I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет38/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Жаяу көкпар
Ойын күні бұрын белгіленген жерде өткізіледі. Ойынға қатысушылар санына шек қойылмайды.
Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша көмбеден он адамдай жерде жатқан көкпарды екінші көмбеге кім бұрын әкелсе, сол ұтқан болады. Егерде екінші бір ойыншы орта жолда қуып жеткен басып озатындай шамасы болса, көкпарды қарсыласының қолынан алып кете береді. Ал көкпарды алып келе жатқан ойыншының қарсыласуына болмайды. Көкпардың орнына түйілген орамалды пайдалануға болады.


Көрші
Ойыншылар екі – екіден отырады да, бір ойыншы қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қылған ойыншыға көрші іздеу.
Ойын жүргізуші: Саған кімнің көршісі керек! – деп сұрайды.
Сыңар ойыншы: Маған Ақылбектің көршісі керек, - деп жауап береді.

  • Көршіңмен аразбысың, әлде татумысың, - деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. « Татумын десе» тату болғаны үшін жаза тартады, сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді.



Жаяу аударыспақ

Мұны балалар ̋ Батырлар соғысы ̏ деп те атайды. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әркім бір – бір баланы көтеріп, соның үстінде отырып тартысады, астындағы бала тыныш тұрады. Аударысқандардың қайсысы құлап қалса немесе аяғы жерге тиіп кетсе, сонысы жеңіледі.




Кім мерген?
Жоғарыға ілінген шығыршықты көздеп, допты оның көзіне өткізуге үйрену.
Мазмұны:
Оқушылар үш-төрт топқа бөлініп тізбектеліп тұрады. Олардан 8-10 метр қашықтықта, жерден екі метр биіктікке жіпке ілінген немесе бағанаға бекітілген 3-4 шағын шығыршықтар тұрады.
Әр топ ойыншылары бастапқы сызықтың үстінде тұрып, екі қолмен допты кеуде тұсынан (жоғарыдан, төменнен) лақтырып, шығаршықтың көзінен өткізуге тырысады.
Ойын осылай бірнеше рет қайталанып, әр ойыншы қанша рет дәл лақтырылғаны анықталады. Жалпы ойынның қорытындысынан кейін, сыныптағы ең мерген бала анықталады.
Ойынның ережесі:

  1. Допты тек боскетбол ойынындағыдай лақтыру қажет.

  2. Ойын бастауға белгі берілгеннен кейін, әр ойыншы өзіне ыңғайлы сәтте допты шығыршыққа лақтырады.

3.Доптың тез ұшуы емес, ойыншының допты дұрыс лақтыру әдіс- тәсілдері бағаланады.


Ортаға түспек

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойын үлкен алаңда өтуі тиіс. Ортадан көп ойыншы сиярлықтай үлкен төртбұрыш сызылады. Бірінші топ сол төртбұрыштың ішіне енеді де, екінші топ сырттан орын алады. Ойын басталған соң сырттағы ойыншылар тік төртбұрыштың ішіндегі ойыншыларды, бір доппен дәлдеп ұра бастайды. Доп тиген ойыншы сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол допты денесіне дарытпай, әрі жерге түсірмей қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін қайта кіргізіп алады. Тік төртбұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғанда, ұтып жатқан топ, оған 5 не 10 рет сызықты айнала жүгіруге айып бұйырады. Ол бұл сыннан сүрінбей өтсе, сырттағы өз тобын түгел ішке кіргізіп алады. Егер айнала алмай, құлап қалса, өзі де сыртқа шығып, ішке ұтқан топ кіреді. Ойын төзімділікке, күш – қуатты молайтуға, жүйке жүйелерін шыңдауға жаттықтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет