I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет33/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Жүруге бірте-бірте үйрету әдісі
1. Еліктеп жүру әдісі.
2.Аяқтың ұшымен, еңкейіп, тығылып жүру.
3.Аяқтың ұшымен аяқтың тік ұстап жүру.
4.Аяқтың сыртқы қырымен жүру.
5.Қолды әр түрлі қалыпта ұстап жүру ( қол белде, иықта, баста, артта, арқада, лда, жоғарыда, жанда).
6.Қолды әр түрлі қалыпта ұстап, аяқтың ұшымен жүру.
7. Жай жүрісті аяқтың ұшымен жүруге ауыстырып жүру.
8.Жай жүрісті аяқтың ұшымен жүруге ауыстырып, қолды әр түрлі қалыпта ұстап жүру.
9. Кең, еркін адым жасап, тұлғаны дұрыс ұстап жүру.
10.Мұғалімнің санауы бойынша ырғақпен жүру.
11.Мұғалімнің санауы бойынша ырғақпен қолды шапалақтап жүру.
12. Ұжымның санауы бойынша ырғақпен жүру.
13.Екпінді өзгертіп жүру (санау, шапалақтау).
14.Ені 20 см белгілі сызық арқылы жүру.
15.Бөксені көтеріп жүру.
16. Белгіленген сызықтың ортасымен бөксені көтеріп жүру.
17.Аяқтың ұшымен бөксені көтеріп жүру.
18.Аяқтың ұшымен белгіленген сызықтың ортасымен бәксені көтеріп жүру.
19.Белгіленген сызықтың ортасымен екпінді өзгертіп жүру.
20. Үлкен адымдар жасап жүру.
Денеге түсетін салмақты қолмен жасалатын қосымша қимылдар, сонымен қатар жүруді, жүгірумен алмастыру, қосымша тапсырмалар арқылы ұлғайтуға болады.
Мұғалім денеге түсетін салмақты әр сыныптың бағдарламасы арқылы ұлғайтуға болады және соған сәйкес қолданады.

Жүгіру
Оқушыларды дене шынықтыруға тәрбиелеуде жүгіру жатттығуларының алатын орны зор. Жүгіру табиғи қолданбалы жатттығулар.
Жүгіру ішкі ағзаларға жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді, зат алмасу жүйесінің қызметін күшейтеді. Жүгіру арқылы жылдамдық, төзімділік, қозғалыс үйлесімділігі, қайсарлық, табандылық, қасиеттері тәрбиеленеді. Жүгіру жатттығуларына үйрету барысында төмендегі міндеттерді шешу қажет: оқушыларды дұрыс жүгіруге үйрету, ағзаға гигиеналық әсер етуші құрал ретінде қолдану.
Сабақта оқушыларға жеңіл жүгіру, жүруді жүгірумен ауыстыру, бірінің артынан бірі жүгіру, қарама-қарсы жүгіру, тұлғаны дұрыс ұстап жүгіру, аяқтың ұшымен, өкшелеп жүгіру, екпінді өзгертіп жүгіру, қарапайым кедергілерден жүгіру, жоғары мәріден жүгіру, ырғақты дем алу үйретіледі.
Жүгіру жатттығуына үйрету барысында жеңіл атлетика ережесіне сәйкес «аяқты итеру», аяқты сермеу түсініктерін білуге үйрету. Жүгіруге үйрену кезіндегі жаттығудың міндеті қол мен аяқтардың жақсы үйлесімімен жеңіл, тез, еркін, ілгері қарай ұмтылған қозғалысты қалыптастыру болып табылады.
Жүгіру жатттығуларының дұрыс орындалуы техникасының негізі: жүгірушінің денесі сәл алға шығыңқы ( денені тік ұстау немесе алға еңкею қолайсыз); бас пен дененің бір сызықтың бойында, иық көтерілмейді; итерілетін аяқ, аяқтың ұшына қойылады, итерілу кезінде толық түзіледі, сермейтін аяқ, тіземен бүгіліп, бөксе алға, жоғары көтеріледі,қолдың шынтағы (900-қа дейін) бүгіледі: аяқ пен қол қайшыланған әдіспен бір екпінде қозғалады, саусақтар жартылай бүгілген (оң қол, сол аяқ).
Бірінші сынып оқушыларымен жүгіру жаттығулары көбіне ойында қолданылады , өз еріктерімен іскерлік дағдылары жағдайына байланысты жүгіреді. Сондай ақ бірінші сынып оқушылар жүру мен жүгірудіәр түрлі қимылдар арқылы екпінді өзгертіп, жүгіру арқылы үйретіледі. Біәрінші сынып оқушыларын жүгіру үйрету барысында мұрын арқалы дем алуды қадағалау қажет.Ал жоғары бастауыш сынып оқушылары әр 2-3 адымда дем алуын , сондай-ақ , дем алумен дем шығару сандар үйлесімділігі мен тең келуі қажет.
Сабақты ырғақты жүгіруге көңіл бөлу қажет. Ырғақты жүгіруге үйрету барысында мұғалім сапты өзі бастап, жүгіру екпініне , ырғағына қажетті жағдай ұстауды ұсынады.
Оқушылардың еркін, жеңіл жүгіруі аяқтың ұшымен орындалады. Алғашқыда жүгіру бір бағыттта, кейіннен жан жаққа жүгіру ұсынылады.
2-сынып оқушыларымен жүгіруді жарыс топ, жұптасқан түрде өткізіледі. Жеңіске жеткен балалар анықталмайды.
3-сынып оқушылармен жылдам жүгіру өткізіледі. Бұл жүгіру түрлерін өткізу үшін жүгіретін жол 10-15 м-ден үш төрт бөлікке бөлінеді. Бірінші бөліктегі оқушылар (топтағы 3-4 бала) жай, екінші –жылдам, үшінші- өте жылдам жүгіруді жылдам жүгіруге ауыстырады.
Оқушылар жүгірудің негізгі техникасын дұрыс меңгергеннен кейін, жүруді жүгірумен алмастырады отырып, кедергілерден өту әдісі қарастырылады (үрленген доптар, секіртпелер, тіректерге байланған жіптер,т.с.с.). Алғашқы кезде кедергі бір түрде болса, бірте-бірте түрленеді.
Жоғары сөрені төмендегідей әдістер бойынша үйретеді:
а) мұғалім көрсетеді және түсіндіреді.
ә) жоғары сөреде жүгірудің жеке бөліктері, бөлшектерін көрсетеді, түсіндіріледі.
б) бұйрық барысында қандай қалыпты ұстауы;
в)2-3 оқушыға түсінгенін көрсетуі ұсынылады;
г)сыныптағы барлық оқушыларға үйретіледі;
«Сөреге!» бұйрығы бойынша оқушылар сөрелік сызықтың алдына тұрады; бір аяқ сызықта, екінші аяқ жарты адым артта, аяқтар бірінің артына бірі, «Көңіл аудару!» бұйрығында денені алға сәл еңкейтіп бір қол бүгілген, екінші қол артта, аяқтар тізіден сәл бүгілген, бүкіл дене салмағы алда турған аяқққа түседі. «Жүгіріңдер!» бұйрығында оқушылар жүгіре бастайды. Жүгіру аяқтың ұшымен орындалады. Адым жылдамдыққа байланысты ұлғаяды.
Оқушылар бір қолға тіреліп сөреге тұру әдісі де үйретіледі. Бұл сөреге тұруда сол (оң) сөрелік сызықтан 20-25 ÷қашықтықта қойылған, оң аяқ (сол) бірінші аяқтың артына 20-25 см қашыққа аяқтың ұшымен қойылады.Бұйрық бойынша жүгіру басталады.(35-сурет)
Бірте –бірте үйрету әдістері
1.Ойын барысында еркін жүгіру.
2.15м арақашықтықта шағын топтардың жүгіруі (бес, алты).
3.Көлемі 80-40 см екі сызықтың ортасымен жүгіру.
4.Көлемі 60-8- см жүгіру дергілерден жүгіру.
5.Жүгіруді жүгірумен алмастыру. Жүру 50 м жүгіру, 20 м жүгіру, 15 м бірте –бірте жай жүру.
6.Үлкен адыммен жүру.
7.Аяқтың ұшымен жүгіру.
8.Көлемі 40-50м жолақтан жүгіру.
9.Екі сызықтың ортасынан аяқтың ұшымен жүгіру.
10.Көлемі 70-100 см сызықтың ортасынан жүгіру.
11.Қолдары әр түрлі қалыпта (белде, иықта, жанда, шынтақты бүгу) ұстап жүгіру.
12.Қойылған затттар арқылы бағытты өзгертіп жүгіру.
13.100 метірлік қашықтықта жүгіруді жүгірумен алмастыру.
14.Бөксені жоғары көтеріп жүгіру.
15.80-100 см сызық бойынша жүгіру.
16.Белгіленген арықтан секіруді жүгірумен алмастыру.
17.Доптар арқылы екі- үш адым жасап жүгіру.
18.Жылдамдата жүгіру:10 метр жай жүгіру,15метр жылдам жүгіру,қалған 150 метрде барлық күшін салып жылдам жүгіру, бірте бірте жүгіруге ауыстыру.
19.40 метрге жылдамдықпен жүгіру.
20.150 метрге қашықтықта жүгіруді жүгіруге алмастыру.
21.Кедергілерден жүгіру.
22.Жоғары сөреден жүгіру.
23.50 метрге жоғары сөреден жылдамдықпен жүгіру.
24.Төбеге жүгіру, төменге жүгіру.
25.200метрге қашықтықта жүруді жүгірумен алмастырып жүгіру.
Секіру
Секіру табиғи, қолданбалы маңызы бар қимыл. Секіру жатттығулары құрсақ бөлігі, аяқ, арқа, қол бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, батылдыққа, сенімділікке тәрбиелейді, жылдамдық, икемділік қасиеттерін дамытады.
Бастауыш сынып бағдарламасындасекірудің келесі түрлері қарастырылған: қысқа және ұзын секіртпелермен секіру, бір орында секіру, жүгіріп келіп секіру, жүгіріп келіп биіктікке секіру.
Секіру спорт алаңында, спорт залда өткізіледі.
Секіру жатттығуларын өткізу барысында сақталатын қауыпсіздік ережелері: спорттық аяқ киіммен секіру, секіріп жерге ьүсу барысында гимнастикалық төсеніштерге, спорт алаңында құм төселген жерге түсу. Ұзындыққа, биіктікке секіру барысында бірінен соң бірі секіру рұқсат етілмейді.
Секіру жатттығулары техникасын меңгеру үшін алдын ала дайындық жаттығулары қолданылады: бір орында секіру, бөренеге немесе гимнастикалық қабырғаға тіреліп секіру, аяқты жартылай бүгіп жеңіл секіру, отырып секіру, бір біріне қарсы тұрып секіру, қолдарын ұстап секіру.
Ұзын –қысқа секіртпелермен бір орында тұрып секіру.
Секіру жатттығуларынан бір орында тұрып секіру ең тиімдідайындық құралы болып табылады. Бұл әдіс бастауыш сыныптың барлық сыныптарында қолданылады.
Бірте бірте үйрету әдісі:
1.Қолды еркін ұстап төмен, жоғары секіру.
2.Қолды арнайы қалыпта ұстау, бір орында екі аяқпен секіру.
3.Бір аяқпен секіру (екінші аяқты алмастыру).
4.Екі аяқпен алға қарай жылжи секіру.
5.Бір аяқпен алға қарай жылжи секіру.
6.Екі аяқпен оңға, солға бұрылыс жасап секіру.
7.бір аяқпен оңға, солға бұрылыс жасап секіру.
8.Ілініп тұрған секіртпеден секіріп отыру.
9.Айналып тұрған сеіртпеден секіру.
10.Жүгіріп келіп айналып тұрған секіртпеден секіру.
11.Екі аяқпен айналып тұрған секіртпенің алдынан секіру.
12.Қысқа секіртпеден секіру.
13.Қысқа секіртпеден екі аяқпен секіру.
14.Қысқа секіртпеден бір аяқпен секіру, екінші аяқққа ауысып секіру.
15. Бір орында тұрып, жұптасып ұзын секіртпеден секіру.
16.Айналып тұрған секіртпеден 90 градусқа бұрылып секіру
17.Қысқа секіртпеден екі аяқпен, бір аяқпен бір аяқтан екінші аяққа ауысып секіру.
18.Секіртпені артқа қарай айналдырып секіру.
Секіру жаттығуларының барлық түрлерін қолдың қалыптарын өзгертіп , жаттығудың қайталану санын ұлғайта алмастыруды күрделендіре отырып үйретуге болады.

Биіктіктен секіру


Биіктіктен секіру итеру, серпілу, жерге түсумен сипатталады.
Биіктікке секіру жаттығуларына үйретудегі дайындық жаттығулар бір орында секіру, алға секіру, жан жаққа секіру, артқа секіру (негізгі тұрыстан аяқтың ұшына көтерілу, қол жоғарыда, жанында) болып табылады.
Оқушылар дайындық жаттығуларын меңгергеннен кейін гимнастикалық орындықтан секіруді өткізуге болады.
Биіктіктен секіруді қосымша тапсырмалар арқылы күрделендіруге болады: серпілу барысындағы бұрылыстар, алақанды шапалақтау, т.б.с.
Оқушылар секіру жаттығуларының техникасын меңгергеннен кейін бірте бірте деңгейі ұзартылып отырылады.
Бірте- бірте үйрету әдісі:
1. Бір орында жеңіл жерге секіріп түсу.
2. Қолды алдын ала артқа қойып, алға қарай жеңіл секіріп түсу.
3. Оңға, солға жеңіл секіріп түсу.
4.40см биіктіктен секіру.
5. Бір орында жеңіл секіріп түсу: аяқтың ұшына тұру, қолалда-жоғарыда; аяқтың табанымен толық тұру, қол алда, төменде, артта, сәл алға еңкею, секіріп түскен кезде денені тік ұстау.
6.Алға секіріп түсу.
7.Алақанды шапалақтан алға секіру.
8.60 см биіктіктен оңға, солға, артқа жеңіл секіріп түсу.
9.60см биіктіктен секіру.
10. Биіктіктен секіру, тепе теңдік сақтап отырып қалу қалпын сақтау.
11. 80 см биіктіктен жерге дұрыс секіру әдісін сақтап секіру.
Биіктікке секіру
Биіктікке секіру мектеп бағдарламасында бастауыш сыныптарында қарастырылған.
Алғашқыда оқушыларды «аяғын бүгіп» тік жүгіріп келіп секіру әдісінен бастайды, содан кейін «аттап» секіру техникасына ауысады.
«Аяғын бүгіп» жүгіріп келіп биіктікке секіру.
Жылдам жүгіруден басталады. Итеру барысында сермелетін аяқ бірден алға , жоғарыға көтеріледі, ал итерілетін аяқ түзеледі. Секіру барысында екі аяқ бірге түзеледі. Секіру барысында екі аяқ бірге топталады, қол алда, жоғарыда, екі аяқпен жеңіл жерге түсу, қол алда (36-сурет).

36-сурет


Үш –төрт адым жүгіріп келіп, бірте-бірте үйрету әдістері:
1. 20 см биіктіктен еркін секіру.
2.Екі-үш адым жүгіріп келіп белгіленген жерден жеңіл секіріп түсу.
3. Биіктігі 40 см тақтайдың үстінен секіру.
4. Төрт-бес адым жүгіріп келіп, секіру барысында аяқты бүгіп секіру.
5. Биіктікте ілінген заттарға қол тигізіп секіру.
6. Алақанды шапалақтап секіру.
7.биіктіктігі 50 см заттардан секіру.
8.Жеті адым жүгіріп келіп, белгіленген жерден секіру.
9.Ілулі затқа басты тигізіп секіру.
10.Биіктікке оңға, солға бұрылып секіру.
11.Биіктігі 40 см заттардан секіру.
12.Мұғалімнің тапсырмасы бойынша 60 см биіктікке белгіленгенаяқ бойынша секіру.
13. Биіктігі 70 см заттардан секіру.

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру


Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру бастауыш мектеп бағдарламасының барлық сыныптарында қарастырылған. Ереже бойынша бұл жаттығулар спорт алаңында өткізіледі. Жаттығуларды үйрету міндеті балаларды бірте –бірте «Аяқты бүгіп» жеңіл атлетикалық секіру әдісін меңгерту болып табылады.
Секіру техникасы.15-20 м жылдамдықта жүгіру. Итеруге үш-төрт адым алғанда жылдамдық ұлғаяды( секіру нәтижесі жылдамдыққа, итерілу күшіне байланысты).Итеру барысында серпілетін аяқтың тізегі толық бүгілген , жылдам алға, жоғары қозғалады. Қол бірден жоғары көтеріледі, осы кезде серпілу басталады, серпілу барысында екі аяқтың тізесі сәл бүгіледі,ал жерге түсу алдында екі аяқ түзуленеді, денені алға қарай еңкейтіп,жерге секіріп түскен кезде қол бірден алға қойылады,артқа құлап қалмау үшін екі аяқ толық бүгіледі (37- сурет).

37-сурет


Бірте –бірте үйрету әдістері:
1.Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру(5-6 адымнан)
2.Биіктігі 20-25 см жүктен секіру.
3. Белгіленген жерден (көлемі 80см) ұзындыққа секіру.
4.Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру (бес-алты адымнан).
5. Белгіленген жерден (көлемі 60 см) секіру.
6. Шеңберден шеңберге секіру (бес-алты рет).
7.Белгеленген жерден (көлемі 40 см) секіру.
8.Ілулі заттарға қолын тигізіп секіру.
9.Жүгіріп келіп алысқа секіру.
10.Белгіленген жерден (көлемі 30 см) секіру.
11.Бес, жеті адым жүгіріп өтіп аяқты бүгіп секіру.
12.60 см биіктіктегі кедергіден секіру.
13.Жүгіруді жылдамдатып секіру.
14.Жүгіріп келіп ұзындыққа нәтижелі секіру.

Бір орында тұрып ұзындыққа секіру


Бір орында тұрып ұзындыққа секіру 2- сыныптан бастап үйретіледі. Бұл секіру жаттығуларында аяқты итеру аяқпен бір уақытта орындалады.
Секіру техникасы: Тік тұру, аяқ қатар қойылған ( сәл алшақ); аяқтың ұшына көтерілу, бір уақытта қолды алға жоғары көтеру; бірден төмен, алға жоғары, қол қимылдарын жасау, екі аяқпен бірге алға қарай итерілу. Серпілу барысында аяқ алға қойылады, жерге түсу барысында аяқ бүгіліп түседі, қол алда (38- сурет).

38- сурет

Бірте –бірте үйрету әдістері:
1.Екі аяқпен жерге еркін секіріп түсу.
2.Екі аяқты итере отырып, ұзындыққа секіру.
3.Жартылай отырып ұзындыққа секіру.
4.Жартылай отырып ұзындыққа секіру, қол артта.
5.Қолды дұрыс ұстап секіру.
6.Аяқты дұрыс ұстап секіру.
7.Жерге дұрыс секіріп түсу.
8.Алысқа секіру.

Лақтыру
Лақтыру жаттығулары бастауыш мектептің барлық сыныптарында оқытылады. Лақтыру жаттығулары иық белдеуі, қол бұлшық еттерінің қызметін күшейте отырып, кеңістікті бағдарлай білу, дәлдік қабілеттерін дамытады.
Лақтыру жаттығуларына доптар, салмағы 250 грамдық ағаш гранаталар, құрсаулар қолданылады.
Лақтыру бір орында тұрып адым жасап, жүгіріп, әр түрлі қалыпта, бірте-бірте ара қашықтықты ұлғайта отырып оң және сол қолмен орындалады.
Үйрету міндеттері: жеңіл заттарды межеге тигізу, алысқа лақтыру, қолды артқа қойып , иық арқылылақтыру.Лақтыру жатттығуларын үйретуді оқушылар доппен кейбір дағдыларды меңгергеннен кейін үйретіледі.
Бірте бірте үйрету әдістері:
1.Допты лақтыру, қағып алу.
2.Допты бастан лақтыру. Б.қ:-лақтыратын бағытқа қарап тұру, сол аяқ алда, оң аяқ артта, аяқтың ұшымен тұрады, оң қол алда, доп бас деңгейінде ұсталады.Осы қалыпта дененің салмағын толық оң аяққа түсіреді, бір уақытта оң қолды бастан асырып денені сәл артқа бұрады, содан кейін бүкіл дененің салмағын сол аяққа түсіріп, тік тұрады, бірден қолды алға жоғары қимылдата отырып (450-тан) допты лақтырады (39-сурет).

(39-сурет)

3.екінші қолмен жоғарыда аталғандай орындалады.
4.Допты көлденең тұрған межеге лақтыру.
5.Допты бастан межеге (1х 1м) биіктігі 2метр арақашықтығы 2 метр жерге лақтыру.
6.Допты бір жанымен лақтыру.
7.Допты 2-3 метр биіктіктегі жіптен асырып лақтыру (қолдарын ауыстырып).
8.Биіктігі 2- 2,5 метр,3-3,5 м арақашықтықта бір бүйірлей тұрып лақтыру.
9.Бірте –бірте арақашықтықты ұзыртып межеге (1х 1м) лақтыру.
10.Допты немесе басқа заттарды алысқа лақтыру.
11.Үйретілген әдіс бойынша допты алсықа лақтыру.

Ойындардың дене тәрбиесі құралы және әдісі ретінде сипаты


Бастауыш сынып оқушыларынң қимыл қозғалыс белсенділіктерін арттыруда әр түрлі ойындардың алатын маңызы зор.
Дене шынықтыру үрдісінде қимыл-қозғалыс ойындарына жетекше орын беріледі. Дене шынықтырудың негізгі құралы мен әдісі ретінде қимыл –қозғалысты ойындар, білім беру және тәрбие міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Ол бала дене дамуына және ленсаулығына жан-жақты ықпал етеді. Ойын барысында балалардың қозғалысының ширақтығы бүкіл ағза жұмыс істеу күшін жақсартады, зат алмасу қызметін күшейтеді, өмірлік қабілетін арттырады. Қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу арқылы қол жеткен сауықтыру нәтижесі балалар психикасына ізгі әсер етіп , жағымды көңіл күй орнайды. Көңіл-күйдің көтеріңкі болуы балалардың мақсатқа жетуге ұмтылысын тудыра және тапсырманы дұрыс түсінуге , қимылдардың жақсы үйлесімі мен кеңестікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгілеуге , тапсырманы жедел орындау ұмтылысына , әр түрлі кедергілерді жеңуге талпындырады. Қимыл – қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл –қозғалыстарын жетілдіреді және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. Ойын процесінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес , мақсатқа жетуге арнайды.
Бірінші сынып бағдарламасында оқушыларды топқа бөлмейтін ойындар ( «қаздар мен қасқыр», «үкі», «қойлар мен қасқыр», «мысық пен торғайлар», «бөдене мен түлкі», «соқыртеке», «алакүшік») ойналады.
Бұл ойындарда еліктеу қимылдарын орындау қарастырылған. Балаларды ойында шығармашылық тұрғыда көрінетін ойын бейнелері қызықтырады, сондай ақ ойынның мазмұнын , ережесін түсінуге мүмкіндік береді.
1-2 сынып бағдарламасында жарыс элементі бар ойындарда қарастырылған . жарыс түрінде ойналатын ойындар түрлері: «Допты қуу», «Допты беру», «Допты ортаға», «Әр кім өз жалаушасына».
3-сыныпта күрделі ойындар өткізіледі: «Күн мен түн», «Аңшылар мен үйректер» т.б.с.
Жарыс түрінде ойналатын әр түрлі эстафеталық «Жүйріктер », «Секіргіштер», «Тапқырлар», т.б. ойналады.
Мұғалім ойынға үйретуді тоқсанға жыл мезгілдері ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлайды.
І-IV тоқсанда таза ауада, ІІ тоқсанда залда, бөлмеде, ІІІ тоқсанда қарлы ауада, шаңғымен ойналатын ойындар жоспарланады.
Оқу үрдісіне ойын түрлерін жоспарлау барысында бағдарламаның басқа бөлімдерін , дене жаттығулары түрлерін ескеруі қажет. Көптеген ойындар жүгіру, секіру, лақтыру,т.б. қимылдар, іскерліктер, дағдыларын қалыптастыру үшін қолданылады. (жүгіру эстафеталары, «Апандағы қасқыр», «Межеге лақтыру»).
Ойын түрлерін арнайы педагогикалық: қимыл – қозғалыс іскерліктерін дамыту және дағдысын қалыптастыру , қимыл сапалығын көтеру, оқушының ағзасына әсерін тигізу, денеге түсетін салмақпен қамтамасыз ету міндғттерін шешеді.
Дене шынықтыру сабағында 1-2 сыныптарында бір екі ойын , ал 3 сыныпта бір ойын өткізеді. Ойын сабақтың әр бөлімінде өткізіле береді.
Сабаққа қимыл – қозғалыс ойындарын іріктеп алу маңызды орын алады. Сабақтың қозғалыс мазмұнын а байланысты : жүгіріп, секіріп ойналатын ойындар, лақтыру немесе қағып алу, заттарды алып бару, кедергілерге қарсы тұру, т.б. ойындар ойналады. Ойынды іріктеуде қимылдың басқа жаттығуларды орындау барысында қайталанбауы ескертілінеді.
Күзетші
Ойынға қатысушылар кілемнің үстінде ұйықтап жатқан болады. Күзетші солардың арасымен жүгіріп жүріп, барлығын бірдей таяғымен түртіп былай дейді: соңымнан тұрыңдар!Таяқ тиген балалар бұйрықты орындайды.Бәрі тұрып болған соң күзетші кенеттен «Түн» деп дауыстайды. Ойыншылар түгел жата қалуы тиіс, ал күзетші олардың іс-әрекетіне бақылау жасайды.
Ойын шарты.бұйрықты әрі тез, әрі сөзсіз орындау керек. Ең соңында жатқан ойыншы күзетші болады.

Қойлар мен қасқыр


Ойыншылар алаңның басқа жағына тұрады, жүргізуші оған қарама-қарсы екінші жағында тұрады.Ойыншылар арсынан қасқырмен шопан таңдалады. Жүргізуші шопанға қарап былай дейді:
Жас шопан ау, жас шопан,
Ақылға құлақ тос шопан!
Шабындығы ғажайып,
Жеңілденер иығың,
Бар жұмысың азайып.
Сөз біткеннен кейін шопан қойын солай қарай айдайды.
Ойын шарты. Қойлар басқа жаққа жайылымға жүгіріп баруға ұмтылады, қасқыр жүргізушінің сөзі аяқталған соң қойларды ұстауға кіріседі. Егер қасқырдың қолы тисе , онда сол қол тиген қой қолға түскен болып саналады. Қасқырдың қойды шабындық сызығына өтіп кеткеннен кейін ұстауға қақысы жоқ.

Алакүшік


Бұл ежелгі халық ойындарының бірі. Ойынды көбінесе жазық алаңда мектеп ауласында, жазғытұрым, күз айларында ойналады.ойынға жиналғандар топтасып тұрады да, араларынан біреуін Алакүшік етіп белгілейді. Олар Алакүшіктің назарын өзіне аударуға тырысады. Ал Алакүшік ойнаушылардың бірін қолға түсіруге тиіс. Қолға түскен ойыншы Алакүшік болады да, бұрынғы Алакүшік болған ойыншы, енді ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын осылай жалғаса бареді.
Ойын балалардың таза ауада демелуларына жүгіруге жылдамдыққа тез шешім қабылдай білуге, сергектікке үйретеді.
Құаласпақ
Ойынды төменгі сынып оқушылары ойнайды.
Ойыншылардың біреуін «қуғыншы» етіп тағайындайды. Ойыншылар белгіленген алаңның ішіне (шеңбер) орналасады.Ойын жүргізуші «мен құғыншымын» деп айқайлайды да, ойыншыларды қуалай бастайды. Ұсталған ойыншы «құғыншының» рөлін ойнайды. Ал бұрынғы «құғыншы» басқа ойыншылармен қашып жүреді. Осылайша ойын жалғаса береді.
Үкі мен құстар
Ойын басталар алдында балалар өзінің ұнатқан құстың есімін алады және олар таңдаған құсының үнін айнатпай сала білуі тиіс.Мысалы, көгершін, қара қарға, ұзақ шымшық, қаз, үйрек, торғай, сары шымшық, тырна және тағы басқалар. Ойыншылар өз арасынан үкі болатын баланы таңдап алады. Ол өз ұясына кетеді, ал басқалары ақырын ғана, үкі естімейтіндей етіп, ойында қандай құс болып ойнайтынын ойластырады. Әр түрлі құс болған балалар сол құс секілді ұшады, дауыстайды, тоқтайды және тізе бүгіп жүреді. Әрбір ойыншы өзі таңдап алған құстың қимыл қозғалысын, үнін айнытпай салады.
«Үкі»-деген дабыл қағылған кезде құстар жылдамырақ өз ұясына жетуге ұмтылады.Егер үкі біреуін ұстап алса, онда ол оның қандай құс болғанын табуы тиіс. Тек аты дұрыс табылған құс қана болады.
Ойын шарты. Үкі мен құстардың ұялары биіктеу жерге орналасуы керек. Құстар өз ұяларына қарай дабыл бойынша немесе үкі біреуін ұстап алған кезде ұшып кетеді.

Мысық пен тышқан


Ойын кең алаңда, кең залда, клубта ойнатылады. Ойынға 10-нан 20 адамға , одан да көп ойыншы қатынасуға болады. Оқушылар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойынға қатынасушылар өз араларынан екі адымды ортаға шығарып, оның бірін тышқан, екіншісчін мысық етіп белгілейді. Тышқан шеңбер ішінде қалады, ал мысық оның сыртында,тышқанды аңдып жүреді, оны ұстауға тырысады. Ойыншылардың міндеті- мысық, тышқанды ұстаймын деген кезде ұстасқан қолдарымен оның жолын бөгеп, тышқанды ұстатпауға күш салу. Мысық қапылыста ішке кіріп кетсе, тышқанды сыртқа шығарып, мысықты ұстап қалу керек.
Егер мысық сыртқа шыға қалса, онда тышқандыішке кіргізіп,мысықты сыртқа қалдырады. Осылайша бірін-бірі қуып жүріп, мысық тышқанды ұстайды.
Ұстаған бойында тышқан рөлінде ойнаған ойыншының орнына басқа бір адамды шығарады. Ал мысық болып ойнаушы да өз орнына басқа ойнаушыны ұсынып, топқа қосылады. Ойынды осы тәртіппен ойнай беруге болады. Мысықтың жолын бөгегенде , оның киіміне н ұстап немесе итеруге болмайды. Тек ұстасқан қолдарын жоғары көтеріп не төмен түсіріп тұрады.

Түйілген орамал


Ойынның мақсаты: жүгіріп жүргенде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.
Керекті құралдар: ортасынан түйілген орамал және ысқырық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет