I салықтың мәнi, принциптерi, түрлерi мен қызметтерi Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі



бет3/4
Дата17.06.2016
өлшемі491 Kb.
#142886
1   2   3   4

Таблицада көрсетiлгендей, компанияның тек үш қызметкерi ғана 45000 тенгеден артық жалақы алады, ал жа­лақы қоры бойынша компания 75000 тенгеден әлеуметтiк салық төлемейдi. Яғни компания қожайындары өз қызметкерлерiнiң жалақыларын көтергенде айтарлықтай қосымша шығындарға үшырамайтын болады. Сонымен мүндай өзгерiстер компаниялар үшiн өте тиiмдi болып табылады, ал мемлекет қандай жағдайда болады екен?

Бұл сұраққа жауап беру үшiн алдымен әлеуметтiк салықты төлейтiн және төлемейтiн компаниялардың арақатынасын есептеу қажет. Шын мәнiнде, ортадан жоғары болатын жалақылары бар компаниялардың көпшiлiгi әлеуметтiк салықты төлемейтiндер болып табылады. Егер осы өзгерiстi енгiзе отырып, республикада қызмет атқарып отырған компаниялардың барлығына дұрыс түсiнiктеме жүргiзiлсе, бұл өзгерiстен мемлекеттiк бюджет үшiн тиiмдiлiктiң жоғары болары анық.

Жоғарыда көрсетiлген элеуметтiк салық төленбейтiң деңгей 45000 тенге шамасында алынған, бұл мөлшер бiрiншiден елiмiзде қалыптасқан орташа жалақы мөлшерi 15000 тенгеден үш есе көп, ол деген сөз, әлеуметтiк салық қамтылған компаниялардың жалақы қоры республика бойынша айтарлықтай өзгерiстерге ұшырамайды. Қазiргi таңда республика Президентiнiң басшылығымен әлеуметтiк салық ставксы 26 пайыздан 21 пайызға дейiн төмендетiлдi. Соны-мен әлеуметтiк салық бойынша атал-ған өзгерiстердiң нәтижесiнде мемлекетке, компанияларға, әсiресе елiмiздiң азаматтарына келер пайда айтарлықтай болар едi. Республикамызда өмiр сүрiп темен азаматтар үшiн салық заңымызда жеңiлдiктер қарастырылмаған деуге болады. Мысалы, салық заңында жеке тұлғалардың таб-сытарына қолданылатын шегерiмдердiң мөлшерi барлық жеке тұлғалар үшiн бiрдей — бiр айлық есептеу көрсеткiшi деңгейiнде және әрбiр бiр айлық есептеу көрсеткiшiнен темен табыс табатын немесе мүлдем табы-сы жоқ әрбiр жанұя мүшесi үшiн бiр айлық есептеу көрсеткiшi мөлшерiнде шегерiм жасауға рүқсат етiледi. Яғни жалақы мөлшерi 45000 тенге болатын және жалақысы 4500 тенгенi құрайтын жеке тұлғалардың табыстарына қол­данылатын шегерiмдердiң шамасы бiрдей. Бул әрине әдiлдiкке жатпайды, ал салықтардың классикалық үлгiсi бойынша әдiлдiк принципi алдыңғы орынға не болуы қажет.


Шын мәнiнде жалақылары бiр-бiрiнен өте алшақ жатқан жеке түлғалар үшiн осы аталған шегерiмдердiң қажеттiлiк деңгейi әр түрлi болады. Жалақысы ең төменгi деңгейге жақынырақ болатын тұлғалар үшiн табысқа қолданылатын шегерiмдердiң ролi елеулi болыптабылса, ал жалақылары орта деңгейден жоғары түрғандар үшiн шегерiмдердiң бары не, жоғы не, бәрiбiр. Тәжiрибе жүзiнен қарайтын болсақ, жергiлiктi салық комитеттерi жеқе тұлгалардың табысына қолданы­латын шегерiмдердiң дүрыс және заң-ды болуын қадағалау үшiн, кәсiпорындардан аи сайын әрбiр қызметкердiң жанұя мүшелерiнiң шынымен де табыс таппайтындыгын айқындайтын құжаттарды талап ете алады. Шынында да аи сайын кез келген жануяда қандай да бiр өзгерiстер бо-лып жатуы әбден мүмкiн.

Осындай объективтi және субъективтi жақтарды ескере отырып, келесi үсыныстарды қозғауға болады.

Бiрiншiсi, жеке түлғаларға қолданыла­тын шегерiмнiң мөлшерiн өзгерту және оны тек табысы төменгiлерге ғана қолдану, екiншiсi, табыс салығынан ең төменгi жалақы алушыларды босату.

Қолданылып жүрген шегерiмнiң өзi өте елеусiз болғандықтан, бiр айлық есептеу көрсеткiшi ешкiмге де айтар­лықтай көмек бола алмайды. Сондықтан жеке түлғалардың табыс салығына қолданылатын шегерiмнiң мөлшерiн кем дегенде ең төменгi жалақы мөлшерiне теңестiру қажет. Сонда, қазiргi таңдағы ең төменгi жалақы 4500 тенгенi қүрайтын болса, осындай мөлшерде жалақы алатындар мүлдем табыс салығынан босатылады деген сөз.

Ал орташа және жоғары деңгейдегi мөлшерде жалақы алатындар үшiн қолданылатын шегерiмдi қысқарту қажет. Егер Қазақстандағы орташа жалақы 15000 тенгенi қүрайтын болса, онда осы мөлшерге дейiнгi жалақыға бiр айлық ең төменгi жалақы деңгейiнде шегерiм қолданылып, ал әрбiр табысы темен немесе мүлдем жоқ жанұя мүшелерi үшiн бұрынғысынша бiр айлық есептеу көрсеткiшi деңгейiнде шегерiм жасалғаны жөн. Қалған жеке түлғалар үшiн, яғни, ор­таша жалақыдан жоғары табыс табушыларға ешқандай да шегерiмдердi қолдану қажет емес.

Сонымен, егер республикамыздың салық жүйесiндегi жеке тұлғаларға салынатын табыс салығына осындай өзгерiстердi енгiзетiн болсақ, табысы өте төменгi дәрежедегi азаматтарымызға едәуiр көмек жасаған болар едiк. Мұндай өзгерiстен кейiн мемлекет ешқандай да зардап шеқпейдi, керiсiнше, табысы орташа деңгейден жоғары болатын салық төлеушiлердiң жалақыларына қолданылатын шегерiмдердi алып тастағанның арқасында мемлеқетiмiздiң бюджетiнiң кiрiс жағы үлғая түспек.

Қорыта айтқанда, жоғарыда атал­ған ұсыныстарды жүзеге асыру қиынға соқпайды, ал олардан түсетiн экономикакалық тиiмдiлiк айтарлықтай болары анық.

III Қазақстан Республикасының салық жүйесiн жетiлдiру аспектiлерi
Салық жүйесiн жандандыру жолы

Елдiң iрi кәсiпорындары қызметiнiң мониторингi. Үкiметтiң жақын жылдарға арналған iс-қимыл жоспарларындағы маңызды шаралардың бiрi болып табылады. Кейбiр ведомстволардың iрi салық төлеушiлер мониторингiн iске қосуды бiрнеше рет қолға алғаны, бiрақ одан еш-теңе шықпағаны туралы депутат-тардың сын-пiкiрлерiн Парламенттен талай естiдiк. Расында да бұл жұмысымыз, бiздiң мiндетiмiз.

Егер iрi қәсiпорындардың ел экономикасындағы рөлi туралы айтатын болсақ, онда мониторинг листингiне енетiн 98 кәсiпорыннан түскен салықтар мен төлемдер 1998 жылы 111 млрд теңге немесе бюджеттiң барлық салық және салықтық емес түсiмдерiнiң 33,7 пайызы болды. Осы кәсiпорындардың республикадағы өнеркәсiп өндiрiсiнiң жалпы үлесi 92 пайызды құрады.

Ал 1999 жылдың бiрiншi тоқсанында iрi кәсiпорындардан салық және салықтық емес түсiмдердiң көлемi жалпы республикалық көрсеткiште небәрi 23,9 процент болды.

Көрiп отырғанымыздай, аса iрi кәсiпорындардан салық және са­лықтық емес түсiмдердiң даму деңгейi бюджет түсiмдерiнiң жал­пы қөлемiне қарағанда, оншалықты қөп емес. Қазiргi жағдайда ол бюджеттiң кiрiс бөлiгiн орындау жөнiнде тұрақтылықты бұзу рөлiн атқарады.

Бұған сыртқы рынокта қалыптасып отырған баға өлшемдерi белгiлi бiр дәрежеде әсер етiп отыр. Алайда, егер аса iрi кәсiпорындар өндiрiсiнiң қөлемi азаюының барлық жағын талдайтын болсақ, бiз салық базасын қалыптастыруға көбiнесе сыртқы эқономикалық өлшемдер емес, iшкi басқару, iшкi тиiмдiлiк өлшемдерi екенiн көремiз. Бiздiңше, аса iрi кәсiпорыңцардың ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметiнде өндiрiс тиiмдiлiгiн және салық салу базасын арттыру үшiн көп резервтер бар. Бұл резервтердi аса iрi кәсiпорындармен бiрлескен жұмыс шеңберiнде ашатын бола-мыз. Соңғы екi жыл iшiнде көрсеткiш төмендеп келе жатқаны байқалады. Егер салық салуға дейiнгi жиынтық кiрiс 1997 жылдың бiрiншi тоқсанында 32479 млн теңге болса, ол үшiншi тоқсанда 4045 млн теңге болды. Бұл жағдай 1998 жылы да жалғасты. Бұл көрсеткiш 1998жылдың бiрiншi тоқсанында 3313 млн теңге, екiншi тоқсанда -4122 млн теңге деңгейiне дейiн, үшiншi тоқсанында 18013 млн теңге деңгейiне дейiн түсiп кеттi. Салық салу базасының темендеуiне материалдық шығындардың үлес салмағы көп әсер ететiнi түсiнiктi. Егер материалдық шығындардың өнеркәсiп өндiрiсiнiң жалпы көлемiне қатынасын алатын болсақ, шығындар үлесiнiң 1997 жылдың екiншi тоқсанындағы 44,3 пайыз деңгейден сол жылдың төртiншi тоқсанындағы 55,5 пайызге дейiн өсу жағдайын байқаймыз. Бұл жағдай 1998 жылы да байқалды, сол жылы ма­териалдық шығындардың үлес салмағы 50 пайыздан асты. Егер материалдық шығындар үлесiнiң өсуiне қандай себептер эсер ететiнi туралы айтатын болсақ, бұл жерде материалдық-техникалық ресурстарды сатып алу бағаларын арттыру, ең маңызды себеп болмақ. 1997 жылдың желтоқсанынан бастап материалдық-техникалық ресурстарды сатып алу бағалары индексiнiң өсу қарқыны өнеркәсiп өндiрушiлерiнiң сондай сату бағаларынан елеулi артқан. Егер 1997 жылдың қыркүйегiнде өсу қарқы-нының айырмашылығы 2,5 пайыз болса, сол жылдың желтоқсанын-да 9 пайыз, 1998 жылдың науры-зында — 12 пайыз, маусымында -14,9 пайыз, қырқүйегiнде - 10,6 пайыз, желтоқсанында— 10,2 пай­ыз болды. Өнiмдi сату бағасының даму үрдiсiне әсер ету мұнайдың, түстi металдардың әлемдiк рыноктағы конъюнктуралық өлшемдерiн көрсетедi. Бiз сондай-ақ көлiктiң құрамдас бөлiгi, сақтандыружәне делдалдық қызметтiң бiр бөлiгi есепке алынуы керек екенiн бiлемiз. Бiрақ, ол қазақстандық эксперттаушы кәсiпорындардың сату бағаларының әлемдiк рынок­тағы бағалалардан ауытқуы 16—20 пайыз деңгейде болады дегендi бiлдiрмейдi. Мүндай жағдаймен Мемлекеттiк кiрi министрлiгi келiсе алмайды. Өйткенi, осының бәрi кәсiпорындардың қарама-ғында қалатын кiрiстерге есептелетiн, заңды тұлғалардан табыс салығының түсуiн азайтуға әкеледi. Бiздiң кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң бұл көрсеткiшi де соңғы екi жыл iшiнде азаюға бет алды. Бұл даму үрдiсiнде аса iрi кәсiпорындардың рөлi орасан.

Қалыптасып отырған өте қолайсыз жағдайға байланысты 98 аса iрi кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiне электронды мониторинг жүйесiн енгiземiз. Болашақта министрлiк қызметiнiң алгоримдерiн жаттықтыру тәжiрибесiнiң жинақталуына қарай'мониторингтiң листингiн кеңейтетiн боламыз. Аумақтық салық комитеттерi республиканың аса iрi салық төлеушiлерiнiң тiзiмiне енбейтiн iрi салық төлеушiлердi өз бетiмен анықтай-тын болады және сол қәсiпорындардан салық түсiмдерiнiң үлесiн ескерiп, мониторингi iрi аймақтық салық төлеушiлер үшiненгiзедi. Бұл жүйе елiмiздiң барлық ең iрi кәсiпорындарын қамтиды. Аса iрi салық төлеушiлердiң мониторингiн ұйымдастырудың құқықтық негiдерiнен туындайтын заңдар базасын талдап шықтық және мониторинг жүйесiнүйымда-стыруда кедергiнiң жоқ екенiне қөз жетқiздiқ. Өзiмiзге жүктелген бүкiл жауапқершiлiктi, соның iшiнде қоммерциялық қүпия, бәсеқелестiқ орта сияқты ұғымдарды түсiнемiз, жүмыстарды жүргiзудiң тиiстi сапасын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдадық. Ақпараттың құпиялылығын қорғау жөнiнде қүшейтiлген шаралар жүргiзiледi, оны беру жөнiнде жағдайлар жасалынады. Мониторингтi еңгiзудi алуға болатын нәтижелер туралы айта-тын болсақ, мониторингтi енгiзу салықтық әқiмшiлiктендiрудiң са­пасын арттыру үшiн ғана емес, са­лық заңдарының әлдеқандай өзгерiсiнiң кәсiпорындардың шаруашылық қызметiне әсерiн нақты қадағалап отыру үшiн де қажет екенiн салық төлеушiлер түсiнулерi керек. Мониторингтiң блок үлгiсiнде коммерциялық қүпиясы жоқ сатып алу кiтапшасы мен сату қiтапшасына елелулi орын берiлген. Осы кiтапшалар негiзiнде сатылған және сатып алынатын тауарлар, қызмет көрсетулер бойынша баға белгiлеуге бақылау жасау қалыптастырылатын болады.

Салық органдары да, салық төлеушiлер де бюджеттiң кiрiс бөлiгiн қалыптасыру үшiн ел экономикасындағы өзiнiң рөлiн түсiнуi қерек. Мемлеқеттiқ қiрiс министрлiгi кәсiпорындардың проблемасына жаңаша қарап, оларды шешуге дайын. Сондай-ақ елдiң аса iрi кәсiпорындарының және iрi аумақтық салық төлеушiлердiң қызметiне сапалы бақылау жасау және оны әқiмшiлiктендiру үшiн өз қолына жаңа құралдар алады.

Үстiмiздегi жылдың 28 сәуiрiнде 98 аса iрi қәсiпорындардың қаржы жөнiндегi басшыларымен болған семинарлардың негiзгi тақырыбы салықтық, бухгалтерлiқ, статистикалық есеп нысандырын жетiлдiру болды. Түтас алғанда, барлық нысандарды жетiлдiру мен стандарттау қажет. Министрлiқ барлық ұсыныстарды тыңдауға дайын және осы бағыттар бойынша әдiстемелiк кеңестер ұйымдастырады. Дамыған елдерде барлық iрi кәсiпорындар өздерiнiң құнды қағаздар рыногындағы баға белгiулеуiн бақылайтын ашық акционерлiк қоғамдар ретiнде жүмыс iстейдi. ААҚ акциялары бағамының кез-келген терiс ауьiтқуы оның несиелiк әлеуетiне терiс ықпал етiп, менеджмент сапасын күмәндi етедi. Ал бiз сондай норманы енгiзе отырып, ең басты нәрсенi iстемедiк, құнды қағаздар рыногын дамытпадық. Елдiң кептеген iрi кәсiпорындары iс жүзiнде ашық акционерлiк қоғам бола алмады. Соның салдарынан бағаны есептен шығару, амортизациялық қаражаттарды қалыптастыру, технологиялық қажеттiлiктер үшiн сатып алынатын материалдық ресурстардың бағасын арттыру жөнiнде еркiндiк беру кәсiпорындар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға жәрдемдеспейдi. Бiзге өз көзқарасымызды негiзгi қаржыларға өзгеше қарау тұрғысынан өзгертуiмiз қажет. Салық салудың қолданылып жүрген нормалары мүлiк құнын қалыпты баланстық бағалауға ынталан-дырмайтынынтүсiнемiз. Мәселен, тиiстi коэффициент бойынша мүлiкке салық түрiнде заңды тұлғалардан алатын барлық кiрiстердi көбейтетiн болсақ, заң­ды тұлғалардың барлық салық салынатын мүлкi доллармен есептегенде өте темен болады. Бұл проблеманы осы жақын арада шешу қажет. Бiздiң байқауымызша, Қазақстанда экспорттық мкiндiктерге қолайлы жағдай туып отыр. Мәселен, Ресей экономикасында бiрнеше ай бойы рубльдiң тұрақты бағамы орнықты. Ол өндiрiс шығындарының ин-фляциясына әкеледi жене бiздiң тауарлардың, әсiресе материал­дық шикiзат, тауарлы шикiзат ресурстарының, Ресей рыногындағы бәсекелестiктiң артуы үшiн жақсы негiз болып табылады. Оңтүстiк Шығыс Азияда да қолайлы жағ-дайлар бар, онда қор индекстерi өсiп келе жатыр. Оңтүстiк Шығыс Азия 1997—1998 жылдары бастан өткiзген терең дағдарыстан кейiн бас көтердi деген пiкiр бар, ал көптеген қазақстандық экспорт-таушы кәсiпорындар өнiм жеткiзiп берумен дәл осы Оңтүстiк Шығыс Азиямен байланысты.

Республиканың көптеген кәсiпорындарын тиiмдiлiктi артты­ру үшiн еркiн айырбас бағамы режимiнде жүргiзiлетiн жаңа бағамдық саясат жақсы экономикалық негiз болып табылады. Бұл жағынан алғанда Үкiмет пен Ұлттық банк экспорттаушылардың проблемаларын түсiнiп, экспорттаушылар қызметiнiң тиiмдiлiгiн ынталандыратын еркiн айырбас бағамына өтудi қамтамасыз ете отырып олардан салық түсiмдерiнiң тиiстi өсуiн күтедi. Үкiметтiң жақында болған.

Аса iрi салық төлеушiлерге мо­ниторинг жүйесiн енгiзу материал­дық шығындарды, сатып алу мен сату бағаларын қалыптастыру тұрғысынан қарағанда, сол кәсiпорындардың «ауруларын» табуға мүмкiндiк бередi. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң про­блемаларын дәл табатын боламыз. Мониторинг шеңберiнде кәсiпорындардың қаржы шаруашылық қызметiнiң кез келген тұстарын тексеру жөнiнде жоспарлар мен тапсырмалар қалыптастырылатын болады. Сөйтiп, салықтардың әр түрi бойынша салық органдарынын, шексiз тексерулерi азаяды. Өйткенi кәсiпорын қызметiн жан-жақты бiлмей тұрып, кәсiпорынға қайта-қайта бара беру шындықтың бетiн ашпайды.

Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен салық органдарының мiндетi - салық базасын төмендетудiң тетiктерiн жақсы бiлетiнiн көрсету. Атап айтқанда, министрлiк кәсiпорындардың оффшорлық компаниялармен өнiм жеткiзiп беру, делдалдық компаниялармен айналымға, делдалдық шығындар-дың үлесiне және өкiлдiк шығындарға өзара қарым-қатынасына ерекше назар аударып отыр. Мысалы, бiр компанияда салық тексерiсi өкiлдiк шығындардың жалпы сомасы 300 млн теңгеден асып кеткенiн тапқан, ал ол iс жүзiнде бүкiл кәсiпорынның 2 ай iшiндегi бүкiл еңбекақы қоры. Бiз ол фактiлер туралы бас кеңсеге хабарладық, бұл кәсiпорын менеджментiң сапалық қайта қарауға алғышарт болды.

Мемлекет басшысы iрi кәсiпорын басшыларымен болған кеңестерде әлеуметтiк факторлар, шағын бизнес пен отандық өндiрiстi дамытуға жәрдем көрсе­ту туралы ұдайы айтып жүр. Өйткенi, тiптi арнайы жүмыс киiмдерi мен қолғаптардың өзi басқа елдердегi оффшорлық шоттар арқылы сатып алынатын мысалдар көп. Сондай-ақ Қазақстанда өндiрiлетiн түрлi шикiзат пен материалдар мен жабдықтарды шетелден сатып алу жөнiндегi мысалдардың бетi ашылуда. Бұл мүкият қадағаланатын болады.

Қорытындылай келе елiмiздiң салық төлеушiлерi мен салық органдары өзара байланыстағы экономикалықтетiк екенiнтағы бiр рет айтқым келедi. Сондықтан Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi өз жұмысын салық және салықтық емес төлемдердi бюджетке жинау жөнiндегi жоспардың орныдалуын бiр мезетте қамтамасыз ете отырып, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ағымдағы қызметiнде тепе теңдiктi бүзбайтындай етiп үйлестiретiн және ұйымдастыратын болады. Аса iрi салық төлеушiлерге енгiзiлетiн мониторинг осыған жәрдемдеседi.


Жаңа экономикалық саясат қырлары

Қазақстан Республикасындағы салық реформасы бiзде қазiргi таңда жүргiзiлiп жатқан түбегейлi нарықтық қайта құрудың аса мәртебелi бағыттарының бiрi болып қана саналмайды, өйткенi күн өткен сайын салық саясаты мен жалпы салық салу мәселесi кең көлемдi саяси және әлеуметтiк мәнге ие бола түсуде. Олай дейтiнiмiз, елiмiздiң халық шаруашылығын ұзаққа созылған экономикалық дағдарыстан табысты алып шығу, сондай-ақ аззматтық бейбiтшiлiк пен сая­си тұрақтылықты сақтау, мемлекеттiк егемендiк пен тәуелсiздiктi нығайту, Қазақстанды басқа да әлемдiк қауымдастықтармен тең құқылы серiктестiкке айналдыру, мiне осылардың барлығы дер кезiнде әрi дүрыс шешiм табуына байланысты болмақ. Республика халқының, әсiресе, әлеуметтiк жағынан аз қорғалған топ-тарының әл-ауқатын арттыру, өтпелi кезеңде пайда болатын қандай да қиыншылықтарды, қақтығыстарды болдырмау перспективасы да салық реформасына байланысты. Сондықтан да бiз салық жүйесiн қүруды қоғамымызды өркендетудiң тарихи маңызды кезеңi деп қарастырамыз. Мүндай өзгерiстердiң аса қажетплiгi мен оны кезек күттiрмей шешудi бiр күнде ойластырған жоқпыз. Шындығын айтсақ, үш жыл бойы өзiмiздiң салық жүйемiздiң әр тармағын бiршама өзгерiстер енгiзу арқылы талай рет қайта қарастыр-дық. Бүл ретте бастапқы кейбiр үлгiлердiң қате болғанын да, өз мақсатына сай келмегендiгiн де, "анайы" ұсыныстардың әлемдiк тәжiрибе мен халықаралық.

Ал қазiр жағдай мүлде басқаша. Қазiргi қолданылып отырған салық жүйесi бұрынғы барлық социапистiк экономика секiлдi аса тиiмсiз және тым ауқымды, масылдық пен тек тұтыну психологиясына қүрылған едi, оның үстiне бүгiнгi таңдағы нарық талаптарына жауап берiмейтiн. Бұл жүйенiң кезiнде өркендеген елдердiң тәжiрибесi негiзiнде құрылмағандығын да айта кеткен жөн. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен меншiк түрлерi тең дәрежеде қарастырылды, саяси, экономикалық бейтараптық қамтамасыз етiлмедi, салық төлеушiлерге түпкi нәтижелерi үшiн бiрдей жағдай жасалмады. Оның орнына — жалған, адамдардың ынтасын жоятын бағыттар, кейде бағамдық мақсаттар арқылы туындаған; бiрақ экономикалық негiзгi жоқ сан алуан жобалар, бiреудiң есебiнен екiншiсiне жеңiлдiктер беру жағдайлары қалыптасты. Бұл ретте бiрқатар салықтар мен алымдарды жинау жөнiндегi әкiмшiлiк шығындар салыстырмалы, тепе-тең дәрежеге, тiптi кейде олардың бюджетке түсуiнен асып кететiн жағдайға да жеттi. Жалпы алғанда, тауар өндiрушiлерден ұсталатын салық мөлшерi олардың табатын жоспарлы табысының 80 процентiне жеттi, тiптi одан да асып кеткен кездерi болды (бұл экономиканы қайта жаңғырту қоры қайта жойылганға дейiн), алайда бул цифр өндiрiлген өзiндiк құнынан әлдеқайда асып кеттi. Егер бұрынғы уақытта төлеушiлердiң барлық табыстарынан салық автоматты түрде тауар мен қызметтiң түрiне қарай жоспарлы түрде ұсталатын болса, қазiргi кезде жағдай мүлде өзгердi. Жасыратыны жоқ, бүрын адамдардың талап-тiлегi, ынтасы, адамдық факторлары ескерiлмедi. Салық төлеудiң мұндай әдiсi түптеп келгенде кез-келген бағалы iскерлiк бастамаларды тұншықтыруға, ашық жеке бизнестердiң тиiмдiлiгiн тежеуге, салық төле­ушiлердiң қолданылып отырған заңдылықтарға наразылықтарын туындатуға әкелiп соқты. Ең негiзгiсi осындай заңдылық барлық экономиканың өркендеуiне тұсау салып, аса мол мөлшердегi қаржының бюджетке түспеуiне әкелiп соқты.

Бүл проблема төлем дағдарысын одан әрi тереңдете түседi, сөйтiп, бiрiншiден- кәсiпорындардың шартты мiндеттемелерiн орындауды қиындатады, екiншiден — әлеуметтiк жүйенiң дұрыс жұмыс iстеуiне, еңбекақыны, зейнетақыны және өтемақыны уақытында беруге кедергi келтiредi. Мүның қаншалықты маңызды екенiне төмендегi фактiлер арқылы көз жеткiзуге болады. Егер өткен жылдың қорытындысы бойынша бюджетке салық жөнiндегi түсiм 8,2 млрд. теңгеге кем түскен болса, онда осы жылғы үш айда ол 13,2 млрд. теңге­ге жеттi.

Кейбiр шаруашылық жүргiзушi субъ­ектiлер әдетте эквивалент емес тауар айналысы арқылы есеп айырысу немесе жаңаша алғанда- бартер жолымен белгiленген заңдылықтарды айналып өтiп, салық төлеудi жасырып келдi. Көптеген кәсiпорындарда бартерлiк мәмiлелер қазiрдiң өзiнде 50-ден 85 процентке дейiн жетiп отыр. Ал бүл болса халық шаруашылығына аса үлкен мөлшерде зиян келтiруде. Айта кеткен жөн, осындай жолмен бiздiң республикамыздан дәру шикiзаттар түкке де түрмайтын бағамен сыртқа әкетiлiп жатыр, оның үстiне ұлттық байлығымыз да талан-таражға түсуде. Атап айтсақ, әлгiндей ен байлығымыз түкке тұрмайтын, сапасы төмен шетелдiк киiм-кешекке, тозығы жетiп, шағылудың азақ алдында түрған техникаларға, кей­де тiптi шетелдiк азаматтың иыгынан түскен ескi кеудешеге айырбасталады.

Күнi бүгiнге дейiн қолданылып келген заңдылықтар мен басқа да нормативтi актiлердегi қарама-қайшылықтар сұғанақтыққа жол ашып беруде. Қоғамды мүлiктердiң бөлiнуiне қатыстыру жөнiндегi жұмыстардың жалғастырылуына қарамастан, халықтың бiр бөлiгiндегi табыстың тез өсуiне орай олардың кiрiстерiнен салық ұстау да бiр жүйеге түсiрiлген жоқ. Бұдан да реттi және тиiстi құқықтық негiз қапанбаған едi. Онсыз да ақсап жатқан экономикамыз бен несие-финанс жүйемiзге айналыстағы қаражаттың жетiспеуi үлкен зардап келтiруде. Осы қолдағы қаражаттың едәуiр бөлiгi банкiлерге түспестен, "бармақ басты, көз қысты" жолымен көлеңкелi экономиканың "қатпарларында" қалып жатыр. Оған ешкiм де бақылау жасай алмайды және салық сапынбайды. Кәсiпорын басшыларының үшiншi адам арқылы келiсiм бойынша ақша беруi де салық төлеуден жалтарудың ең бiр тиiмдi жолына айналды.

Қазiргi салық жүйесi шетелдiк инвесторлардың да жайына түрпiдей тиедi. Ал, олар болса бiздiң салық жүйемiздi әлемдiқ стандартқа жақын және түрақты күйiнде сезiнгiсi келедi. Себебi, өз капиталдары мен технологиялары үшiн тиiмдi түрде сапық төлеуден кiм қашқақтасын.

Осы аса маңызды сәттердiң барлығы Қазақстан тарихында түңғыш Салық Кодексiн жасау кезiнде ең алдымен Қаржы министрлiгiнiң және Бас салық инспекциясының күшiмен, әрине, iрi халықаралық сарапшылар мен кеңесшiлердi тарту арқылы жан-жақты ескерiлдi. Оны дайындауға екi жылға жақын уақыт кеттi. Ал басқа мемлекеттер болса бүған бес жыл арнаған едi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Салықтар мен басқа да төлемдердiң бюджетке түсуi туралы" Жарлығы — салық сапу мен республиканың барлық аумағында салық салудың бiртұтас тәртiбiн қолдануды қамтамасыз ететiн, барлық салық қатынастарын реттейтiн әкiмшiлiк салық салу жөнiндегi заң актiлерiнiң жаппы әдiстемелiк және концепциялық негiзiн бiрiқтiретiн құжат болып табылады.

Ел арасында Салық Кодексi туралы әртүрлi алыпқашпа әңгiмелердiң етек алғандығы жасырын емес. Салық реформасында аса бiр iрi қадам болып табылатын Салық Кодексiн жасау жолында бiздiң макроэкономикалық, оның iшiнде бюджеттiк, саяси, республиканың табиғи ауа-райындық, басқа да ерекшелiк жағдайлары, инвесторлар мен кәсiпкерлердiң мүдделерiне сай жағдайлар ес­керiлдi. Шетелдiк мамандардың тәжiрибелерi мен бiлiмдерiн пайдалану осы процестi тездету мен жеделдетуге жол ашумен бiрге, басқа мемлекеттерде кездескен қайшылықтар мен қателiктердi болдырмауға мүмкiндiк тудырды. Сөйтiп Қазақстанның әлемдiк қауымдастықпен экономикалық байланысын нығайту үшiн қажеттi жағдай жасауга да ықпап етедi.

Салық кодексi төмендегi салықтар мен апымдардың түрлерiне сапық салу мен оны төлеудiң тәртiбiн реттейдi. Олар — заңды және жеке тұлғалардан алына-тын табыс салығы, қосылған құнға сапы-натын салық пен акциздер, бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салынатын салық, жер салығы, жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын арнайы төлемдер мен салықтар, мүлiкке салынатын салық, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды тiркеу үшiн алынатын алымдар, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысуға берiлген құқық үшiн алынатын алымдар, аукциондық саудадан алынатын алым­дар, сондай-ақ салықтық басқару мен бақылауды жүзеге асыру мәселелерi.

Салық Кодексiнiң I бөлiмiнде салық­тар мен басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке түсiрудiң толық тiзбесi келтiрiлген болатын. Қазiргi қолданылып отырған жүйеге қарағанда бурынғы 45-тiң орнына ендi 11 сапық пен алым түрлерi қарастырылатын болды. Кәсiпорындар Қазақстан Республикасының экономиканы жаңгырту Қорына өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) 5 процентi мөлшерiндегi аударымды, өнiм өндiрудiң нақты көлемiнен (жұмыстар, қызметтер) 1 про­цент мөлшерiнде автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшiн аударымды төлемейтiн болады. Бұл шын мәнiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiне терiс ықпал ететiн едi. Кәсiпкерлiк пен бәсекелестiктi дамытуды қолдау қаржы аудару да жойылады. Бұл қорға қаржыны кәсiпорындар бюджетке 1 процент мөлшерiнде салық төлеген соң өздерiнде қалган пайдадан аударатын.

II бөлiмде заңды жөне жеке тұлғалардың табысына салынатын салық сөз бо-лган едi. Табыс салығын төлеушiлер, салық салынатын объектiлер, салық са­лынатын табысты есептеу, табыс салығының ставкасы, салық төлеу тәртiбi және басқа да мәселелер осы бөлiмде айтылады.

Салық салынатын объектiнi белгiлеу мен салық салынатын нақты табысты анықтау үшiн салық есебiнiң принциптерiн қолдануды халықаралық тәжiрибеге жақындату мақсатында, кейiн қаржы нәтижесiн — баланстық пайданы анықтай отырып, қазiргi қолданылып отырған өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызылган шығындар жүйесiн қайта қарау жүзеге асырылды. Мейлi, Қазақстан Республикасынан немесетiптi шетелдерден алынсын, әйтеуiр, барлық табыс түрлерiнiң сомасы ретiндегi қең көлемдi жалпыға ортақ жиынтық жылдық табыс түсiнiгi енгiзiлдi. Салық салынатын табыс сомасын анықтау үшiн жиынтық жылдық табыстан салық салынуға жатпайтын табыстар алынып тасталады, сондай-ақ табыс алуға байланысты жұмсалған шығындарды есептен шығару жүргiзiледi. Салық көзiнiң салық заңдылығында анықталуы жөне нақты табысқа ғана салық салынуы мақсатында салық есебiнiң жүйесi енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының "Шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлiк қоғамдар туралы" Заңының 19-бабына сәйiсес серiктестiктер жалпы қабылданған халықаралық үлгi мен тәжiрибеге сәйкес бухгалтерлiк есептi жүргiзе алады. Әрине, бұл ретте ол жарғыларында айтылуы тиiс. Сонымен қатар iрi шетелдiк инвесторлар бухгалтерлiк есептi жүргiзудi үкiметпен келiседi. Осыған байланысты, сондай-ақ халықаралық тәжiрибеге сәйкес салық салынатын табысты бухгал­терлiк есеп жөнiндегi ережеде емес, керiсiнше салық кодексiнде белгiлеу қажет. Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ере­жеде салық көзiн белгiлеу емес, заңды және жеке тұлгалардың қызметiнде бо-лып жатқан процестер мен осы процестерге басшылық жасауда әртүрлi құрылымдардың басшыларына көрсетiлетiн көмек көрсетiлуi керек.

Мәселен, өнiмнiң (жүмыстардың, қыз­меттердiң) өзiндiк қүнына қосылған шығындар қүрамы жөнiндегi Ережеде ғылыми-зерттеу жүмыстары жөнiндегi шығындар, сондай-ақ бiр жыл iшiндегi жұмыстардың қорытындылары бойынша берiлетiн сыйақы шығындары, аса маңызды өндiрiстiк тапсырмаларды орындағаны үшiн жекелеген қызметкерлердi бiр реттiк ынталандыру, қосымша демалыстарға қаражат төлеу шығындары салық төлегеннен кейiн кәсiпорынның құзырында қалатын пайда есебiнен қызметкерлерге материалдық көмек пен басқа да төлемдер ретiнде берiлетiн. Ал, Кодексте әлгiнде айтылғандардың барлығы салық салынатын табыстарды айқындаған кезде жеке тұлғалардан жиынтық жыл­дық табысты айқындағаннан кейiн салық төлейтiн болады.

Сонымен қатар салықтық есеп бухгал­терлiк есепке негiзделетiн болады, яғни шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бiр жыл iшiнде жалпы қабылданған тәртiппен бухгалтерлiк есептi жүргiзу керек. Салық жылдың қорытындысы бойынша салық салу мақсатындағы жекелеген шығындар реттеледi және осындай түзетулер декларациялармен бiрге салық инспекциясына тапсырылуы керек. Түзетiлген шығындарға несие берiлген проценттердi қосу да көзделген. Алайда, қазiргi қолданылып отырған Ережеге қарағанда банкiлiк проценттермен қатар, басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер берген қарыздар, аса жоғарғы мөлшердегi аммортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған және басқа да шығындар. Кәсiпкерлер — занды және жеке түлға-лар үшiн табыстарына салық салуды белгiлеудiң бiр үлгiдегi тәртiбiн қолдану Азаматтық Кодексте қарастырылған болатын. Онда коммерциялық ұйым болып табылатын занды түлғалар мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiгi, өндiрiстiк кооператив түрiнде қүрылуы мүмкiн. Осы Кодекске сәйкес шаруашы­лық жүргiзушi субъектi егер шаруашылық жүргiзушi серiктестiк қабылдамаса, яғни жаргылық қорды құрмаса, онда тiркеле алмайды. Бүл дегенiмiз, есеп жүргiзу мен қаржының нәтижесiн анықтау мәселелерi бойынша заңды түлғалардан бiршама дәрежеде айырмасыз болады деген сөз. Салық салудың әдiлдiгi мен қарапайымдылығын қамтамасыз ету мақсатында кәсiпорындар мен жеке азаматтар үшiн салық жөнiндегi жеңiлдiктер бiршама қысқартылды.

Негiзгi құрал-жабдықтарға аммортизация есептеу жүйесiн де қайта қарау көздестiрiлуде. Әрбiр негiзгi құрал-жабдық жөнiндегi аммортизациямен есеп айырысуды ықшамдау мақсатында бар-лық негiзгi құрал-жабдықтарды бес сыныпқа бөлу және аммортизацияны белгiленген ставка бойынша есепке алуды жүргiзу қарастырылды.

Халықаралық тәжiрибеге сәйкес, салық ставкасы 10 процент мөлшерiнде белгiленген ауылшаруашылық кәсiпорындарынан басқа закды тұлғалар үшiн табыс салығының бiртұтас ставкасы 30 про­цент мөлшерiнде айқындалды.

Сөйтiп, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бюджет алдындағы тепе-теңдiгi сақталады.

Жеке түлғалардың табыстары үшiн салықтың шектi мөлшерiнде салық са­лудың ставкасы — неғұрлым баяу өсетiн дәрежеде 40 проценттiк салық белгiленедi. Салық салудың мүндай баяу өсетiн дәрежесi табысы аз халықтың кiрiстерiне салық салудың деңгейiн төмендетуге ықпал етедi және орташа табысы бар азаматтардың кiрiстерiне қалыпты салық салуды қамтамасыз етедi.

Заңды тұлғалар мен жеке түлғалар төлейтiн дивиденттер мен проценттерге 15 процент ставка бойынша төлем көздерiнде салық салынады.

Шетелдiк инвестицияларды респуб­лика экономикасына тарту тәжiрибесiнiң кеңеюiне байланысты жеке бiр тарау халықаралық салық салуға арналды.

Кәсiпорындар үшiн өткен жылдардағы шығындарды кейiнге шегеруге рүхсат беру салық заңдылығын жақсартудың аса бiр сәттi қадамы болды. Кәсiпорындарға кәсiпкерлiк қызметтен келген зияннан соң бес жыл iшiнде болашақтағы алынатын жылдық табыстар есебiнен сол зиянның орнын жабуға мүмкiндiк берiлдi.

Салық Кодексiнде жүзеге асырылған маңызды принциптердiң бiрi, бүл —жеке түлғалардың табыс салығын төлеуде қарапайымдылыққа қол жеткiзу болды. Қазiргi уақытта азаматтардан табыс са­лығын есептеу төлем көздерiнен салық үстау әдiсi арқылы жүргiзiледi. Төлем көздерiнде салық салынатын табыстары бар жеке түлғалар алынған табыстары мен жүргiзiлген шығындары туралы дек­ларация беруге мiндеттi емес. Төлем көздерiнде салық салынбайтын табыстары бар, сондай-ақ бiр жыл iшiнде 1000 теңге төменгi жалақыдан аотам сомаға iрi зат алған және қүрылыс салған, немесе шетелдiк банктерде есеп шоттары бар адамдар ғана декларациялар бередi. "Салықтар мен бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Жарлықтың III бөлiмi косылған құнға салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбiне ар-налған болатын. Қосылған қүнға салынатын салық әлемнiң 87 елiнде- өркен деп келе жатқан және өркендеген елдерiнде қолданылатын ең бiр тиiмдi жа-нама салық болып табылады. Бұл салық өнiмнiң (жүмыс, қызмет) өзiндiк құнына қосылмайды, сондықтан да қайта жасау немесе қайта сату көлемiне тәуелдi екендiгiне байланысты өнiмнiң (жұмыс, қызмет) бағасын қапыптастыруға ықпал етпейдi. Ол өзiн-өзi бақылаушы болып саналады. Себебi тауарларды сатып алу және басқа да шығындарды жүзеге асыру кезiнде салық төлеушiлердi осы салық түрiнiң төленгендiгiн көрсететiн есеп құжаттарын талап етуге мәжбүр етедi. Бүл болса сатып алушыдан үсталған осы салық сомасын бюджетке төлеудi кемiтуге мүмкiндiқ бередi. Бiздiң парламент бекiткен ТМД елдерiмен жасаған келiсiм-де ТМД-ның барлық елдерiнiң қосылған қүнға салынатын салықты қолдануға мiндеттi екендiгi қөрсетiлген болатын. Мүндай мiндеттеме ЕЭО елдерiнде де қарастырылды

Қосылған қүнға салынатын салық қазiргi қолданылып отырған салық заңдылығымен салыстырғанда бiр шама жетiлдiрiлдi. Бүл осы салық мақсатында сату мен шығындардың есебi жөнiндегi мiндеттi есеп шоттарды -- фактуралар мен ведомстарды жүгiзуге, өнеркәсiптегi секiлдi саудада да салықты есептеудiң жалпы тәртiбiн қолдануға, импорттық қосылған қүнға салық салудың бiр ставкасын (20 процент) қолдануға қатысты. Айтылғандардан қөрiп отырғанымыздай, қосылған қүнға салынатын салыққа басқадай балама жоқ, оны әлемнiң көптеген елдерiнiң тәжiрибелерi дәлелдеп отыр.

Қазақстан Республикасының қолданылып отырған "Қосылған құнға салынатын салық туралы" Заңымен салыстырғанда қосылған құнға салынатын салық жөнiндегi жеңiлдiктер тiзбесi көп мөлшерде қысқарды, бүл қосылған құнға салы­натын салықты қолдану жүйесiн кенейтуге және оны есептеуге бақылау жүйесiн жеңiлдетуге ықпал етедi.

IV бөлiм акциздiк салық салуға арналған. Бөлiмде Қазақстан Республикасында өндiрiлгендер сеқiлдi шетелдерге шығарылатын тауарлар үшiн бiр үлгiдегi болып табылатын акцизделетiн тауарлардың тiзбесi келтiрiлген.

Халықаралық келiсiмдерге сәйкес импортталатын тауарлардан басқа импортталатын тауарлар бойынша акциздер қедендiқ заңдылықтарға сәйкес кедендiк ресiмдеу сәтiнде алынады.

Қолданылып отырған заңдылықтармен салыстырғанда акцизделетiн тауарлардың тiзбесi кеңейе түстi және бензин (авиациялықты есептемегенде), дизель отыны, оқ және газ қаружарағы секiлдi түрлермен толықтырылды.

Қос акциздiк салық салуды болдыр-мау мақсатында Салық Кодексiнде есептi мерзiмде осы өнiмдi өндiру үшiн сатып алынған шикiзатқа төленген қара-жат жөнiндеғi акциздердiң сомасына дайын өнiм бойынша есептелген акциз­дердiң сомасын кемiту қарастырылған.

Төлемдердi дер қезiнде бюджетке өтемеу, тiптi салық төлеушiлердiң мүлiктерiн бұл ретте арнайы аукциондар арқылы айналымға жiберуге дейiн шара қолдану механизмi қалана бастады. Сонымен бiрге салық органдарының жүйесiн белгiлi бiр мiндеттердi атқаруға көшiру де қарастырылуда. Онда салық жүйесiнiң бiр бөлiмi алынбай қалған қаржыны жоюмен, және декларациялардың берiлуiн қамтамасыз етумен айналыса-тын болды.

Қазақстан Республиқасының салық қызметiне салық заңдылықтарын бұзушыларға айыппұл санкцияларын қолда­ну, қылмыстар жөнiндегi iс бойынша тергеу және алдын-ала жауап алуды жүргiзу және оларды Қазақстан Республиқасы­ның салық заңдылықтарына сәйкес қылмысты iс қозғау үшiн тиiстi орындарға жөнiнде құқық берiлдi.

Бiр сөзбен айтсақ, жаңа Салық Кодексi республика экономикасын көтеруге ықпал етедi деп ойлаймыз. Салықтар - мемлекеттiк кiрiстiң фискальдық нысаны әрi мемлекет пен нарықтық экономиканың мызғымас атрибуты.

Салық салу аясында қалыптастырылатын салықтық-құқықтық мәдениет мемле­кет болмысын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етудiң кепiлi болып табылады.

Салық салу жүйесi (салықтар) адамзат өркениетiнiң әрқилы кезеңдерiнде туындап, қалыптасып дами отырып, бүгiнгi күнде әрбiр аса немесе белгiлi бiр деңгейде дамыған мемлекеттiң (мемлекеттердiң) мызғымас атрибуты, сол мемлекеттiң қоғам-қауымының қандай да болмасын мұқтаждықтарын қанағаттандырудың және әлеуметтiк-экономикалық аяларын реттеудiң таптырмас құралы ретiнде көрiнiс табуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет