I салықтың мәнi, принциптерi, түрлерi мен қызметтерi Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі



бет2/4
Дата17.06.2016
өлшемі491 Kb.
#142886
1   2   3   4

Инвестиция түрлері


Инвестициялау объектілері бойынша



Нақты (тікелей)



Қаржылық (қоржындық)




Инвестициялау мерзіміне қарай






Қысқа мерзімді



Ұзақ мерзімді




Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипаиына қарай



Тікелей



Тікелей емес (жанама)



Инвестицияланатын капиталдың меншік нысанына қарай






Жеке


Мемлекеттік


Аралас





    1. сурет – Инвестицияларды жіктелу

белгілері
Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвеститциялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.

Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.

Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.

Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.

Ұзақ мерзімді инвестициялар деп кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестиция-лардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипатына қарай тікелей және тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-дилерлік компаниялар) немесе инвестициялық қорлар қатыса алады.

Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады. Жеке инвестициялар жеке тұлғалар мен мелекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.


1.4 Инвестициялық қызметті басқару, инвестицияның механизмі
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететін сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.

Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:

- инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару – бұл инвестиция-лық қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;

- жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман талап-тарына сай әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылау-ды қамтиды;

- жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару – бұл кәсіпорын тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен сипатталады.

Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың инвестицияларды басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік (1.3-сурет)



Инвестицияның басқару кезеңдері


Елдегі инвестициялық жағдайды талдау



Инвестициялық қызметтің нақты бағыттарын таңдау



Инвестициялаудың нақты объектілерін таңдау




Инвестициялардың өтімдлігін бағалау



Инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау



Инвестициялық тәуекелдерді басқару




1.3-сурет Инвестицияларды басқару барысы

Кәсіпорын деңгейдегі инвестициялырды басқарудың бірінші кезеңі – бұл елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей көрсеткіштерді ескереді:

- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік тауарлардың өндіріс көлемінің динамикасы;

- ұлттық табысты бөлудің динамикасы;

- мемлекеттің инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуі, бақылауы және ынталандыруы;

- инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар нарығының, даму деңгейі.

Келесі кезең – кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын наықтау. Бұл кезеңде кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, орнымен қатар өз қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі инвестициялаудың негізгі нысандарын анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық тартымдылығы, яғни олардың конъюктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі.

Экономика салаларының инвестициялық тартымдылығын зерттеу барысында жүлгізілген талдау жұмыстары келесідей маңызды сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді;



  • осы саланың елдегі және әлемдегі дамуының тарихи негіздері;

- бәсекелестік шарттары – салаға кіру кезіндегі бөгеттердің болуы, саладағы бәсекелестердің өзара қатынастары, солардың өнімі тәріздес тауарлардың пайда болу мүмкіндігі;

- өндірушілердің өндірістік қабілеті мен сатып алушылардың төлем қабілеттілігі;

- осы салаға байланысты қолданыстағы заңнаманың негіздері;

Аталған мәліметтер бойынша осы саладағы кәсіпорындарға инвестициялар салудың тиімділігі мен болашағы туралы қорытындылар қалыптасады.

Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың нақты объектілерін таңдау, инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша сараланып, олардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап алынады.

Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі – инвестициялардың өтімділігін анықтау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорындар жекелеген инвестициялық объектілері боынша инвестициялық жағдайдың өзгеруі нәтижесінде болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін ескерулері қажет. Сондықтан да барлық өзгерістерді жан-жақты қадағалап, инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды қайта инвестициялау туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек. Осындай жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша алдын-ала инвестициялардың өтімділігін бағалап, солардың ішінен өтімділік деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге асырған абзал.

Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі – инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар тарту туралы шешім қабылданады.

Жоғарыда аталған шаралардың барлығын жүзеге асырған соң кәсіпорынның инвестициялық қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын кәсіпорынның барлық инвестициялық жобаларының жиынтығы болып табылады.

Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі – инвестициялық тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер боынша кездесу мүмкін тәуекелдерді анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар қолданылады.


II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСIНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Нарықтық экономиканың белсендi өкiддерiнiң бiрi - кәсiпкерлер. "Кәсiпкер" ұғымын алғаш рет 18-ғасырдың басында ағылшын экономнистi Ричард Кантильон енгiздi. Одан кейiнгi кезендерде "кәсiпкерлiк", "кәсiпкер" үғымдарына өзiндiк түсiнiктерiн калыптастырып, кәсiпкерлiк теориясын өндеуде экономикалық теориядағы классикалық мектептiң көрнектi өкiлдерi А.Смит, Ж.Б.Сэй, В.3омбарт, Й.Шумпетер, тағы баскалары бiршама үлес косты. Сондай-ақ П. Друкер, Дж. М. Кейнс, Т. Питере, П.Самуэлсон, Д. Эванс, Ф. Хайек тәрiздi бiркатар шетелдiк экономистердiң ғылыми еңбектерiнде кәсiпкерлiктiң, шағын және орта бизнестiң теориялық және әдiстемелiк негiздерi талданып, зерделенген.

Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде карастырады: экономикалық категория ретiнде; экономикалық ойлау типi ретiнде; шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде.
Экономикалық категория ретiндегi
Кәсiпкерлiктiң сипаттамасы үшiн маңызды мәселе оның субъектiсi мен объектiсiн анықтау болып табылады. Кәсiпкерлiктiң объектiсi жеке тұлғалардың (жеке, отбасылык, шағын және орта бизнес өкiлдерi, т.б.) қызметi, сондай-ақ жаддамалы жұмыс күшiнiң еңбегiн пайдалану арқылы қалыптасады.

Кәсiпкерлiк қызмет экономикалық мүдде мен шарт қатынастары бойынша өзара байланысты тұлғалар тобы аркылы жүзеге асырылады. Сонымен бiрге, кәсiпкерлiк субъектiсi акционерлiк қоғамдар, кооперативтер, жекелеген жағдайларда мемлекеттiң сәйкес органдары да болуы мүмкiн. И.Шумпетердiн пiкiрiнше, экономикалық ресурстарды үйлестiрудiң барлық жаңада тәсiлдерi кәсiпкердiң басты жүмысы болып табылады. Кәсiпкер түтынушыға беймәлiм жаңа игiлiктердi дайындау мақсатымен ресурстарды үйлестiредi; өткiзу нарығының жаңасын игередi. Сонымен катар нарықтағы жағдайға, сұраныс пен ұсыныс динамикасына, жалпы тауар-ақша қатынастары жүйесiндегi қалыптасқан жағдайларға тәуелдi болып қеледi. 0сы тұста кәсiпкерлiк қызметтiң түрақты серiгi - тәуекелдiлiк, қауiп-қатер туралы айтпай кетуге болмайды. Өйткенi тәуекелдiлiк, кауiп-қатер беймәлiмдiлiкпен байланысты және жүргiзiлген болжам мен есептiң өзi күтпеген жағдайдың алдын ала алмайды.

Шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiндегi кәсiпкерлiк үшiн басты шарт - шаруашылық түлғалардың тәуелсiздiгi, дербестiгi. Соңдай-ақ, кәсiпкерлiк қызмет түрiн тандау; бизнес-жоспар қүру, қаржыландыру және оны жүзеге асыру; өнiм өндiру, оған баға белгiлеу және оны өткiзу пайданы қолдану тәрiздi еркiндiк пен құқықтың белгiлi бiр жиынтығының болғаны дүрыс.

Экономикалық ғылымда ендiрiстiң төрт факторы қарастырылған: еңбеқ, капитал, жер, кәсiпкерлiк. Бүл жерде кәсiпкерлiктi төртiншi фактор ретiнде ғана емес, еңбек, капитал, жер төрiздi үш негiзгi өндiрiс факторларын бiрiктiрiп жүзеге асырудың үздiк әдiстерiн iздестiрiп, жүмылдыру процесi ретiнде де қарастыруға болады. Ал елiмiзде кәсiпкерлiкке қазiргiдей көңiл бөлiнiп отырған түста, өз iсiн ашуға бел буған әрбiр азамат пайда табу жолын ғана емес, өндiрiс факторларының үйлесiмдi жұмыс жасауына, оның iшiнде кәсiпкерлiктiң өндiрiс факторы ретiндегi маңыздылығына ерекше көңiл бөлген жөн.

Қазiргi тандағы елiмiздегi езектi мәселелердiң бiрi - шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту. Өйткенi ол әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бiрi болып табылады. Жекелеген дамыған еддерде шағын және орта кәсiпкерлiк өнеркәсiп өндiрiсiнiң 50-70 пайызын құраса, онда жүмыспен камтылғандардың саны 60-80 пайыз аралығында. Бiздiң елiмiзде де казiргi танда эқономиканың аталмыш секторындағы субъектiлердiң саны күн санап өсуде және оның дамуына басым көңiл бөлiнуде. Елбасы ұсынған "Қазақстан-2030" сратегиялык бағдарламасының бөлiмдерiнiн бiрi елдегi шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту болып табылады. Экономиканың аталмыш секторын қолдау барысында бiршама шаралардың жүргiзiлiп жатканы баршаға аян. Атап айтканда, олардың iс-әрекет барысына ыкпал ететiн нормативтiк күжаттар қабылданып, жұмыс жасауда; жана Салык Кодексi iске косылып, онда шағын бизнес субъектiлерiне салық салудың арнайы режимi карастырылып, банктер тарапынан әр түрлi мерзiмге несиелер берiлуде, т.с.с. Осындай кол жеткiзген нәтижелерiмiздi одан әрi жетiлдiру барысында жекелеген қағидаларды басшылыкка ала отырып, жұмыс жасауымыз керек. Атап айтканда, макроэкономикалық тұрактылык, яғни мемлекеттiк бюджет тапшылығын мүмкiндiгiнше төмен денгейге жеткiзу, женiлдiкпен несиелендiру, артык ақша эмиссиясын болдырмау болып табылады. Макроэкономикалык тұрақтылыкты камтамасыз ету барысында жедел шешудi кажетсiнетiн мәселелердiң бiрi-инфляция қаркынын темен деңгейде ұстау. Инфляцияға карсы саясатты бюджет тапшылығын неғұрлым төменгi деңгейге жеткiзбейiнше жүзеге асыру киын мәселе. Бюджет шығысын бюджет кiрiсiнiң негiзiнде калыптастыру оның негiзгi институты- салык жүйесi арқылы iске асырылады. Бүл тұста салық жүйесi идеологиядан тыс және саяси бейтарап болуы шарт. Көптеген елдердiң экономикалык даму тәжiрибесi көрсеткендей, салык жүйесi экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi қүралдарының бiрi болып табылады. Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет қiрiсiн қамтамасыз етуге, қоғам мүддесiн қолдауға болады. Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушiнiң салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкiншiлiгi төмендейдi. Сондықтан мемлекеттер салықтар, салық ставкалары мен жеңiлдiктерi тәрiздi реттеу қүралдары арқылы реттеушiлiк кызметiн жүзеге асыру барысында онын экономиканы, өңдiрiс пен инвестицияны ынталандыруға тигiзетiн әсерiн де басты назарда ұстау шарт. Сонымен бiрге, салық жүйесi салық қатынастарының негiзiн қалыптастыратын белгiлi бiр қағидаларға негiзделедi Демек салық салу қағидаларының ғылыми зерделенiп талдануы мен жүйелендiрiлуi эқономикалық қатынастар үшiн маңызды. Баршамызға белгiлi үзақ жылдар бойы қалыптасқан әдiлеттiлiк, қарапайымдылық, үнемдiлiк тәрiздi классиқалық қағидалардан өзге нарықтық эқономикалы өркениеттi елдердiң салық жүйесiн қүруда мынадай қағидалар қалыптасқан:

1)төлем қабiлеттiлiқ қағидасы, яғни салық салу ауыртпалығы алынған табыс мөлшерiне байланысты болуы қерек;

2) ұтымдылық қағидасы, бұл жерде салықты берiлген мемлекеттiк игiлiктерден барынша көп немесе соған тең түсiм алған тұлғалар төлейдi.

2001 жылғы 12 маусымда қабылданған Салық Кодексiнде елiмiздiң өзiнiң салық салу қағидалары тұжырымдалған. Олар: салық салудың мiндеттiлiгi, яғни салық төлеушi салық зандарына сәйкес салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi толық әрi уақытылы төлеуге мiндеттi;

айқындылығы, яғни салық төлеушiлердiң салық мiндеттемелерiнiң туындауының, орындалуының, тоқтатылуының барлық негiздерi мен тәртiптерiн салық заңнамаларында бекiту мүмкiндiгiн көрсетедi;

- салык салудың әдiлеттiлiгi, яғни Қазақстанда салық салу жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады, ал жеке сипаттағы салық жеңiлдiгiн беруге тыйым салынады;

- салык жүйесiнiң бiртұтастылығы, яғни Қазакстан Республикасының салық жүйесi бүкiл ел аумағында барлық салык төлеушiлерге қатысты бiртұтас болып табылады;

- салық заңнамаларының жариялылығы, яғни салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк қүқықтық актiлерiн ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға тиiс.

Оңтайлы үйымдастырылған салық жүйесi мынадай салық салу қағидаларына негiзделуi керек:

- салық заңнамасының түрақты болуы;

- салық төлеушiлермен мемлекет арасындағы қатынастар қүқықтық негiзде болуы керек;

- салықтар салық төлеушiнiң табыс мөлшерiне байланысты алынуы тиiс;

- барлық салық төлеушiлер заң алдында бiрдей;

- салык құпиясының сақталуы,т.б.

Бұл жерде ескере кететiн бiр жайт, бұл тетiктер өзге де экономикалық тетiктермен үйлесiлмдi жұмыс жасағанда ғана оң нәтиже бередi. Демек салықтық реттеудiң бiр жағынан жиынтық сұранысқа әсер ету арқылы ұдайы өндiрiс деңгейiн өзгертуге бағытталса (макродеңгей), екiншi жағынан төлеушiнi ынталандыру арқылы әсер етуге (микродеңгей) бағытталады. Сондықтан нарықтағы кәсiпкер заңды және жеке тұлғалардың, өзге субъектiлердiң iскерлiк белсендiлiгiн ынталандыру, олардың бәсекелiк қабiлетiн арттыру, экономика салаларының қалыпты дамуына жағдай жасау үшiн салықтардың мемлекеттiк басқа да реттеу құралдарымен үйлесiмдi қызмет етуiн жандандырған ләзiм.

2.1 Қазақстандағы салық жүйесiндегi мәселелер
Қандай да болмасын мемлекеттiң салық жүйесi негiзiнен екi қызметтi атқарады. Бiрiншiсi фискалды қызмет болса, екiншiсi реттеушi қызметi. Фискалды қызмет ешкiмдi де алаңдата қоймайды себебi кез келген мемлекеттiң өмiр сүруi үшiн қаражаттың қажеттiлiгi өте маңызды нәрсе. Реттеушi қызмет әркiмнiң, мейлiң мемлекеттiң немесе кәсiпкерлердiң болсын, аса қызықтыратын мәселесi болып табылады. Баршамызға белгiлi таразының екi жағы бар, бiрiншiсi мемлекеттiң қажеттiлiгiнен туындаса, ал екiншiсi еркiн кәсiпкерлiктi ұстағандардың мүдделерiнен шығады.

Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеушi қызметiне кеңiнен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтiн жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеушiлiк рөлi негiзiнен мынадай шартарға жауап беруi қажет: мемлекеттiк бюджетке түсетiн кiрiс мөлшерiнiң белгiлi бiр деңгейiн ұстап отыру және кәсiпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестiру.

Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясында болашақтағы мемлекетiмiздiң негiзгi байлық кезi шикiзатты, соның iшiнде ең бiрiншiден мұнайды экспорттау болып табылады.

Осыған сәйкес, салық жүйесiнiң алдында тұрған маңызды мәселелердiң бiрi шикiзатты экспорттаушыларға са­лынатын салықтардың тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

Үкiмет басшысының хабарлағанындай, 1999 жылдың қорытындысы бойынша, мұнайды экспорттаудан тек салық түрiнде ғана мемлекеттiк бюджетiмiзге 500 миллион АҚШ дол­лары шамасындағы қаржы түспей қалған. Мүндай көлемдегi қаржы респуб-ликалық бюджетiмiздiң төрттен бiр бөлiгiндей мөлшерiн құрайды. Егер бұл көрсеткiштек қана мұнай саласында орын алған болса, онда елiмiздiң бүкiл шикiзатын экспорттаудан түспей қалған қаражаттың мөлшерi қандай болар екен?

Осындай көлеңкелi экономиканың келеңсiз әрекеттерiнен елiмiздегi күнделiктi тұрмыстық қажеттiлiктерге аса зәру болып отырған түрғындар-дың бөлiгi көп зардаптар шегуде. Екiншi жағынан, салық салынатын базаның кемуiнен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсiпорындарға жүктелетiн салық ауыртпалығы арта түсуде.

Аталған кемшiлiктердi жою үшiн, ең алдымен салық заңына жаңадан өзгертулер енгiзу аса қажет. Кiрiс министрiнiң атап өткенiндей, жаңадант қабылданған салық кодексiнде айтар-лықтай өзгерiстер енгiзiлмеген, демек, жiберiлген кемшiлiктер алдағы уақытта да жiберiлуi мүмкiн. Әрине енгiзiлетiн өзгерiстер әбден саралануы және салық жылының басынан бастап iске асуы қажет. Салық төлеушiлер үшiн салық жүйесiнiң ең болмағанда үш-бес жылға дейiн тұрақты болып қалуы аса маңызды шарт болып табылады. Тұрақсыз экономи­ка жағдайында бұлай болу әрине мүмкiн емес, әсiресе жалпы iшкi өнiмнiң мөлшерi дүниежүзiлiк бағаға тәуелдi жағдайында бұл өте қиынға соғады.

Жер қойнауындағы табиғи байлықтарды өндiрушiлердiң табыстары әлемдiк бағаға байлансты екенiн ескере отырып, оларға салынатын табыс салығына прогрессивтi ставканы енгiзген дұрыс болар едi. Егер шикiзаттың қалыптасқан бағасы орташа көрсеткiштен жоғары болып қалыптаса, онда осындай шикiзатты экспорттаушы кәсiпкерлер бағаның артық мөлшерiндегiдей пайызда қосымша табыс табады. Бұл артық табыс мөлшерi қазiргi салық заңында кәсiпорындардың iшкi пайда нормаларына сәйкес үстеме пайда салығы арқылы алынып отыр. Бұл аталған салықтың кемшiлiгi мынада: бiрiншiден, iшкi пайда нормасын анықтау кезiнде оның мөлшерiне әр түрлi себептер мен субъективтi жағдайлар әсер етуi мүмкiн, екiншiден, пайда нормасын қайта-қайта қарастырып, отыру қажет, өйткенi шикiзаттың әлемдiк бағасы күн сайын өзгерiстерге ұшырауы мүмкiн.

Аталған кемшiлiктердi жою үшiн шикiзатты өндiрушiлерге салынатын табыс салығының базасын кәсiпорынның iшкi пайда нормасынан шикiзаттың сатылу уақытындағы қалыптасқан әлемдiк бағасы мен шикiзатты өндiру мен тасымалдауға кеткен шығындардың айырмасына ауыстыру керек. Бұл арада нелiктен шикiзаттың сатылу бағасы емес, сатылған уақыттағы қалыптасқан әлемдiк баға алынып отыр? Оған себеп, кез келғен шикiзатты болсын, дайын өнiмдердi болсын экспорттаушы кәсiпорындар сатылу бағасын жасалған келiсiм шарттарында төмендетiп жазып, сөйтiп табыс мөлшерiн азайтып көрсетуi әбден мүмкiн, ал белгiлi бiр уақытта қалып­тасқан шикiзат бағасын кемiтiп көрсету мүмкiн емес және оның дұрыстығын тексеру онша қиынға соқпайды. Сонымен қатар шикiзаттың өзiндiк құны мен тамысымал шығынын анықтау көп жағдайда тұрақты болып қалады. Бұл ара­да экспортаушы кәсiпорындардың келiспейтiн жақтары орын алуы мүмкiн, мәселен, Қазақстан шикiзаты сапасының төмендiгi. Шын мәнiнде туындай-тын қайшылықтарды реттестiру қиын емес.

Егер экспортталатын шикiзаттың әлемдiк бағасы күрт төмендеп кетсе. онда мәселе қалай шешiлмек дегэн сұрақтың қойылуы сөзсiз. Оған жауап беру үшiн, мұндай зкспорттың елiмiз үшiн маңыздылығын сарапқа салуымыз қажет. Егер әлемдiк баганың төмендеуiне қарамастан шизатты экспорттау елiмiз үшiн маңызды болып қала берсе, онда өндiрушi кәсiпорындарға мемлекет тарапынан көмек көрсету аса қажет. Салық салу жағынан шикiзатты экспорттаушылар үшiн көмектi табыс салығы ставкасын төмендеген сайын пропорционалды түрде табыс салығы ставкасын да азайту қажет. Мұндай әрекет шикiзатты өндiрушiлер мен экспортта­ушылар үшiн едәуiр көмек болар едi. Әрине, салықтай көмектiң де белгiлi бiр шегi болуы тиiс, егер экспорттала­тын шикiзаттың әлемдiк бағасы белгiлi бiр деңгейден төмендеп кететiн бол-са, онда мұндай шикiзатты өндiрудi тоқтату қажет болады.



Сонымен, шикiзатты экспорттаушыларға қолданылып келген үстем пайдаға салынытын салықты алып тастап, бiр ғана прогрессивтi табыс салығын қолданған дұрыс болар едi.

Осы аталған салық төлеушiлер мен елiмiздiң экономикасында орын алып отырған монополиялық кәсiпорындарды теңестiрiп қарауға болады. Өйткенi монополиялық кәсiпорындар өз кезегiнде үстеме пай­да табу үшiн, өздерiнiң тауар немесе қызмет бағаларын қайта-қайта көбейтуте құштар болып отыр. Мемлекет тарапынан монополияға қарсы комитеттiң бағытының өсуiн тежейтiн белгiлi бiр ролi орын алғанымен, әр түрлi жолдармен монополиялық кәсiпорындар әлi де болса мұндай әрекеттерiн тоқтата қойған жоқ. Осыған орай, бағаның өсуiне кедергi болатын әкiмшiлiк жүйеден бөлек экономикалық жол да орын алуға тиiс сияқты. Әңгiме бағаның тұрақты жағдайда болуын ынталандыратын салықтың қажеттiлiгiнде болып отыр. Кейбiр экономикасы дамыған батыс елдерiнде, тұрғындардың өмiрiне аса қажеттi салалардағы кәсiпорындар үшiн пайда нормасы мемлекет тарапынан 12% шамасында етiп қойылған. Яғни кәсiпорын осы нормадан артық тапқан табысын салық түрiнде түгелдей мемлекет бюджетiне өткiзуi тиiс. Қазақстан жағдайында халыққа комуналды қызметтер көрсетiп отырған жеке және мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн мемлекет тарапынан мұндай қысымдық көрсету көптеген қиыншылықтарға алып келуi мүмкiн. Мысалы, инвестиция жасаған компания аталған саладан өз қаржысын алып, пайда нормасы жоғары болатын салаға ауысып кетуi әбден мүмкiн. Сондықтан Қазақстандық кәсiпорындар үшiн iшкi пайда нормасын инфляциялық пайызды ескере отырып, 20—25%-ға дейiн көтеруге болады. Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен монополияға қарсы комитет моно­полиялық кәсiпорындардың осылайша белгiленген пайда мөлшерiнiң дұрыс сақталуын қадағалап отыратын болса, жвткiлiктi болар едi. Осындай шара-лардың нәтижесiнде мемлекеттiк бюджетке түсетiн кiрiс түсiмiнiң ұлғаюымен бiрге Қазақстандықтұтынушылар үшiн монополиялық кәсiпорындардың қызметтерi арзанырақ түсетiн блады. Қорыта айтқанда, монополиялық кәсiпорындар баганың көтерiлуiне айтарлықтай қызықпайтын болады, себебi баға көтерiлгенiмен кәсiпорынның пайда мөлшерi еш өзгермейдi. Мемлекет тарапынан болатын мұндай әрекет нарықтық қатынастарға ешқандай кедергi болмайды, керiсiнше, бұл нарық кезiндегi мемлекеттiң экономиканы реттеудегi әрекетiнiң бiр жолы болып саналады. Аса бiр ойландырып жүрген мәселенiң бiрi — жеке тұлғалардың та-бысына салынатын салықтардың мәлшерi. Қазiргi таңда кәсiпорындарда қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жалақыларына екi түрлi: табыс салығы және әлеуметтiк салық салынады. Сонымен қатар мiндеттi түрде жалақының он пайызы зейнетақы қорына аударылады. Мәселенiң жайын жалақыны төлейтiн заңды тұлғалар жағынан қарайтын болсақ, онда жалақы үлестiру бары-сында кәсiпорындардың қосымша қаржыға шықындалуын байқаймыз. Жалақы қоры неғұрлым көбейген сайын кәсiпорындар әлеуметтiк салықты соғұрлым көп төлейдi. Бұл қызметкерлердiң еңбек ақысын көтеруге кәсiпорындар мүдделi емес деген сөз. Жалақы мөлшерiн көбейткен күннiң өзiнде кәсiпорындар әр түрлi жолдармен нақты жалақы мөлшерiн азайтып көрсетуде. Осыған байланысты Қазақстан салықжүйесiнiң алдында қалайша елiмiздiң азаматгарының орташа жалақы мөлшерiн қөтеруге болады және кәсiпорындарды қандай жолдармен жалақыны көтеруге ынталандыруға болады деген мәселелер тұр.

Қазақстан салық жүйесiнде орын алып отырған әлеуметтiк салық компа­ния қожайындарының өз қызметкерлерiнiң жалақы мөлшерiн көбейтуiн ынталандыру тұрмақ, керiсiнше бұл салықтан қалай құтылуды ойлап, бастарын қатыруға итерiп отыр. Мәселе тек әлеуметтiк салық ставкасының жоғарылығында қана болып отырған жоқ, сонымен қатар бұл салық салынатын базада да болып отыр. Дамыған мемлекеттердегi әлеуметтiк салықтың ставкасы 4—12 пайыз аралығында болып, оны тек компаниялардың өздерi емес, жалақы алушылармен бөлiсiп төлейдi. Қазақ-станның жалақы алушы азаматтары әлеуметтiқ салықтың ауыртпалығынан құтылғанымен, жалақы төлеушi компанияларға үлкен ауыртпалық жүктелiп отыр. Себебi жылдық жалпы жалақы қоры орташа есеппен алғанда компаниялар пайдасының 40—70 пайызын құрайды, ал осы уақытқа дейiн әлеуметтiк салық ставкасы 26 пайызды құраған болса, кәсiпорындар өз пайдаларының 18 пайызына дейiнгi мөлшерiн мемлекеттке әлеуметтiк салық түрiнде төлеуге мәжбүр бола-ды екен. Бұған 30 пайыздық заңды тұлғаларға салынатын табыс салығын қосатын болсақ, компанияларға жүктелетiн салық ауыртпалығының жоғары екенiн көруге болады.

Тәжiрибе көрсеткендей, компани-ялардың басым көпшiлiгi әлеуметтiқ салықтан құтылудың белгiлi жолдарын пайдаланып, салық комитеттерiне шын жалақы қорының тек 30—40% пайыздайын ғана көрсетуде. Әрине, салық-тарды толық төлеп жүрген кәсiпорындар да жеткiлiктi және он-дайларға көп алғыс айту қажет.

Осы аталған мәселеге байланысты мынадай үсыныс туындайды.

Әлеуметтiк салықты төлеушi компани­яларға жүктелген ауыртпалықты жеңiлдетудi салық ставкасын төмен-детпей-ақ, салық салу базасының ауқымын азайту арқылы жүргiзуге бо­лады. Әлеуметтiк салықтың салынатын базасы жалақы қоры болғандықтан, осы салық салынатын жалақы қоры мөлшерiн азайту қажет. Ол үшiн ең жоғарғы әлеуметтiк салық салынатын жалақы қорынанықтау қажет және жа­лақы қорындағы тек сол мөлшерге дейiнгi жалақыға әлеуметтiк салық салынуы қажет, ал ондай мөлшерден артық жалақыға компаниялар мүлдем әлеуметтiк салық төлемеуi қажет. Мы-салы, әлеуметтiк салық салынбайтын бiр адамға шаққандағы жалақы мөлшерi 45000 тенге болатын болса, онда жалақы қоры 300000 тенгенi құрайтын компания төмендегiдей ретте өз жалақы қорынан әлеуметтiк са­лықты төлейтiн болады.

Компания қызметкерлерi

Төленетiн жалақы мөлшерi (тенге)

45000-нан асатын мөлшер

1-қызметкер

50000

5000

2-қызметкер

40000



3-қызметкер

60000

15000

4-қызметкер

20000



5-қызметкер

100000

55000

6-қызметкер

30000



Барлығы

300000

75000



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет