3. Майдандағы қазақстандықтар.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге
қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді.
Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов,
В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін
көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті.
Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина,
Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа
ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген
елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден,тұтқиылдан жасалған шабуылға
Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде
болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары,
жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы
кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.
3.Ерте орта ғасырлардағы (VІ-ІХғғ.) Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан
аймақтарын картаға белгілеңіз.
Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жері анықтала
бастады. Батыс қағандық оңтүстік – шығысында Іле, Шу өзендерінен бастап, солтүстік – батысында Еділ мен Кубань
өзенінің төменгі ағысына дейін, ал солтүстік – шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығын алып
жатты. Ал оңтүстік – батысында Тарым, Әмудария өзендеріне дейінгі аймақты қол астына қаратты. Батыс қағанаттың
орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты.
Қағанаттың негізгі этникалық – саяси ұйытқысы «он тайпа» он – оқ бұдун тайпалары мекендеген Қаратаудың
шығыс баурайына Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар ол түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен
Орта Азиядан басып алған отырықшы егіншілік алқаптарына да үстемдік етті.
Достарыңызбен бөлісу: |