Маркетингтік логистика – сұраныстарын неғұрлым тиімді қанағаттандыру мақсатымен өндіріс орнынан бастап тұтынушыларға жеткізумен аяқталатын материалдар мен дайын өнімнің заттай ағымын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.
Маркетингтік коммуникация – тұтынушыға ықпал ету мақсатында тауар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі.
Маркетинг бюджеті – фирманың табысының, шығынының және пайдасының жоспарлы мөлшері.
Маркетинг жоспары – бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленетін жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы, нысандандырылған құжат.
Мәміле – белгіленген шартқа сәйкес тауар мен қызметті өткізуді іске асырудағы екі немесе бірнеше тараптардың өзара келісімі.
Миссия компанияның қайсыбір қызмет түрін және нарықтағы алатын орнын анықтайтын ұзақ мерзімді бағдар.
Нарық (маркетинг тұрғысынан) – нақты және әлеуетті (потенциалды) тұтынушылар жиынтығы.
Өмір стилі – тұтынушының тұрақты әдеттерін, талғамдарын, мүддесін білдіретін өмір сүру бейнесі және мінез-құлықтың белгілі бір түрі.
Өмір сүру салты – жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі, қарым-қатынастары мен тауар тұтынудағы өзіндік ережесімен айқындалатын өмір мәні.
Өткізуді ынталандыру – тауарлар мен қызметтерді сатуды ынталандыратын шаралар кешені.
Паблик рилейшнз (PR) – бұл ұйым мен қоғам арасындағы өзара ұғысу, оң қарым-қатынасты және оны қолдауға бағытталған, жоспарланатын шараларды құру.
Пікір сұрау (опрос) – бастапқы ақпаратты алу мақсатымен респонденттермен (пікір сұраушылармен) жеке байланыс әдісі.
Стратегиялық жоспарлау – ұйым мақсаттарын мүмкіндіктерін ресурстарын және жаңа нарықтық мүмкіндіктерінді сәйкестіріп үйлестіру және олардың тепе-теңдігін ұстап тұруды басқару процесі.
Сапа – тұтынушы сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін тауардың не қызметтің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |