IV Қазақстан Республикасының өтпелі Экономикасындағы инвестициялық үрдістердің жалпы сипаттамасы
4.1 Әлеуметтік салада инвестициялық үрдісті қамтамасыз ету
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша инвестициялық саясат төмендегі қағидаларға негізделеді:
-
қайтарылмас қаржыландырудан кредиттік негізде қайтарылатын ақылы қаржыландыруға орталықтандырылған инвестициялар есебінен кәсіпорындарға мемлекеттік қолдауға бетбұрыс. Қайтарылмас бюджеттік қаржыландыруды коммерциялық емес (пайдасыз) және өз қаржы ресурстары жоқ әлеуметтік маңызға ие объекттер үшін сақтау;
-
шетелдік капиталды тартумен бірге инвестициялық жобаларды біріккен (үлестік) мемлекеттік-коммерциялық қаржыландыру практикасын кеңейту. Мұндай саясат мемлекеттік күрделі құрылыс бағдарламаларын іске асыруда қаржы жетіспеушілік мәселесін шешуге жәрдем береді. Шағын бизнес объекттері және өте нәтижелі әрі пайдалы инвестициялық жобаларды өндіріс құрылымының қайта құрылуын жылдамдату үшін олардың салалық орны және меншік түріне қарамастан, іске асыруға орталықтанған (кредиттік) инвестициялар құралдардың бір бөлігін пайдалану, инвестициялық сфераға отандық және шетел капиталын тарту мақсатымен нормативтік негізде дамыту;
-
кредиттік және қайтарылмас қаржыландыру түріндегі республикалық бюджеттің инвестициялар ретінде бағытталған қаржыларының мақсатты шығындалуына мемлекеттік бақылауды күшейту. Қазақстан Республикасының шаруашылық субъекттері және банктердің үкіметтік кепілсіз шетелдік коммерциялық кредиттерді тартуына шектеулер жоқ.
1997ж. Қазақстан тіке шетелдік инвестицияларды тарту бойынша халықаралық қаржылық ұйымдар тарапынан Шығыс Европадағы өтпелі экономикадағы елдер ішінде жетекші орындардың біріне қойылды.
Келер жылдары экономикамыздың түрлі салаларына көптеген инвестициялар қажеттілігі туады. Мысалы 2004ж. энергетика саласында жаңа қуатты енгізуге, жабдықтарды жөндеп, алмастыруға 3 млрд. дол. көлемінде қаржы керек.
Қазақстанның транспорттық-коммуникациялық кешеніне 2005 жылға дейін 6 млн. дол., ал 2030ж. дейін 25 млрд. дол. қажет.
4.2 Қазақстандағы инвестициялық жағдай
Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар көлемі 1993-2000ж. арасында 12 млрд. дол. асып түсті.
Тек 1999ж. Қазақстанға 1,5 млрд.дол. көлемінде инвестициялар тартылса, ал 2000ж. республика салынған инвестициялар 2,7 млрд. дол. көрсеткішіне жетті.
Қазақстанға салынған инвестициялар көлемі бойынша жетекші орындарды АҚШ (36%), Ұлыбритания (17%), және Италия (13 %) иеленді.
2001ж. Қазақстан 60-70 млрд.дол. сомасында инвестициялар күтті.
Еліміз инвестициялар бағытын мұнай және кен өндіруден машина жасау, өндеуші салалар транспорттық және әлеуметтік құрылымдарға бұруда.
Түрлі салықтық және кедендік жеңілдіктерге мүмкіндік беретін Қазақстан экономикасының басымдылық секторына: өндірістік инфрақұрылым, өндеуші өнеркәсіп, Астана қаласының объекттері, тұрғын үй, әлеуметтік сфера объекттері, туризм және ауыл шаруашылығы жатады.
Инвесторларға экономикалық жігер беруге бағытталған 1997ж. «Тіке инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңның қабылдануынан кейін Қазақстан экономикасының басымдылық секторларында инвестициялық жұмыспен айналысушы инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер беру туралы 233 контрактке, оның ішінде 2000 жылдың 1 шілдесінен бастап қосымша құн салығы 20 дан 16% және әлеуметтік салық 26 % дан 21% төмендетіледі.
Қазақстанда шетел компанияларының жетекшілері және өкілдерінің кіріп-шығу мәселелерін жеңілдету мақсатымен арнайы «инвесторлық виза» беру практикасы енгізілді. Мұндай визалардың иегерлері ішкі істер органдарында тіркелмей, құжаттық және кедендік бақылауды жеңілдікпен өтеді.
Қазақстанда инвесторлардың жұмысына жағымды әсер ететін бірқатар саяси факторлар баршылық: саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуы және дамуы, шетелдік инвесторлар үшін ұлттық режимнің қамтамасыз етілуі яғни пайданы репатриациялау құқығы берілген.
Үкімет нарықтық бәсекені әкімшілік араласпау арқылы қамтамасыз ететін оңтайлы макроэкономикалық саясатты жалғастыруда.
Инвестициялық климатты жақсарту, жаңа инвестицияларды тарту және оларды дамытуға мемлекеттік қолдау жүйесін күшейту Қазақстан саясатының басымдылық бағыты болып табылады.
4.3 Инвестициялар және Қазақстан Республикасының өтпелі Экономикасындағы инвестициялық үрдістердің жалпы сипаттамасы
Қазақстандағы инвестициялық белсенділік сыртқы және ішкі қаржы қайнарлары есебінен өндірісті жандандыруға бағытталады. Мемлекет барлық жолмен шетел капиталын тартуға бағыт алып, осы мақсатпен жағымды факторлар кешенін құруда.
Бұл көзқарасты қолдайтын Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «біздің негізгі мақсатымыз – Қазақстанды халықаралық қоғамдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсетіп, ең маңызды салаларға инвесторларды тарту» деп тұжырымдайды.
Көптеген шетелдік компаниялар мен бизнесмендер Қазақстандағы инвестициялық климатты жоғары бағалайды. Республиканың пайдалы қазбалар байлығы, аграрлық және өнеркәсіптік потенциалы, жоғары білікті кадрлар мен мамандардың және арзан жұмыс күшінің болуы, пайдалы геосаяси орынмен қатар, саяси жағдай мен ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына ерекше назар аударылады.
Шетел капиталын тартуды стратегиялық басымдылық міндеті ретінде жариялаған Қазақстан дүниежүзілік шаруашылыққа интеграция және ашық экономикаға өтуге қажетті өркениетті заңдық негізгі қалыптастыруға барлық шараларды қабылдауда.
«Шетел инвестициялары туралы» /5/, «Тіке инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» /6/, Заңдар қабылданды. Президент 1997ж. «Тіке шетелдік инвестицияларды тарту қажет, Қазақстан Республикасы экономикасының басымдылық секторларының тізімін бекіту туралы» /7/, «Инвесторлармен келісім шарттарға қол қою барысында жеңілдіктер жүйесі және оларды алу ережелерін бекіту туралы» /8/, жарлықтарға қол қойды.
1997 ж. Ұлттық және халықаралық деңгейдегі инвестициялық қатынастарды құқықтық реттейтін республиканың құқықтық акттер тобы «Тіке инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» /6/, және «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Бағалы қағаздармен байланысты істерді тіркеу туралы» Республикалық Заңдармен толықтырылды.
Сонымен бірге бірқатар өзара инвестицияларды қорғау және қолдау туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Жалпы қазіргі уақытта шетел капиталын тарту және қорғау істері 20 астам заңдар және нормативтік-құқықтық акттермен реттеледі.
Бұл заңдар бойынша шетел инвестициялары Қазақстанда кез-келген сферада, кез-келген объектілерге барлық ұйымдастыру-құқықтық формаларда жұмыс істей алады және олардың толық иелері немесе біріккен кәсіпорын құру арқылы тек бір бөлігінің иегері бола алады.
Шетелдік инвесторларға түскен пайданы өз қалауымен қолдану құқығына кепілдік беріліп, олар қайтадан инвестициялар салуға немесе тауар сатып алуға т.б. мақсаттарға бағыттай алады.
Еліміздің экономикасына қомақты инвестициялық ресуртарды тарту, оларды нәтижелі және үнемді пайдалану қажеттігі есепке алынып, Президент жарлығымен біріккен орган – ҚР инвестициялар бойынша мемлекеттік комитеті құрылды.
Елімізде экономиканың басымдылық секторына тіке инвестицияларды тарту мақсатымен белгілі жарнамалық жұмыстар да іске асырылуда.
Мысалы, 1997 ж. маусымда Алматы қаласында 17 елдің 52 компаниясының жетекшілері мен өкілдері және 2 халықаралық ұйым қатысқан «Қазақстандық инвестициялық самиттің» бірінші Форумы өткізілді. 1997 ж. қыркүйегінде Лондон қаласында негізгі мақсаты үлкен шетелдік инвесторлардың Қазақстанның жаңа инвестициялық мүмкіндіктеріне назарын аудару болған. «Қазақстанға инвестиция салғанда» халықаралық конференциясы сәтті өтті.
1997 ж. 18-19 қарашада Қазақстан Республикасының Президентінің АҚШ-қа ресми сапарында Вашингтондағы Галлодет университетінде үлкен американ және трансұлттық компаниялар қатысқан «Қазақстанның сауда және инвестициялық мүмкіндіктері, оның геостратегиялық маңызы» атты конференция өтті. 1997 ж. 27 қарашада Франкфурт қаласында «Қазақстан – сауда және инвестициялар» конференциясы өткізілді.
1999 ж. маусым айында Алматы қаласында «Алматы инвестициялық саммитінің» үшінші халықаралық форумы өткізіліп, оған 22 мемлекеттен 160 компания қатысты.
Қабылданған заңдық акттер, ұйымдастыру шаралары Қазақстан экономикасына инвестициялардың келуіне жәрдем етті. Қазір Қазақстанда 40-тан астам мемлекет инвесторлық жұмыспен айналысуда. Қазақстан үшін негізгі мақсат тіке инвестициялар болып табылады.
1996 ж. тіке инвестициялар көрсеткіші 1995 жылға қарағанда 2 есе өсіп 1220,2 млн.дол. құрады, ресми заимдар 508,8 млн.дол. болып, оның ішінде 135,2 млн.дол. ХВФ-ң кредиті. 1997 ж. пайдаланылған тіке инвестициялар көлемі 1830,8 млн.дол. құрады.
1998ж. тіке инвестициялар көлемі 1,2 млрд. Дол. Құрап, Қазақстан Республикасының Президенті «бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш деп ескерді. 1997 ж. Батыс Азиядан 1,5 есе инвестицияларды көп алған Орта Азияға инвестициялар ағымы 6 жыл бойы байқалуда. Оның ішінде 755 инвестиция Қазақстан және Әзербайжан үлесінде».
Қазақстан ТМД елдері ішінде жан басына шаққандағы тіке инвестициялар көрсеткіші бойынша жетекші орынды иеленіп, 1993-97жж. жанбасына 400 дол. көрсеткішке қол жеткізді.
Қорытынды
Мiне, осы айтылғандардың түпкi тұжырымы ретiнде мына келесiдей салық салудың негiзгi қағидалары қалыптастырылған болатын: салықтарды барлық азаматтардың арасында, олардың табыстарына сай бiркелкi бөлiп, белгiлеу; салықтық төлемнiң сомасы, тәсiлi және уақыты оны төлеушiге нақты әрi күнi бұрын белгiлi болғаны дұрыс; салықтар әрбiр салық төлеушiге қолайлы уақытта және ыңғайлы тәсiлмен алынуға тиiс; салық алу кезiнде салық төлеушiнiң шығындары мүмкiндiгiнше аз болуы тиiс.
Салықтың белгiленуi, салық салу мемлекеттiң құрылысына, қалыптасқан қоғамдық дәстүрлерге, мемлекеттiң экономикасы мен фискальдық саясатының мән-жайына, билiк етушi тармақтардың өктем өкiлеттiлiктерiнiң демократиялық деңгейiне, нақты қалыптасқан жағдайларға қарай жүзеге асырылады. Былайша айтқанда, салықты мемлекеттiң экономикалық күш-қуатының функциясы деп санауға болады. Осыған орай қатты ескеретiн жәйт, салықтың (экономикалық) мән-жайы мен заң жүзiнде iске асырыла-тын мәнiнiң арасында қарама-қайшылықтуындамауы қажет. Яғни, салық салу мемлекеттiң салық жүйесi деген сөздердiң мағынасын мемлекеттiң кiрiсiн салық төлеушiлердiң - заңды және жеке тұлғалардың материалдық мүдделерiне нұқсан қелтiрмей қалыптастыру керек деп түсiнген дұрыс.
Демек, заң жүзiнде белгiленiп, бекiтiлетiн салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдер мемлекеттiң салық жүйесiнiң құқықтық элементтерi ретiнде iс жүзiнде ұтымды орын алулары үшiн экономикалық және әлеуметтiк тұрғыдан негiзделiнулерi тиiс.
Қазақстанның салық жүйесiн қалыптастыру iсi мемлекеттiң бюджеттiк құрылысымен, салықтық заңдар шығару деңгейiмен және салықтардың алыну ауқым-дарымен тығыз байланысқан және қосарлы салық са,iудың болмауы қарастырылған. Бұл жерде ең бастысы салық жүйесiнiң мiндеттi түрде заңды негiзiнiң болуы. Себебi, салықтың мәжбүрленiп алынатын сипа-тына сай заңмен белгiленген салықтық мiндеттемесiнiң болуы әбден қажет. Сонымен, мемлекеттiң салық жүйесi дегенiмiз ҚР аумағындағы қазiргi кезең талаптарына орай қалыптасқан салық салудың өте маңызды жағдайлары мен мән-жайларының жиынтығы. Яғни, әр түрлi салықтардың құрамы мен құрылымы, оларды басқару тәсiлдерi салықтық қатынастарға қаты-сушылардың мiндеттерi мен құқықтарының жиынтығы және т.б.
ҚР салық жүйесi мына келесiдей құрылымдық элементтерден тұрады: салықтарды белгiлеу және салық салу аясына енгiзу тәртiбi мен негiздерi (заң актiлерiнде белгiленiп, бекiтiлуi); салықтар жүйесi (алынатын салықтар мен мiндеттi төлемдердiң түрлерi және түзiлiмi); салықтардың алыну көздерi; салықтарды (мәжбүрлеп) алудың принциптерi мен түрлерi; салықтарды алу деңгейлерi; мемлекеттiк салықтық бақылау-дыңнысандары мен әдiстерi; салықтөлеушiлердiңтиiстi құқықтары мен мiндеттерi; мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерi; салықтық қатынасқа қатысушылардың жауапкершiлiктерi.
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi
-
Шеденов Ө.Қ «Жалпы экономикалық теория»
-
Әубакiров А. «Экономикалық теория негiздерi»
-
Әубакiров А. «Нарықтық экономика негiздерi»
-
Байжанов Л. «Циклы в кризисы в жизни общества» Алматы Унив «Туран» 1999 г
-
Есенбаев М. «Қаржы-қаражат» журналы 1995 №4
-
Какiмжанов З. «Қаржы қаражат» журналы 1999 №12
-
Кененова Қ «Экономическое обозрение» 1999 №3
-
Арзаев М.Ж. «ҚазҰТУ хабаршысы» Экономика сериясы 2003 №2
-
Байдусенов Л.Д. «Қаржы-қаражат» журналы 2001 №4
-
Кәкiмжанов З. «Егемен-Қазақстан» газетi 2002 ж №129-130 7 маусым
-
Найманбаев С.М. «Заңгер» журналы 2002 №12
-
Шамғанов Ә, Утешова Ж. «Iзденiс» журналы 2001 №2
-
Игнатьев Д. Налоговой политике нужны четкие приоритеты // финансовое известия №13 2000 г.
-
«Фискальный перераспредельный механизм налогооблажения». Сб. Научных трудов КазГАУ «Развитие открытой рыночной экономики Казахстана». Часть 3 – Алматы, «Экономика», 1999 г.
-
«Фискальный перераспределительный механизм межбюджетных отношений в Республике Казахстан». Сб. Научных трудов КазГАУ «Экономические реформы: особенности переходного периода». Часть 1 – Алматы – Экономика, 2000 г.
-
Байгісиев М. Халақаралық экономикалық қатынастар, «Санат» 1998
-
Жолдасбаева Г.Ө «Экономика», 2002ж. кәсіпорын экономикасы
-
Елемесов Р.Е «Қазақ университеті», Халықаралық экономикалық қатынастар, 2002ж
-
Инвест. Қазақстан, 2005 жыл, 1-2 басылым.
-
Интернет, www.goggle.kz
-
Макроэкономика, оқулық, Р.Дорнбум, С. Фишер, Алматы: ҚазМБА, 1997ж.
-
Инвестиции, Н.Л. Маренков, Ростов-на-Дону, «Феникс»,2003г.
-
Инвестиционная стратегия, В.А.Чернов, Москва: «ЮНИТИ», 2003г.
1
Достарыңызбен бөлісу: |