Бір аяқпен тұрып тартысу
Ойыншылар екі топқа бөлініп, біріне – бірі қарама – қарсы тұрады. Топтың ортасындағы алаңға орталық сызық сызылады.
Ойын бастаушы топқа бір – бір ойыншыны екі жығында бір аяқпен тұріп, екінші аяқты тізеден бүгіп кетеру. Қолмен ұстап, екінші қолмен бірін – бірі ұстайды.
Ойын басқарушының белгісі бойынша жібін – бірі өздеріне қарай тартады. Кім орталық сызықтан өз тобына бір ұпай әпереді. Барлық ойыншылар ойынға осылай қатысады. Қай топтың ұпайы көп болса, сол топ жеңіске жетеді.
Ескерту: ойында секіріп жүруге рұқсат етіледі. Аяғын жіберіп қоюға, жерге тигізуге болмайды.
Жалаушамен жасалатын эстафета
Ойыншылар үш – төрт топқа бөлінеді, әр топ өз алдына арақашықтығы төрт – алты метрден бір сызық бойында бірінен соң бірі тұрады.
Ойын басқарушы топтың басында тұрғандарға бір – бір жалаушадан береді. 25 – 30 метрлік қашықтықта әр топтың тұсына бір – бір жалауша шаншылып қойылады. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша жалауша ұстап тұрған ойыншы тез жүгіріп, өзінің қарсы тұсындағы шаншулы тұрған жалаушаны әлі алып келіп, өзіне кейінгі тұрған ойыншыға қолындағы жалаушаны береді. Ол да біріншінің істегеніндей тез жүгіріп барып өз жалаушасын ұстатады. Сөйтіп қайталай береді. Ең соңынан кімнің тобы өз тұсындағы шаншылып тұрған жалаушасын ұстаса, сол топ жеңіске жетеді.
Арқанмен тартысу
Барлық ойыншылар екі топқа бөлініп, қарама – қарсы жақта бірінің соңынан бірі тұрады. Топтың басында қарауыл тұрады. Ол басқалардан 1,5 – 2 метр алда тұрады. Топтың ортасынан арнаулы сызық сызылады. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша барлық ойыншылар сегіз метрлік арқаннан ұстап тартысады. Кімнің тобы өз жағынан ортадағы белгіден асырып тартып кетсе, сол топ жеңіске жетеді.
Кім көтеріп келеді
Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ойын алаңына екі ойыншы шақырылады. Олар біріне – бірі арқаларын тигізіп екі топпен гимнастикалық таяқшаны жоғары көтеріп содан ұстап тұрады.
Ойын басқарушының берген белгісі бойынша әркім өз жағына қарсыласын жоғары көтеріп, ( содан ) кетсе (яғни аяғын жерге тигізбей), сол топтың ойыншыларына бір ұпай беріледі қалған ойыншылар да ойынды осылай жалғастыра береді.
Кімнің тобы көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
Достарыңызбен бөлісу: |