Экология (3-сынып)
І. Кіріспе
|
2
|
|
1.1. Табиғаттағы заттардың бір-бірімен байланысы
|
1
|
|
1.2. Адамның табиғатпен байланысы
|
1
|
|
ІІ. Табиғатқа қамқорлық
|
10
|
|
2.1. Адамның табиғатты өзгертуі
|
2
|
|
2.2. Табиғаттағы өзгерістер, оның себептері
|
2
|
|
2.3. Табиғаттағы өсімдік бірлестіктері туралы
|
1
|
|
2.4. Табиғаттағы жан-жануарлар бірлестіктері туралы
|
1
|
|
2.5. Жасанды бірлестіктер
|
1
|
|
2.6. Бірлестіктер тірі организмдердің мекені
|
2
|
|
2.7. Адам мен табиғат бірлестіктері
|
1
|
|
ІІІ. Орман және адам
|
8
|
|
3.1. Орман – халық байлығы
|
2
|
|
3.2. Ормандағы табиғи бірлестіктер
|
2
|
|
3.3. Ормандардағы организмдердің көптүрлілігі
|
2
|
|
3.4. Орманның маңызы
|
2
|
|
ІV. Бау-бақша және саябақтар
|
8
|
|
4.1. Бау-бақшаның түрлері
|
2
|
|
4.2. Бау-бақшадағы тірі организмдер
|
2
|
|
4.3. Мектеп жанындағы үлесі
|
1
|
|
4.4. Өсімдік гүлдері туралы
|
1
|
|
4.5. Өсімдіктердің пайдасы мен зияны жайлы түсініктер
|
2
|
|
V. Адамның іс-әрекеті
|
4
|
|
5.1. Адамның ормандағы іс-әрекеті
|
2
|
|
5.2. Адам және мәдени өсімдіктер
|
2
|
|
5.3. Табиғатқа саяхат
|
2
|
|
Барлығы:
|
34
|
|
Экология (4-сынып)
І. Кіріспе
|
2
|
|
1.1. Адамның табиғи бірлестіктердегі іс-әрекеттері
|
1
|
|
1.2. Дала және егістіктер
|
1
|
|
ІІ. Дала жағдайындағы тіршілік
|
6
|
|
2.1. Табиғи жайылымдар туралы
|
1
|
|
2.2. Шөптесін өсімдіктер
|
1
|
|
2.3.Өсімдіктер мен жануарлардың қарым-қатынастары
|
1
|
|
2.4. Өсімдіктер немен қоректенеді?
|
1
|
|
2.5. Жануарлар немен қоректенеді?
|
1
|
|
ІІІ. Адамның табиғаттағы жауапкершілігі
|
6
|
|
3.1. Адамның өсімдіктерді қорғауы
|
1
|
|
3.2. Адамның жануарларды қорғауы
|
1
|
|
3.3. Табиғатты қорғау туралы салт-дәстүр
|
1
|
|
3.4. Қызыл кітап туралы
|
1
|
|
3.5. Пайдалы организмдер
|
1
|
|
3.6. Зиянкес организмдер
|
1
|
|
ІV. Өзен мен көлдер жүйесі
|
6
|
|
4.1. Өзендер, оның маңызы
|
1
|
|
4.2. Көлдер туралы
|
1
|
|
4.3. Өзен мен көлдердің айырмашылығы
|
1
|
|
4.4. Өзен мен көлдердің суы таза ма?
|
1
|
|
4.5. Судың сапасы туралы
|
1
|
|
4.6. Өзен мен көлдегі организмдер
|
1
|
|
V. Қоршаған орта сапасы
|
6
|
|
5.1. Ауаның ластануы туралы түсініктер
|
2
|
|
5.2. Судың ластануы туралы түсінік
|
2
|
|
5.3. Топырақтың ластануы туралы түсінік
|
2
|
|
VІ. Қоршаған орта және адам денсаулығы
|
6
|
|
6.1. Адамдар неге ауырады?
|
1
|
|
6.2. Ауаны қалай таза сақтаймыз?
|
1
|
|
6.3. Суды қалай сақтаймыз?
|
1
|
|
6.4. «Наурызды» қарсы алу дәстүрі
|
1
|
|
6.5. Таза орта – денсаулық кепілі
|
1
|
|
6.6. Табиғатты қорғаудағы нақыл сөздердің мәні
|
1
|
|
6.7. Табиғатқа саяхат
|
|
2
|
Барлығы:
|
34
|
|
ДҮНИЕТАНУ
Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау.
Сабақтың мақсаттары: 1) білімділігі: су экологиясы туралы түсінік беру; судың ластану жолдары туралы тоқталып өту; халықтың салт-дәстүрлерге негізделген экологиялық тәрбие беру; 2) дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын кеңейту, ойлауын, көз алдына елестету қабілетін және өзіндік ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту; 3) Тәрбиелігі: табиғатты қорғай білуге, аялауға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.
Сабақтың көрнектілігі: Балқаш көлі, Арал теңізі – плакаттары, Қазақстанның физикалық картасы, Арал және Балқаш туралы жазылған рефераттар, бейнекассета; синтетикалық жуғыш «заттар».
Сабақтың ұйымдастыру түрі:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Қазақстандағы өзендер мен көлдерді ата; ә) Картадан ірі өзендер мен көлдерді тап; б) Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар? в) Көл суының қасиеттері, Қазақстанда кездесетін көлдер.
ІІІ. Қорыту. «Өзен» өлеңімен таныстыра отырып, сабағымды қорытындылап өткіземін.
ІV. Жаңа тақырып.
а) Суды пайдалану;
ә) Суды ластайтын заттар;
б) Ластанған суды тазарту жолдары;
в) Арал тағдыры – адамзат қасіреті;
г) Балқаш көлінің ластануы, таяздануы
д) «Су» туралы нақыл сөздер, наным түсініктер, тыйым сөздер.
Есептеулерге қарағанда қаланың бір адамы алуан түрлі қажеттігін өтеу үшін тәулігіне 700 литрге дейін суды тұтынады. Пайдаланылған су шайынды суға айналады. Ол – ластанған су.
Суға құйылатын ластаушы заттар көп. Олар: өнеркәсіптің, шахтаның, кен орындарының, мұнай өнеркәсібінің, су, темір жол және автомобиль көліктерінің т.б. шайындылары. Шайындылар арқылы судағы тірі ағзалар, жәндіктер, өсімдіктер, балықтар қырылады немесе ауру таратады. Шаруашылыққа орны толмас аса үлкен зиян келеді.
Қазіргі кезде лас суды тазартатын арнайы қондырғылар орнату қажеттілігі туды.
Мұхиттар мен теңіздердің суы да үздіксіз ластануда. Оларға орасан көп мөлшерде мұнай және өндіріс қалдықтары төгіледі.
Адам баласы ғасырлар бойы табиғатты пайдалануды ғана білді. Ірі-ірі құрылыстар салды. Өзендерге бөгеттер жасады. Суды шамадан тыс пайдаланудың нәтижесінде көлдерге құятын өзен сулары азайды. Оны тартылып қалған Арал теңізі мен Балқаш көлінен анық көреміз.
V. Кітаппен жұмыс.
VІ. Қорыту: а) тірек схемасы; ә) нақыл сөздер; б) су туралы тақпақтар.
VІІ. Үйге тапсырма: а) түсінік оқу; ә) су туралы нақыл, наным түсініктерді, табиғат туралы түсініктермен байытып жазып келу.
VІІІ. Бағалау.
Шет елдердегі экологиялық білім берудің мақсаты мен мазмұнына қоршаған ортаның ластануы, табиғат қорғау қозғалыстары және саяси қайта құрулар айтарлықтай әсер етті.
Мысалы, Германияда табиғатты қорғаудың қоғамдық қозғалыстары индустрилизация процесстерімен қатар күш ала бастады. 19 ғасырдың аяғында Европаны романтизм идеялары жаулап ала бастады. «Табиғат» және «Отан» түсініктері Германияның халқының көп бөлігінің санасында ерекше маңызға ие бола бастады. Өткен ғасырдың аяғында Германияда үш негізгі табиғат қорғау қозғалыстарының бағыты қалыптасты, («Отан қорғау», «Табиғат ескерткіштерін қорғау», «Ландшафттар экологиясы және көгалдандыру қозғалысы») және практикалық акцияларды жүргізу дәстүрінің негізі қаланды /21/.
Германияның мемлекеттік экологиялық саясатының қалыптасуына халықаралық тәжірибе әсер етті. 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында АҚШ және Жапонияда арнайы заңдар мен оларды орындау механизмдері жасалды. 1971 ж. ФРГ алғашқы мемкеттік қоршаған орта бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаның мемлекеттің экологиялық саясатын жасаудағы маңызы зор болды.
Білім беру жүйесінің барлық сатыларында қоршаған ортаның және оған антропогенді әсерді зерттеуге бағытталған оқытудың маңызы танылды. Бағдарламада экологиялық білім беруді мақсат ететін жеке адамның саналы қызметін қалыптастыруды қамтамасыз ететін материалдарды оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнына енгізу қажеттілігі көрсетілген.
Оқу бағдарламаларына бастауыш мектептің (1-4 сыныптар) және орта білім берудің бірінші сатысында (5-10 сыныптар) «Қоршаған дүниедегі өзара қарым-қатынастардың және оны қорғау мәселелерін ашып көрсететін» тақырыптарды, ал орта білім берудің екінші сатысында (11-13 сыныптар) қоғамдық ғылымдар циклінің шеңберінде (тарих, қоғамтану, саясат) арнайы табиғат қорғау курстары енгізілген.
Тұрғындар арасында қоршаған орта мен денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Әлеуметтік экологиялық мәселелер мектептегі пәндердің мазмұнына кірді. Сабақтарда жергілікті экологиялық мәселелер негізіндегі конфликт жағдайлар қарастырылған. Сабақтарға белгілі бір мәселе бойынша және қандай да бір конфликттерді шешу үшін мамандар шақырылып отырды.
Германиядағы экологиялық білім беру жаратылыстану ғылымы мен саяси білім беру шеңберінде дамыды. Ол елдің азаматын тәрбиелеудің бөлінбес бөлігі. 70-жылдардың соңында қоршаған ортаны қорғау жалпыхалықтық сипат алды. Азаматтардың белсенділігі тұратын жеріндегі мәселені шешуге әрбір адамның қатысуының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.
Замандастарының ойынша экологиялық білім мен тәрбие берудің қалыптасуы кезінде қателіктер мен бұрмалаулар болды. Экокризистік тақырыппен шектен тыс әуестену сынға ұшырады. «Судың ластануы», «Ауаның ластануы», «Ормандардың жойылуы» және т.б. тақырыптарды оқытуда төніп келе жатқан қауіп, ластанудың адам денсаулығына әсері туралы күнделікті айтып отыру жастар мен ересектерде қорқыныш сезімін туғызады.
80-жылдары педагогикалық қауымда Германиядағы экологиялық білім беруінің түрлері мен әдістері, мақсаты мен мазмұны туралы дискуссиялар кеңінен орын алды. Нәтижеде интеграцияланған оқу бағдарламалары, Европа елдері мен АҚШ-тағы экологиялық білім беруді оқытудың альтернативтік әдістері, мүмкін болатын түрлері мен оқыту әдістерін сынақтан өткізу жұмыстары жүргізіле бастады. Қосымша білім беру мекемелері: экологиялық білім беру орталықтары, биостанциялар және т.б. ашылды. Егер 80-жылдардың басында Батыс Германияда қоршаған орта туралы білім беру саласында жұмыс істейтін 10 экологиялық орталық жұмыс істесе, 1989 ж -110, 1993 ж – 232, 1996 ж – 330 жеткен. Эколог-мамандар, эколог-педагогтар, қосымша оқу – білім беру мекемелерінің қызметкерлері әр түрлі сабақтар, семинарлар, оқушылар мен студенттерге арналған танымжорықтар, ал ересектер үшін біліктілікті арттыру курстарын жүргізеді. Қосымша оқу мекемелерінде экологиялық білім беру Германияда тұрғылықты жерде (өлкетанымдық) жүргізуге бағытталған.
Экологиялық білім беруге мемлекеттік мекемелерде ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінің мәдениет және білім беру Министрлігі мектеп оқушылары үшін дидактикалық құралдар, арнайы журналдар: «Қоршаған орта саласындағы тәрбие», «Қоршаған орта мәселелеріндегі жаңалықтар», «Қоршаған орта және табиғат», «Экоәріптестерге арналған жаңалықтар» және т.б. шығарылып отырды.
Зерттеу процесінде бізді, әсіресе Германиядағы экологиялық білім беруде жобалар әдісі қызықтырды. Жобалар әдісі дегеніміз әр түрлі коллективтік жұмыстарға негізделген пәнаралық оқыту. Жобаны дайындау мен өткізу қатысушылардың қызығушылығын ескере отырып тапсырмаларды мұқият жоспарлап, тапсыруды талап етеді. Жобаны өткізу процесінде әдістердің және оларды жүзеге асырудың мобильділігі, зерттеушілік және шығармашылықпен жүргізу өте маңызды. Жобаның негізінде іс-әрекетте зерттеу принципі жатыр. Ол еңбек дағдыларын бекіту немесе өзгерту, эстетикалық, әдеби және т.б. іс-әрекеттерді меңгеруге бағытталған /22/.
Қоршаған ортаны қорғаудың саяси аспектісінің құрам бөлігі осы саладағы білім мен тәрбие беру болып табылады. Қоршаған ортаның көптеген мәселелерінің күрделілігі мен жаңаруы дәстүрлі білім берудің жеткіліксіздігіне байланысты кешенді іс-шараларды қолдануды талап етеді. Арнайы мамандар дайындау, сондай-ақ әр түрлі саланың мамандарына табиғатты қорғаумен байланысты міндеттерді шешудің жаңа әдістерін үнемі үйретіп отыру қажет.
Конструктивті оқытудың принциптері:
-
Балалардың бойында бар экологиялық білімдерді анықтау (мүмкін тұрмыстық деңгейдегі) және соның негізінде ғылыми білімдердің жүйесін жасау;
-
Оқушыларды оқыту процесінің белсенділігін арттыруға бағытталған бірлескен қызметте жұмылдыру;
-
Оқушыларды олар үшін күнделікті тұрмыста маңызды тәжірибе контекстіндегі ғылыми концепцияларды талқылауға шақыру;
-
Балаларды ғылыми жұмысқа және олардың ғылыми мәліметтерді пайдалану мүмкіндігін бағалауға жұмылдыру;
-
Оқулықта келтірілген қағидалардың орындалуын ғана көрсететін эксперименттерді емес, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыратын зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру;
-
Материалды оқытушының айтып түсіндіруінен оқушылардың бастамасымен жүргізетін дискуссия түрінде өту;
-
Оқытушының ролін өзгерту. Ол білім көзі ретінде, жауаптың дұрыстығын бағалаушы авторитет емес, білімдерді меңгеру процесін ұйымдастырушы болып табылады. Дискуссиялар кезінде оқушылардың әр түрлі көзқарастары мен ойларын қажетті бағытқа бағыттап, оқушылардың мақсатқа жету жолындағы бірлесіп жұмыс істеуге деген қажеттілігінің пайда болуына көмектеседі;
-
Бір кешеннің ішінде пәндерді интеграциялау (биология, химия, география, физика);
-
Пәндерді оқыту барысында әр түрлі көзқарастардың ролін түсіну (ғылымдардың, оқыту, діннің табиғаты туралы).
Саналы түрде оқыту жүйесі білімдердің интеграциясына бағытталған: табиғаттағының және қоғамдағының барлығы бір-бірімен байланысты, әсіресе экономика мен қоршаған орта мәселелеріне байланысты.
Экологиялық білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – оқушыларды экожүйенің элементтері, олардың өзара байланысы, табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен өзгеруі туралы түсінікті қалыптастыру.
Концепция негізінде экологиялық білім беру стандарты жасалған. Бұл құжатта төмендегі талаптар анықталған:
-
экология мен қоршаған ортаны қорғау саласында жалпы білім беретін мектептердегі дайындықтың негізгі мазмұнына;
-
мектептің оқу жоспарларындағы бөлінген уақыттың көлеміне;
-
оқушылардың міндетті экологиялық дайындығының деңгейіне.
Стандарт мақсатқа жетудің төмендегі кезеңдерін ұсынады:
Жалпы бастауыш білім беру (1-4 сыныптар):
-
адам мен қоршаған ортаның негізгі өзара байланыстары мен бастапқы бағалылық бағдарларын қалыптастыру.
Негізгі мектеп (5-9 сынып):
-
қоршаған ортаның экожүйелік ұйымдасуы, оның ресурстық пайдаланылуы, оның тіршілік сапаларының жоғалу қаупі туралы білімдер негізінде экологиялық жауапкершіліктің қалыптасуы;
-
салауатты өмір сүруі, тиімді пайдалану, оқушылар орындай алатын нақты экологиялық қызметті жасау тәжірибесін игеруге дағдыларын бекіту;
-
табиғаттағы адам мен қоғам арасындағы экологиялық қарым-қатынастар, қазіргі заманғы экологиялық мәселелер және адамзат қоғамының жергілікті, ұлттық және ғаламдық деңгейде тұрақты даму туралы білімдер жүйесін меңгеру;
-
айналадағы экологиялық мәселелерді шешу тәжірибесін молайту.
Қорытынды кезең (10-12 сыныптар):
-
кәсіптік бағыттық сыныптарда экологиялық процесстердің мәні, планетадағы биологиялық алуан-түрлілікті ұстап тұру және биосфера мен адамзат қоғамының тұрақты бірге өмір сүруін анықтайтын факторлар туралы тереңірек білім беру;
-
табиғатқа жауапкершілікпен қарау, экологиялық мәдениет, экологиялық ойлау мен практикалық іс-әрекетті қалыптастыру жалғастырылады;
-
салауатты өмір сүруге деген қажеттілікті қалыптастыру;
-
жердің әлеуметтік-табиғи жүйесінде өзінің орнын философиялық тұрғыдан түсіндіруге дайындау.
Қазақстан Республикасының «Жоғарғы білім туралы» заңының 3 бабында жоғарғы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері көрсетілген:
-
Білім берудің үздіксіз процесінің сатыларының бірізділігін қамтамасыз ету;
-
Жоғарғы білім берудің ғылыми сипаты, құқықтық және экономикалық бағыттылығы /1/.
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда 12 бөлім (63-65 бет) экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіне арналған. Олар жалпыға бірдей, комплектілігі мен үздіксіздік принциптеріне негізделуі қажет /2/.
Қазақстан Республикасының тұрақты даму моделіне өтуі жағдайында экологиялық білім мен тәрбие беру приоритетті маңызға ие болады. Сондықтан экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас ұлттық үздіксіз жүйесін дамыту мәселесі қойылып отыр (ЭБТ).
ЭБТ жүйесінің біртұтастығында, бұл жүйенің құрылымында нақты иерархияны жасау қазір мүмкін болмай отыр. Себебі – оқу-тәрбие процесін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуде жүйелік тұрғыдан қараудың болмауы.
ҚР ЭБТ беруді дамытудың ұлттық стратегиясында жас ерекшелігі мен қоғамдық-тәрбие мекемелеріне байланысты экологиялық білім берудің төрт сатысы жасалған:
-
танысу сатысы (барлық мектепке дейінгі және мектептер мен лицейлердің бастауыш сыныптары);
-
белсенді білімдердің төменгі сатысы (нақты қолданылатын, қарапайым моделдердің жиынтығы, алгоритмдер мен оларды шешу бағдарламалары);
-
белсенді білім берудің ортаңғы сатысы (белгілі әдістердің көмегімен стандартты емес мәселелерді шешуге қажетті білімдерді меңгеруге, өзгермелі архитектоника мен ғылыми кадрлар жағдайында жобаланатын объектілердің экологиялық қызметін болжау дағдыларын қалыптастыру);
-
экологиялық білім берудің жоғарғы сатысы (арнайы экологиялық білім беру, барлық сала мамандарын дайындаудағы экологизация, педагогикалық және ғылыми кадрлардың экологиялық дайындылығы).
Таныстыру және білім берудің төменгі сатыларындағы экологиялық білім беру мазмұнын қарастырайық.
Білім берудің ең жалпы звеносы – жалпы білім беретін мектептердегі экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
-
оқу процесімен табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізу барысында оқушылардың танымдық және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру;
-
балаларда бағалылық экологиялық бағдарлауы мен табиғатқа саналы ғылыми негізделген қатынастарды тәрбиелеу;
-
балалар мен жеткіншектерде альтернативті оқыту технологияларының негізінде қоршаған табиғи ортаның біртұтастығы, адам мен табиғаттың бірлігі туралы ғылыми экологиялық және биологиялық ұғымдарды қалыптастыру.
Міндеттері:
-
үздіксіз экологиялық білім беру бағдарламаларын енгізу, дамыту (бала бақшадан бастап – бүкіл өмірінің барысында);
-
әр түрлі техникалық оқыту құралдарын, соның ішінде компьютерлік, ойын бағдарламаларын қолдана отырып, балаларға экологиялық білім берудің ақпараттық-ойындық моделінің жүйесін жасау;
-
мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектептерге ерте экологиялық білім беру жүйесін енгізуге – бала бақшалардың ересек топтары мен жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарынан бастап жағдай жасау;
-
жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып мектептің базалық оқытуымен қатар экология негіздерін жаратылыстану-ғылыми пәндерімен қоса қосымша тереңдетіп оқыту және жоғарғы сынып оқушыларын университетке оқуға дайындау;
-
оқушыларға кәсіптік бағдар беру.
Бұл қызметтің қорытынды нәтижесі:
-
балалар мен жеткіншектерде табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасты қалыптастыру;
-
өзінің болашағын анықтау мен потенциалын жүзеге асыра алатын жеке адамды тәрбиелеу.
Белсенді білімдердің төменгі сатысы табиғатқа әсер етудегі стандартты міндеттерді стандартты әдістермен шеше алуға қажет ақпараттарды жинақтау сатысы болып табылады.
Белсенді білімдердің төменгі сатысы – бұл нақты жағдайларда қолданылатын ең қарапайым оншаты моделдер мен оларды шешуге қажетті алгоритмдер, бағдарламалардың жиынтығы. Бұл білімдер нақты бір антропогенді әсердің нәтижесін сараптауға, осыған ұқсас шешілген мәселені тауып, оны анологиялық жолымен шешу үшін жеткілікті болуы тиіс.
Төменгі сатыда қарапайым сандық моделдер қолданылады. Бұл моделдер бойынша көптеген экологиялық жағдайлар имитацияланып, нәтижелері графиктер, ластаушы заттардың таралу картасы түрінде көрсетілуі мүмкін.
ҚР-да экологиялық білім мен тәрбие (ЭБТ) беруді дамытудың ұлттық стратегиясында төрт сатылы экологиялық білім берумен қатар жоғарғы орта орнынан кейінгі және мектеп оқушылары мен басқа да топтардың дәстүрлі емес экологиялық білім беру жүйесі жасалған.
Бұл саладағы іс-шаралардың негізгі бағыты халықтың әр түрлі топтарының экологиялық санасын қалыптастыру және экологиялық саясатта белсенді әлеуметтік позицияны насихаттау.
Бұл мақсатқа жету үшін қажетті нәрселер:
-
өзекті экологиялық білімдерді қоғамдық ұйымдар мен ақпарат құралдары арқылы тарату жүйелерін дамыту;
-
формалды және формалды емес экологиялық білім берудің өзара байланысын жетілдіру;
-
қоршаған табиғи орта туралы білімдерді насихаттаудың жаңа тиімді әдістерін іздеу;
-
ақпарат құралдарында мамандардың экологиялық дайындығын жақсарту.
Жүзеге асыру үшін төмендегідей іс-шаралар қажет:
-
формалды және формалды емес экологиялық білім берудің өзара байланысын жетілдіру мәселелері бойынша ақпараттарды жинақтауға белсенді қатысу;
-
формалды емес білім берудің тыңдаушылары арасында өзекті экологиялық білімдерді таратуға тікелей қатысу;
-
білім берудің жаңа түрлерін жасау мен іздестіру;
-
экологиялық білімдерді таратуда бүкілхалықтық ақпарат құралдарының жұмыстарына қатысу.
ҚР ЭБТ дамытудың ұлттық стратегиясы сонымен қатар экологиялық дайындық жүйесін ресурстық қамтамасыз ету мәселесін қолға алады: экологиялық білім мен тәрбие жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуі; экологиялық білім беру бағдарламаларын қаржыландыру; экологиялық білімдерді дамыту мен жетілдірудің факторы ретіндегі халықаралық бірлестік; экологиялық білім мен тәрбие беруді қамтамасыз етудің тиімді инфрақұрылымын жасауға бағытталған ұйымдастыру іс-шаралары /4/.
Достарыңызбен бөлісу: |