І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Шұжық өнімдерінен қалай үлгілер алынады? Үлгілерді қалай қаптап, таңбалайды көрсетіңіз



бет53/70
Дата13.12.2022
өлшемі221.53 Kb.
#467192
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70
Санитар сессия ответы толык еместт

11. Шұжық өнімдерінен қалай үлгілер алынады? Үлгілерді қалай қаптап, таңбалайды көрсетіңіз.
Өнімдердің үлгілерін микробиологиялық зерттеуге физика-химиялық және органолептикалық талдаудан бұрын асептикалық тәсілімен, яғни, от жалынына күйдірілген, стерилденген
ыдыста, стерилдендірілген құралдардың көмегімен қоршаған
ортадағы ластанған өнімді микробтардан тазартып алады.
Таза салмағы 1000 г дейінгі өнімнің кесегін жұқа қасық
сынамасымен, қысқыш немесе кесектің көлемі мен түріне
байланысты әртүрлі құралдармен алып, оны ыдысқа салып немесе
фольгаға орайды. Таза салмағы 1000 г жуық өнім кесегі
келесідегідей тәсілдермен алынады:
өнімнің үлгісін пышақпен, арамен немесе басқа құралдармен қиып немесе кесіп алады. Шаршы көлеміндегі өнімді шегіне перпендикуляр, бойлық формасы-бойлық өсіне перпендикуляр, шар түріндегі өнім- ұшбұрыш түрінде кесіледі.
өнімді бірнеше жерден пышақпен кесіп, бөлшектің жоғарғы жағы мен тереңдеу бөлшегін скальпелмен керек кесегін алып, қысқышпен кең мойынды ыдысқа ауыстырады;
•өнімнің 0,5-тен 1 см дейінгі қалыңдықтағы қабатын пышақпен немесе сыммен кесіп алып, мойны кең ыдысқа өнімді қажет мөлшерге дейін тығыздап салады. Үлгілерді алу барысында
әртүрлі жерлерден биіктігінің жартысына жуықтай өнімінің ішінен сынама алынады.
қатты өнімдерден сынаманы қашап немесе басқа құралдармен алады.
Сырты қапталған шұжық өнімдерін, шошқа, қой және сиыр
еттерінен жасалған тағамдарды спиртке малынған мақта тампонымен сүртіп, спирттік от жалынына екі рет күйдірілген,
металл немесе эмальды табаққа салады. Содан кейін батонның сыртқы қабаты шашылмайтындай етіп, стерилденген
(фламбирленген) пышақпен немесе скальпелмен екі бөлшекке бөледі. Сынама үшін батонның ортасынан және сыртқы
екі жақ қабатынан аздаған мөлшерде бөлшегін алады.
Салмақ массасы 20-0,1г әрбір үлгілердің біріккен сынамаларын стерилденген ыдыспен (пергамент) алып, стерилденген келіге орналастырып, оны стерилденген келсаппен мұқият ұнтақтап, 1:10 қатынасында материал ыдырағанша аздап 180 мл стерилденген физиологиялық ертіндіні құямыз. Алынған өнімді бөлме температурасында 15 минутқа қойып, оны қоректік ортаға егу үшін стерилденген пипеткамен алады.
Дайындалған бастапқы субстраттың 1 мл 1г өнім болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет