күшіне сенімді жарнама жасаушылар әртүрлі жанрлық көрініс түрін қолданады.
«Өмір бейнесі» - бұл жарнама түрі тауарды емес, осы тауар тұтынушысын көрсетуді басты мақсатқа арнайды. Өздеріне арналған тауарды жарнамалық роликке түсуші өмірдің түрлі жағдайларында қолдануын көрсету арқылы ұсынылып отырған тауар тұтынушының қандай тобына өте қажетті екендігін түсіндіруге ұмтылады.
Анимация. Қолдан салынған сурет, қуыршақ арқылы жасалған және бейне көріністер, көп ақпарат беретін және балаларға арналған жарнамаларда қолданылады. Қазіргі техниканың жетістігі компьютерлік сызбаның көмегімен кез келген жарнамаға жан бітіру мүмкіндігін туғызып отыр. Өте қымбат ақы алынып отырған мұндай жарнаманы қолға алу өте жауапты. Телеарна жарнамалары осындай негізгі түрлерге бөлінеді.


Нарықтағы жарнама уақытын сату
Біздің экономикалық өсуіміз телеарна, телестанциялардың табыстарын үлкен нәтижеге жеткізді. Оның өзінде жергілікті телеарналар кабельдік және спутниктік телеарналар арасындағы қатаң бәсекелестік жағдайда өмір сүреді. Басқа салаларға қарағанда, телеарналар өз өндірісін әрдайым өсіре алмайды. Телеарна басқа арнаның аудиториясын жаулап ала алады, бірақ өз тауарын басқа нарыққа «экспорттай» алмайды. Сондықтан бүкіл табысты эфирлік уақыттың бағасын көтеру арқылы табады.
Мысалы, 2005 жылы республиканың барлық телерадио арналары президенттік сайлау кезінде көп табысқа кенелді. Эфирлік уақыт барлық кандидаттар арасында тең бөлінгенімен, мұнда қаржы аспектісі үлкен рөл атқарды. Бөлінген бюджеттен басқа, кандидат өз қалтасынан жарнаманы қаржыландырып отырды. Осы кезде әр кандидаттың жарнамалық компаниясы ұйымдастырылып, жарнамалық роликтерді экранға шығарып, бұл әрекеттер тек кандидат пайдаланған телеарнаның пайдасына шешіліп отырды.
Жарнаманың тиімділігі және сапасы көптеген аспектілерге тәуелді. Жарнаманың бізге белгілі түрлері мен бағасы әртүрлі. Жарнаманың бағасы оның тасымалдаушы құралымен байланысты болады. Жарнаманы тасымалдаушы құралдар мен арналарды таңдау жұмысы ерекше рөл атқарады. Бұл қандай құралдар болатынын анықтау қажет.
Баспа жарнамасы:

  • листовка: кішкентай форматты, қымбат емес басылым;

  • даңғыл: көпбетті, жақсы суреттелген басылым, бағасы графикасына байланысты;

  • каталог: формасы бойынша даңғыл сияқты, бірақ мазмұнымен ерекшеленеді: оған тауардың, қызмет жайында тек маңызды мағлұматтар кіреді. Әрине, оның бағасы қалыңдығына және суреттер санына байланысты. (1 данасының орташа бағасы 500 теңгеден басталады);

  • буклет: бір немесе бірнеше рет бүктелген, екі немесе көптүсті, жақсы суреттелген басылым, оның бағасы қағаз сапасына байланысты болады;

  • плакат: бүктелмеген, үлкен форматты көптүсті басылым. Ол белгілі бір тауар немесе фирмаға арналып жасалады. Жарнамалық ақпаратты таратады және көзге тез түседі, оның бағасы сапасына тәуелді, қазіргі кезде ең тиімді және ең қымбат глянцты қағаздан жасалған плакат болып саналады (орташа 1 данасының бағасы 150 теңгеден бастап).

Баспа басылымдардағы жарнама:

  • орталық, жергілікті газеттерде, мұндай жарнаманың бағасы мәтіндегі сөздердің санына байланысты (жеке және заңды тұлға).

  • жалпы тағайындалған, ғылыми, салалық, фирмалық журналдарда басылады. Мұндағы жарнама қымбат және көрнекті болуы тиіс (бағасы 20 мың теңгеден асуы мүмкін);

  • арнаулы анықтама кітаптарында;

  • кітаптар мен оқулықтарда;

- радио мен телеарна жарнамасында;
- теледидарда немесе видеомагнитофон арқылы көрсетілетін клиптер мен спорттық бағдарламалар беріледі. Ол ең қымбат жарнама түрлерінің бірі. Мұнда атақты адамдар шақырылуы немесе арнайы эффект қосылуы мүмкін және бұл тұста эфирлік уақыттың ұзақтығына байланысты (бағасы 1,5 – 2000 $ - дан бастап болады).
- слайдфильм (түсті және ақ-қара) әдейі жасалған көрмелерде, конференцияларда немесе экрандарда көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет