І. Кіріспе Сәуле ауруы



бет3/4
Дата05.12.2022
өлшемі23.09 Kb.
#466537
1   2   3   4
Есенгелді Бақдаулет

Иондаушы сәулелердің жануарға әсері дозаға байланысты мына түрде байқалады: 1) иондаушы сәуле әсерінен ауру, екі түрге бөлінеді: а) өткір, ә) созылмалы; 2) радиация әсерінен терінің күюі; 3) радиацияның кейінгі әсері.
Үлкен дозамен аз уақыт ішінде бір немесе қайталап әсер еткенде жануар бойында пайда болатын ауруды өткір сәуле әсер ауруы деп атайды. Ауырлық дәрежесіне байланысты ауруды төртке бөледі: 1) жеңіл түрі, доза 150-200 Р; 2) орташа түрі 200-400 Р; 3) ауыр 400-600 Р; 4) аса ауыр түрі 600 Р жоғ-ары. 
Иондаушы сәуле әсерінен болтан ауру төрт кезең бойынша өтеді.
Бірінші кезең. Жұтылған иондаушы сәуленің алғашқы әсері 2-3 күнге созылады. Бұл кезеңге тән бірінші жануардың жүйке жүйесін қатты қоздырып, біраз уақыттан кейін жануардың жалпы жағдайы төмендейді. Жүрек ритмі өзгеріп, алқыну пайда болады. Кейбір жануарлардың қызуы көтерілед. Сілекей қабаттарын қан кернейді де, кей кезде қан құйылады. Ішектің жиырылуы күшейіп жануардың іші өтеді. Жануарлардыңкейбірі лоқсып, құса бастайды. Сыртқы қан жолынан алынғанқан түйіршіктерін тексергенде нейтрофильдік лейкоцитоз екенін байқауға болады. Абсолюттік лимфопения ретикулоциттердің саны жоғарылап, мокроцитоз -оның резистенттігі төмендейді. Алғашқы әсер тоқтала бастағанда екінші кезеігі басталады.
Екінші кезең латентті /жасырын/ кезең деп аталады, Бұл кезең бірнеше күннен 2-3 аптаға созылады. Жануарлардын клиникалық көрсеткіштері қанағаттандырарлықтай болғанмен, ағзада көптеген өзгерістер болып жатады. Организмде қан түзу нашарлап, эритроциттердің саны төмендеп, тромбоцит-тердің мөлшері мүлдем азаяды. Периодтың соңында ішек-қарын жұмысы нашарлап, іш өте бастайды. Өңеш, екпе асқынып, ас қорыту, тыныс алу, кілегей қабаттарына қан құйылады. Кейбір малдардың жүні түсе бастайды. Бұл период аяқталғаннан кейін үшінші кезең - клиникалық белгілері толық айқындалған кезең басталады. Аурудың белгілері 3-і, 6-шы аптада байқалады. Үшінші кезеңге тән жалпы сипат, ол геморрагиялық синдром, қан түзейтін мүшелерде үлкен өзгерістер басталады.Ас қорыту, жүрек қан тамыр мүшелерінің қызметібұзылады.Малдың температурасы жоғарылайды. Сілекей қабықшаларға қан құйылады.Бұл кезеңде көзге ерекше түсетіні ол лейкоциттер санының күрт темендеп 1000-ға жетуі, бұл аса қауіпті жағдайды көрсетеді, ал тромбоциттер мүлдем жоғалады. Қызыл қан түйіршіктері біртіндеп азайып, қанда эритробласт, мегалоциттер шыға бастайды. Лейкоциттердің активтілігі төмендеп, қанның бактерияларға қарсы күресі нашарлап, жануар жұқпалы ауруға ұшырайды. 
Үшінші периодтың ұзақтығы дозаға байланысты болады. Доза үлкен болса, жануар бірінші кезеңде немесе үшінші кезеңде шығ-ынға ұшырайды. Үшінші кезеңде аман қалған жануар бойында төртінші кезең, қайтадан қалыпта кезеңі басталады.Егер жануар алған доза аз болса, онда сауығу толық және жылдам жүреді. Ал,доза ӨД 50/30, Өд 100/30 болғанда жануарлардың сауығуы ұзаққа 8-9 айға созылады, бірақ малдың жұқпалы емес ауруларға төзімділігі шаруашыллыққкерегі бар көрсеткіштер төмендеп, өмір сүру уақыты қыққарады. Жануар ауруы аса асқынған болса, онда өмір сүруі10-20 күннен аспайды. Доза аса жоғары болса, онда жануар сәуле астында немесе 2-3 күнде өледі, өйткені: оттегі жетіспейді, фермент ендіруі тоқталады, ағза уланады, өкпе ісінеді.
Жануар өлексесін ашып көргенде, әр мүшелердің қанталауынан геморрагиялық диатез болғанын көреміз. Бұл өзгерістермен қатар ішек-қарында морфологиялық өзгерістер, құрылым-құрылыстарда бұзылу басталғанын баяқауға болады. Қан тамырларының қабырғалары сынғыш болып ортаға қан құйылады. Бұл қанның сұйылуына әкеледі. Лимфа торап-тарындағы лимфоциттер ыдырайды. Көк бауыр бүрісіп көлемі азаяды, бауырда іріп-шіру, майлану басталғанын көруге болады. Ішкі секреция бездерінде бірсыпыра өзгерістер байқалады. Жүректің бұлшық еттері майланып, белоктар бұзылады, жүйке клеткаларының өсіп-өнуі тежеліп, іріп-шіру басталады.
Созылмалы сәуле әсерінің негізгі себептері: 1) аз доза, көп уақыт әсер етсе; 2) радионуклидтер ағзаға түсіп, тоқырап қалғанда. Сәуле әсері ауруын ауырлық дәрежесіне қарай үш түрге бөледі: 1) жеңіл - негізгі көрсеткіші жүйке жүйелерінің рефлекторлық қызметі өзгереді; 2) орташа - жүйке қан-тамыр, қан түзу процестері өзгереді, ас қорыту жүйелерінің жұмысы нашарлайды; 3) аурудың ауыр түрінде малдың барлық шаруашылыққа қажетті көрсеткіштері төмендейді, өйткені ағзада өліп-сему басталады. Қан түзу, өндіру процестері нашарлап, ішек-қарын, өкпе-бауыр құры-лымдарында күрделі морфологиялық өзгерістері жүреді.
Сәуле әсеріне шалдыққан малдардың ауруын анықтау толық зерттеліп болмаған, бірақ мынандай әдістемелер қолданылады: 1) физикалық әдістеме жұтылған доза, сәуле түскен аудан, сәуленің қуаты, эквиваленттік дозаны анықтаута негізделген; 2) биологиялық әдістеме, дозамен әсер арасындағы байланыс ескеріліп, клеткадағы, ұлпалардағы, мүшелердегі өзгерістер еске алынады; 3) цитогенетикалық әдістеме, хромосомдық аберацияның жиілігі ескеріледі; 4) гематологиялық ақ қан түйіршіктеріне кіретін лимфоцит, моноцит т.т, санын, сапасын қалыпты жағдайдағы қан көрсеткіштерімен салыстыру; 5) биофизикалық әдістемелер - люминесценция, хемолю-минесценция т.т. қолдану; 6) иммунологияялық әдістемелер. Ауруды дұрыс анықтау үшін осы әдістемелердің бәрін қолдануға болады. 
Сәуле әсері ауруына шалдыққан жануарларды сақтау. Радиология ғылымының негізгі бір саласы. Осы кезде жануарларды радиациядан қорғайтын 3 мың радиопротектор бар. Бірақ радиацияның әсер механизмі толық зерттелмеген, сондықтан радиопротекторларды қолданудың өзі эмперикалық түрде жүргізіледі. Жануарларды радиациядан қорғаудың биологиялық әдісі қазіргі негізгі әдіске жатады. Олар жануарлардың жалпы резистенттігін көтеру үшін қолданатын элеутрококк, витаминдер комплексі, микроэлементтер және т.б. заттар.
Емдеу. Жануарды емдеуді бастамай тұрып, ақыры қалай бітетінін ескеру керек. Егер жануардың жағдайы нашар, үлкен доза алса, жануардың қоңы жақсы болса, ішкі құрылысын алып жерге көміп, қалған етін қолдануға болады. Ал, мұндай жануарды күту шаруашылыққа зиянды. Малдарды емдеуде екі жағдайды ескерген жөн. Оның бірншісі аурудың белгілерін мейлінше толық анықтау; екіншісі ауруды асқындырмау үшін кризистік мүшелерге (қан түзейтін, ішек-қарын, өсіп-өну) В!2, транквилизаторлар, антибиотиктер қан ұюына қарсы қан сарысуларын, вакциналарды қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет