C) «өнер-білім бар жұрттар»
D) «Азат жетті»
E) «Ақын ініме»
4. Ахмет Байтұрсыновтың аудармасын табыңыз.
A) «Тіл құрал».
B) «Әдебиет танытқыш».
C) «Анама хат».
D) «Ала қойлар».
E) «Әліп-би».
|
5. С. Мұқанов жұмысшы факультетін (рабфак) қай қалада бітіргенін табыңыз.
A) Шымкент.
B) Орынбор.
C) Орск.
D) Алматы.
E) Қызылорда.
|
6. Саққұлақ, Желаяқ, Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері екенін табыңыз.
A) «Ер Төстік»
B) «Аяз би»
C) «Толағай»
D) «Дүмше молда»
E) «Тоғыз тоқылдақ, бір шіңкілдек»
|
7. Таза мінсіз асыл тас,
’’Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады’’
Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.
A) Ақтамберді.
B) Доспамбет.
C) Асан қайғы.
D) Шалкиіз.
E) Қазтуған.
|
8. Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз.
A) Жарылғас.
B) Жайнақ.
C) Қанай.
D) Баймағанбет.
E) Орынбай.
|
9. Абай: “Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің,”- деп кімге айтатынын табыңыз.
A) Әбдірахманға.
B) Мағауияға.
C) Құнанбайға.
D) Оспанға.
E) Ақылбайға.
|
10. С.Сейфуллиннің «Жемістер» хикаясының оқиғасы қанша жылды қамтығандығын көрсетіңіз.
A) 25 жыл.
B) 15 жыл.
C) 20 жыл.
D) 10 жыл.
E) 5 жыл.
|
11. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының оқиғасы қанша уақытты қамтығанын табыңыз.
A) Екі ғасырды.
B) Жарты ғасыр.
C) Отыз жылдың оқиғасы.
D) Бір ғасырды.
E) Бір ғасырдан ұзақ.
|
12. Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз.
A) Адамның сырт бітімін суреттеу.
B) Оқиғаның мезгілін, орнын көрсету.
C) Бір адамның ұзақ сөзі.
D) Оқиға не оқиғалар жиынтығы.
E) Оқиғалар арасындағы байланыс.
|
13. Найман-Ана аңызындағы (Ш.Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз.
A) Шекер ауылында.
B) Ош оймағында.
C) Сарыөзекте.
D) Ыстықкөлде.
E) Таразда.
|
14. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның екінші бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.
A) «Қатерлі өткел».
B) «Қаһар».
C) «Алмас қылыш».
D) «Жанталас».
E) «Ғашықтар».
|
15. Саиф Сараи- қай дәуір әдебиетінің өкілі екенін белгілеңіз.
A) Көне түркі дәуірі.
B) Түркі бірлестігі дәуірі.
C) Алтын Орда дәуірі.
D) Орта түркі дәуірі.
E) Хандық дәуірі.
|
16. ’’Алдар Көсе’’ аңызында майдың орнына қандай зат салынатынын анықтаңыз.
A) Тезек.
B) Ет.
C) Тулақ.
D) Құрт.
E) Сүйек.
|
17. Сара Біржанмен айтысқанда кімнің үйінде болғанын анықтаңыз.
A) Жүнісбек.
B) Қаптағай.
C) Тұрысбек.
D) Есімбек.
E) Шерубай.
|
18. Шалкиіз қай бидің көмекшісі болғанын белгілеңіз.
A) Жүсіп.
B) Досай.
C) Ысмайыл.
D) Темір.
E) Мұса.
|
19. Сол ерлікпен хан болдың,
Әлем асқан жан болдың...- деген өлең жолдары Үмбетейдің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
A) ’’Бөгембай өліміне’’.
B) ’’Бәкеге’’.
C) ’’Бұқарға’’.
D) ’’Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту’’.
E) ’’Бекболат биге’’.
|
20. Ы.Алтынсарин үлгісімен тәрбиелік мәндегі қысқа әңгімелер жазған жазушыны табыңыз.
A) М.Кәкімжанова.
B) М.Сералин.
C) С.Дөнентаев.
D) С.Сейфуллин.
E) С.Көбеев.
|
21. ’’Жас жүрек’’ (1917 ж.) кімнің өлеңі екенін белгілеңіз.
A) М.Әуезов.
B) С.Дөнентаев.
C) С.Көбеев.
D) М.Сералин.
E) С.Торайғыров.
|
22. Жамбылдың бір болысты әжуалап жазған сатиралық өлеңін атаңыз.
A) ’’Замана ағымы’’.
B) ’’Мәңке туралы’’.
C) ’’Майданға хат’’.
D) ’’Шағым’’.
E) ’’Алынбас қамал’’.
|
23. ²Дүние жүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде-кем-ақ шығар. Әсіресе, осындай дау-жанжалдың арасында жүретіндер езіп-созып, тіпті ұзақ амандасады. Мал-жан, ауру-сырқау, ит-құсқа дейін қалдырмай сұрасады... ² - деген жолдары бар халықтық дәстүрдің небір ғибратты үлгілерін сипаттайтын Ғ.Мүсіреповтің шығармасын көрсетіңіз.
A) ²Боранды түнде² әңгімесі.
B) ²Шұғыла² әңгімесі.
C) ²Этнографиялық әңгіме².
D) ²Жат қолында² романы.
E) ²Оянған өлке² романы.
|
24. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнектің атауын табыңыз.
A) Саз.
B) Ырғақ.
|