Құқық” кафедрасы Қазақстан Республикасының


- апта Конституциялық кеңестің қаулылары



бет6/7
Дата14.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#134374
1   2   3   4   5   6   7


8 - апта

Конституциялық кеңестің қаулылары
Бақылау түрі – Глоссарий




Тақырып: Конституциялық кеңестің мемлекеттік органдар арасындағы алатын орны. Конституциялық кеңестің қызметінің негізгі бағыттары.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Конституциялық Кеңеске арналған бөлім бар. Осы мемлекеттік органның қандай мақсатта құрылатындығы Конституцияда көрсетілмеген. Алайда, Конституциялық Кеңестің конституцияда белгіленген өкілеттігінен конституциялық кеңестің негізгі көздейтіні Конституцияны қорғау екендігі көрінеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы” конституциялық заң күші бар Жарлығы осы органның нені көздейтінін айқын да дәл бейнеленген. Онда Конституциялық Кеңестің мемлекеттік орган ретінде Республика Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында үстемдік етуін қамтамасыз ететіндігі айтылған. Қазақ КСР-інің бірде-бір Конституциясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституцияларында мұндай ереже болған жоқ.-“Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі туралы” Ереже бірінші рет Президенттің жоғарыда көрсетілген Жарлығында баянды етілді. Осы ережеде ең алдымен Қазақстанда Конституциялық құрылыстың белгіленгені, құқықтық мемлекет құрғысы келетіндігі, мемлекеттің Конституцияға бағынуға тиісті идеясы көрініс тапқан. Міне осыған сүйене отырып, Конституциялық Кеңес Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл Конституциялық Кеңестің өз қызметінде:

олардың бұлжымастығын, яғни нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ұйымдастыру акцияларын жүзеге асыру кезінде жоғары мемлекеттік органдардың Конституциялық нормаларды мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ететін конституциялық нормаларды;

мемлекеттің белгілі бір жағдайын айқындайтын, мысалы мемлекеттің біртұтас нысанын, саяси тұрақтылықты орнықтыратын, т.б. конституциялық қағидаларды;

конституциялық идеяларды, принциптерді, мысалы әлеуметтік мемлекет, қазақстандық патриотизм, т.б. идеяларды басшылыққа алуы тиіс.

Көрсетілген мән-жайларға орай Конституциялық Кеңес актілердің Конституциялық заңдылықтарын тексерімен ғана шектелмейді. Конституциялық Кеңес қызметінің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы және Президенттің “Конституциялық Кеңес туралы” Жарлығы болып табылады. Осы екі акт Конституциялық Кеңестің өкілеттігін, құрамын, қалыптасу тәртібін, мүшелеріне қойылатын талапты, Конституциялық Кеңес мүшелерінің мәртебесін, конституциялық іс жүргізуді айқындайды. Өз қызметінің аталған актілермен реттелмеген, ұйымдастырылуы мен тәртібі бойынша Конституциялық Кеңес Регламент қабылдайды.

Конституциялық Кеңес, оның ішінде төраға бар, жеті адамнан тұрады. Осыған қоса республиканың бұрынғы Президенті өмір бойына Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын қызметке Президент тағайындап, Президент қызметінен босатады. Конституциялық қызметтің екі мүшесін – Президент, екі мүшесін – Сенаттың төрағасы, екі мүшесін Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайындап, қызметтен босатады. Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігі- 6 жыл. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылып отырады.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып табылады. Олардың мәртебесі Конституцияға, Президенттің “Конституциялық Кеңес туралы” Жарлығына қоса, алғашқы екеуінде реттелмеген бөліктері мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Конституциялық Кеңестің белгілі бір шектеушілікке байланысты мүшелігі Депутаттық мандатына орай, оның оқытушылық, ғылыми және өзге шығармашылық қызметтен басқа, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, басшы органдардың немесе коммерциялық ұйымдардың қадағалау кеңестерінің құрамына кіруіне жол берілмейді. Конституциялық Кеңес туралы жарлықта жоғарыда аталған тыйымдарды орындамау мүшелікті тоқтатуға әкеліп соқтыратыны туралы жазылған.

Конституциялық Кеңес мүшелері мәртебесінің ерекшелігі мынадай сәттерінде көрінеді.

Өз міндеттерін орындау кезінде олар тәуелсіз және тек Конституцияға және Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығына ғана бағынады. Басқа актілердің (нормативтік және нормативтік емес) ол үшін айтарлықтай міндеттілік күші болмайды.

Олардың қызметіне қайсыбір араласушылық, сондай-ақ қысым көрсету немесе өзгедей бір қандай да болсын нысанда әрекет жасау заң бойынша жауаптылыққа тартылады.



Тақырып: Конституциялық кеңестің қаулылары
Бақылау түрі – Глоссарий
Конституциялық кеңес

Қаулы

Конституциялық Кеңестің құрылымы

Конституциялық Кеңестің мәртебесі

Конституциялық Кеңес өкілеттігі

Конституциялық Кеңес мүшелері

Конституциялық Кеңес кепілдіктері

Конституциялық Кеңестің құзыреті.

Конституциялық іс жүргізу.

Конституциялық тәртіп

Конституциялық бастама

Конституциялық мәртебе

Конституциялық органдар

Конституциялық іс жүргізу

Конституциялық өкілеттік

Конституциялық шектеу

Конституциялық жауапкершілік



9 - апта

ҚР Конституциялық кеңес мүшелерінің құрамы, олардың өкілеттіктері
Бақылау түрі – Тест тапсырмалары

Тақырып: Конституциялық кеңестің құрамы мен өкілеттігі. Конституциялық бақылау институтының Қазақстанда даму және пайда болу тарихы.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің билігінде екі: 1) алдын ала (превентивтік); 2) келесідегі (репрессивтік) конституциялық бақылау нысаны бар. Алғашқы нысан конституциялық нормативтік құқықтық кесімді оған Президент қол қойғанға дейін тексеруді көздейді. Екіншісі ендігі әрекет ететін нормативтік кесімнің конституциялығын тексеруді білдіреді. Алдын ала Конституциялық бақылау конституциялық емес заң қабылдаудың жолын кесуге мүмкіндік береді және сонысы арқылы заңнаманың тұрақтылығына жәрдемдеседі деп дұрыс айтылады.

Алдын ала конституциялық бақылау абстрактті ұғым болып табылады, себебі заңның конституциялылығы қандай да бір нақты іске қатыссыз қарастырылады. Келесі конституциялық бақылау нақты болып табылады. Екі жағдайда да конституциялық бақылауға ынта болу құқығының субъектілері мемлекеттік органдар, депутаттар, мемлекеттік лауазымды тұлғалар болып табылады.

Конституциялық бақылаудың превентивтік, сондай-ақ репрессивтік нысанында да қақтығыс жағдай туындауы мүмкін.

Конституциялық Кеңес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Конституциялық Кеңестің Республика Президентін, Парламент депутаттарын сайлауды жүргізу мен республикалық референдум жүргізудің дұрыстығы туралы дауларды қарастыру бойынша өкілеттіктері азаматтардың саяси құқықтарын қорғауға бағытталған. Басқа өкілеттіктерінде Конституциялық Кеңестің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтыны туралы идеялар тікелей немесе жанама орын алады. Конституциялық Кеңес қорғайтын осы шеңберге Конституция көздеген құқықтар мен бостандықтар кіре ме, әлде заңдар азаматтарға берген барлық құқықтар мен бостандықтар кіреме деген сұрақ туындайды.

Конституциялық Кеңестің қарауына жатқызылған мәселелердің сипатына орай, осы органның құзыреті өкілеттіктердің төрт тобынан тұрады.

Даулы мәселелерді шешу жөніндегі өкілеттіктер бірінші топқа жатады. Конституциялық Кеңес: 1) Республика Президентін сайлауын; 2) Парламент депутаттары сайлауын; 3) республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы даулы мәселелерді шешеді (Қазақстан Республикасы Конституциясында даулы мәселені шешу жөнінде өтінішпен Конституциялық Кеңеске жүгінуге құқылы субъектілер көрсетілген. Олардың қатарына Қазақстан республикасының Президенті, Сенаттың Төрағасы, Мәжілістің Төрағасы, Парламент депутаттарының жалпы санының кем дегенде бестен бір бөлігі, Премьер-Министр) жатады. Конституциялық Кеңес аталған шараларды өткізу кезінде Конституцияның, сайлау жөніндегі және өзге де заңдардың бұзылған, бұзылмағандығы туралы мәселені қарайды. Егер жиналған материалдар заңның бұзылғандығына көз жеткізсе, онда Конституциялық Кеңес сайлауды және референдумды заңсыз таниды.

Конституциялық Кеңес өкілеттігінің екінші тобына: 1) Президент қол қойғанға дейінгі заңдарды және 2) оның Конституцияға сәйкестігін Парламент бекіткенге дейінгі халықаралық шарттарды қарауға қатысты өкілеттіктер жатады.

Конституциялық Кеңес өкілеттігінің үшінші тобына: 1) Конституция нормаларын ресми түсіндіруге; 2) Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламент шешімі шыққанға дейін Президентті қызметінен кетіру туралы түпкілікті шешім – белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы қорытынды беруге қатысты өкілеттіктер жатады.

Конституциялық Кеңес өкілеттігінің төртінші тобына: 1) егер сот қолдануға жататын нормативтік-құқықтық акт адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп шешсе, актінің Конституцияға сәйкес келмейтіндігін тану туралы сот жүгінісін қарауға; 2) конституциялық іс жүргізу тәжірибесін қорыту нәтижесі бойынша конституциялық заңдылықтың республикадағы жай-күйі туралы Президент жолдауының жіберілуіне байланысты өкілеттіктер жатады. Бірінші мәселе бойынша Конституциялық Кеңестің шешімі шығарылады. Ал жолдау конституциялық заңдылықты нығайту жөніндегі нұсқау мазмұндас болуы мүмкін. Аталған өкілеттік конституциялық өкілеттік деп есептеледі.

Конституциялық іс жүргізу. Конституциялық Кеңес сот органы емес. Ол Конституцияның үстемдігін сот әдістерімен қамтамасыз етпейтін мемлекеттік орган болып табылады. Конституциялық Кеңес өз құзыретін конституциялық іс жүргізу жолымен жүзеге асырады. Бірақ ол сот ісін жүргізу емес, Конституциялық Кеңестің мемлекеттік органдар жүйесіндегі өзіндеі ерекшелігін бейнелейтін өзіндік қыры бар мемлекеттік іс жүргізу.

Конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға міндет те жүктеледі. Олар өз құқықтарын абыройлы пайдалануы тиіс. Олардың Конституциялық Кеңеске теріс мәліметтерді хабарлауы немесе талап етілген құжаттарды және басқа ақпараттарды бермегені Конституциялық Кеңесті құрметтемеушілік ретінде бағаланып, заң бойынша жауаптылыққа тартылады. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар Конституцияға құрметпен қарауы тиіс.



Конституциялық Кеңес шешімдерінің түрлері. Оның отырысында қабылданған кез келген акт Конституциялық Кеңестің шешімі болып табылады. Конституциялық Кеңестің шешімі екі түрге бөлінеді:

Конституциялық өкілеттікті жүзеге асыру негізінде қабылданатын қорытынды шешім;

өзге өкілеттіктермен (конституциялық емес деңгейдегі) жүзеге асырылатын шешімдер.

Қорытынды шешмі әртүрлі нысанда болады. Бірінші нысан – нормативтік және нормативтік емес сипаттағы қаулы. Нормативтік сипаттағы қаулы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығының құрамдас бөлігі болып табылады. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларының республиканың нормативтік құқықтық актілер иерархиясында қандай орын алатынын Конституция немес басқа нормативтік құқықтық актілер атап көрсетпейді. Осыған байланысты нормативтік қаулының сипатын бағалауда мәселе туындайды.



Конституциялық Кеңес шешімінің күші. Қорытынды шешім (нормативтік, нормативтік емес қаулы, қорытынды) қабылданғаннан күннен бастап күшіне енеді, республиканың бүкіл аумағына індетті болып табылады, түпкілікті шешіледі, қайта қарауға жатпайды. Тек Республика Президенті ғана қорытынды шешімге тұтас немесе оның жекелеген бөліктеріненаразылық білдіре алады. Президенттің наразылығы Конституциялық Кеңестің отырысында талқыланады. Наразылық Конституциялық Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екі дауысымен еңсерілуі мүмкін. Егер Конституция Қазақстан Республикасы Президентінің наразылығын еңсере алмаса, онда шешім қабылданбаған болып есептеледі және конституциялық іс жүргізу тоқтатылады.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімді қабылдауының белгілі бір құқықтық салдары болуы мүмкін.



  1. Егер заңдар Конституцияға сәйкес келмейді деп танылса, оған Президент қол қоймайды. Егер Конституциялық Кеңес заң Конституцияға сәйкес келеді деп шешсе, Президент заңға қол қояды.

  2. Егер халықаралық шарт Конституцияға сәйкес келмейді деп тапса, онда Парламент оны бекітпейді. Конституциялық Кеңес оң бағаласа Парламент шартты бекітеді.

  3. Егер Конституциялық Кеңес заң, өзге де нормативтік актілер адамдар мен азаматтардың Конституциямен бекітілген құқықтарымен бостандықтарына нұқсан келтіреді, сондықтан ол Конституцияға сәйкес келмейді деп шешсе, онда мұндай заңдар мен нормативтік актілер заңдық күшін жоғалтады және қолдануға жатпайды. Егер соттар және өзге құқық қорғау органдары осындай заңдардың негізінде шешім қабылдаса, онда ол шешімдер орындауға жатпайды.


Тақырып: ҚР Конституциялық кеңес мүшелерінің құрамы, олардың өкілеттіктері
Бақылау түрі – Тест тапсырмалары
1. Конституциялық Кеңестің төрағасы лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады:

А) Президентпен

В) Мәжіліспен

С) Үкіметпен

Д) Сенатпен

Е) Премьер-министрмен

2. Жоғарғы Соттың судьяларының жалпы саны кіммен бекітіледі:

А) Жоғарғы Соттың төрағасының ұсынуы бойынша Президентпен

В) Парламентпен

С) Жоғарғы Соттың органдарымен

Д) Үкіметпен

Е) Жоғарғы Соттың төрағасымен

3. Қанша жасқа толған ҚР азаматы мәслихат депутаты болуы мүмкін:

А) 20 жас

В) 35 жас

С) 25 жас

Д) 22 жас

Е) 30 жас

4. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін реттейді:

А) Әкім


В) ҚР Парламенті

С) Заңмен белгіленген шекте Республика Үкіметі

Д) Заңмен белгіленген шекте мәслихат

Е) Заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері

5. ҚР Конституциясына толықтырулар ... өткізілуі мүмкін:

А) Конституциялық Кеңестің ұсынысымен және Президенттің шешімі бойынша

В) Парламент ұсынысымен

С) Президенттің шешімі бойынша

Д) Парламент пен Үкіметтің ұсынысымен

Е) Парламент пен Үкіметтің ұсынысымен және Президент шешімі бойынша

6. Аталған қағидалардың қайсысы сот қызметін іске асыру қағидаларына жатады:

А) тараптардың теңдігі мен сайысушылыға

В) судьялар сайлануы

С) сот істерін қарағанда ерекше алқалы түрде

Д) демократиялық централизм

Е) соттардың парламентке есеп беруі

7. Соттардың өкілеттік мерзімі:

А) өмір бойы

В) 10 жыл

С) 5 жыл


Д) 7 жыл

Е) 3 жыл


8. Конституциялық құқық ғылымының пәнін не құрайды?

A\ төмендегілердің барлығы

B\ мемлекеттік органдардың жүйесі мен өкілеттіліктері

C\ конституциялық-құқықтық нормалар

D\ адам және азаматтың конституциялық құқықтық мәртебесі

E\ конституциялық құқықтың реттеу әдістері

9. Конституциялық жауапкершіліктің нысаны (санкциясы):

A\ Лауазымнан кетіру

B\ Жоғарғы мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айыру

C\ Айыпұл

D\ Бас бостандығынан айыру

E\ Түзеу жұмыстары

10. Адам қай сәттен бастап конституциялық құқық субъектісіне айналады:

A\ туғаннан;

B\ 7 жастан;

C\ 14 жастан;

D\ 16 жастан;

E\ 18 жастан.

11. Конституциялық-құқықтық норма құралуы мүмкін:

A\ тек диспозициядан;

B\ тек санкциядан;

C\ тек гипотезадан;

D\ тек гипотеза мен санкциядан;

E\ әрқашанда тек қана үш элементтен.

12. Қазақстан таныған халықаралық құқық нормалары конституциялық құқық қайнар көздерінің жүйесінде қандай орын алады:

A\ ішкі заңнамаға қатысты басымдығы болады;

B\ заңға тәуелді актілерге теңестіріледі;

C\ олар жүзеге асырылуы үшін қабылданатын актінің күшіне ие болады;

D\ олар ҚР заңдарының күшіне ие болады

E\ конституциялық заң күші болады.



9 - апта

Прокурорлық қадағалаудың түсінігі
Бақылау түрі – Коллоквиум


Тақырып: Қазақстанда прокуратура органдарының пайда болу, қалыптасуының негізгі кезеңдері
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы жарлығының және Конституцияға сай мемлекетіміздің Прокуратурасы заңдарын қолдануына Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және басқа да құқықтық нормативті актілердің Қазақстан Республикасының териториясында орындалуын қамтамасыз етіп жалпы бақылау жасайды. Бұдан басқа Прокуратура оперативті іздестіру іс-әрекетіне, алдын ала тергеу және тергеу, әкімшілік және орындаушы істері бойынша да бақылау жасайды. Прокуратура органы заң бұзушылықтың ашу және оны жою үшін шаралар көреді Конститутцияға және Республика заңдарына , құқықтық актілердің бұзылуына жол берілген кезде өз наразылығын білдіреді. Прокуратура Сотта Мемлекет мүдесін қорғайды заңдарға сай қылмыспен күресіп заң бұзушыларды қудалаиды. Осы туралы Қазақстан Республикасының Конститутциясының 83 бабында айтылған сонымен Прокуратура іс-әрекетінің мақсаты заңдардың жоғары екенін қамтамасыз ету. Мұнда әлеуметтік экономикалық азаматтардың саяси және басқа құқықтары мен еркіндіктерін Қазақстан Республикасының егемендігін, жергілікті орындаушы атқарушы органдардың, мекемелер мен ұйымдар қоғамдық және саяси мекемелер мен ағымдардың бірлігі мен заңды нығайту мәселелері Прокуратура органының негізгі мәселесі. Осыларды ескере отырып Прокурорлық бақылау дегеніміз мемлекет атынан алып барылатын іс-әрекет болып арнайы уәкілетті лауазымды адамдардың, яғни Прокурордың заңдар бұзылғанда оны анықтап, ашып оларды тез жою, айыпкерлерді заңдарға сай жауапқа тарту мәселелері бойынша толық орындалуын қамтамасыз ету болып табылады Прокурорлық бақылаудың өзі Прокуратура туралы жарлықтың 4 бабының 2 тармағына сай Прокуратура іс-әрекетінң бір бағыты болып табылады осы бапта Прокуратура Мемлекет атынан оперативті - іздестіру іс-әрекетін, алдын-ала тергеу әкімшілік және орындаушылық істері бойынша бақылауды іске асырады.

  1. Оперативті іздестіру іс-әрекеті боынша бақылау дегеніміздің мәні оперативті-іздестіру іс-шараларында лауазымды адамдардың және тиісті оперативті іздестіру жүмыстарын Алып баратын органдардың осы іс-әрекеттерді Алып баруында адамдар мен азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін бұзылуына жол бермеу жалпы олардың құқықтарын, еркіндіктерін сақтау болып табылады

Осы мақсатта Жарлықтың 31 бабында Прокурор бақылауды іске асыруда мыналарға құқықты.

1)Оперативті-іздестіру іс-әркетін алып баратын органдардан тексеру үшін оперативті іздестіру материалдарды, құжаттарды және басқа да қажетті мәліметтерді алуға

2) Оперативті-іздестіру іс әрекетімен осы іс-әрекетті алып барушы органдардың осы іс-шараларды заңды алып бара жатқандығын тексеруге

3)Оперативті-іздестіру іс-әрекетін Алып баратын лауазымды адамдар немесе органдар үстінен түскен арыздар мен шағымдарды көруге

4)Конституцияға, заңдарға, Республика Президенті жарлығына қарсы шығарылған оперативті іздестіру шаралары үшін қаулылар , немесе оперативті іздестіруді жүргізуші органдардың заңдарға қарсы шығарған актілеріне наразылық білдіру.

5)Егер де адамдардың құқықтары мен еркіндіктері осы оперативті іздестіру істері барысы бойынша бұзылған кездері анықталған кезде өз қаулысымен оны тоқтату

6)Оперативті іздестіру іс-шаралары бойынша заңға қайшы істелінген іс-әрекеттер анықталған кезде осы қызметкерлерге қарсы қылмысты іс-қозғау немесе тәртіпті іс-қозғау.

7)Заңсыз ұсталған немесе қамалған адамдарды босату.

8) Заңдарға сай оперативті-іздестіру іс-шараларын өткізу үшін санкция беруге.

9)Тергеудің заңды екендігін бақылау жасауға.

Жарлықтың 38 бабына сай Прокурор Алдан-ала тергеу органдарынан тексеру үшін қылмысты істерді, құжаттарды, материалдарды қылмыс туралы және басқада мәліметтерді ала алады.

1)Болған қылмыс немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арыздар мен, хабарлардын қабылдап тіркеу оларды шешу туралы олардың заңдылығын тексереді.

2)Қамауға алу немесе тергеу кезінде уақытынша қамауда болуы үшін санкция береді.

3)Қажетті жағдайларда қылмысты іс-қозғайды және қылмысты тергеу үшін хат жүзінде нүсқау береді.

4)Тергеушілердің заңсыз қаулыларын бекер етеді.

5)Тергеу кезінде процесс қатысушыларының немесе адамдардың құқықтары бұзылса,заңсыз тәсілдермен тергеу жүргізілсе айыпты адамдарды жауапқа тарту үшін мәселе қояды.

6)Тергеу толық жұргізілмесе, тергеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол берілсе қылмысты істі толық тергеу жүргізілуі үшін оны қаита тергеуге жібереді, сондаи-ақ тергеуді тоқтатуы да мүмкін.

7)Тергеуден түскен істерді көру үшін сотқа жөнелтеді.

8)Тергеушілер, тергеу органдарынан басшыларынан үстінен түскен арыз шағымдары көреді.

9)Уақытынша қамауда отырған адамдардың заңға сай отырғанын немесе олардың жағдайларын тексереді.



  1. Әкімшілк істері бойынша бақылау мақсатында Прокурор, әкімшілік құқық бұзушылық істерінде заңдардың толық бір кілкі орындалуын қамтамасыз етеді. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша қолданылатын шаралардың қолдануының заңдылығын бақылаиды.

1)Әкімшілік істері бойынша адамдардың азаматтардың, лауазымды адамдардың, мекемелердің бұзылған құқықтарын қаита қалпына келтіреді.

2)Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша азаматтардың кез-келген актілерге арыз шағым беруін қамтамасыз етеді.

3)Әкімшілік істері бойынша заңдарды бұзған айыпкерлерге шаралар көруге әкімшілік істері бойынша бақылауды іске асыра отырып Прокурор;лауазымды адамдардан әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша құжат, мәліметтерді талап етіп алуға әкімшілік құқық бұзушылық істерін жүргізетін лауазымды адамдар, орган дар үстінен арыз шағымдарды көреді. Әкімшілік істері бойынша ұсталғандардың заңдылығын олар қамауда болуының уақытының тексеру, істерді көруде өзі қатысуы мүмкін. Қолданылатын шараларды заңдылығын тексереді.

4 Орындаушылық істері бойынша бақылаудың мәні прокурор уақытынша қамауда болатын органдарда (ИВС) алдын ала тергеу кезінде қамау орындарында (СИЗО)еңбекпен түзеу орындарында түрме колониялардағы адамдардың заңды отырғандарын тексеріп бақылайды.

Осы мақсатта прокурор кез келген уақытта жоғарыда аталған мекемелерді барып көре, алады ондағы адамдардан сұрақ, түсінік алуы мүмкін, құжаттармен материалдармен танысуға және осы мекемелер шығырған бұйрық өкімдердің заңдылығын тексереді. Заңсыз болса наразылық білдіреді. Егер прокурор осы мекемелерде отырған тұлғалардың заңсыз екендігін анықтаса онда ол өз қаулысымен тез арада оларды босатады.

Тақырып: Прокурорлық қадағалаудың түсінігі
Бақылау түрі – Коллоквиум
Коллоквиум сұрақтары:
1. Прокурорлық қадағалаудың актілері.

2. Алдын-ала тергеу мен жедел-іздестіру қызметі аясындағы прокурорлық қадағалаудың өкілеттігі

3. ҚР Прокуратура қандай қызмет атқарады?

4. ҚР Прокуратура туралы Президент жарлығы қашан қабылданды?

5. Прокурорлық бақылау дегеніміз не?

6. Прокурорлық бақылау актілері?

7. Прокурорлық бақылау қаншаға бөлінеді?

8. Оперативті іздестіру іс-әрекетін бақылау деген не?

9. Әкімшілік істерінің заңдылығын бақылау түсінігі?

10. Орындаушылық істерінің заңдылығын бақылау шеңбері?

11. ҚР Прокуратура қандай қызмет атқарады?

12. ҚР Прокуратура туралы Президент жарлығы қашан қабылданды?

13. Прокуратура органы, оның құқықтық актілері?

14. Наразылық білдіру?

15. Көрсетпе дегеніміз қандай құжат?

16. Представление түсінігі?

17. Заңдарды түсіндіру?

18. Санкция қандай жағдайда беріледі?



10 - апта

Ішкі істер органдарының жүйесі және өкілеттігі

Бақылау түрі – Үй тапсырмасы

Тақырып: ҚР прокурорлық қадағалаудың актілері

Прокуратураның ұйымдастыру іс-әрекетін реттестіру мәселелері, актілеріне , бұйрықтар, өкімдер, тәртіптер, жатады.

Протест - яғни наразылық білдіру прокурор жағынан шығарылатын акт болып Конституцияға, заңдарға, Президент актілеріне, нормативті және басқа да құқықтық актілерге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың шешімдері қайшы келіп заңсыз болғанда осы мемлекеттік органдарға лауазымды адамдарға наразылық білдірілді. Наразылық осы шешімдерді шығарған мекеменің жоғағы органына да шығарылуы мүмкін. Наразылық заңсыз шешім , бұйрық шығарған мекемеге , органға немесе лауазымды тұлғаға, шығарылып олар жағынын 10 күн үшін де көріліп шығылуы тиіс. Наразылықта прокурор заңсыз актінің бекер етілуін, он Конституцияға және заңдарға сай болуын қамтамасыз етуді талап етеді. Мунда лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттеріне шек қойылып бұзылған құқықтың заңды болуы негізгі мәселе .

Прокурор өз наразылығымен шығарылған актілердің күшін іс-әрекетін тоқтатуы да мүмкін немесе осы наразылығын бойынша шешім қабылдағанша уакытша тоқтата тұруы мүмкін.Жалпы заңдарды бекер қылу туралы Прокурордың наразылығы осы құжаттың іс-әрекетін тоқтата алмайды.



Постановление - қаулы Прокурор заңсыздықтың бұзылу мінезіне сай қылмысты істі қозғау туралы әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы істер бойынша қаулы қабылдайды. Бұл қаулыда мынадай элементтер көрсетілуі керек: заңның бұзылуына алып келінген жағдай, шарттар, лауазымды адамдар немесе азаматтардың айыбының орынды болуы, заң бұзушылықты атап көрсету, жауапкершіліктің құқықтық негізі. Бұдан басқа Прокурор заттарды алу туралы қаулы , істерді тоқтату немесе қысқарту характеріне сай шаралар; заңсыз құқықты актілердің іс-әрекетін тоқтату туралы қаулылар қабылдауы мүмкін.

Предписание - алдын алу туралы жазбаша хат. Бұл құжат прокурор жағынан мемлекет мүддесіне мекемелер мен кәсіпорындарға залал келтірілген кезде адамдардың құқығы бұзылған кезде жалпы заң бұзушылық ашық түрде белгілі болған кезде және бұл заңды бұзушылық тез арада тоқтатылмаса болмайтын жағдайларда шығарылады алдын алу туралы жазбаша хат міндетті түрде сол лауазымды адамға яғни сол құқықты бұзған адамға тапсырылды. Бұл хатта заң бұзған нормаларды және осы заң бұзушылықты доғарып тез арада заңдылықты тіктеу туралы айтылады. Бұл алдын алу туралы жазбаша хат тез орындалуы қажет және осы туралы прокурорға қабарланады Талап арыз-бұл прокурордың сотқа мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғалардың құқытары бұзылған кездерде сол тұлғалардың немесе мемлекеттің мүделерін қорғау және заңдылықты тіктеу үшін берілетін талап арызы. Бұдан басқа Прокурорлық бақылау талабынан ауытқу немесе берілген құжаттарды уақытылы орындамау осындай жағдаиларды мемлекеттік органдардың,лауазымды адмдардың актілеріне бекер ету туралы жалпы заң бұзушылықты өріскел заң бұзылған жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында прокурордың сотта талап арызын беруін. Прокурордың талап арызы мемлекеттік баж және басқа жинақтарды төлеуден азат етілген.

Тақырып: Ішкі істер органдарының жүйесі және өкілеттігі. қауіпсіздік органы


Бақылау түрі – Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы сұрақтары:
1. ҚР құқық қорғау органдары жүйесіндегі ішкі істер органдарының маңызы?

2. Ішкі істер органдары жүйесі?

3. Ішкі істер министрлігінің құрылымы?

4. Әскери-тергеу органдары?

5. Әскери-тергеу органдары қызметі?

6. Ішкі істер органдары түсінігі?

7. Ішкі істер органдарына қандай құрылымдар кіреді?

8. Ішкі істер органдары жүйесі?

9. Криминалды полицияға сипаттама бер?

10.Криминалды полиция міндеттері?

11. Әкімшілік полиция құзыреті?

12. Әкімшілік полиция міндеттері?

13. “ҚР Ішкі істері туралы” жарлығы қашан қабылданды?

14. “Ішкі істер органдарында қызмет ету тәртібі туралы” ереже қашан қабылданды?



11 - апта

Ішкі істердің қылмыстың алдын-алудағы қызметі
Бақылау түрі – Реферат тапсырмалары

Тақырып: Ұлттық қауіпсіздікке қарсы жасалатын қылмыстарға алдын-ала тергеу мен жедел – іздестіруді жүзеге асыратын ұлттық қауіпсіздік органы


Ќазаќстан Республикасыныњ Президентініњ 21 Желтоќсан 1995 жылѓы Ќазаќстан Республикасыныњ ¦лттыќ ќауіпсіздік комитет органдары туралы жарлыѓыныњ 1-ші бабына сай Республикамыздыњ ¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті органдары тікелей Республика Президентіне баѓынышты, тікелей Президентіне есеп беруші, арнайы Мемлекеттік органы болып, Ќазаќстан Республикасыныњ ќауіпсіздігін ќамтамасыз ету системасыныњ негізгі бµлімі болып есептеледі. Олар µздеріне берілген ќ±зіретіне сай ќоѓам мен жеке т±лѓалардыњ, Мемлекетіміздіњ Конституциялыќ ќ±рамын, Мемлекеттіњ егемендігін, териториялды бірлілігін, экономикалыќ, ѓылыми-техникалыќ, еліміздіњ ќорѓаныс м‰мкіншілігінің ќауіпсіздігін ќамтамасыз ету ‰шін белгіленген. ¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті органдарыныњ ќ±ќыќтыќ негізі

    1. Ќазаќстан Республикасыныњ Конституциясы.

    2. Ќазаќстан Республикасыныњ Президентініњ 21 декабрь 1995 жылѓы Ќазаќстан Республикасыныњ ¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті органдары туралы жарлыѓы.

    3. Осы жарлыққа ќайшы келмейтін Ќазаќстан Республикасыныњ басќа да нормативті актілері.

    4. Ќ.Р. Халыќаралыќ шарттарѓа сай және басќа да міндеттері.

    5. Ќазаќстан Республикасыныњ Жоѓарѓы соты, Конституциялыќ кеңесінің нормативті ќаулылары.

    6. Ќазаќстан Республикасыныњ Президенті жаѓынан бекітілген ¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті туралы тєртібі.

¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті органдарыныњ іс єрекеттері зањдылыќ, бірлесе єрекет ету, зањ алдында тењдік, азаматтардыњ ќ±ќыќтары мен еркіндіктерін ќ±рмет ету, саяси партиялардыњ іс єрекетіне, ќоѓамдыќ бірлестіктердіњ іс єрекетіне баѓынышты емес, дербес принциптері негізінде атќары алады. ¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті органдары µз іс єрекеттерін атќару процесінде Мемлекет тарапынан адамдардыњ ќ±ќыќтары мен еркіндіктерін ќорѓауѓа кепілдік береді. Белгіленген зањдарѓа сай ¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті єрбір адамѓа µз істері мен ќ±ќыќтары бойынша µздеріне тиісті болѓан жаѓдайлары бойынша ќаулылар мен шешімдерді таныстыруѓа міндетті. ¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті органдарына жєне ќызметкерлері мен іс єрекеттеріне жоѓарѓы органдарѓа (КНБ-ның) прокуратураѓа сотќа шаѓымдануѓа болады. ¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті органдарына ќызметке µзініњ ісбілермендігі моралдыќ, адамгершілік ќасиетімен, жасы, білім денсаулыѓы тура келетін µз еркімен Ќазаќстан Республикасыныњ азаматы ж±мысќа алынуы м‰мкін.

¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті органдары міндеттеріне мыналар кіреді:

    1. Мемлекеттіњ, ќоѓамныњ, жеке адамныњ ќауіпсіздігін ќамтамасыз ету маќсатында болатын мемлекеттіњ саясатына ќатысу жєне оны іске асыру.

    2. Ќазаќстан Республикасыныњ м‰ддесі ‰шін барлау маѓл±маттарын табу.

    3. Ќазаќстан Республикасыныњ Ќауіпсіздігіне ќарсы болѓан іс єрекеттерді, Конститутциялыќ ќ±рамына мєжб‰рлеп µзгеріс енгізуге баѓытталѓан іс єрекеттерді ашу, Терроризмді, болдырмау, оныњ алдын алу іс єрекеттерін атќару.

    4. Заңдарға сай ¦лттыќ ќауіпсіздігі комитеті органдарыныњ міндеті болып табылатын ќылмысты істерді ашу, тергеу ж‰ргізу,қылмысты болдырмау іс әрекеттері.

    5. Жеке адамдардыњ, Шет Мемлекеттердіњ мекемелерімен арнайы ќызметтерініњ Ќазаќстан Республикасыныњ ќауіпсіздігіне ќарсы баѓытталѓан жєне залал келтіру маќсатында болатын барлау іс єрекеттерін ашу, олардың алдын алу.

    6. Мемлекеттік органдарды мекемелерді, єскери ±йымдарды ќ±пияланѓан (шифрланѓан, кодталѓан) байланыстармен ќамтамасыз ету.

¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті органдары µз іс єрекеттерін мемлекеттік органдар мен мекемелер мен бірлесіп іске асырады. Мемлекеттік органдардыњ, мекемелердіњ лауазымды адамдары, єскери органдардыњ, бірлескен к‰штердіњ командалыќ басшылары ќауіпсіздік комитеті органдарына жєрдем беруге міндетті. ¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті органдарыныњ шет мемлекеттердіњ арнайы ќызметтері мен, жєне ќ±ќыќты ќорѓау органдары мен бірлесе єрекет ету халыќаралыќ шарттармен реттеледі.

Ќазаќстан Республикасыныњ ¦лттыќ ќауіпсіздігі комитетініњ біркелкі системасын оѓан кіретін департаменттер оныњ структуралыќ бµлімдері ¤кімет байланыс органдары (КНБ) (жиынындаѓы), барлау ќызметі (КНБ-жайындаѓы) облыстардаѓы ¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті, Республикалыќ мањызѓа йе ќалалар еліміз астанасы, ќалалыќ аудандыќ басќармалар (бµлімдер мен бµлімшелер) єскери контразведка органдары, ¦лттыќ ќауіпсіздік комитеті єскерлері арнайы ќауыпсіздендіру бµлімі, арнайы , дайындалѓан ќ±рама, оқу орындары, ѓылыми зерттеу мекемелері кіреді жєне ќ±райды. ¦лттыќ ќауіпсіздік комитетініњ территориялды органдары облыстыќ, аудандар, ќалалыќ басќармалары, бµлімдері КНБ органдарына ж‰ктелген міндеттерді µз територияларында атќарады. Териториялардаѓы КНБ органдары яѓни облыстардаѓы, Республикалыќ мањызѓа йе ќалалар жєне еліміз астанасы басќармалары зањды т±лѓа болып, µздерініњ шартты аттарына мµрі мен штаттарына, банктерде есеп шоттарына ие, медициналыќ жєне єлеуметтік – мєдени обьектілеріне ие.


Тақырып: Ішкі істер органдарының жүйесі және өкілеттігі


Бақылау түрі – Реферат тапсырмалары
Реферат сұрақтары:

1.Алдын-ала іздестірудің маңызы?

2.Алдын-ала іздестірудің мәні және формалары.

3. Алдын-ала тергеу жүргізудің жалпы шарты.

4. Тергеу іс-әрекеттері.

5. Айып тағу және айыптаушылардан жауап алу.

6. Алдын-ала тергеудің аяқталуы.

7. Ұлттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау органы ретіндегі маңызы?



  1. Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсінігі?

  2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті құзыреті?

10. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесі?

11. Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының құқықтық негізі?

12. Ұлттық қауіпсіздік комитеті міндеттері?

13. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесі?

14. ҚР Президентінің “Ұлттық қауіпсіздік комитет органдары” туралы жарлығы қашан қабылданды?

15. ҚР Президентінің “Ұлттық қауіпсіздік комитет органдары” туралы жарлық?

16. Ұлттық қауіпсіздік комитет құрылымы қандай?

11 - апта

Криминалды полиция міндеттері


Бақылау түрі – Тест тапсырмалары

Тақырып: Қазақстан Республикасының Ішкі істер

органдарының жүйесі және өкілеттігі
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар “Қазақстан Республикасынан Ішкі Істер органдары туралы” жарлығынан 1 бабына сай (21.XII.1995) Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сай алдан ала тергеу, оперативі іздестіру, қоғамдық тәртіпті орнату істері бойынша орындаушы атқарушы функцияларды қылмыстың алдын алу, адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғайтын қоғам және мемлекет мүддесін қорғайтын арнайы мемлекеттік орган болып табылады Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы жарлықтың 4-ші бабына сай Ішкі Істер органдарының біркелкі жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі құрайды. Ішкі Істер Министрлігінің құрамына департаменттер және басқа да структуралық бөлімдер осыларға бағынышты Облыстардағы Ішкі Істер басқармалары Республикалық маңызға ие қалалар, Республика астанасы Ішкі істер басқармалары транспорттағы, қалалық, аудандық, қаладағы аудандар, поселкелік ішкі істер органдары құрайды. Бұдан басқа, көліктегі ішкі істер органдары. Ішкі істер әсерлері оқу орындары және басқа мекемелер болуы мүмкін. Ішкі Ішкі істер органдарының ұйымдастыру структурасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді оны Үкіметке Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министірі Ұсынады Ішкі істер органдары құрамы:криминалды полиция әкімшілік полиция және полицияның басқада қызметтері, әскери-тергеу органдары, Ішкі істер Министірлігінің әскери полициясы құрайды.(оның әскери құрылым деген статусы болады) Әскери тергеу органдарының негізгі міндеті әскери қылмыстарды ашу, Алдын алу, тергеу болып бұл қылмыстар Ішкі істер органдарында тергелуі міндетті болып табылады

Әскери-тергеу органдары құрамына әскери-тергеу департаменті, әскери тергеу басқармалары, Әскери-тергеу гарнизондары оперативті-техникалық және басқа да бөлімдер кіреді.



Бақылау сұрақтары:

              1. ҚР құқық қорғау органдары жүйесіндегі ішкі істер органдарының маңызы?

              2. Ішкі істер органдары жүйесі?

              3. Ішкі істер министрлігінің құрылымы?

              4. Әскери-тергеу органдары?

              5. Әскери-тергеу органдары қызметі?

Тақырып: Криминалды полиция міндеттері
Бақылау түрі – Тест тапсырмалары
1. Ішкі істер органдарының полиция қызметінің негізгі міндеті

А) Заңдардың орындалуын бақылау

Б) Құқықтық негіз беру

В) Құқықтық фактілерді куәландыру

Г) Құқықтық жәрдем көрсету

Д) Қоғамдық тәртіпті сақтау

2. Ұлттық қауыпсіз комитеті тікелей кімге байланысты

А) Президентке

Б) Пример Министерге

В) Үкіметке

Г) бас прукурорға

Д) жоғарғы сот төрағасына.

3. Ұлтық қауіпсіздік комитетінің негізгі міндеті?

А) Мемлекетің ,қоғамның ,жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Б) Қоғамдық тәртіпті сақтау

В) Заңдардың толық орындалуын қамтамасыз ету

Г) Фактірлерді куәландыру

Д) Құқықтық жәрдем беру.

4. Әділет Минестірлігінің негізгі міндеті

А) Заң шығару

Б) Заңдарды бақылау

В) Қоғамдық тәртіпке сақтау

Г) Сот төрелігі

Д) Саяси , әлеуметтік , экоаномикалық жағдайына құқықтық негіз беру

5. Криминалды полиняның негізгі міндетері

А) Қылмысты анықтау , іздеу , тергеу.

Б) Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз

В) Тәртіп бұзушылықты ашу

Г) Құжаттарды тексеру

Д)Жол әрекетін қадағалау

6. Прокуратура қызметкерлерінің қару жәрдем жарақ алып жүргізуін кім анықтайды ?

А) Бас Прокурор

Б) Жоғарғы сот төрағасы

В) Президент

Г) Облыстық прокурор

7. Ішкі істер органдарының полиция қызметінің негізгі міндеті

А) Заңдардың орындалуын бақылау

Б) Құқықтық негіз беру

В) Құқықтық фактілерді куәландыру

Г) Құқықтық жәрдем көрсету

Д) Қоғамдық тәртіпті сақтау

8. Прокурорлық бақылау дегеніміз не?

А) Заңдарды түсіндіру

Б) Ұсыныс беру

В) Сот шешімдерін орындау

Г) Конституція мен заңдардың орындалуын қадағалау+

Д) Қоғамдық тәртіпті сақтау

9. Әділет принциптері дегеніміз не?

А) Жай құқықтық нормалар.

Б) Құқықтық салалар.

В) Заңдылықтардың дамуы.

Г) Мемлекеттік іс – әрекет қимылдарына жалпы басшылық жасау, саяси идеялық негіз.

Д) негізгі заң.

10. Әділет принциптері бұл демократиялық негіз дегенде нені түсінеміз?

А) Заңдылықты орнықтыру.

Б) Бұл принциптерде мемлекеттің еркіндігін көрсетеді.

В) Мемлекеттік басқару формасын көрсетеді.

Г) Адам құқығын таптау.

Д) құқықтық сот реформасын өткізу.

11. Қайсы пункт құқықты қорғау органдарының әділет принциптеріне кірмейді.

А) Кінәсіздік призумпциясы.

Б) Бір қылмыс үшін 2 - рет жауапкершілікке тарту.

В) Объективтік шындық.

Г) Заңсыз жиналған дәлелдер заңды күшке ие емес.

Д) Айыпкер өз айыбының жоқ екендігін дәлелдеуі шарт емес.

12. Қазақстан Республикасының сот жүйесі қандай?

А) Жоғарғы сот. Жергілікті соттар.

Б) әскери сот. Жоғарғы сот.

В) Жоғарғы сот импульсі, жоғарғы сот президиумы, әскери соттар.

Г) Жоғарғы сот, әскери соттар, жергілікті соттар.

Д) Жоғарғы сот, әскери соттар.

12 - апта

Қаржы полиция органдары
Бақылау түрі – Глоссарий

Тақырып: ҚР криминалды полиция қызметкерлерінің ішкі істер органдарындағы орны мен ролі


Криминалды полицияның негізгі міндеттері болып мыналар аталады.Ішкі істер органдарына бағынышты яғни тиісті істер бойынша қылмыстардың анықтау,ашу,алдан алу, жалпы қылмыстармен күресу, тергеу,анықтау бұдан басқа креминалды полицияның негізгі міндеттерінің бірі тергеуден, анықтаудан соттан, жазадан қашып жүрген тұлғаларды іздеу болып табылады. Із-түссіз жоғалып кеткен адамдарды да іздеп табу криминалды полицияның негізгі міндеті болып есептелінеді. Креминалды полицияны мыналар құрайды оперативті іздестіру, тергеу,ғылыми-техникалық және басқа да бөлімдер яғни тікелей Ішкі істер Министірлігіне бағынышты болып табылатын басқа да іс -әрекеттер атқаратын бөлімдер болуы мүмкін.

Әкімшілік полициясының міндеттеріне мыналар жатады: қоғамдық,тәртіпті сақтау,қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу, анықтау, алдын алу сондай-ақ әкімшілік тәртіп бұзушылық істері бойынша тәртіп бұзушылықты ашу, анықтау жұмыстарын жүргізу болып есептелінеді.Уақытынша қамауға алынғандар отырған жерлерде тәртіпті сақтау, тұрақты жасайтын жері жоқ адамдарды анықтау,құжаттарды тексеру анықтау, кәмелетке жетпегендер арасында қылмысты анықтау, оларды қадағалау, жол әрекеті қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау жасау, және басқа да ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді атқарады. Әкімшілік полиция қызметін мыналар құрайды: полиция учаскелік инспекторлары, кәмелетке жетпегендер істері бойынша учаскалық инспекторлары, патруль қызметі, табиғатты қорғау және ветериналық полиция, эмиграция қызметі, көлік жол полициясы басқа да ішкі істер органдарының арнайы бөлімдері.Ішкі істер Министірлігінің департаметтерінің бастықтарын облыстық ішкі істер басқармаларының бастықтарын Республикалық маңызға ие және Республикамыз астанасы қалалары ішкі істер басқармалары бастықтарын, көлік полициясы бастықтарын, оқу орындары бастықтарын қызметке алу және өз қызметінен босату Қазақстан Републикасының Ішкі Істер Министрінің құзыреті болып табылады. Қ.Р-ң 1992 жылғы қантар айында шыққан ішкі істер органдарының қызметкерлерінің қатардағы және басқарушы құрамына арнайы қызметтік шен, атақ беру туралы заңына сай Қ.Р-сы ішкі істер қызметкерлеріне арнайы әскери шені беріледі. Жалпы ішкі істер органдарында қызмет ету тәртібі 1996 жылы 27 желтоқсанда Үкіметпен бекітілген ішкі істер органдарында қатардағы және басқару құрамының қызмет ету тәртібі туралы ережеге сай өтеді



Бақылау сұрақтары:

1.Ішкі істер органдары түсінігі?

2.Ішкі істер органдарына қандай құрылымдар кіреді?

3. Ішкі істер органдары жүйесі?

4.Криминалды полицияға сипаттама бер?

5.Криминалды полиция міндеттері?

6.Әкімшілік полиция құзыреті?

7.Әкімшілік полиция міндеттері?

8.“ҚР Ішкі істері туралы” жарлығы қашан қабылданды?

9.“Ішкі істер органдарында қызмет ету тәртібі туралы” ереже қашан қабылданды?

Тақырып: Қаржы полиция органдары


Бақылау түрі – Глоссарий

Полиция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет