ІІ-«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары
2.1. Талдаудың маңызы мен активтердің құрамы мен құрылымын талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсендігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Талдау – ол бөліну және бөлшектеу, элементтерге бөліп қарастыру.
Талдаудың түрлері:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмтені атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болап табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы – дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:
Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды тартудағы және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және қысқа мерзім міндеттемелерімен ара-қатынасын анықтау;
Қаржы есептік және несие ережесін сақтау;
Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
Қысқа мерзімді активтердің айналымдық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
Баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің нақты және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
Кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайын талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Қаржылық қызметі –бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдалануына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық өндірістік жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік – сату көрсеткіштерімен анықталады.
Кесте -4
Қаржылық талдаумен басқару талдаудың арасында ғы айырма
Белгілері
|
Қаржылық талдау
|
Басқару талдау
|
Пайдаланушылар
|
Салық органдары, сатушылар, жеткізушілер, аудиторлар, банктер, сақтандыру, зейнетақы қоры
|
Мекеменің қаржылық менеджерлер, мекеменің құрылым бөлімдері
|
Ақпарат көздері
|
Нысан 1. «Баланс»
Нысан 2. «Қаржылық нәтиже туралы есеп беру»
Нысан 3. «Ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру»
|
Жоспарлы есепті нормаларының мәліметтері басқару есептен алынған мәліметтер
|
Өлшем бірлігі
|
Ақшалай
|
Ақшалай, натуралды, еңбек
|
Есеп беру мезгілі
|
1 жыл, тоқсан
|
Қажетіне қарай
|
Ақпаратқа қол жеткізу
|
Есеп берулерді жариялайды
|
Комммерциялық құпия
|
Ақпараттық көздер ретінде (талдау жасау үшін) тоқсандық, жылдық, бухгалтерлік есеп берулер негіз болады.
Қаржылық жағдайдағы талдауды қаржылық тұрақтылықтан басталған жөн және оған мыналар жатады:
кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық өзгерісін талдау;
қаржылық тұрақтылығын нақты және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
баланс өтімділігін талдау;
төлем қабілеттігін және несие қабілеттігін талдау;
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының өзгерісін талдау кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің нақты және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескерту кажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатын күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша қысқа мерзімді активтердің құрамы мен олардың тартылуына талдау жасау үшін келесі - аналитикалық кесте құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |