Мектептегі дене шынықтыру құралдары. Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің құралдары дене жаттығулары, еңбек, күн кестесіндегі іс-шаралар, жаратылыстың табиғи күштері.
Дене жаттығулары – мектептегі дене шынықтырудың өзіндік құралы. Оқушылардың дене жаттығуларымен айналысуы қимыл қозғалыс аппаратының дамуын, қан айналу, зат алмасу мүшелерінің, тыныс алу жүйесінің қызметін жақсартады. Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі жұмыстарды іс-жүзіне қолдану жылдамдық, күш, қуат, икемділік, төзімділік қасиеттерін дамытып, табиғи қимылдар: жүру, жүгіру, тепе-теңдік сақтау, лақтыру, өрмелеу, т.б. жаттығулары жөніндегі дағдыларын нығайтады. Оқу бағдарламасында дене жаттығуларын дұрыс қолдану,іріктеп алу және өткізу әдістемесі маңызды орын алады.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларға дене жаттығуларын іріктеп алуда балалардың анатомиялық-физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері мінднтті түрде есептелінеді. Бала ағзасының жылдам өсуы мен бүкіл дененің өзгеру сапасы негізгі ерекшелік болып табылады. Адамның ең жылдам өсетін аяғы, сондықтан ол дене бітімі үйлесімдігін өзгертеді. Адам ағзасы жылына 2 кг салмақ қосып отырады. Сонымен қатар жылдам сүйектену процесі жүріп отырады, сүйек тіндерінде минералды тұздар жетткіліксіз, сүйек өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Сондықтан денеге күштің шамадан тыс түспеуі, статикалық күшті ұзаққа созбау, үлкен биіктіктенсекіртпеу қарастырылады.
Үлкендерге қарағанда балалардың бұлшық еттері мен омыртқа иілістерінің байланысы толық дамымаған, омыртқа аралық шеміршек жіңішке болып келеді. Жеті жастағы балалардың омыртқа иілісі толық көрінеді. Ал омыртқа қатаюы 14-15жаста басталады. Омыртқа иілісі үлкен икемділікпен ерекшеленеді, кейбір кездейсоқ жағдайлар омыртқа қызметінің жағымсыз жағдайын туғызуы мүмкін. Осы жаста омыртқаның әр түрлі қисаюын жиі кездестіруге болады (сколиоз, лордоз, кифоз).
Балалар бұлшық ет тіндерінде су көп, ал ақуыздық заттар аз болып келеді.
7-8 жастағы балалардың денесінің жалпы салмағының 27%-і бұлшық ет тіні, ал 18 жаста - 40%-ке жетеді. Ұсақ бұлшық еттерге қарағанда ірі бұлшық еттер жақсы дамыған. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күшінің дамуы жағымды жағдайларда жылдам дамиды. Бұл жастағы кезеңде балалардың бұлшық ет қызметінің жұмыс істеуінің төмендігімен сипатталады.
Әр түрлі бұлшық ет топтарының тепе-тең дамуын қажет ететін, үлкен тербелісті жаттығулармен қамтамасыз ететін нақты жаттығулар қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |