I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет24/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Жалпы дамыту жаттығулары
Жалпы дамыту жаттығуларын оқыту бастауыш мектептің барлық сыныптары бағдарламасында қарастырылған.Оқушылардың дұрыс , терең дем алуы, әдемі тұлғасын қарастыруда жалпы дамыту жаттығулары маңызды орын алады. Сонымен қатар сабаққа дейінгі гимнастика, сергіту минуттары жиынтығын қарастыруда өте қажет жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығуларының ерекшеліктері – бұлшық еттердің жекеленген топтарына , иіннің, кеуденің, құрсақ шандарының, аяқтың және басқа жерлердің бұлшық еттеріне әсер етуі.бұл жаттығулар топтарының басқа жаттығулардан ерекшелігі емдік профилактикалық жаттығулар ретінде қолданылады. Мысалы: кеуде қуысы қызметі бұзылғанда, дене бітімі дұрыс қалыптаспағанда, омыртқа қызметін дұрыс қалыпқа келтіру де қолданылады,т.с.с.
Жалпы дамыту жаттығулары маңызды білімділік қызметін атқарады.Мұғалімнің нұсқауы бойынша , жаттығу орындау барысында, оқушылар әр түрлі, қимылдармен танысады, бірте-біте күш- қуат, жылдамдық, ырғақ, екпін және қимыл амплитудасы туралы түсініктермен танысады. Жалпы дамыту жаттығуларын бүкіл сыныппен орындау ұжымға деген сезімін, ал музыкамен сүйемелдеу эстетикалық тәрбие береді. Жалпы дамыту жаттығулардың түрлері өте көп. Ал оқу бағдарламасында оқушылардың денесінің дамуына арналған негізгі жаттығулар қарастырылған. Бағдарламада жаттығулар анатомиялық белгі бойынша біркелкі жүйеде орналасқан. Жалпы дамыту жаттығулары әр сабақ жоспарына кірістіріледі, жаттығулар иық, белдеу, қол, аяқ, дене, мойын, аяқ бұлшық еттеріне арналуы тиіс.Жалпы дамыту жаттығуларын алғашқыда орындау барысында оқушылардың зейінін талап ететін жаттығулар кірістіріледі де, ал соңында бүкіл ағзаға әсері тиетін маңызды жаттығулар қарастырылған.жаттығулар жиынтығын құрастыру барысында төмендегі талаптар орындалуы қажет.
а) жаттығуларды орындау барысында өте тиімді қарапайым жаттығудан, бірте-бірте күрделіге ауысуы;
ә)денеге түсетін салмақтың бірте –бірте өсуі;
б)жаттығулардың бүкіл бұлшық ет топтарына әсерінің болуы;
в)әр түрлі бұлшық еттер топтарына қарай жаттығуларды іріктеу, бірте-бірте орындатуы;
г)дұрыс тұлға қалыптастыруға негізделген және тыныс алу жаттығуларын міндетті түрде жоспарлау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет