(жалға алушы)
Жеткiзушi кәсiпорын немесе өндiрушi
4
1 2
7 5
6 6 9 9 8 3
Сақтандыру компаниясы
Мемлекеттiк жергiлiктi бөлiм
Қаржыландыру орындары (банктiк бөлiмшелер)
Сурет-1 – Лизинг қатынастарының типтiк схемасы
Мұндағы сандармен берiлген байланыстардың мәндерi келесiдей:
-
лизинг берушi мен лизинг алушы арасындағы лизинг келiсiм шарты;
-
лизинг компаниясы мен жеткiзушi кәсiпорын арасындағы сатып алу-сату келiсiм шарты;
-
лизинг берушi банктердiң арасындағы несиелiк қорытынды;
-
жабдықтаушы кәсiпорынның құрал-жабдықтарды лизингтiк компанияға өткiзуi;
-
лизинг берушi фирмалардың жеткiзушi кәсiпорындарға алған құрал-жабдықтарының құнын төлеуi;
-
лизинг берушi мен сақтандыру компаниясының арасындағы келiсiмдердi сақтандыру щаралары;
-
лизинг алушының лизинг берушiге тұрақты төлеп отыратын төлемдерi;
-
лизинг берушiге банктiк несиелердi қолданғаны үшiн пайыздық қойылымдар;
-
лизинг берушiлердiң мемлекеттiк жергiлiктi бюджетке төлеп отыратын төлемдерi және лизингтiк компанияны қолдаааау мақсатындағы мемлекеттiк жеңiлдiктер мен көмектер.
Коммерциялық банктердiң ең көп таралған делдалдық қызметiнiң бiр түрi – факторинг. Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшiн уақытын кешiктiрiп төлеуге беретiн тауар формасындағы және ашық шот түрiнде рәсiмделетiн коммерциялық несиенiң болын сипаттайды. Факторинг – клиенттiң айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бiр түрi. Бұл жерде факторингтiк компания клиенттердiң шотын 90%-ға дейiн төлеу шартымен сатып алады. Факторингтiң мақсаты кез-келген несиелiк операциялардың ажырамас бөлiгi болып табылатын тәуекелдi қалпына келтiруiн шешуге бағытталады.
“Фактор” сөзi ағылшын тiлiнен “factor”, аударғанда “маклер, делдал” деген мағынаны бiлдiредi. Экономикалық жағынан алғанда бұл – делдалдық операция. Факторинг – жабдықтаушы-клиенттiң жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтерi үшiн төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Келiсiмшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттерi өздерiнiң қарызын өтегенiне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге мiндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктiк кепiлдеменiң арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктiк кепiлдеме бойынша банк өзiнiң есебiнен, оған тиiстi соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге мiндеттi болып табылады. Факторингтiк қызметтiң мақсаты төлеушiнiң төлем қабiлетiне байланыссыз факторингтiк келiсiм шартта көрсетiлген мерзiмде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Факторинг операциясы бүгiнгi таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингтi енгiзу сынағы, негiзiнен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсiп құрылыс банкiмен жүзеге асырылып, кейiннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтiп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметiнiң банктер үшiн тиiмсiздiгiн айқындап, нәтижесiнде отандық банктерiмiз күнi бүгiнге дейiн бұл операцияға салғырттық танытуда.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
-
Факторингтiк компания (банктiк факторинг бөлiмi) - өздерiнiң клиенттерiнен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
-
Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие берушi) фактоинг компаниясымен келiсiм шарт жасасушы өнеркәсiптiк мекеме.
-
Кәсiпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы фирма.
Фактоинг мәмiлесiн ұйымдастыруды келесі суреттен көре аламыз.
Факторинг
компаниясы
(бакнтiң факторинг бөлiмi)
Өнiмдi төлеу Құжаттарды төлеу
Төлем құжаттарын Төлем қабiлетiн
сатып алу талдау
Жабдықтаушы Тауарды жабдықтау Сатып алушы
Сурет-3– Факторинг ұйымдастыру сызбасы
Факторингтiң бiрегей құқықтық негiзiн құру үшiн 1988 ж. Халықаралық факторинг туралы конвенция бекiтiлген. Халықаралық факторинг туралы кез-келген келiсiмшарт төменде берiлгендердiң кемiнде екеуiн қамтуға тиiс:
-
Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
-
Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухалтерлiк жағынан өңдеу;
-
Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
-
Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабiлетсiздiгi жағдайынан қорғау.
Факторингтiк операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшiн банктерде арнайы бөлiмдер ашылуға тиiс. Факторингтiк операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
-
Жеке тұлғалардың қарыздық мiндеттемелерi бойынша;
-
Бюджеттiк мекемелердiң қоятын талаптары бойыша;
-
Банктiң несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабiлетiнсiз деп танылған кәсiпорындар мен ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша;
-
Кәсiпорындардың филиалдары немесе бөлiмдерiнiң мiндеттемелерi бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: |