І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім және тәрбие беру мазмұн



бет4/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#134102
1   2   3   4

ҚОРЫТЫНДЫ

Экологиялық мәселелердің өзектілігі, болашақ және қазіргі ұрпақтардың өмір сүруіне қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында оларды шешуге деген объективті қажеттілік мектептің алдына оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жаңа міндеттерін қойып отыр.

Бастауыш мектеп оқушыларында табиғатқа деген жауапкершілік қатынасының процесі оның көпжақты бағалығы – эстетикалық, танымдық, экономикалық, практикалық меңгеруі негізінде жүзеге асырылады.

Қоршаған ортада жауапкершілікпен әрекет етуге дайындық пен қабілеттілік және адамның интеллектуалдық, эмоциялық және жігерлілік сапаларының дамуымен тығыз байланысты. Оқушылардың қоршаған табиғтқа және азаматтық қатынастарының күшеюі тек білімдер жүйесі ғана емес, белгілі бір дағдылар, іскерліктер, әдептердің қалыптасуымен байланысты. Қазіргі заманғы экологиялық білімдері меңгерудің әдістемелік негізі «адам – қоғам – табиғат» жүйесіндегі диалектикалық бірлік болып табылады. Бұл білімдердің комплексті пән аралық сипаты бар және оған жаратылыстану ғылымы, қоғамдық-тарихи, әлеуметтік экономикалық, технико-технологиялық және адамгершілік-эстетикалық ұғымдар енеді де, олар дүниетанымдық сипатқа ие болады.

Оқушы қоршаған ортаға жауапкершілік қатынасы үш салада көрінеді: жеке мінез-құлықының мәдениетінде, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, оны күту, қорғауда қоғамдық-пайдалы еңбекті орындауға белсенді қатысуда; табиғат қорғаудың қазіргі заманғы идеяларын кеңінен насихаттауда.

Олай болса, оқушылардың қоршаған ортаға жауапкершілік қатынасы табиғат туралы ғылыми білімдердің органикалық бірлігі нәтижесінде, оны қорғауға іс жүзінде қатысудың қажеттілігін ұғынуы нәтижесінде қалыптасады.

Сонымен қатар қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік қатынастың жеке адамның біртұтас тәрбие процесінде: идеялық-саяси, адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық қалыптасуын атап өту қажет.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің міндеттерін жүзеге асыруда интегралдық сипаты бар пәнаралық тұрғыдан қараудың принципиалдық маңызы бар.

Жаратылыстану ғылыми циклдің пәндерін оқыту табиғаттың әр түрлі ұйымдасу деңгейлері, табиғи процестердің біртұтастығы мен өзара байланысы туралы білімдерді оқушылардың меңгеруіне мүмкіндік береді. Осының негізінде табиғатты пайдалану және адамның қызметінің биосфералық прцесстердің жаңа факторы ретінде рөлі ашып көрсетеді.

Қоғамдық-тарихи және гуманитарлық пәндерді оқыту оқушылардың назарын қоршаған табиғи ортаға жеке және қоғамдық қатынастың әлеуметтік сипатына аударады.

Оқушыларға идеялық-адамгершілік тәрбиесін берудегі табиғаттың орны мен рөлін ашып көрсету маңызды. Оқушыларды өмірге дайындауда еңбек тәрбиесіндегі экологиялық аспектіні бағаламауға болмайды. Балалардың табиғатқа, адамға қатысты іс-әрекеттерін бағалау, оның мотивтерін сараптау қажет.

Зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша төмендегі қорытындылар жасалынды:

1. Экологиялық білім мен тәрбиенің мазмұнын сараптау жалпы білім беретін мектепте экобілім мен тәрбие берудің өзінің принциптері мен міндеттері, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен зерттеудің іскерліктері мен дағдыларының, сонымен қатар экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнын анықтайтын бірқатар факторлардың бар екендігін көрсетті.

2. Қалада оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесіне мына факторлар әсер етеді: мұғалімнің жеке басы, білім мазмұны, отбасы, қоғам, қоршаған табиғи орта, ақпарат құралдары.

3. Оқушылардың экологиялық білімдерінің деңгейін анықтау үшін жүргізілген сауалнаманың нәтижелері «Экологиялық» арнайы курсы оқытылатын №26 гимназияда, №25 мектеп оқушыларымен салыстырғанда жақсы деңгейде.

Экологиялық білім мен тәрбие саласындағы әр түрлі бағдарламалар мен оқулықтардың сараптау, экологиялық білім мен тәрбие беру төмендегі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін екендігін көрсетті:

- оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға пәнаралық байланыс тұрғысынан қарау;

- «Экология» арнайы курсында дәстүрлі емес сабақтардың әдістемелік нұсқаулары;

- Экология мәселелері бойынша сынып сағаттарын өткізу;

- Комплексті экологиялық танымжорық ұйымдастыру;

- Адамзаттың ғаламдық мәселелері бойынша сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру.



Сабақ мақсаты: 1. Оқушылардың дүниетану пәнінен алған білімдерін жүйелеу.

2. Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие іздерін қалыптастыру.

3. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру. Табиғатты қорғауға тәрбиеелеу.

Өтілу әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ.

Сабақ көрнектілігі: Саяхаттың картасы, баспа, бейнетаспа «белгісіз ағаш», қалташалар, мақал-мәтелдер,пошта ойыны.

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру. 2. Табиғат аясына саяхат: а) Табиғат тарихынан. ә) Табиғат – тіршілік көзі. 3. Байланысшылар аралы. «Пошта» ойыны. 4. «Қызыл кітап» аралы. 5. «Сынақ» түбегі. 6. «Ойшылдар» аралы. 7. Мақал-мәтелдер мен ырым-тыйымдар. 8. Белгісіз арал. 9. Экологиялық тұжырым.

Сабақ барысы: Біз бүгін «Табиғат» еліне саяхатқа шыға отырып, әр түрлі аралдардан, тосқауылдардан өтуіміз қажет. Бірінші «Білім» мұхитынан жүзіп өту үшін табиғат тарихынан мағлұмат алуымыз керек. Өте ерте заманда жер шарының көп бөлігін су басып жатты. Ол заманда өсімдіктер мен жануарлар әлемі пайда болмаған. Суларда тек түйіршік тәрізді тіршілік иелері болды. Біртіндеп жер бетіндегі сулар азайыңқырап, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бұрын суда өсіп келген балдырлар құрғақ жерлерге өсуге бейімделіп, жапырақты өсімдіктер, шөптер, ағаштар пайда бола бастайды. Кейінірек құрғақ жерлер көбейіп суда да жерде де мекендейтін бақа сияқты қосмекенділер пайда болған. Ұзақ уақыт өте келе ауа райы өзгеріп, суық бола бастаған. Бұл жағдай өсімдіктер мен жануарларға қатты әсер етіп, көбі өзгеріске ұшырап жаңа ауа райына бейімделеді.

Уақыт өте келе жер беті қазіргідей түрге еніп, табиғат осылайша пайда болған екен. Тереңірек үңіліп қарасақ табиғат деген сөздің өзі тіршіліктегі өмір үшін, ондағы адамдар үшін нағыз сұлулықтың, оны аялап сүйе білудің ұстазы десек жаңылмаймыз. Ендеше, осы табиғат сұлулығын көре біліп, жан жүрегімізбен сезініп, оған ынталанып, тамсанып өсудің өзі біздің өмірге деген көзқарасымызды қалыптастырып, талғамымызды оятады екен. Жалпы халық ұғымында табиғат деген сөз жер-ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады.

Халқымыз ұрпақтарына табиғатты аялауды әрқашан әдеппен аңғартып отырған. Табиғатты аялап, оның пайдасын, қызығын көре білген, халқымыздың заңдылықтарын және сиқырлы сырларын жақсы білген. «Ай шалқайып туса өзіне жайлы, шаруаға жайсыз», «Аю оң айланса, көктем жылы болады» деп ауа-райын болжап білген.

Енді осы табиғат сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді?



Халық арасындағы туған жер туралы, табиғат туралы аңыздар халқымыздың табиғатты ардақтап пір тұтқанын дәлелдейді. Соның бір көрінісі Төле би туралы аңыз.

ә) Табиғат дегеніміз бұл бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ендеше, осы табиғи тепе-теңдік сақталып отырған жоқ. Өйткені адамдар табиғат байлығын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшырады. Туған өлкеміздің өзін ғана алып қарайтын болса:

- ауыл маңындағы ағаштардың кесілуі,

- бұлақ көздерімен өзендердің ластануы,

- қоқыс үйінділерінің көбеюі,

- кейбір аңдар мен құстардың түрлерінің жойылуы – бұл экологиялық проблема.

Міне, балалар, «Білім» мұхитынан жүзіп өттік. Келесі аралымыз «Байланысшылар» аралы. Бұл аралда «Пошта» ойынын ойнаймыз.

1-хат. Адам өміріне не қажет? (жарық, ауа, су, жылу, тамақ)

2-хат. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады? (табиғаттан)

3-хат. Судың қасиеті. (мөлдір, сұйық, түссіз, иіссіз)

4-хат. Тірі табиғатты ата.( адам, өсімдік, жануар, құстар)

5-хат. Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе, тауық, қаз, үйрек. (үй жануарлары)

6-хат. Өсімдік өсуі үшін не керек? (топырақ, су, ауа, жылу)

Оқушыларға сұрақ жазылған парақшалар таратылады. Тақтада жауабы жазылған үйлер тұрады. Оқушылар сәйкес «хаттарды» үйлерге таратуы керек.

Келесі аралымыз «Қызыл кітап» аралы.

Сирек кездесетін әрі жойылып кетуі қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 1974 жылы Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты.

Оның беті алуан түрлі болады. Қызыл парақтарында – жойылып кету қаупі бар жануарлар енеді. Ақ парағында – саны азайған жануарлар мен өсімдіктер енеді. Жасыл парағында – қайтадан аяласа қалпына келетіндер енеді. Осындай барымызды бағалау үшін елімізде әр түрлі қорықтар бар.



1-оқушы. 1997 жылы көктемде Алматы қаласында «Құс қорғаушылар қоғамы» құрылады. Бұл – сирек кездесетін құстарды және әдемі құстарды сақтаумен және өсірумен айналысатын қоғам. Қоғамда құстарды зерттеу, қорғау бөлімдері бар. Құсты сүйетін және ол туралы көп білгісі келетін кез келген адам бұл қоғамға мүше бола алады.

Бейне таспадан «Қызыл кітапқа» енген жануарлар тіршілігі көрсетіледі.



2-оқушы. Даламызда, тауларымызда топ-тобымен, үйірмен жүретін арқар, бұғы, қарақұйрық, орман сусары ақтырна, құндыз, дуадақ т.б. жануарларды оңайлықпен табу қиын.

Міне, балалар, байқағанымыздай, жер бетіндегі тыныстайтын ауамызды, сусындайтын мөлдір суымызды, желкілдеген жасыл желегімізді қорғамасақ, экологиялық апатқа ұшырайды.

Болжамдар бойынша біз қалдықсыз өмір сүретін боламыз деп болжанған, яғни еш нәрсені тастамайтын боламыз. Осыған біз өзімізді қазірден дайындауымыз керек.

Тапсырма 1. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің ауыл табиғатын қалай елестетесің?

Тапсырма 2. Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едің?

Тапсырма 3. Ішіндегі шырыны біткен пластмасса ыдысты тастай салмай, тағы қалай пайдалануға болады?


  • су ішетін ыдыс ретінде

  • су құйғыш ретінде

  • заттар салып қоюға

  • бірнеше тесіктер тесіп, су шашқыш ретінде.

Келесі аралымыз «Ойшылдар» аралы.

Бұл аралда кішкентай ғалымдар тұрады екен. Олар «туған жер табиғатын қорғау керек пе, жоқ па» деген екі пікірде ой-талас тудырыпты. Қане, ғалымдардың ой-пікірлерін тыңдыйық!



Экологиялық тұжырым. Қазақстанның кең байтақ жерінде асқар тауда, ұшы-қиыры жоқ жазық дала, тұзы шығы.. жатқан сортаң да бар. Осының бәрі біздің табиғатымыздың сан алуандығы. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген. Ендеше, Отанымызды, атамекен жерімізді аялай білейік, қадір тұтайық!

Сабақ соңында «Отан» әні айтылып, қорытындыланады.



Қосымша

Тақырыбы: Ғажайып Қазақстан табиғаты.

Мақсаттары: 1) Оқушыларға Қазақстан табиғаты туралы түсінік беру, ой-өрісін дамыту;

2) Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру;

3) Экологиялық тәрбие беру. Оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.

1. Кіріспе. «Табиғатым» әні орындалады.

Қазақстан табиғаты, сөз жоқ, шалқар шабыттың қайнар көзі, ол ақындар мен әншілердің қиялына қанат бітірген. Ол – аңыз-әңгімелер өлкесі, ән өлкесі. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ғажайып Қазақстан табиғаты».



2. Қазақстан – ол байтақ даланы алып жатыр, өзіне тән климаты, жер бедері бар. Мұнда құнарлы жайылым, сарқылмайтын су көздері, таулар кездеседі. Қазақстан таулары – табиғаттың бірегей туындысы.

Табиғат сөзін топтастырайық.

Табиғат – қоршаған орта - өлі, тірі болып бөлінеді.

Орталықтар бойынша жұмыс жүргіземіз


  1. Өсімдік

  2. Жануар

  3. Құстар

  4. Ертегі

  5. Өнер

  1. Өсімдік орталығы

Бір жағымда – ақ қайың,

Бір жағымда – көк терек.

Қайсысына тоқтайсың,

Гүл атқан бәрі көкке өрлеп.

Қазақстан алқабының өсімдіктер дүниесі бай және сан алуан.

Қазақстан орманында мынандай ағаш кездеседі: қарағай, арша, итмұрын, ақ қайың ағаштарының суреттерін тақтаға іліп, олар туралы мағлұматты оқушылар айтып шығады.

Мұғалімнің толықтырулары: 1. Итмұрын – барлық жерде көп тараған өсімдік. Қазақстан тауларында инелі және тікенді итмұрын кездеседі. Итмұрынның жемісін емге қолданады.

Жылғалардың, бастаулар мен өзендердің жағасында талды кездестіруге болады. Бұл өсімдіктің маңызы зор. Талдың шыбықтары корзинка тоқуға жұмсалады.

Қазақстан ормандарында қарақат, таңқурай, бүлдіргенді кездестіруге болады. Ал саңырауқұлақтың алуан түрлері бар.



  1. Жануар орталығы. Қазақстанның жануар әлемі.

Қазақстан ормандарында марал, қабан, аю, сілеусін, елік, ақбөкен сияқты жануарларды да кездестіруге болады. Қазір олар жойылып кетті.

Маралдардың тамаша терісі үшін ғана емес, ең басты жас мүйіздері – пантасы үшін аулап, олар шетелге шығарылып отырды. Тіпті құйрықтары, аяқ сіңірлері тибет медицинасында кеңінен қолданылады.



3. Құстар орталығы. Қазақстан орман тауларында қандай құстарды кездестіруге болады? Тоқылдақ, сауысқан, торғай, саршымшық, қарлығаш, көкек, бозторғай сияқты құстардың суреттері тақтаға ілініп, оқушылардың дайындаған мәліметтерін тыңдау. Қазіргі күндерде бірқатар себептерден Қарқаралы өңірінде экологиялық өзгерістер болды. Дуадақ бұрынғыдай Қазақстан далаларының көркін кіргізбейді, бүркіт сирек кездеседі, құрлар шалғай жерлерде мекендейді.

4. Ертегі орталығы. «Үй жануарлары мен жабайы жануар» экологиялық ертегіні тамашалаңыздар.

Осы ертегіден қандай қорытынды жасауға болады?

Қазақстанда 1977 жылы Қызыл кітап шықты. Қызыл кітаптың мұқабасы қызыл. Қызыл түс нені білдіреді? (Қауіп, қатер). Қандай жануар, өсімдіктерді Қызыл кітапқа енгізді? Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді.

5. Өнер орталығы. Үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.

1 топ - Ермексаздан Қазақстан орманын мүсіндеу.

2 топ - Қазақстан орманын бейнелеу.

3 топ - Экологтар жұмысы. Табиғатты қорғауға қандай талаптар қоясыңдар?

Әр топтың тапсырмасын тексеру.

6. Қорытынды. Қазақстан Республикасының Конститутциясы, 38-бап «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті».

«Менің Қазақстаным» әні орындалады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ж.Әлиев, С.Бабаев, А.Құдиярова «Педагогика» Алматы 2004 ж.

  2. И.В.Гребенников «Семья өміріндегі әдеп және психология» Алматы «Мектеп» 1986 ж.

  3. Тілеуова С.С. «Этнопедагогика» Шымкент 2003 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет