2.Оқушыларға дене шынықтыру және жөніндегі білімдерді меңгерту, гигиеналық білімдер мен дағдыларды қалыптастыру.
Аталған міндет оқушыларға дене шынықтыру және спорт жөніндегі қажетті білімдермен қамтамасыз етеді: дене жаттығулары сабақтарымен айналысудың пайдасы, гигиеналық ережені сақтау, сонымен қатар бағдарлама боыйнша барлық дене жаттығуларын дұрыс орындау.
Мектепте, отбасында, қоғамдық ортада, балалардың өз бетімен дене жаттығуларын орындауы жаттығуды дұрыс орындау білімін, гигиеналық талаптарын дұрыс орындауға деген көзқарасын қалыптастырады.
Дене шынықтыру сабағында санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуында мұғалімнің, мектептен барлық қызметкерлерінің жеке басының үлгісі шешуші орын алады. Алға қойған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен қысқаша түрде әңгімелесуі үлкен рөл атқарады. Мұндай түрдегі әңгімелесуді дене шынықтыру сабағында, сыныптан тыс орындалатын іс-шараларда және тағы басқа сабақтарда өткізуге болады.
Балалар дене шынықтыру жөніндегі білімді дене шынықтыру сабағында және сыныптан тыс іс-шараларда алады.
Алынған білім балалардың сабаққа деген қызығушылығын және саналы көзқарасын туғызады.
3.Мектеп оқушыларының қозғалысты орындай білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, жаңа қимылдарға үйрету әдістері.
Мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының мазмұны, оқушылырдың жүйелі түрде дене шынықтыру сабағында, отбасындағы дене шынықтыру, үйірмелер мен спорттық секцияларда өмірге қажетті қимыл дағдыларын: жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау, шаңғымен жүру дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру болып табылады.
Сондай-ақ, балаларды қолданбалы сипаттағы әр түрлі жаттығуларға үйретуде маңызды рөл атқарады. Балалармен әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру – қимыл-қозғалыс түрлерін дамытады. Жоғарыда аталғандардың барлығы балалардың дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады.
Мұғалімнің міндеті – оұушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |