I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


II ТАРАУ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЫ



бет12/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

II ТАРАУ
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЫ
Дене шынықтыруының мақсаты мен міндеттері
Дене шынықтыру жан-жақты тәрбие берудің аса маңызды салаларының бірі. Оқушылырды қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге бейімдеуде, оқу-тәрбие жұмысында дене шынықтырудың алатын орны бөлек.
Мектептегі дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушылардан өз еркімен іс-әрекеттерді орындауды, құлшына ұйымдастырушылықты, белсенділікті, тапқырлықты талап етеді.
Мектептегі дене шынықтырудың негізгі міндеттері:
1.Денсаулықты нығайту, дене дамуына дұрыс әсерін тигізу және денесін шынықтыру. Бұл міндеттік дене шынықтыру, спорт жөнінен ұйымдастырылатын барлық жұмыс түрлеріндегі, негізгі міндет екенін педагогикалық ұжым мен әр мұғалім түсінуі және білуі қажет.
Мектеп жасы – балалардың жылдам өсуі және денесінің даму кезеңі болып табылады. Сондықтан мектеп барлық жағдайда, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оқушылырдың денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз етуі қажет.
Дене жаттығулары сабақтары ең алдымен адам ағзасына әсерін тигізе отырып денесін шынықтыру, денсаулығын нығайту міндеттерін дүзеге асырады. Сондықтан көптеген сабақтар таза ауада өткізіледі, ал жабық орында өткізілетін сабақтар қажетті гигиеналық талаптарды қажет етеді.
Бұлшық ет топтарының, тыныс алу, қан-тамыр жолдары, сонымен қатар ағзаның басқа мүшелерінің қызметін күшейтуде ойын, жүгіру, секіру, лақтыру, шаңғымен жүру жаттығулары ерекше орын алады.
Дене жаттығулары сабақтары мен бірге сабақтағы демалыс минуттары, сабаққа дейінгі гимнастика, үзілісті ұйымдасқан түрде өткізу, мектеп тазалығы, ыстық тамақ, мұғалімнің оқушылырдың тұлғасына, жүріс-тұрысына қарауы сияқты іс-шаралар да қолданылыды.
Оқушылырдың қалыпты дамуында тұлғаны дұрыс ұстау ерекше орын алады. Ағзаның, ішкі құрылыстың қызметінің қалыпты жағдайда болуы тұлғаға байланысты. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру, сонымен қатар тұлғаға арналған жаттығуларды орындау алға қойған міндеттерді шешеді.
Денсаулықты нығайту, шынықтыру үшін жаратылыстың табиғи күштері кеңінен қолданылады.
Оқушылардың денсаулығын жақсарту барысындағы міндеттерді орындау үшін, мектеп оқушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуларымен айналысуын талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет