І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Шұжық өнімдерінде МАФАнМ қалай анықталады көрсетіңіз



бет54/70
Дата13.12.2022
өлшемі221.53 Kb.
#467192
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70
Санитар сессия ответы толык еместт

12. Шұжық өнімдерінде МАФАнМ қалай анықталады көрсетіңіз.
МАФАнМ-ді анықтау үшін әрбір сынамадан шамамен
Петри табақшасында 30-дан 300-ге дейін колония түзу бірліктері (КТБ) өсетіндей кем дегенде екі рет егу жүргізеді. Петри
табақшасының біріне 0,1 г егу жүргізілсе, ал басқасына 0,01 г
өнімді егеді.
0,1 г өнімді егу үшін бірінші алынған өнімді 10 реттік сұйылту дайындап алады. Стерилденген пипеткамен 1мл суспензияны алып, 9 мл стерилденген физиологиялық ертіндінің
немесе пептонды суы бар (1 мл зерттелетін суспензияда 0,1 г
өнім болады) пробиркаға енгізеді.
0,01 г өнімді егу үшін келесідей сұйылту жасалынады.
Пробиркадағы қоспаны стерилденген пипеткамен мұқият
араластырып, 1 мл суспензияны алып, 9 мл стерилденген
физиологиялық ертіндіге құяды (1 мл зерттелетін суспензияның екіншілік сұйылтуында 0,01 г өнім болады ).
Дайындалған сұйылтулардан 1 мл ертіндіні стерилденген
Петри табақшасына тамызып, 45-46° C дейін салқындатылған
12-15 мл ЕПА құйып, үстелдің бетінде ақырындап табақты
айналдырып, қоректік агарды араластырады. Агар суығанда беткі қабатына протейлердің өсуін тежеу мақсатында 2-3 мм сулы агарды құяды. Петри табашшасын төңкеріп, 37 С термостатқа 48 сағат дақылдайды.
13. Шұжық өнімдерінде Salmonella туысының бактериялары қалай анықталады көрсетіңіз
Шұжық өнімінен стерилденген пышақпен мұқият ұсақталған көлемі 25 г орташа үлгі сынамаларын, 100 мл жинақтау
(Мюллер, Кауфман, хлорлы-магний) қоректік ортасы немесе
225 мл селенитті сорпасы бар колбаға енгізеді. Колбадағы
құрамды жақсылап араластырып, 37°С термостатта 16-24 сағат
дақылдап, Эндо, Плоскирев, Левин немесе висмут-сульфит-агар қоректік орталарының біріне егеді. Колбадағы құрамы аз
лайланған жағдайда Плоскирев ортасын қолданған дұрыс.
Егуді термостатқа 16-24 сағатқа 37°С-та қояды.

Ішек таяқшасы топтарының бактерияларын - (ITТБ) анықтаудың мақсаты - шикілей сүрленген шұжық өнімдерін өндіру


процесіндегі санитарлы-гигиеналық жағдайды немесе шұжықты қайнату режимдерінің сақталуын тексеру. ITТБ анықтау
құрамында көмірсулары (глюкоза, лактоза) бар КОДА, Кесслер қоректік орталарды қолданатын дәстүрлі әдістерге
негізделеді. ITТБ глюкоза мен лактозаны ферменттейді, сондықтан КОДА ортасында индикатордың түсін өзгертетін
қышқыл өнім түзіледі, ал Кесслер ортасындағы глюкозаның
ыдырауының нәтижесінде шыны түтікті қалқымада газ жиналады.
Шұжық өнімінің өндірістік зертханада микробиологиялық бақылау жүргізуді ішек таяқшасы топтарының бактерия-
лары биохимиялық дифференциациясыз анықтаумен шектелуге болады. ITТБ анықтау үшін 5 мл КОДА қоректік ортасы
бар пробиркаға 5-10 мл көлемді стерилденген пипеткамен
5 мл зерттелетін объектіні енгізеді. Кесслер ортасын 10 мл
көлемінде қолдануға болады. Екпелерді 37°С термостатта 18-20
сағат дақылдайды. Ішек таяқшасы топтарының бактериялары
өскен жағдайда КОДА ортасы сары түске боялады, Кесслер
ортасындағы шыны түтікті қалқымада газ түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет