7. Ет жəне ет өнімдерінен үлгі алу əдістерін қолданыңыз.
Ет және ет өнімдерінің үлгісін алу. Санитарлы-бактериологиялық зерттеу үшін еттің беткі аймағы 10 см болатын, бастапқы қалыңдығы сақталған бөлшек алынады, ал шұжық-
тан ұзындығы 15 см бөлінділер алынады. 20 г ет үлгісін 80 мл
стерильді 0,85%-к NaCl ерітіндісіне (немесе стерильді құбыр
суына) енгізіп, 10-15 минут шайқайды. Осы алынған бастапқы
субстраттан қажетті реттік сұйылтулар жасап, қоректік орталарға егеді.
Ет үлгілеріне бактериологиялық зерттеулерді жүргізу алын-
ғаннан кейін 2 сағаттан кеш болмауы керек. Осы уақыттан
асып кеткен жағдайда еттің анализін 1-ден 6 °С температурада
сақтап, 4 сағатқа дейін жүргізуге рұқсат беріледі.
Сынама алу тәртібі
1. Ет сынамасын 200 гр мөлшерінде үшаның әр жерінен сөл
түйіндері мен кемік сүйектерінің бөліктерімен қоса бірге алады.
2. Консерві сынамасын біркелкі партиялы салмағы 1 литрге
дейінгі екі ыдыстан, бөшкеден - 500 грамм алады.
3. Еттің жартылай фабрикаттары - өнімнің әр партиясының 3
үлгісінен салмағы 300 гр кем емес ортаңғы сынамасын алады.
Ортаңғы сынама - бұл өнімнің әр түрлі бөлігінің нүктелі
Сынамасының саны, Ол үшін материалда кездесетін микроорганизмдердің орташа көрсеткішін есептейді.
4. Шүжық өнімдерінен сынаманы әрбір біркелкі партиясынан
алып тексереді (бір түрге, бір сортқа жататын, аталуы бірдей және
бірдей технологиялық мезгілде бір кезектің ішінде дайындалған
өнім).
Шұжықтың әр партиясынан ортаңғы сынама алу үшін қабығы
бар өнімнің шетінен әрқайсысының ұзындығы 15 см әр түрлі
екіден кем емес сынама алады, қабығы жоқ өнімнен (ет наны,
паштет және т.б.) - әркайсысының салмағы 200-250 гр кем емес үш
сынама алады.
Шүжық өнімдерінің (сосиска, сарделка) жалпы сынамасы
партияның әр түрлі жерінен алынған бірнеше данадан түрады.
Шұжық өнімдерінің бетін спиртке малынған тампонмен сүртеді,
күйдіреді, сосын екі бөлікке бөліп, кесінді жасайды. Қабығы жоқ
өнімнен анализ жасау үшін сынаманы өнімнің беткі және тереңгі
қабаттарынан алады.
Барлық зерттелетін үлгілерді залалсыздандырылған ыдысқа
салып таңбалайды, керек кезінде ортақ ыдысқа салады да
пломбирлеп, тез арада зертханаға жібереді. Сынамаларды
тоңазытқыш-сөмкелермен тасымалдайды.
Сынаманы алғаннан кейін екі сағаттың ішінде (4-8°C t
тоңазытқышқа салынған болса, 4 сағаттың ішінде) тексеруге
кіріседі, олай болмаған жағдайда хаттамада сынаманың түрып қалу
себебі мен сақталу жағдайы көрсетіліп жазылады.
Жолдама қағазда (акт) сынаманың нөмері, өндірістің аты,
жасалған өнім, мекен-жайы, сынаманы қайдан алғанын, сынаманы
алу тәсілі (МҚСТ-қа сәйкес); салмағы, оралуы, таңбалануы;
өнімнің түрі мен сортының аталуы; дайындалған өнімнің
нормативті-техникалық қүжаттары; жасалу күні мен уақыты;
партияның нөмері мен көлемі; зертханаға жіберілген күні мен
уақыты; сынаманы жіберу мақсаты; сынаманы алған адамның аты-
жөні, дәрежесі мен қолы қойылып көрсетілуі тиіс. Зертханаға жіберілген ет және ет өнімдерінің сынамалары кейін қайтарылмайды.
Ет және ет өнімдерін бактериологиялық тексеру
Бактериологиялық тексеруге мыналар жатады:
Өнімдегі микробтардың жалпы санын анықтау;
Коли-титр және коли-индексті анықтау;
Тазалықты- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтау;
Зардапты микробтардың бар-жоғын анықтау.
Өнімдегі микробтардың жалпы санын анықтау үшін
қолданылатындар:
есептеуіш камерада тікелей санау (сирек жағдайда
пайдаланады);
ә) қатты қоректік ортаға себінді жасайды, мұнда өсіп-шыққан
колониялардың санына қарай микробтардың жалпы санын
анықтайды;
б) сұйық ортаға титрлі себінді жасайды.
(1) аспа – өнім сапасының жеке көрсеткіштерін анықтау үшін бөлінген ортаңғы сынаманың бір бөлігі;
2) бақылау сынамасы – зерттеуді жүргізетін зертханада сақталатын, жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша сәйкес келмеген немесе дау туған кезде қайта зерттеуге арналған ортаңғы сынаманың бір бөлігі;
3) биологиялық материал – жануарлардың ауруларына диагностика жүргізу мақсатында іріктеп алынған тірі ұлпаның бір бөлігі немесе биологиялық белсенді сұйықтық (қан, шырыш, жұлын сарысуы, өт, ірің, зәр, қи, қырындылар, биопсия әдісімен алынған материалдар және басқалары);
4) біріктірілген сынама – ортаңғы сынаманы құрастыруға арналған іріктемеден алынған нүктелі сынамалардың жиынтығы;
5) зертханалық сынама (соңғы сынама) – бақыланатын объектінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау мақсатында нормативтік құжаттарда анықталған зерттеуге жолданатын (зертханаға жеткізілген) тестілік үлгіні жасауға арналған ортаңғы сынаманың бір бөлігі;
6) кварттау әдісі – біріктірілген сынаманы (мұқият араластырғаннан кейін) бірдей төрт бөлікке бөліп, диагональ бойынша екі ширегін алып, алғашқыдай бірнеше рет қайта төртке бөлу жолымен сынаманың мөлшерін азайтып, өнімнің зертханалық талдауға тиісті мөлшерінде ортаңғы сынаманы құрау тәсілі;
7) конверт әдісі – үйіндіде, қатарда, рет-ретімен орналастырылған көліктік ыдыстан немесе онсыз даналанған, ұнтақ күйдегі материалдардан нүктелік сынамаларды іріктеу схемасы. Көлік құралы бірлігінің, көліктік ыдыстың немесе өнім сақтайтын қойманың көлеміне байланысты өнімнің ортаңғы, төменгі және жоғарғы қабаттарынан сынаманы іріктеу үшін бір, екі немесе үш конверт әдісі қолданылады;
8) көліктік ыдыс – жеке көлік бірлігін (контейнер, қап, қорап, құты) құрайтын, өнімдерді орналастыруға арналған орама;
9) нүктелік сынама – біріктірілген сынама жасау үшін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіден бір партиядан бір қабылдауда бір жерден алынған сынама бөлігі;
10) орама бірлігі – оралған орамамен қоса алғандағы тауардың бірлігі; 11) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер – жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырғыштарының штаммдары, жануарлардан алынатын өнім мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
12) ортаңғы сынама – зертханалық зерттеу өткізуге арналған біріктірілген сынаманың бір бөлігі;
13) партия – бірдей жағдайларда бір өндіруші бір нормативтік құжат бойынша өндірген (дайындаған), бір көлік құралымен бір межелі пунктке бір алушыға жөнелтуге арналған және бір ветеринариялық ілеспе құжатпен ресімделген біртекті тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектінің саны;
14) патологиялық материал – тірі немесе өлген жануарлардан алынған, құрамында жұқпалы немесе паразиттік аурулардың қоздырғыштары бар немесе болуы мүмкін, ветеринариялық зертханаға жіберуге арналған биологиялық материал;
15) сынама – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіден іріктелетін үлгі;
16) тұтынушылық ыдыс – тұтынушыға өніммен бірге жеткізілетін және жеке көлік бірлігін құрамайтын ыдыс (бөтелке, банка, пакет, стақан, брикет);
17) ыдыс – стандарттарда, техникалық шарттарда көзделген өнімді орналастыруға арналған орама элементі (жәшік, барабан, бөшке, цистерна және буып-түюдің басқа түрлері);
17-1) Қан алу жүйесі – тасымалдауға арналған және элементтерді қан алу үшін қайта пайдалануды болдырмайтын, саңылаусыз жабылған шыны түтікшеге (котейнер) тікелей қан алуды жүргізуге мүмкіндік беретін, өзара байланысқан бір реттік элементтердің қосындысы.
18) іріктеме – партияның ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіден іріктелген сынамалардың жиынтығы).
Достарыңызбен бөлісу: |