I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


VII ТАРАУ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ



бет64/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

VII ТАРАУ
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
ЖҰМЫСТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ МЕН ЕСЕПКЕ АЛУ

Дене шынықтыру жөніндегі алға қойған міндеттерді шешу, сонай – ақ одан қандай нәтижелер алуды жоспарлау мен есепке алу мақызды орын алады.


Дұрыс жоспарлауда мектептегі барлық оқу – бұқаралық дене шынықтыру, спорттық жұмыстарды нақты ұйымдастыру да өз әсерін тигізеді.
Жоспарлау құрылымы:
а) мектеп бойынша дене шынықтыру жөнінен жалпы жылдық жоспар;
ә) әр сыныпқа дене шыгықтыру жөнінен оқу жоспары.
Жалпы жылдық жоспарын денешынықтыру пәнінің мұғалімі жоспарлайды.
Жоспар педагогикалық кеңесте талданады және бекітіледі. Жалпы жылдық жоспарды дене шынықтыруға байланысты барлық сұрақтар қарастырылады; оқу жұмысы, күн кестесіндегі дене шынықтыру іс – шаралары, дәрігерлік бақылау, дене шынықтыру жөнінен материалды қамтамасыз ету. Сыныптан тыс жұмыстар, спорттық мерекелер, дене шынықтыру және спорт жөніндегі үгіт – насихат жұмыстары. Оқу жоспарының жалпы жылдық жоспарында; ұйымдастырылатын іс – шаралардың кестесі, өткізілетін орын, қажетті құрал – жабдықтар, спорттық киімі жөніндегі сұрақтар қарастырылады.
Жалпы жылдық жоспарда күнделікті оқу үрдісінде дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын іс – шаралар көрсетіледі. Сабаққа дейінгі өткізілетін гимнастикаға орын, өткізілу ұзақтығы, өткізілу тәртібі, гимнастикаға қатысты жаттығулар жиынтығына басшылық жасау бекітіледі. Ұйымдастырылған іс – шараларға бүкіл педагогикалық ұжымның міндетті түрде қатысуы қарастырылады.
Сабақ арасындағы үзілісте демалу ұзақтығы, балалардың тамақтануы, бұқаралық дене шынықтыру шараларын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жұмыс түрлері бекітіледі.
Жоспарда сонымен қатар сабақта сергіту мезетін ұйымдастыру енгізіледі.
Мектептен тыс дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс жоспарында секциялардың жұмысы, уақыты көрсетілген.
Жұмыс жоспарчнда спорттық жарыстар, серуендер, саяхатқа шығу, ойын түрлері жоспарланады, сонымен қатар жауапты адам бекітіліп, өткізілетін уақыт белгіленеді. Жылдық жұмыс жоспарында дәрігерлік тексеруден өткізілу жүргізіледі. Дәрігерлік тексеруден алғашқыда бірінші сынып оқушылары, содан соң барлық бастауыш сыныптардағы өткен оқу жылдағы нашар оқушылар, ең соңында барлық сынып оқушылары дәрігерлік тексеруден өткізіледі. Денсаулығы төмен оқушылар арнай медициналық топтарға бөлінеді.
Дәрігерлік тексерудің нәтижесін дәрігер педагогикалық кеңесте, ата – аналар жиналысында мәлімдейді.
Мектептегі дене шынықтыру нәтижелі болуы дұрыс ұйымдастырылған жұмыс орны, қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету. Жұмыс моспарында құрал – жабдықтарды қамтамасыз ету бюджеттік қаражаттан, оқушылардың өз күшімен, ата – аналар, демеушілер көмегі арқылы шешу қарастырылады.
Дене шынықтыру жөнінен жаңа оқу жылына жоспарланатын жалпы жұмыс жоспары оқу жылы аяқталғаннан кейін жоспарланады. Жазғы демасыста, мектепті жаңа оқу жылыны дайындау жоғарыда аталған жоспар негізінде жасалады.
Оқу жұмыс жоспарын мұғалім жаңа оқужылы басталар алдында жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет