I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Оқушылардың өз еркімен дайындалуға арналған сабақ түрлері және



бет62/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Оқушылардың өз еркімен дайындалуға арналған сабақ түрлері және
олардың мазмұны
Үйде өз еркімен орындалатын сабақтың бір түрі таңертеңгілік гигиеналық бой сергіту жаттығуы, ол адамның дене құрылысының ұйқыдан тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл – күйін көтеруге көмегін тигізеді.
Таңертеңгілік бой сергіту жаттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуын тереңдетеді, қан айналу жүйесінің қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл – ой қызметін арттырады.
Ертеңгілік бой сергіту жаттығуы төмендегі тәрбиелік міндеттерді де шешеді. Оқушыларды тәртіпке бейімділікке, өзіне деген сенімділікке және белсенді қызмет атқаруға тигізу үшін, төмендегі ережені орындаған дұрыс:

  • жаттығуды күнделікті үнемі бір уақытта орындау керек (ауырып қалған жағдайда босайды);

  • жаттығу қысқа және нақты болуы керек;

  • жаттығу кезінде мұрынмен дем алып, кеуде толғанша ауа жұтқан дұрыс және дем алу жиілігімен жаттығу қозғалыстары сәйкестенуі қажет;

  • баланың көңіл – күйін көтереңкі ұстау үшін жаттығу музыкамен сүйемелденгені дұрыс. Жаттығу аяқталған соң суда шомылуы, өзіне – өзі массаж жасау процедураларымен ұштастырған дұрыс;

  • жаттығу дене мүшелерінің қызметін жақсартып, сауығуына көмектесу керек: иық белдеу қол бұлшық еті, аяқ бұлшық еті, омыртқаның иілгіштегі, арқа бұлшық еті қызметі сонымен қатар жүрек – қан жүйелерінің жұмысына себебін тигізуі қажет.

Қорытынды жаттығу (жүру жаттығуын) қызметке түскен ағзаны қалыпты жағдайда түсіруге көмектеседі.
Белсенді демалыс
Оқушылардың оқуды өте жеңіл мазмұнды қабылдауының көптеген әдістері бар. Соның бірі – тапсырмасын орындаған кезде оқушыларды белсенді дем алуға үйрету. Белсенді демалыстың ең тиімді түрі – қысқаша дене жаттығуларын жасау. Олар дене шынықтырудысергіту сәттерінің үзілістері деп аталады. Бұл жөнінен не білуі керек. Узақ уақытты жұмысты орындаған жағдайда бала тез шаршау салдарынан жұмыс қабілеті төмендейді. Мұндай жағдайда төмендегі сынып оқушылары жиі ұшырайды, бұл жастағы оқушылардың шаршауы 25-30 мазмұнды ой жұмысын орындағаннан кейін пайда болады. Ақыл – ой шаршауы оқу оқу кезінде көп қате жіберу арқылы білінеді. Сонымен қатар бұлшық ет шаршауы күшейеді, дене бітімі қисаяды, бас кеудеге түсіп, иық бүгіліп арқа бүкірейді. Ұзақ отырып жұмыс жасағаннан тұлға өзгерістегі пайда болады, қан айналу жүйесінің жұмысы нашарлайды, соның салдарынан ағзаның басқа да қызметі төмендейді.
Жоғарыда аталған дене мүшелері жүйелерінің өзгерісі әсерінен жұмыс қабілеті нашарлайды. Егер осы жағдайлар жиі қайталанып отыпса, баланың денсаулығы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Оны болдырмау – белсенді демалыс, ой жұмысын дене жаттығуларымен ұ
Штастыру арқылы іске асырылады. Сонымен қатар көптеген бұлшық ет топтарына (қол, аяқ, дене) тиімді жаттығулар іріктелініп алынады. Олар қан айналымының қызметін, дем алуды жақсартады.
Егер балалар көп уақыт бойы тұлғаны дұрыс ұстамаса жағдайда болса, онда оларға тұлғаны дұрыс ұстауға қатені түзетуге арналған жаттығулар жасату керекғ оған қосымша жазба жұмыстан кейін қолдың буынына арналған жаттығулар енгізген дұрыс. Ұзақ уақыт бойы үй жұмысын орындаған, ұзақ отырған жағдайда баланың құрсақ, шандыр, аяқ бұлшық еттерінің қызметінің жұмысы төмендеуі мүмкін. Сол себептерді болдырмау үшін сергіту жаттығуларына бір орында тұрып жүру, секіру, отырып – тұру жаттығулары түрлерін енгізу керек.
Қысқа белсенді демалыс – сергіту сәттері деп аталады. Жаттығулардың орындалу ұзақтығы 1-3минут. Жаттығулар мазмұнына 3-6 жаттығу кіреді. Бұл жаттығулар орындықта отырып, орындықтың жанына орташа немесе баяу екпінді орындалады.
Ой қызметі ұзақ жұмыс жасағанда белсенді демалысты 5-10 минутқа дейін ұзартып, сонымен қатар жаттығудың 5-8-ге жеткізген тиімді. Ол керілу, бой жазу жаттығуларынан бастап, босаңсу жаттығуларымен аяқталады (аяқты, қолды еркін сілтеу қозғалыстары). Бұл жаттығуларды орындау нәтижесінде адам организмі белсенді қызметен енеді. Әрбір жаттығу баяу және орташа екпінде тік тұру арқылы 5-6 рет қайталанады.
Бастауыш сыныптары үшін сергіту сәттері, дене шынықтыру үзілісі үй жұмысын 25-30 минут орындағаннан кейін жүргізіледі. Жаттығуды орындау алдында бөлмені желдету, терезені ашып қою тиімді. Жаттығулар түрлерін 10 күн сайын ауыстырып отыру қажет. Мысалы, сергіту сәттерін дүйсенбі, сейсенбі күндері, ал дене тәрбиесі үзілісін аптаның басқа күндерінде орындауға болады. Балаларға мектептегі жұмыстың қиындығына қарай, белсенді демалыстың түрін өздері таңдап алған тиімді. Мысалы: мектептегі сабақтың ең ауыр күні, дене шынықтыру үзілісін орындау керек.
Қан айналымының қызметін тездету үшін, жүрек белсенді жұмыс қызметіне түсу керек, ал оттегін толық қабылдау үшін өкпе жылдам және төзімді қимылдауы қажет.
Сергіту жаттығулары – негізгі жаттығулар түрлері орындалмай тұрғанда орындалады.
Бұл мақсаты іске асыру үшін: 400 м баяу жүгіріс; бұлшық еттердің жекелеген топтарын, кеуденің құрсақ шандырының, аяқтың және басқа жерлердің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуңа арналған жаттығулар. Олардың міндеті сүйек – бұлшық ет аппаратын дамыту және нығайту; ағзаның негізгі физиологиялық жүйкелерін жаттықтыру жолымен баланың дене бітімін дұрыс қалыптастыру болып табылады. Бұл жаттығулар қозғалыстарды басқаратын жоғарғы психоматор орталығында жаттықтырады, бірінші және екінші сигнал жүйесінің өзара байланысты қызметін жетілдіреді және саналықты, орындалу дәлдігін талап етеді.
Жалпы дамыту жаттығуларының бір комплекісін бірнеше сабақ барысында жоспарланады.
Қарапайым жаттығулардан кейін сабақтың негізгі бөлімі басталады. (сабақтың негізгі бөлімінің маңызын, мақсатын, мазмұнын балаларға түсіндірген дұрыс). Сабақтың негізгі бөлімінде негізгі бөлімінде негізгі қимылдар мен дененің сапалық қасиетін тәрбиелейтін арнаулы жаттығулар жоспарланады ( жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, тепе – теңдік сақтап қалу). Оқушылар – арнаулы жаттығулардың жалпы дамыту жаттығуларынан айырмашылығын білу керек. Арнаулы жаттығулардың мазмұнынна – негізгі сабақтағы сияқты негізгі орындалу барысындағы көрсеткішін, сапасын көтеру. Сондықтан арнаулы жаттығулар негізгі қимылға қатысатын белсенді бұлшық еттерді орнықтырады, жаттығудың орындалу техникасының дұрыстығына көмек теседі. Жаттығудың орындалу сапасын көтеру үшін жаттығулар дұрыс іріктеліп алынуы қажет. Іріктеліп алынған жаттығулар рет – ретімен орындалады ( үзілісі 2-3 минут). Бірнеше рет қайталанып отырады. Жаттықтыру сабақтары 2-3 бөлімнен тұрады, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай 4-8 жаттығудан құрылады. Жаттықтыруды жұмасына 2-рет орындайтын болса, кейінірек жаттығуды 3-рет орындауға жеткізу қажет. Жаттықтыру сабақтары – баяу жүріспен, босаңсу жаттығуларын орындау арқылы аяқталады. Жоғары сынып оқушылары үшін сабақтың негізгі бөлімі төзімділікті қажет ететін жылдам екпіндегі жүріспен аяқталады.
3-4 сынып оқушылары үшін төзімді жүріс – сабақтың негізгі мазмұны болып табылатын төмендегі жаттығулар үлгісін ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет