І нұсқа Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз. Батыр туса – ел ырысы, … a жаңбыр жауса – жер ырысы



бет10/10
Дата23.10.2023
өлшемі39.66 Kb.
#481487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1492145244296 (1)

A) Ұмай ана.
B) Домалақ ана.
C) Айша-бибі.
D) Елбілге.
E) Томирис.

5- нұсқа



1. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз.
Аққу ұшып көлге кетті.
Сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ
Әркім барар жөнге кетті.
A) Той бастар.
B) Сыңсу.
C) Беташар.
D) Естірту.
E) Жар - жар.

2. Махамбет Өтемісұлының «Әй, Махамбет жолдасым» өлеңі кімге арналғанын табыңыз.
A) Туған жеріне
B) Исатайға
C) Қарауылқожаға
D) Баймағамбетке
E) Жәңгір ханға

3. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.
A) М.Дулатов.
B) Ә.Бөкейханов.
C) Ы.Алтынсарин.
D) Ш.Уәлиханов.
E) А.Байтұрсынов.

4. Бейімбет Майлиннің қоғамдық маңызы үлкен әлеуметтік мәселелерді қозғайтын поэмасын белгілеңіз.
A) «Байдың қызы».
B) «Жазғы қалып»
C) «Көңіл айту».
D) «Кемпірдің ертегісі».
E) «Ауылда».

5. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын көрсетіңіз.
A) Адамгершілік қасиет.
B) Табиғат, жер.
C) Білім, өнер.
D) Достық.
E) Кедейлердің аянышты халі.

6. Ер Төстіктің қалыңдығының атын табыңыз.
A) Гүлбаршын.
B) Назым.
C) Қаракөзайым.
D) Кенжекей.
E) Құртқа.

7. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел, саналы қыз образын белгілеңіз.
A) Қамар сұлу
B) Шолпан
C) Сұлушаш
D) Баян сұлу
E) Айман

8. ХVІІ ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.
A) Жиембет.
B) Асан қайғы.
C) Махамбет.
D) Доспамбет.
E) Шалкиіз.

9. Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз.
A) Жайнақ.
B) Жарылғас.
C) Қанай.
D) Баймағанбет.
E) Орынбай.

10. Дулат Бабатайұлының туған жылын табыңыз.
A) 1802 ж.
B) 1904 ж.
C) 1874 ж.
D) 1835 ж.
E) 1892 ж.

11. Aбайдың қай қара сөзі тек афоризмдерден тұратынын анықтаңыз.
A) Бесінші.
B) Он тоғызыншы.
C) Отыз жетінші.
D) Он бесінші.
E) Үшінші.

12. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) "Оянған өлке".
B) "Қалқаман-Мамыр".
C) "Ақбілек".
D) "Батыр Баян".
E) "Абай жолы".

13. ²Егемен Қазақстан² газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.
A) ²Орда².
B) ²Еңбекші қазақ².
C) ²Кедей сөзі².
D) ²Тіршілік².
E) ²Әдебиет майданы².

14. Ш.Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» хикаятында: «Тырнаның ерте қайтқаны жақсы ырым, биыл егін бітік шығады екен!» деген жолдарды кімнің айтқанын табыңыз.
A) Ергеш.
B) Еркінбек.
C) Сұлтанмұрат.
D) Төреаға.
E) Анатай.

15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
B) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
C) Қорқыт ата.
D) ’’Құдатғу біліг’’.
E) ’’Мұхаббат-наме’’.

16. Алдар Көсенің шайтанды алдауына арналған аңыздарды сюжеті мен құрылысы жағынан әңгіменің қандай түріне жатқызуға болатынын көрсетіңіз.
A) Күлдіргі әңгіме.
B) Шытырман оқиғалы.
C) Қайғылы әңгіме.
D) Діни әңгіме.
E) Қорқынышты әңгіме.

17. Жыраулар толғауында көп кездесетін өлең үлгісін анықтаңыз.
A) Эпиграмма, арнау жырлары.
B) Қара өлең.
C) Бейне өлең.
D) Баллада.
E) Ән өлең.

18. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.
A) Тәуке хан.
B) Жәңгір хан.
C) Қасым хан.
D) Абылай хан.
E) Есім хан.

19. Ы.Алтынсариннің жастарға бата ретінде жазған шығармасын белгілеңіз.
A) «Өнер-білім бар жұрттар»
B) «Қыпшақ Сейітқұл»
C) «Асыл шөп»
D) «Таза бұлақ»
E) «Кел, балалар, оқылық!»

20. "Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам".
А.Байтұрсынов осы жолдарды жазуға мәжбүр болған себебін анықтаңыз.
A) Ел мұңы.
B) Әкесінің ұсталуы.
C) Оқуға еріксіздігі.
D) Кедейлік.
E) Ғашықтық.

21. Сұлтанмахмұттың балалық шағы өткен жерді табыңыз.
A) Ақтөбе.
B) Көкшетау.
C) Атырау.
D) Өскемен.
E) Павлодар.

22. «Күйші» поэмасындағы кейіпкерді табыңыз.
A) Жамал.
B) Сұлушаш.
C) Айша.
D) Қарашаш.
E) Лағыл.

23. Ғ.Мүсіреповтің ’’Қазақ солдаты’’ романы 1945 жылы алғаш қандай атпен жарық көрді?
A) ’’Ақлима’’.
B) ’’Ботагөз’’.
C) ’’Жұмбақ жалау’’.
D) ’’Қазақ батыры’’.
E) ’’Қазақ айнасы’’.

24. Диалог дегеніміздің не екенін табыңыз.
A) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.
B) Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану.
C) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
D) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеу.
E) Табиғат көркін суреттеу.

25. Құтбтың Низамиден аударған дастаны қалай аталатынын табыңыз.
A) ’’Ақиқат сыйы’’.
B) ’’Мухаббат-наме’’.
C) ’’Хұсрау-Шырын’’.
D) ’’Хисса-сул әнбия’’.
E) ’’Кодекс куманикус’’.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет