І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Ғылымның дамуына үлес қосқан әйгілі микробиологтарды тізімдеңіз



бет2/70
Дата13.12.2022
өлшемі221.53 Kb.
#467192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Санитар сессия ответы толык еместт

2. Ғылымның дамуына үлес қосқан әйгілі микробиологтарды тізімдеңіз.
Қазақстанда миробиологияның дамуы ұлы отан соғысы кезінде және одан кейінгі жылдары дами бастады.Қазақстандағы микробиологияның негізін қалаған ғалым Ғ.А. ҚазССР мүше-корреспонденті Д.Л.Шамис болды.
1956 жылы сәуір айында вирусология лабораториясы патология микробиология секторы бойынша республикада бірінші рет академиялық ғылыми мекеме жалпы және тұрмыстық, ауылшаруашылық микробиологиясы ҚазақССР Ғылым Академиясының микробиология және вирусология Институты құрылды.Қазақстанда микробиологияның физилогиялық бағыты -Ғ.А. Қаз ССР Д.Л.Шамис басшылығында болды.
ҚР профессорлары М. Х. Шиғаева мен Н. Б.Ахматулина химиялық мутагендер туралы, олардың генетикалық микрооганизмдер мен вирустардың жалпы биологиядағы маңызы жайлы зерттеулер жүргізді.
1892жылы орыс ғалымы,ботаник Д. И.Ивановский(1864-1920) темекі жапырағында кездесетін теңбіл(мозайка) ауруын зерттей отырып, ол ауруды қоздыратын мөлшері жағынан әдетте микроорганизмдерін бірнеше есе кіші, бактериялар өтпейтін сүзгіден сүзіліп өтетін, жұқпалы қасиеті бар сұйық зат екенін анықтады. Ивановский осындай өсімдіктің шырынынзақымдалмаған өсімдіктің ұлпасына енгізгенде аурудың солөсімдікте пайда болатынын байқады. Бұл ауруды туғызатынмикроорганизмді «сүзгіден өтетін вирус» деп атады. Сөйтіп,Ивановский биология ғылымының бір – саласы вирусологияның негізін салды.
1897 жылы шетел зерттеушілері Ф.Леффлер және Фор шауылшаруашылық малдарында көп тараған аусыл ауруының вирусын тапты. 1898 жылы Н.Ф.Гамалея бактерияны ерітіп жіберетін, сүзгіден өтетін микроорганизм болатындығын ашты.
Левенгуктын, ашқан жаңалығы микроорганизмдер дүниесін зерттеуге, сөйтіп микробтар жөніндегі ғылым —микробиологияның дамуына жол ашты.
Өз зерттеулерін Левенгук «Антон ван Левенгук ашкан табиғаттың құпия сырлары» деген атпен 1695 жылы кітап етіп жарыққа шығарды. Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың көрнекті табиғат зерттеушісі М. М. Тереховский (1740—1796) еңбегінің зор маңызы болды. 1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде өзінің микроорганизмдер жөніндегі еңбегін қорғады.
Ол табиғатта кездесетін микробтардың шығу тегін зерттеген болатын. Тереховский өз зерттеуінде ең алғашқы рет эксперименттік әдісті қолданды және микроорганизмдерді адамның күнделікті тұрмысында пайдалануға мүмкіндігі барлығын дәделдеді.
Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері және осы ғылым-ның негізін қалаушы француз оқымыстысы Луи Пастер (1822— 1895) өзінің зерттеулерінін, нәтижесінде табиғатта және өнеркәсіпте кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатындығын дәлелдеді. Сөйтіп, Пастер микроорганизмдердін, екі тобының болатындығын, яғни аэробты (оттегі бар жерде тіршілік ететін) және анаэробты (оттегінсіз тірщілік ететін) топтарын ашты. Адамда кездесетін жүқпалы аурулардың тегін зерттей келе, Пастер оларды қоздырушы микроорганизмдер екендігін анықтады және мал мен адамды бұл аурулардан сақтандырудың жолдарын көрсетті. Ол — топалан. және қүтырма ауруларына қарсы вакциналар жасап, іс жүзінде қолдана білді. Микробиология ғылымының бұдан былай дамуында Пастердің осы жұмысының зор маңызы болды.
Микробиология ғылымының дамуында неміс оқымыстысы Роберт Қохтың (1843—1910) еңбектерінің зор маңызы болды.Ол туберкулез (өкпе ауруы), холера ауруларын қоздырушы микроорганизмдерді тауып, зерттеп, олармен күресудің нақты жолдарын көрсетті.
Бұл салада, әсіресе орыс оқымыстысы И. И. М е ч н и к о в т ы ң (1845—1916) еңбегі зор. Ол микробиологияда бірқатар жаңалықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы. И. И. Мечников «фагоцитоз және оның иммунитеттегі ролі» туралы тыңғылықты ілім жасады. Фагоцитоз деп зиянды микробтарды жоятын организмдегі ерекше обыр клеткалардың қасиетін айтады. И. И. Мечников адам баласы қартаюының басты себебі болып есептелетін түрлі жұқпалы ауруларды емдеуде қазір қолданылып жүрген дәрілерді (антибиотиктерді) алудың ғылыми теориялық не-гізі — антагонизм туралы ілім жасады.
Н. Ф. Гамалея (1859—1949). Ол микробиология және бактериология саласында көп еңбектер жасады. Мечниковпен бірге Россияда бактериологиялық ла-бораторияны ашуға белсене қатысты, ал Мечников қайтыс болғаннан кейін оны өзі басқарды. Ол көп жылдық еңбектерінің нәтижесінде микробтар дүниесіндегі ерекше организмдер — бактериофагтарды ашып, зерттеді. Сөйтіп, ол соңғы жылдары елімізде зор қарқынмен дамыған вирусология ғылымының негізін қалау-шылардың бірі болды. Гамалея оба және туберкулез ауруларының кейбір мәселелерін зерттей отырып, оларды емдейтін отандық пре-параттар жасады.
Орыс оқымыстылары Д. К. Заболотный (1866—1929) мен Т. А. Тарасевич (1868—1927) оба, мерез, туберкулез тағы басқа да ауруларды зерттеудегі табыстарымен әлемге әйгілі болды. Бұл оқымыстылар елімізде зор қарқынмен дамып отырған эпидемиология ғылымының негізін қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет