2- сыныпқа арналған жалпы дамыту жаттығулары жиынтығы:
1.Б.қ- негізгі тұрыс.1-2-3- қолды алда тік ұстау, аяқтың ұшымен жоғары көтерілу (терең дем алу); 4-5-6-табанментолық тұру, қол алда,төменде (дем шығару) қайталануы 5-6 рет.
2.Б.қ –негізгі тұрыс.1-қол белде; 2-аяқтың ұшына көтерілу,қол алда; 3-отыру; 4-тік тұру, аяқтың ұшына көтерілу; 5-толық табанмен тік тұруқол белде; 6-негізгі тұрыс;Еркін дем алу. Қайталануы-6-8 рет.
3.Б.қ –тік тұру, аяқ иық деңгейінде, қол белде; 1-2-оңға иілу;сол қолды басқа қою; 3-4-солға иілу;оң қолды басқа қою.Еркін демалу.Қайталануы -5-6-рет.
4.Б.қ –негізгі тұрыс. 1-күшпен қолды иыққа бүгу,саусақтарды жұму; 2-қолды жоғары созу, саусақтарды кең жаю,жоғары қарау; 3-қолды иыққа бүгу , саусақтарды жұму; 4-бастапқы қалып.еркін демалу.Қайталануы -7-10 рет.
5.Б.қ. –негізгі тұрыс, қол иықта; 1-2-3-4- аяқты бірге ұстап төрт рет секіру; 5-6-7-қол жанда, аяқтың ұшымен секіру. Еркін демалу. Секірудің -15-20 секунд орындау. Секіруден кейін бір орында 30-40 секунд жүру.
Жаңадан үйретілетін жаттығулар сабақтың негізгі бөліміне, таныс жаттығулар сабақтың кіріспе бөліміне кіреді. Жалпы дамыту жаттығулары дене шынықтыру сабағының кейбір міндеттерін шешеді, сондықтан бұл жаттығулар сабақта орындалатын басқа жаттығулармен бірге орындалалады. Жалпы дамыту жаттығулары негізгі күрделі жаттығуларды орындауды меңгерту үшін пайдаланылады.
Бұл жағдайда жалпы дамыту жаттығулары дайындық жаттығулары деп аталады. Жалпы дамыту жаттығулары арқылы негізгі қимыл қозғалыстарға арналған арнайы дайындық міндеттері шешіледі. Жалпы дамыту жаттығуларын қалыптастыру жаттығулары ретінде де қолданады. Барлық қалыптастырылатын жаттығулар өзінің жүйесі бойынша негізгі қимыл қозғалыстарға ұқсаса сипатталады. Мысалы: секіру, аяқты сілкілеу, биіктікке, ұзындыққа секіру, қол, дене қимылдары, допты лақтыру, шаңғышының жүрісіне еліктеу, т.б.с. Қалыптастыру жаттығулары ереже бойынша негізгі қимыл қозғалыстардың алдында өткізіледі.
1-2 сынып оқушыларына әр түрлі бағыттағы жоғары тербелісті, табиғи сипаттағы, еліктеу қимылдары бар жаттығулар кең қолданылады. Мысалы: « Тәрбелеу», «Ағаш шабу», «Үлкен кіші», «Тарту», «Құстар ұшып барады»,т.с.с.
Тыныс алу жаттығуларының орнына еліктеу жаттығуларын беруге болады. Мысалы: «Қоңырау қалай соғылады!?» «Қораз қалай шақырады!?» «Паровоз дауысын келтір!» Таныс дыбыстарды келтіру үшін оқушылар еріксіз терең дем алып, дем шығарады.
Оқу бағдарламасында барлық жаттығулар гимнастикалық жаттығулар ретінде қарастырылған. Мұғалім 1-сынып оқушыларымен гимнастикалық жаттығулардың қарапайым түрлерін өткізеді және дұрыс орындауын талап етуі қажет.
Оқушылардың жаттығуларды орындай білу іскерлігімен дағдысын қалыптастыруда, жаттығулардың қайталануы маңызды орын алады. Сондықтан жаттығуларды түрлендіру бастапқы қалыпты ,орындау бағытын өзгертуін, екпінді жылдамдату, тербелісті көбейту, жаттығуды сапалы, нәтежелі, қызығушылықпен орындау көзқарасын туғызады.
Сабақта жалпы дамыту жаттығулары сапа (шеңберде, қатарда бірден ,екіден, үштен тұру, созылмалы сап, т.б. жаттығулары) әр түрлі заттар арқылы (жалауша, лента, секіртпелер, таяқша, құрсау, доп,т.б.) өткізіледі.
Жалпы дамыту жаттығуларын бұйрық беру арқылы орындату үлкен тәрбиелік маңызы бар міндеттерді шешеді. Жаттығулар тобы төмендегі тәртіп бойынша орындалады.
Жаттығуды түсіндіру, көрсету барысында оқушылар «еркін» қалыпты ұстап тұрады; жаттығу түсіндіріліп, көрсетілгеннен кейін «Түзу тұрыңдар!» содан кейін «Жаттығуды баста!» бұйрығы беріледі, сондай ақ тік, оңға, солға, т.б. әдістемелік нұсқауларберіледі, қажетті жағдайда қате түзетіледі.
Жаттығулардың соңында «тоқта!» бұйрығы беріледі. Мысалы: «бір-екі -үш, бір-екі тоқта!»
1-2 сынып оқушыларына жаттығуларды үйрету барысында «жаттығуды менімен бірге орындаңдар», «маған ұқсап жасаңдар» әдісі қолданылады. Жаттығу орындау барысында еліктеу әдісі, мысалы, ойын жаттығуларын қолдануда: «Допқа ұқсап, секіріңдер!» нұсқауы беріледі.
Мұғалім жаттығудың дұрыс орындалуына көп көңіл бөлуі керек. Оқушының жаттығуды дұрыс орындамауы, дұрыс түсінбеу нәтежесі болып табылады, сондықтан қатені болдырмау үшін мұғалім әдістемелік тұрғыда дұрыс түсіндіруі қажет.
Жаттығуларды орындау барысында оқушылар дұрыс дем алуы қажет.
Терең дем алуды кеуде қуысы ашық тұрғанда орындау дұрыс(бұл кезде өкпеге ауаның баруы жағымды жағдай әкеледі), ал дем шығарған кеуде қуысы жиылғанда орындалады. Дем шығару дем алудан терең болмауы қажет.
Алғашқы кезде балалардың зейінінің белсенділігін арттыруда , олар өздерінің қимылдарының дұрыс орындалуын тексеріп отыру қажет, содан кейін жолдастарының қимылын бақылайды, балалар қажетті қарапайым жаттығуларды көздерін жұмып орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |