Қазақстан Республикасында арнайы соттар болуы мүмкін, осы мақсатта арнайы шаруашылық, салық, отбасы, кәмелетке жетпегендер, әкімшілік ж.т.б. Соттары құрылуы мүмкін. Арнайы соттар аудандық немесе қалалық соттар мәртебесіне ие болады. Қазақстан Республикасы аумағында өлкелік соттар құрылуы мүмкін 2-бап 4-тармақ.
Сот жүйесінің бірлігі мыналар арқылы қамсыздандырылады.
-
барлық сот мәртебесінің теңдігімен
-
сот әділдігінің конституциялық қағидаларымен
-
сот билігінің іске асырылуы заңдарда белгіленген сот іс-көруі формасында болуымен
-
соттардың барлығының бір заңдылықты қолдануы арқылы
-
соттардың құрамының тәртіпті құрылуы арқылы
-
Қазақстан Республикасының аумағында өз заңды күшіне ие сот шешімдерінің , үкімдерінің орындалу жүйесімен.
Жоғарғы Сот Президиумы құзіретіне мыналар кіреді.
-
Бақылау тәртібі бойынша жоғарғы сот төрағасының наразылығы және Республика бас прокуроры наразылығы және жаңадан ашылған жағдайларда сай істерді көреді.
-
Сот тәжірибесі бойынша материалдарды көріп шығып жоғарғы соттың төменгі коллегияларының заңдылықты сақтау сұрақтары бойынша сот статистикасына талдау жасайды
-
Коллегия Төрағаларының есебін тыңдайды, коллегиялардың жұмыс ұйымдастыруын, құрамын Жоғарғы Сот аппараты мәселелерін көреді
-
Президиум жұмысының регламентін көріп шығады.
-
Жоғарғы Сот аппараты жұмысының регламентін көріп шығып бекітеді.
-
Заңдарға сай басқа да өз құзіретіндегі жұмыстарды атқарады.
Президиум кеңесі айына 1 реттен кем болмайды, және оған құрамының 50 % нен көбі қатысса өз жұмысын жүргізеді. Жоғарғы сот коллегиясы мынадай сот істерін көре алады.
-
бақылау тәртібі бойынша
-
аппеляциялық тәртіпте
-
жаңадан ашылған, анықталған жағдайлар бойынша
-
1-ші инстанция есебінде де іс көруі мүмкін
Жоғарғы сот Төрағасына Жоғарғы сот Пленумына беруі үшін ұсынса, материалдар сот тәжірибесі мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.Қылмыстық, азаматтық, шаруашылық істері бойынша коллегия құрамы жоғарғы Сот төрағасы жағынан жоғарғы Сот судьялары ішінен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4 тармағында Жоғарғы сот кеңесі құзіреті және мәртебесі туралы айтылған онда Жоғарғы Сот кеңесін Республика Президенті басқарып оның құрамына Конститутциялық кеңес Төрағасы, Жоғарғы сот Төрағасы, Бас Прокурор, Әділет Министрі, сенат депутаттары, соттар және Президент тағайындаған басқа да лауазымды тұлғалар болуы мүмкін деп атап көрсетілген.
Президент Жарлығы яғни соттар және сот мәртебесі туралы жарлықтың 50 бабында Жоғарғы сот кеңесі құрамы, құзіреті, мәртебесі туралы айтылған.Жоғарғы Сот кеңесі құзіретіне мыналар кіреді.
-
Жоғарғы сот Төрағасына, Коллегия Төрағасына,Жоғарғы сот судьяларына, Облыстық және оған теңестірілген соттар, осы соттар коллегиясының төрағасына дәмеленуші адамдарды таңдап ұсынады.
-
Жоғарыда көрсетілген лауазымды адамдарды өз қызметінен алып тастап босату мәселелерін көріп шығады.
-
Жоғарыда көрсетілген лауазымды адамдарды тәртіп бұзуы істері бойынша істерді көріп шығады.
-
Соттардың ешкімге бағынбауын және тәуелді болмауын қамтамасыз етеді.
-
Юстиция яғни әділет коллегиясының ұсыныстарын, шешімдерін, араздарын көріп тексереді.
Тақырып: Қазақстан Республикасының Конституциясы әділет қағидаларының қайнар көзі ретінде
Бақылау түрі – Глоссарий
Конституция
Қағида
Қайнар көз
Заң
Әділдік
Заңдылық
Құқық
Құқықтық мемлекет
Әділет қағидалары
5 - апта
Сот жүйесінің құрамдас бөліктері. Судья боламын деушілерге қойылатын талаптар
Бақылау түрі – Тест тапсырмалары
Тақырып: Сот жүйесін бекітетін сот органдарына қатысты
арнайы конституциялық заң Сот жүйесі және судьялар статусы туралы
Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте “Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы” Жарлық қабылдады.
Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот билігінде бір тұтас мемлекет құрылысына тән барлық ортақ белгілер бар: 1) оның қызметі мемлекеттің бүкіл кеңістігінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді; 2) оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады; 3) Сот органдарының шешімдері тек олардың құзыреті шеңберінде қабылдануға тиіс; 4) сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар, олардың бірлестіктері үшін міндетті; 5) сот органдары заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі.
Сот билігінің басқа бір өзіндік белгісі оның өкілеттіктерін асырудың ерекше рәсімі болып табылады. Біршама егеменді бөліктерден тұратын федеративтік мемлекетте әртүрлі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, процессуалдық заңдар болуы, олардың кейбірінің тиісті мемлекеттік бірліктер шеңберінде әрекет етуі және өзіндік ерекшелік белгілері болуы мүмкін. Біртұтас Қазақстан мемлекетінде соттардың процессуалдық қызметін асқан дәлдікпен, егжей-тегжейлі реттемелейтін біртұтас азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық заңдар қабылданған және әрекет етеді. Енді әкімшілік-процессуалдық заңдарды әзірлеу қалды.
Сот билігінің елеулі бір нышаны мемлекеттік қызметкерлердің ерекше санаты болып табылатын судьялардың ерекше мәртебесі мен қызмет режимі болып табылады. Конституцияға сәйкес Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң мамндығы білімі, заң мамандығы бойынша кем дегенде екі жыл жұмыс стажы және біліктілік емтихананы тапсырған азаматтары судья бола алады. Конституцияда судьялар үшін заң қосымша талаптар белгілей алатыны көрсетіледі. Осындай қосымша талаптар “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Заң белгіленеді.
Сот төрелігі дегеніміз тікелей осы сөздің өзінен алып қарайтын болсақ сот органының өмір жағдайларында белгілі бір фактілерге, адам құқықтарына, заңды қолдану арқылы олардың құқықтары мен міндеттеріне баға беру немесе осылар туралы пікірлеу, ойлау болып табылады. Жалпы сот дегенді біз әр түрлі мағанада түсінуіміз мүмкін.
1) Сот органы құқықты қорғау органы есебінде.
2) Мемлекеттік сот жүйесі.
3) Белгілі бір қылмыстық немесе азаматтық істі көріп сот төрелігін орнататын мекеме ретінде.
Ал судья деген термин арқылы кез – келген сот органының сот қызметкерлерін, оның төрағасын олардың орынбасарларын түсінсек болады. Сот ісі әрекеті дегеніміз соттың өзі үкімет немесе мемлекет органы ал сот іс әрекеті болса мемлекет іс әрекетінің бір формасы ретінде көзге түседі. Сот іс әрекеті басқа мемлекеттік іс әрекеттерден – құқықтың орындалуы шарт, прокурорлық бақылау іс әрекеттері болуы арқылы ажыралып тұрады. Сөйтіп өзі өз іс әрекетін өз методтарына сай заңдылықты орнату мақсатында тек сот органының өзіне тән методтары мен арнайы тәртіп арқылы жүзеге асырады. Біздің қоғамымызда, жалпы мемлекетімізде құқықтық актілер, жалпы мемлекетіміздің заңдары ережелері адамдармен, азаматтармен, лауазымды адамдармен мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекемелер жағынан бұлжытпай орындалуы қажет екндігі және де заңдарды сыйлау керек екендігі үлкен түсіністікпен қабылданады, дегенмен кез-келген қоғамда, мемлекетте кездестіндей құқық нормалары бізде де бұзылып отырады осындай жағдайларда құқық бұзушыларға, тәртіп бұзушыларға мемлекет мәжбүрлеу тәсілін қолданады.
Құқықтық келіспеушіліктерді, түсініспеушіліктерді, әр түрлі мемлекеттік дәлірек айтатын болсақ әр түрлі құқықты қорғау органдары алып барады, осылардың ішінде сот органының алатын орны басқаша және өте үлкен. Құқықты бұзу өз характеріне сай және қоғамға қауіптілігіне қарай отырып әкімшілік құқын бұзушылық қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық болып кездесуі мүмкін.
ҚР конституциясының баптың 4 пунктінде әділеттік қағидалары белгіленіп Қазақстан Республикасы соттары мен судьялары үшін жалпы және жалғыз болып табылады деп атап көрсетілген. Конституцияның 78 бабында соттардан адамдар бостандығын, еркіндігін жалпы құқықтарын бұзатын заңдарды және нармативті құқықтық актілерді қолданылуы өз іс- әрекеттерінде пайдалануына рұқсат етілмейді делінген. Егерде соттар заңдармен нармативті актілер конститутцияда көрсетілген адам құқық тары мен еркіндіктерін таптауы мүмкін болған жағдайларда сот іс көруінде қолданатын болса осы актінің конститутциялық емес екендігін анықтау үшін Конституциялық кеңеске жүгінуі қажет.
1)Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылмайынша оның қылмыс жасаған кінәсі жоқ деп есептеледі.
2) Құқықты бір рет бұзған адам сол үшін екінші рет жазаға тартылмайды.
3) Сотта әркім өзінің сөзін тындатуға қақылы (сот процесіне қатнасушы әрбір адам толық пікірін айтуға мүмкіндігі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. )
4) Конституция белгілі бір жағдайларда заңның кері күші болмайды деп белгілейді. Оған жататындар:
а) Жауапкершілікті белгілейтін немесе күшеитетін.
б) Адамзаттарға жаңа міндеттер артатын.
в) Азаматтардың жағдайларын нашарлататын заңдар.
Бұл қағидалардың мәні мынада. Егер кісі құқықты бұзғаннан кейін заң сол құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жоятын немесе жұмсартатын болса онда жаңа заң қолданылады. Егер де жаңа заң бұрынғы заңға қарағанда жауапкершілікті күшейте түсетін болса, онда бұл заң қабылдануға дейін құқық бұзған кісіге жаңа заң қолданылмайды.
-
Айып тағылған адам өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеуі міндетті емес. Егер кісі қылмыстың жауапкершілікке тартылып жатса, оның кінәлі екендігін тиісті орган дәлелдеуі тиіс.
-
Адам өзіне-өзі қарсы куәлік беруге міндетті емес. Бұл принцип үлкен адамгершіліктен туындайды. Кісіні жазалау үшін бір ғана оның мойындауы жеткіліксіз. Ол өз айыбын өз еркімен мойындауы мүмкін бір ал өзіне қарсы куәлік беруге міндетті емес. Кісі өзінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес. Конституцияда діни адамдардың өздеріне келіп ағынан жарыла арыздану сөзін айтқан пенделеріне қарсы куәлік берілмеуі көзделген.
-
Сот төрелігінің маңызды бір қағидасы кісінің айыптылығы жөнінде қандайда күмән алушылық болса бәрінде сотты болған адамның пайдасына қарай бейімделуі. Бұл қағида айып тағылған кісінің кінәлі екендігіне жеткілікті айғақ болмасада оны сотқа тартып жазалауға бейім болып тұратын тергеушілікке теріс айғақты қарсы бағытталған.
-
Заңсыз тәсілмен алынған айғақтарға заңдылық үкімі берілмейді. 1)адамның қадыр қасиетіне қол сұғылмайды (адамды қорлау жолы мен алынған айғақ заңсыз). 2) Ешкімді азаптауға, оған зорлық зомбылық жасауға,қатігездік жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
-
Қылмыстық заңды ұқсастығына шара қолдануға болмайды мұның мәнісі егер адамның істеген қылығы заңды қылмыс деп саналмайтын болса, ол қылықты сыртқы ұқсастығына қарай заңға байланысты қылмысты жауапкершілікке жататын қылықтардың қатарына жатқызуға болмайды деген сөз.
Тақырып: Сот жүйесінің құрамдас бөліктері. Судья боламын деушілерге қойылатын талаптар
Бақылау түрі – Тест тапсырмалары
1. Қазақстан Республикасының сот жүйесі қандай?
А) Жоғарғы сот. Жергілікті соттар.
Б) әскери сот. Жоғарғы сот.
В) Жоғарғы сот импульсі, жоғарғы сот президиумы, әскери соттар.
Г) Жоғарғы сот, әскери соттар, жергілікті соттар.
Д) Жоғарғы сот, әскери соттар.
2. Қайсы пунктте сот системасының бірлілі қамсыздандырылуы көрсетілмейді.
А) Барлық соттардың мәртебесінің теңдігімен
Б) Барлық сот оргондарының бір заңдылығы
В) Барлық соттардың қолдануы республикалық бюджеттен қаржыландырылуы
Г) Сот құрылымның тәртіптілігімен
3. Аудандық (қалалық) соттардың не себептен жалпы сот ішінде негізгі звено болып есептелінеді
А) әкімшілік істерді көреді сол үшін
Б) іс көру ауқымының көп екендігіне байланысты
В) қылмыстық істерді көргені үшін
Г) азаматтық істерді көргені үшін
Д) I – ші инстанциялы сот болғаны үшін
4. Аудандық (қалалық) соттар қайсы істерді көре алады?
А) ауырлататын жағдайлармен жасалған қасақана кісі өлтіру
Б) аса үлкен залал келтіріп жасалған ұрлық
В) мемлекетттік қылмыстар
Г) әскери қылмыстар
Д) жоғарыда көрсетілген істерден басқа істерді
5. Аудандық (қалалық) соттарды кімдер жағынан құрылады?
А) Республикалық Президенттімен Әділет Министрі ұсынысымен
Б) Әділет Министрі ұсынысымен жоғарғы сот жағынан
В) Облыстық Соттар ұсынысымен жоғарғы сот жағынан
Г) Әділет Министрі ұсынысымен Облыстық сот жағынан
Д) Облыстық соттар ұсынысымен Үкімет тарапынан
6. Сот орындаушылары құзіреті
А) әкімшілік істерді көреді
Б) сот іс - әрекетіне істерді даярлайды
В) сот шешімдерін орындайды
Г) сот приставтарына жәрдем көрсетеді
Д) сот қатысушыларын қорғайды
7. Сот приставтары туралы заң қабылдану мерзімі
А) 7 июль 1998
Б) 21 декабрь 1995
В) 17 июнь 1997
Г) 7 июль 1997
Д) 27 декабрь 1997
8. Қайсы пункт сот приставтвры міндетіне жатпайды?
А) еркімен айырудан басқа жазалардың орындалуына бақылау жасайды
Б) сот мекемесін, соттарды сот процесі қатысушыларын қорғайды
В) сот мәнісінде, іс көрілсіп жатқан кезде тәртібінің болуын қамтамасыз етеді
Г) сот орындаушыларына жәрдем көрсетеді
Д) әкімшілік істерді көреді
9. Әскери соттар жүйесі қалай құралады?
А) әкімшілік принціпіне сай
Б) территория лды принципіне сай
В) Қ. Р. қарулы күштер структурасына сай
Г) әскери округтар орналасу принципіне сай
Д) қарулы күштер Министрі ұсынысымен Жоғарғы сот шешіміне сай
10 . Қайсы пункте санкция берілмейтін жағдай көрсетілген ?
А) Қылмысты істерді жүргізу кодекісіне сай тінтігу
Б) Айыпкерді өз лауазымен босату, қүманданушының немесе экспертизаға жөнеуге
В) Оперативті іздестіру шараларын өткізуге немесе тергеу іс-әрекетіне егерде бұл іс-әрекет немесе шаралар Конститутциямен кепілдене (почта құпиясы, жөнелту құпиясы, үй-жай қауіпсіздігі ж/е т.б)
Г) Шет елдік азаматтарды әкімшілік тәртіппен Қазақстан Республикасы аумағынан шығару
Д) Сараптама тағайындау үшін
11. Аға Заң кеңесшісі сыныптық шені қандай әскери атаққа теңестіріледі және кім жағынан бері леді?
А) Майор, Қазақстан Республикасының бас прокуроры жағынан беріледі.
Б) Подполковник,Президент жарлығымен
В) Полковник, Қазақстан Респупликасының Бас прокуроры жағынан
Г) Капитан облыс прокуроры жағынан
Д) Генерал-майор Президент жарлығымен
12. Прокурорлық бақылау дегеніміз не?
А) Заңдарды түсіндіру
Б) Ұсыныс беру
В) Сот шешімдерін орындау
Г) Конституция мен заңдардың орындалуын қадағалау
Д) Қоғамдық тәртіпті сақтау
6 - апта
Облыстық және оған теңестірілген соттардың өкілетттігі
Бақылау түрі – Реферат тапсырмалары
Тақырып: Соттылық жүйесі
Аудандық және оған теңестірілген сот бірінші сатыдағы соттар ретінде іс қимыл жасайды. Аудандық және оған теңестірілген сотқа облыстық және оған теңестірілген соттың, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Сотының соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер соттауына жатады.
Облыстық және оған теңестірілген соттардың ҚР қылмыстық Кодексінің мына баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бірінші саты бойынша соттауына жатады: 96 ІІ, 156, 159ІІ, 160, 162ІV, 165, 167, 233, 237-239, 241, 340, 367ІІІ, 373ІІІ, 374ІІІ, 375ІІІ, 380ІІІ, 383 – баптары сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған істі есі дұрыс емес күйде жасаған адамдарға не оны жасаған соң жүйке ауруымен науқастанған адамдарға медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер.
Облыстық және оған теңестірілген соттар аппеляциялық тәртіппен ҚІЖҚ-ң 363 бабының тәртібімен қаралған істер бойынша аудандық пен соларға теңестірілген соттардың заңды күшіне еңбеген үкімдеріне аппеляциялық шағымдар, наразылық білдірулер бойынша істерді қарайды.
Облыстық және соларға теңестірілген соттардық қылмыстық істер жөніндегі алқасы кассациялық тәртіппен аудандық және соларға теңестірілген соттардың заңды күшіне еңбеген, аппеляциялық тәртіппен қарауға жатпайтын үкімдеріне кассациялық шағымдар, наразылық білдірушілер бойынша істерді қарайды. Облыстық және оған теңестірілген соттар қадағалау тәртібімен төралқада аудандық және оған теңестірілген соттардың заңды күшіне енген, аппеляциялық әне кассациялық тәртіппен қарамаған үкімдеріне қадағалау шағымдары бойынша істерді қарайды.
ҚІЖҚ-де көзделмеген жағдайларда облыстық және оған теңестірілген соттар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды. ҚР Жоғарғы Соты бірінші, кассациялық және қадағалау сатысындағы сот ретінде әрекет жасайды.
Бірінші саты бойынша Жоғары Соттың қарауына адамның ҚР Презиндентінің міндеттерін атқаруы кезеңіндегі жасалған мемлекеттік опасыздығы туралы, адамдардың ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, ҚР Парламентінің депутаты, ҚР Бас прокуроры, ҚР Конституциялық Кеңес Төрағасы ненеме мүшесі міндеттерін атқару кезеңіндегі жасаған қылмыстары, сондай-ақ ҚР Үкіметінің мүшелері, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларының, сондай-ақ ҚР Президентіне тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты жасаған қылмыстары туралы істер жатады.
ҚР Жоғарғы Сотының сот алқасы облыстық және соларға теңестірілген соттардың бірінші соттардың бірінші соты бойынша істерді қарау кезінде шығарылған, заңды күшіне еңбеген үкімдеріне кассациялық шағымдар, наразылық білдірулер бойынша істерді қарайды.
ҚР Жоғарғы Сотының Сот алқасы істерді бірінші сатыда және аппеляциялық тәртібі мен қараған кезде шығарылған қадағалау тәртібімен қабылданған, заңды күшіне еңген облыстық және соларға теңестірілген соттардың үкімдері бойынша қадағалау арыздары, наразылық білдіру жөніндегі істерді, сондай-ақ облыстық және соларға теңестірілген сот төралқаларының қаулыларына қадағалау арыздарын, наразылық білдірулерді қарайды.
ҚР Жоғарғы Сотының Төралқасы бірінші саты бойынша істерді қарау кезінде шығарылған ҚР Жоғарғы Сот алқасының заңды күшіне енбеген үкіметтеріне кассациялық шағымдарды, наразылық білдіру жөніндегі істерді, Жоғарғы Сот сот алқасының істерді бірінші саты бойынша қарау кезінде шығарылған, заңды күшіне енген қадағалау шағымдарын, қарсылық білдірулерді кассациялық тәртібімен қарау кезінде шығарылған қаулыларына қадағалау шағымдарын қарайды.
ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы ҚР Жоғарғы Соты төралқасының ҚР Жоғарғы Соты сот алқасының үкімдеріне касациялық немесе қадағалау шағымдарын қарау кезінде шығарылған қаулыларына қадағалау шағымдары, наразылық білдірулер жөніндегі істерді қарайды.
ҚІЖК-де көзделген жағдайларда ҚР Жоғарғы Соты тиісті сот сатысында жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды. ҚР әскери соттарының қарауына осы төмендегі ережелеріне сәйкес мынадай қылмыстық істер жатады.
-
ҚР Қылмыстық Кодекстің 16-тарауында көзделген әскери қылмыстар;
-
Шақыру немесе келісім шарт бойынша ҚР Қарулы күштеріне, ҚР басқа да скерлерінде жне әскери құрамаларында әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар өздері қызыметтік міндеттерін орындауына байланысты әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің азаматтық қызметкер адамдары жасаған немесе осы бөлімдер, құрамалар мен мекемелер тұрған жерлерде жасалған барлық қылмыстар туралы.
-
Шпионаж туралы.
Қылмыстық іс қылмыс жасалған жердегі сотта қаралуға тиіс.
Егер қылмыс бір соттың қызмет жасайтын жерінде аяқталса, іс тергеу аяқталған жердегі сотта қаралады.
Егер қылмыс ҚР-нан тысқары жерде жасалса немесе қылмыс жасалған жерді анықтау мүмкін болмаса немесе қылмыстар әр түрлі жерде жасалса, істі тергеу аяқталған жердегі сот қарайды.
Тақырып: Облыстық және оған теңестірілген соттардың өкілетттігі
Бақылау түрі – Реферат тапсырмалары
Реферат сұрақтары:
1. ҚР Президентінің соттар және судьялар мәртебесі туралы жарлығы қашан қабылданды?
2. Облыстық сот қалай құрылады?
3. Облыстық және оған теңестірілген соттар тәртібі қандай?
4.Облыстық және оған теңестірілген соттар Президиумы құрылу жағдайы?
5.Судья құзыретіне не кіреді?
6.Әділет Министрлігі неге басшылық жасайды?
7. Облыстық және оған теңестірілген соттар қандай істерді қарайды?
8. ҚР сот жүйесі?
9. Жоғарғы сот пленумы жүйесі?
10. Жоғарғы сот президиумы құрылысы?
11. Сот және сот мәртебесі туралы заң қашан қабылданды?
12. ҚР соттардың құрылу негіді?
13. Жоғарғы сот пленумы міндеттері?
14. Жоғарғы сот құзыретіне не кіреді?
7 - апта
Әкімшілік істерді қарайтын соттар. Қазақстанда жасөспірімдер істерін қарайтын соттардың құру мүмкіндігі және қазіргі кездегі жағдай
Бақылау түрі – Үй тапсырмасы
Тақырып: Облыстық және оған теңестірілген сот алқалары
Облыстық және оған теңестірілген соттардың Президиумы .
-
Өз құзіретіне сай бақылау тәртібінде процессуальді, іс жүргізу заңдарына сай жаңадан ашылған немесе белгілі болған жағдайлар бойынша істерді көреді.
-
Коллегиялардың істері бойынша сот коллегиялары төреғаларының есебін тыңдайды. Сот аппараты мәселелерін көреді
-
Сот тәжірибесі бойынша материалдарды көріп шығып оларды зерттеп сот статистикасына талдау жасайды аудандық ,калалық соттардың сот әділеттілігін орнату істері бойынша заңды іс көруін қадағалайды.
4.Заңдарға сай басқа өз міндеттерін жүргізеді.
Облыстық және оған теңестірілген соттар Президиумы өз мәжілісін өз мүшелерінің жартысынан астамы 50% болса іс ісін жүргізуге құқылы. Президиум қаулысы оның төрағасы арқылы белгі қойылғаннан кейін заңды күшке ие болады. Президиум өз жұмысын өздері қабылдаған регламент тәртібімен жүргізеді.
2.Облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағасы судья болып сот жұмысын ұйымдастырады.
-
Сот Президиумын шақырады, және Президиум мәжілісінде төрағалық жасайды.
-
Сот коллегиялары мәжілісінде төрағалық жасап I- инстанцияляқ істерді көреді.
-
Заңдарда көзделген тәртіпке сай , сот қаулыларына наразылық білдіреді.
-
Заңдарға сай қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істері бойынша шешімдерді, анықтамалардың орындалу күшін тоқтатуы мүмкін
-
Облыстық және оған теңестірілген соттардың сот мүшелеріне және сот коллегияларына дәмегерлерді (кандидаттарды) таңдауда Әділет Министірлігі ұсынысына қатысады.
-
Сот коллегиясы іс әрекетіне жалпы басшылық жасайды. Сот коллегиялары төрағаларының өзара міндеттерін бөліп беріп белгілейді.
-
Сот коллегияларының төрағалары уақытынша жоқ кездерде басқа да сот мүшелеріне оның міндеттерін орындау үшін уақытынша жүктеуі мүмкін.
-
Сот статистикасын жүргізуді ұйымдастырады және сот практикасын толықтыру мақсатында оған талдау жасайды.
-
Сот кадрлерінің біліктілігін асыру жұмыстарын ұйымдастырады.
-
Әділет министіріне аппарат штатын ұсынады, сот аппараты лауазымды адамдарын жұмысқа алып ,оларды өз лауазымынан алып, кадр мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастырып оны бақылау жасайды.
-
Азаматтардың арыз, шағым ұсыныстары бойынша жеке қабылдау жұмыстарын жүргізеді, және осындай жұмыстарды ұйымдастырады.
-
Бұйрықтар, өкімдерді шығарады.
-
Белгіленген тәртіпке сай сот коллегиясының төрағаларына, облыстық сот мүшелеріне сыныптық шен , лауазымды атақ береді. Әіділет басқармасының бастығымен бірлесе отырып аудандық (қалалық) соттар қызметкерлеріне квалификациялық біліктілік шендерін беру үшін немесе алып тастау үшін ұсыныстар береді.
Заңдарға сай өзіндеріне белгіленген басқа да міндеттерді атқарады. Егер де облыстық және де оған теңестірілген соттардың төрағалары уақытынша өз қызметінде болмаса оның міндетін бұйрық бойынша сот коллегияларының біреуінің төрағасы уақытынша орындайды. Аудандық (қалалық) сот жалпы сот жүйесі ішінде негізгісі болып есептелінеді. Бұл аудандық (қалалық) сот қызметінің сот әділдігін атқарудағы көлемінен оның орындалуынан келіп шығады. Аудандық (қалалық) соттар қылмыстық азаматтық істердің көпшілігін, әкімшілік істерінің өз құзіретіндегілерін жалпы қазақстан Республикасының әкімшілік тәртіп бұзу кодексіне сай барлық істерді көреді. Аудандық (қалалық) соттар әрбір ауданда, болып өз жұмысын атқарады. Аудандық (қалалық) соттар тек бірінші инстанциялы сот болып есептелінеді. Бұл соттар тек осы қылмыстық, азаматтық істерге қатысты мәселелерді іс жүзінде көреді. Аудандық(қалалық) соттар барлық қылмыстық істерді көре алады. Тек мыналардан басқа:
-
қасақана кісі өлтіру егер де бұл жазаны ауырлататын жағдайлармен болған жағдайда
-
аса үлкен залал келтіріліп қылынған ұрлық яғни қылмыс
-
мемлекеттік қылмыстар және басқа да қылмыстар егер де олар әскери соттар құзретіне кірсе.
Барлық азаматтық істер, әкімшілік істерінің жауапкершілігі көрсетілген сот органдарына қызметіне кіретін істерді көреді.
Аудандық (қалалық) соттар Республика Президенті (Әділет министрі) жағынан Әділет министрі ұсынысымен құрылады. Бірнеше ауданға 1 сот болуы да мүмкін. Аудандық соттар өз төрағасынан және күнделікті жұмыс істейтін судьялардан құрылады. Аудандық соттарының мүшелерінің құрамын Әділет министірі ұсынысымен Президент шешеді, ал олардың сотын әр аудан үшін белгілеу Әділет министірі құзретіне кіреді. Әрбір судья азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын жүргізіп осы туралы тіркеу кітапшасына жазады. Қабылдау бөлмелерінде сот құжаттарының үлгілері болуы керек.
Соттар шығарған анықтамаларды, шешімдерді, қаулыларды, ұйғарымдарды, үкімдердің орындалуын (қылмыстық істердің, мүліктік залалды өндіру) сот орындаушылары іске асырып, орындайды. Жарлықтың 77-бабының 2-ші жарлығына сай сот орындаушылары жоғарғы соттардан басқа соттардың барлығында болады, оларды осы лауазымға Әділет министірлігі басшылары тағайындап орнынан алуды да осы органдар жүзеге асырады. Сот орындаушылары мынадай жұмыстарда өз қызмет бабында атқарады.
-
Шешімдерді, анықтамаларды, қаулыларды азаматтық істердің шаруашылық істерді келіспеушіліктер бойынша да орындалуын қамтамасыз етуді.
-
Қылмыстық істер бойынша мүліктік залалдарды өндіру бойынша сот шығарған шешімдерді анықтамаларды қаулылардың орындалуын жүзеге асырады.
-
Заңдарға сай басқа да шешімдер мен қаулыларды орындайды .
Жарлықтың 78 бабында сот приставтары барлық соттарда болады деп атап көрсеткен. 7 шілде 1995 жылы қабылданған Сот приставтары туралы Қ.Р. заңында Сот приставтары лауазымды адамдар болып мынадай жұмыстарды атқарады деп, атап айтқан:
---- Еркінен айырудан басқа шаралардың орындалуына бақылау жасайды.
---- Сот мекемесін, судьяларды және басқа да сот мәжлісінің қатысушыларын қорғайды.
---- Сот мәжілісінде, іс көріліп жатқан кезде тәртіптің болуын қамтамасыз етуді.
---- Сот орындаушыларына жәрдем көрсетеді .
---- Сот органдарының өз жұмыстарын атқару кезінде, басқа да функцияларды атқарып жәрдем көрсетеді.
Тақырып: Әкімшілік істерді қарайтын соттар. Қазақстанда жасөспірімдер істерін қарайтын соттардың құру мүмкіндігі және қазіргі кездегі жағдай
Бақылау түрі – Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы сұрақтары:
-
Әкімшілік істерді қарайтын соттар?
-
Қазақстанда жасөспірімдер істерін қарайтын соттардың құру мүмкіндігі және қазіргі кездегі жағдай?
-
Сот билігі?
-
Сот төрелігі?
-
Әділет қағидалары?
-
Судья боламын деушілерге қойылатын талаптар?
-
Судья тәуелсіздігі?
-
ҚР сот жүйесі?
-
Аудандық қалалық соттар қандай істерді қарайды?
10. ҚР Сот приставтары туралы заң қашан қабылданды?
11. ҚР Сот приставтары туралы заңның 78 бабында не айтылған?
12. Сот приставтары қандай қызмет атқарады?
13. Әскери сот жүйесі қандай?
14. Соттар және судьялар мәртебесі туралы жарлықтың 24 бабы не дейді?
15. Әскери сот судьясы болу шарттары?
7 - апта
Жоғарғы соттың норма шығарушы өкілеттігі
Бақылау түрі – Коллоквиум
Тақырыбы: ҚР арнайы соттарды құру мүмкіндігі және қазіргі кездегі жағдайы
Соттар және судьялар мәртебесі туралы жарлықтың 24- бабына сай Қ.Р. териториясында әскери соттар: армиялардың, гарнизондардың әскери соттары құрылады деп айтылған әскери соттардың жүйесі басқа соттар жүйесінен өзгешелігі әскери соттар әкімшілік – территориалды принципке сай емес Қ.Р. қарулы күштері структурасына сай құрылады.
Әскери сотар системасының төменгі звеносы гарнизон әскери соттар болып олар 1 инстанциялы соттар болып есептелінеді. Олар әскери бөлімдерге өте жақын орналасады. Әскери соттардың системасының екінші звеносы болып қарулы күштердің түрі, әскери округ, әскери топтар соттары қарулы күштердің екінші инстанциялы соты болып есептелінеді. Төменгі соттар істері бойынша бақылау пистанциялары болып жаңадан ашылған жағдайлар бойынша істерді басқадан көру үшін сол істерді қайта жалғастыру үшін қозғауы мүмкін. Армияның, соединение; гарнизондардың әскери соттары аудандық соттарға теңестіріліп аудандық соттар мәртебесімен бірдей құзіретке ие болып есептелінеді. Род воиск яғни Армия құрамаларының түрі облыстық соттарға теңестіріліп облыстық соттар мәртебесіне тең деп есептелінеді. Әскери соттар судьяларына дәмеленушілерді Әділет Министрлігі Әскери сот басқармалары жағынан офицерлік құрамынан, әскери қызметте немесе запастағы тұлғалардан алынады. Әскери соттардың судьялары егерде бірінші рет осы қызметке алынып жатқан болса онда олар міндетті түрде біліктілік экзамендерін тапсыруы шарт. Қ. Р. Әскери соттардың органы төмендегідей болып суреттеледі.
Әскери сот
Президумы.
Сот аппараты.
Азаматтық істер бойынша коллегия
Қылмысты істер бойынша коллегия
ҚР Президентінің Конституциялық күшке ие соттар және судьялардың мәртебәсі туралы жарлығына сай гарнизон, армиялардың әскери соттары заңдарға сай өздеріне белгіленген істерді көріп анализ, яғни талдау жасайды, және өз тәртібіне сай басқа жұмыстарды атқарады. Әскери соттардың төрағалары судья бола отырып Әскери соттардың жұмыстарын ұйымдастырады, судьяларға істерді бөліп береді, судьяларға басқа да заңдарға сай тапсырмалар беруге құқықты, жеке азаматтар әскери қызметкерлерді қабылдау арыздарымен , шағымдарын көреді. Сот жұмысын ұйымдастырып оған талдау жасайды.
Бақылау сұрақтары:
-
Әскери сот жүйесі қандай?
-
Соттар және судьялар мәртебесі туралы жарлықтың 24 бабы не дейді?
-
Әскери сот судьясы болу шарттары?
-
Мамандандырылған соттар қандай соттар?
-
Жасөспірімдер соты қандай істерді қарайды?
6. Экономикалық соттар түсінігі?
Тақырып: Жоғарғы соттың норма шығарушы өкілеттігі
Бақылау түрі – Коллоквиум
Коллоквиум сұрақтары:
1. ҚР сот жүйесі?
2. ҚР Жоғарғы соты құзыретіне не кіреді?
3. Жоғарғы сот пленумы жүйесі?
4. Жоғарғы сот президиумы құрылысы?
5. Сот және сот мәртебесі туралы заң қашан қабылданды?
6. ҚР соттардың құрылу негізі?
7. Жоғарғы сот пленумы міндеттері?
8. Жоғарғы сот құзыретіне не кіреді?
10. ҚР соты қандай қызмет атқарады?
11. ҚР Конституциясының 75 бабы не дейді?
12. Сот төрелігі түсінігі?
13. Судья қандай құқықтық нормативтік актіге сүйене отырып қызмет атқарады?
14. ҚР Президентінің соттар және судьялар мәртебесі туралы жарлығы қашан қабылданды?
15. Облыстық сот қалай құрылады?
16. ҚР Сот приставтары туралы заң қашан қабылданды?
17.ҚР Сот приставтары туралы заңның 78 бабында не айтылған?
18. Сот приставтары қандай қызмет атқарады?
19. Әскери сот жүйесі қандай?
20. Соттар және судьялар мәртебесі туралы жарлықтың 24 бабы не дейді?
21. Әскери сот судьясы болу шарттары?
ЕКІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ ЕКІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ
№
|
Тақырыптар
|
Апталар
реті
|
Ұпайлар
|
Бақылау
түрі
|
23
|
Конституциялық кеңестің мемлекеттік органдар арасындағы алатын орны. Конституциялық кеңестің қызметінің негізгі бағыттары.
|
8 - апта
|
| Глоссарий
|
24
|
Конституциялық кеңестің қаулылары
|
2,00 балл
|
25
|
Конституциялық кеңестің құрамы мен өкілеттігі. Конституциялық бақылау институтының Қазақстан-да даму және пайда болу тарихы.
|
9 - апта
|
|
Тест тапсырмалары
|
26
|
ҚР Конституциялық кеңес мүшелерінің құрамы, олардың өкілеттіктері.
|
2,00 балл
|
27
|
Қазақстанда прокуратура органдарының пайда бо-лу, қалыптасуының негіз-гі кезеңдері. Арнайы про-куратуралар. Прокурор-дың құқықтық жағдайы.
|
9 - апта
|
|
Коллоквиум
|
28
|
Прокурорлық қадағалау-дың түсінігі. Прокурор-лық қадағалаудың акті-лері. Алдын-ала тергеу мен жедел-іздестіру қыз-меті аясындағы прокурор-лық қадағалаудың өкілет-тігі
|
2,00 балл
|
29
|
ҚР прокурорлық қадаға-лаудың актілері
|
10 - апта
|
|
Үй тапсырмасы
|
30
|
Ішкі істер органдарының жүйесі және өкілеттігі. қауіпсіздік органы
|
2,00 балл
|
31
|
Ұлттық қауіпсіздікке қарсы жасалатын қылмыстарға алдын-ала тергеу мен жедел – іздестіруді жүзеге асыратын ұлттық
|
11 - апта
|
|
Реферат тапсырмалары
|
32
|
Ішкі істердің қылмыстың алдын-алудағы қызметі.
|
2,00 балл
|
33
|
ҚР Ішкі істер органда-рының жүйесі және өкі-леттігі
|
11 - апта
|
|
Тест тапсырмалары
|
34
|
Криминалды полиция міндеттері
|
2,00 балл
|
35
|
ҚР криминалды полиция қызметкерлерінің ішкі істер органдарындағы орны мен ролі.
|
12 - апта
|
|
Глоссарий
|
36
|
Қаржы полиция органдары
|
1,00 балл
|
37
|
Қылмыстық атқару жүйесі, оның мақсаты мен құрамы.
|
13 - апта
|
|
Үй тапсырмасы
|
38
|
Әділет органдарының жергілікті атқарушы органдары
|
1,00 балл
|
39
|
Нотариалдық палата
|
13 - апта
|
|
Коллоквиум
|
40
|
Нотариус боламын деуші-лерге қойылатын талаптар
|
1,00 балл
|
41
|
Адвокат боламын деушілерге қойылатын талаптар
|
14 - апта
|
|
Реферат тапсырмалары
|
42
|
ҚР адвокатура институтының пайда болуы
|
1,00 балл
|
43
|
Адвокаттардың әділет органдарымен қарым-қатынасы. Адвокаттар алқасы
|
15 - апта
|
|
Коллоквиум
|
44
|
Кеден ісі
|
45
|
ТМД елдірінің сот жүйесі
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |