I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет4/94
Дата15.06.2022
өлшемі4.07 Mb.
#459248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

Андронов қолөнері: Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар ыдысты қыштан жасаған. Андронов мәдениетінің археологиялық рәмізі сырға мен алқа. Үй кәсіпшілігінде тоқыма кәсібі дамыған.
Андроновтықтардың кен өндіру әдістері:
а) Жұмсақ кен өндіргенде опыру әдісін қолданды;
ә) Қатты кен өндіргенде отпен уату әдісін пайдаланды;
б) Үңгіп қазу әдісі.
А
Андронов мәдениеті
ндроновтықтар өндірген кенді сумен шаятын болған. Андроновтықтардың баспанасы - жертөле немесе жартылай жертөле.

Діні мен өнері: Қола дәуірінің адамдары табиғат күштеріне көбірек табынды.
1. Мәйіттің басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратып жерлеген.
2.Өлікті қабірге аяқ-қолын бүгіп жатқызған.
3.Өлген адамды өртеп, қабірге оның күлін ғана қою ғұрпы да болған.
Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Ошақты қатты құрметтеген. Андронов тайпалары тасқа жабайы бұқа, бишілер, қос өркешті бактриан түйесі, екі аяқ арба, әскер шайқасы туралы суреттер көп салған. Андроновтықтарда зергерлік өнер жақсы дамыған. Әшекей бұйымдардан сақина, сырға, алтын білезік және тағы басқа түрлерін жасаған.


ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР


§ 3.Сақтар

Сақтар б.з.д. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекендеген ежелгі тайпа. Ежелгі заманда Орта Азия өңірін мекендеген сақ тайпалары туралы тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба деректерінде сақталған. Жалпы, сақ атауының мағынасы жайында әртүрлі пікір бар. Мысалы, «сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында «Құдыретті еркектер» деп түсіндіреді, ал Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар»деп атайды. Ежелгі грек авторлары сақтарды «Азиялық скифтер» деп атаған.


Сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанға - қатал, досқа - адал» болған. Сақтар тайпалық құрамы мен мекендері жағынан мынандай топтарға бөлінеді:



Сақ топтарының аты

Мекендері

1

Теңіздің ар жағындағы сақтар (Парадария)

Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңы, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысы.

2

Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда)

Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу өңірлері.

3

Хаома сусынын дайындайтын сақтар(Хаомаварга)

Мұрғаб аңғары.

С


Сақ патшайымы Томирис
ақтар туралы алғашқы жазба деректер Геродоттың еңбегінде кездеседі. Сондай-ақ, сақтар туралы ежелгі ирандықтардың Авеста деген қасиетті кітабында құнды мәліметтер бар. Сақ қоғамы жауынгерлер, абыздар, қауым мүшелері болып үш топқа бөлінді. Сақтарда үш әлеуметтік топты бір-бірінен үстіне киген киіміне қарап ажыратқан. Жауынгерлер қызыл түсті киім кисе, абыздар – ақ, қалғандары яғни егіншілер, малшылар, қолөнершілер сары, көк түсті киім киген.
Сақ қоғамынан білім мен өнерді терең меңгерген белгілі тұлғалар шыққан. Соның бірі б.з.б. VI ғасырда аты аңызға айналған сақ ғұламасы Анахарсис. Геродот пен Страбон, оны «жеті ғұламаның» бірі санаған. Анахарсистан: «Басқа пәле тілден», «Татымсыз мың достан адал бір дос артық» т.б. нақыл сөздер қалған. Сақтардың қоғамдық өмірінде халық жиналысы маңызды рөл атқарды. Оған бүкіл ер азаматтар қатысқан. Ер адамдардың орны оның ру-тайпасының деңгейіне қарай анықталды.

Аң бейнесі
Сақ ескерткіштері – Талас, Шу, Іле өзендерінің бойында, Қырғыз, Іле және Жоңғар Алатауның баурайында, Кеген мен Нарынқолдың таулы аймақтарында кездеседі. Ал, Арал өңірінде Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда ескерткіштері табылған. Шірік-Рабат қаласы апасиактардың астанасы болған. Апасиактар дегеніміз ғалымдардың айтуынша, су жағасын мекендеген сақтар. Міне осы Шірік-Рабат қаласының орны қазіргі Қызылорда қаласынан Оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде Қызылқұм шөлінде жатыр. Сақ тайпа одағының жоғарғы билеушісін патша деп атаған. Сақ тайпалары б.з.д. V ғасырда парсылармен соғысқан. Ал, б.з.д. 490 ж. Марафон шайқасында сақтар енді парсылармен одақтасып, гректерге қарсы күресті.

Б.з.д. IV ғасырда Александр Македонский сақтармен соғысты. Парсы патшасы І Дарий сақ тайпаларын өзіне бағындыру үшін әлденеше шапқыншылық соғыс жүргізген. Дарий б.з.д. 519-518 жылдары сақтарды өзіне бағындырған. Сақ массагеттердің Томирис деген әйел патшасы болған. Томирис патшайым шамамен б.з.д. 570-520 жылдары өмір сүрген. Сондай-ақ, көне заманның тарихи жазбалары арқылы сақ патшайымы Зарина туралы да біршама деректер бізге жеткен. Грек авторы Ктесий «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп ұрысқа араласады»деп баяндайды.
С

Алтын киімді адам
ақтардың Жетісудағы тамаша ескерткіштерінің бірі – Есік қорғанынан табылған «
Алтын киімді адам». Ескерткішті 1969 жылы археолог К.Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша, ол б.з.д. V-ІV ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17-18-де бойы 165 см шамасында. «Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. Қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстаннымыздың елтаңбасынан орын тапқан. Жалпы, сақ заманының тұрмыстық ыдыстары мен бұйымдары аң стилімен өрнектелген. Соңғы кезде зерттеушілер Қазақстанның шығыс және батыс өлкелерінен ерте көшпелілердің тамаша ескерткіштерін тапты. Олар - Берел қорғаны, Шілікті және Аралтөбе қазыналары деген атпен тарих шежіресінің бетінен орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет