I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Гимнастика Сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру



бет22/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Гимнастика
Сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру.
Гимнастикалық сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру оқушылардың мектепте болған барлық оқу жылында үйретіледі. Сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру жаттығулары оқушылардың дұрыс тұлғасын қалыптастырады, жинақтылыққа, тәртіптілікке, мұғалімнің бұйрығын орындауға, іс-әрекет барысында ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар сабақ барысында бұл жаттығулар мұғалімнің оқушыларға дұрыс жетекшілік жасауына көмектеседі. Жаттығуларды орындау барысында оқушыларға нақты талаптар қойылады. Үйрету кезеңдеріне сәйкес оқушылар мәлімдеме беру, оңға, солға, бұрылулар жасау, тапсырма бойынша санау, сапты созу, қатарға тұрудың әр түрлі орындау, “ қатар ”, “сан”, “қиғыш”, “қарама-қарсы”, “мәлімдеме-баяндау” сөздерінің түсінігін білу. Бұл іскерліктер жоғары сынып оқушыларын сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру жаттығуларының күрделі түрін үйрету барысында нәтижелі негіз болып табылады.
Әр жыл мезгілінде, қандай жағдай болмасын гимнастикалық сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру жаттығуларын үйрету жүргізіледі және арнайы құралдар қажете етілмейді. Бұл жаттығулар түрлерін мұғалім барлық сабақта әр түрлі мақсат қоя отырып өткізеді: сапқа тұру және қайтадан сапқа тұруды әр түрлі орындау,жаттығуларды, ойын түрлерін орындау үшін алаңда, залда оқушыларды тұрғызу, сыныпқа бұл жаттығуларды үйрету барысында мұғалімнің жеңіл, нақты түсіндіре алуы.
Нұсқау беруге (бұйрық берудің орнына) мысал: “балалар, бір-біріңе кедергі жасамайтындай етіп, маған қарап бір қатарға тұрыңдар”, “маған қарап тұрыңдар”. Балаларды қатарға тұруға үйретуде ойындар қолданылады, мысалы: “Тез қатарға тұрыңдар”, “Балалардың қатаң тәртібі”, т.б.
Уақыт өте келе бірте-бірте бұйрық беруге көшеді. Бұйрық беру қысқа, нақты, қатаң тәртіппен беріледі. Берілген бұйрық оқушының анықталған ісіне сәйкес келуі керек.
Бұйрық берудің көптеген түрлері екі бөлімнен тұрады: алдын ала балл түрінде орындалатын жаттығуларды бөлікке бөліп түсіндіру және орындалатын жаттығуды нақты, анық түрде (сигнал бойынша) орындау.
Мысалы: балалар екі адым алға жылжуға берілетін, бұйрық: “Екі адым алға (бұйрық беру ала беріледі) шық!”. Орындалатын жаттығудың бұйрығы: “Сол-ға”, “жаттығуды орын-да”.
Сонымен қатар мұғалім оқушыларды бүкіл сыныпқа тыныс бұйрық беруге бірте-бірте үйрете бастайды. Мұндай тапсырмалар оқушыларды тәртіптілікке, өздерін басқаруға, оқу материалы жөніндегі түсініктерін қалыптастыруға жаттығуларды іс-жүзіне тиімді қабылдауға көмектеседі.
Жаттығулардың түрін үйрету барысында мұғалім бұйрық беруге көшуді балалардың дайындығына байланысты шешеді. Себебі 1-сынып оқушыларының мектепке дайындығы ескерілуі қажет.
Гимнастикалық сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру жаттығуына үйрету сабақтың кіріспе бөлімінде үйретіледі. Ал сабақтың басқа бөлімдерінде бұл жаттығуларды пайдалана беруге болады.
Гимнастикалық сапқа тұру және қайтадан сапқа тұрудың ұзақтығы (8-10 минут). Сапқа тұра және қайтадан сапқа тұру жаттығуларын ұзақ пайдалану тұлғаның дұрыс қалыптасуына, аяқтың, табанның қызметін өзгертуі мүмкін, сондықтан уақытты тиімді пайдаланған жөн.
Қатарға, тізбекке, сапқа бой-бойымен бірінің артынан бірі тұру. Шүйдеге, өкшеге қарап түзелеу, орындалатын бұйрықтар: “Тұрыңдар”, “Тік тұрыңдар”, “Тараңдар!” “Түзеліңдер!” Сабақтың басында оқушыларды қатарға тұрғызу ең ыңғайлы әдіс болып табылады. Мұғалім бірте-бірте оқушыларды өз орындарына тұруды, анықталған қашықтықты сақтауды, түзу тұруды сақтауды үйретеді. Сапта қатар түзеуде ара қашықтықты сақтауды оқушылар бірден меңгере алмайды, сондықтан әр түрлі әдіс-тәсілдердің көмегімен үйретуге болады.
Мысалы: сабақ өткізу барысында алаңға балалардың сапқа тұруына байланысты әр түрлі түсті жалаушалар, есеппен қойылады. Жалаушылардың саны оқушылардың санына сәйкес, ал жалаушылардың түсі біраз саннан кейін қайталанып отыруы қажет. Сабақтың барысында мұғалім оқушыларымен шеңбер жасайды, содан кейін оқушыларды (бойымен) шақырады және өзінің, көршісінің жалаушысын есте сақтап қалуды ұсынады. Мұғалім “Тараңдар!” деген бұйрық береді де, ал жалаушаны көтерген кезде “Тұрыңдар!” деген бұйрық береді, осы кезде оқушылар бастапқы қалыпқа оралулары қажет. Жаттығуды бірнеше рет қайталайды. Бұйрықты орындау ұзақтығы (10-15 секунд). Осындай әдістерді қолдану жақсы нәтиже береді.
Мұғалім “Тұрыңдар!” деген бұйрықтан кейін “Қатарға тұрыңдар!” деген бұйрық береді. Қатарға тұру бір сызықтың бойында орындалады. Оқушыларды қатарға тұрғызуға үйретуде жалаушадан басқа әр түрлі текшелер, кортоннан, фанерден жасалған төртбұрыштар, үшбұрыштар қолдануға болады.
Бір қатарға жалаушаның жанына тұрып ән үйрену үшін жоғарыда аталған әдісті пайдалану тиімді нәтижесін береді.
Балаларды бойлары бойынша сапқа тұрғызуға үйрету үшін гимнастикалық орындықты да пайдаланған тиімді.
Балаларды сапқа тұрғызуға үйретуде аяқтың басына, ал қатарға тұрғанда шүйдеге қарап түзелу, тік тұру жаттығуларын орындауға болады.
Аяқтың басына қарап түзелу жаттығуын алғашында белгіленген сызық бойынша үйрету тиімді. Оқушылар түзелу барысында аяқтың басы сызыққа тиюі қажет. Ал оқушылар толық үйреніп болғаннан кейін, түзулер, тік тұру, жаттығуларын сызықсыз орындауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет