1. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
A) Еңбек тақырыбы.
B) Батырлық, ерлік тақырыбы.
C) Өнер - білім тақырыбы.
D) Ынтымақ, бірлік тақырыбы.
E) Достық тақырыбы.
|
2. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.
A) Абылай хан
B) Тәуке хан
C) Жәңгір хан
D) Әбілқайыр хан
E) Жолбарыс хан
|
3. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.
A) «Талаптың пайдасы».
B) «Қыпшақ Сейітқұл».
C) «Атымтай Жомарт».
D) «Бай баласы мен кедей баласы»
E) «Әке мен бала»
|
4. «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» еңбектерінің авторын белгілеңіз.
A) Ғ.Тоғжанов.
B) М.Әуезов.
C) М.Дулатов.
D) А.Байтұрсынұлы.
E) С.Сейфуллин.
|
5. С. Мұқановтың әйгілі романын табыңыз.
A) «Майға сәлем».
B) «Есею жылдары».
C) «Сұлушаш».
D) «Ботагөз».
E) «Сырдария».
|
6. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.
A) А.Яссауи.
B) М.Қашқари.
C) Қорқыт.
D) С.Сараи.
E) Ж.Баласағұн.
|
7. ’’Алтын сақа’’ ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін белгілеңіз.
-Осындай бәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр, бәйтеректің түбін жалмауыз кемпір қазып жатқандықтан, енді құлауға таяу тұр.
A) Төбет.
B) Жалмауыз.
C) Бай.
D) Қарлығаш.
E) Бай баласы.
|
8. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Жиембет.
B) Жиренше.
C) Қазтуған.
D) Доспамбет.
E) Асан қайғы.
|
9. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз.
A) Доспамбет.
B) Ақтамберді.
C) Бұқар.
D) Қазтуған.
E) Шалкиіз.
|
10. Дулат ақынның әкесін табыңыз.
A) Шортанбай.
B) Еспенбет.
C) Сағынай.
D) Жиембет.
E) Бабатай.
|
11. Абайдың Әйгерімге деген жан сезімін білдіретін өлеңін табыңыз.
A) “Сап-сап көңілім”.
B) “Бойы бұлғаң”.
C) “Жарқ етпес қара көңілім”.
D) “Қызарып, сұрланып”.
E) “Көзімнің қарасы”.
|
12. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.
A) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.
B) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.
C) Міндетті түрде өмірде болған адамдар.
D) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін
образдар.
E) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.
|
13. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз.
|