I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


Мәдениеті мен діни-нанымы



бет7/94
Дата15.06.2022
өлшемі4.07 Mb.
#459248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

Мәдениеті мен діни-нанымы. Мәдениеттің қалыптасуына отырықшы тайпалар да көшпелі тайпалар да қатысты. Қаңлылардың ірі ескерткіштерінің бірі – Алтынасар қала жұрты. Ол 16 га жерді алып жатыр. Қалада тұрғын үйлер қатарластыра салынған. Сондай-ақ, қаңлылар арасында ән-күй, музыка, би сияқты көркем өнер салалары жақсы дамыған. Қаңлылардың діни-нанымы басқа тайпалар сияқты табиғаттан тыс күшке сеніп, сол күштерге табынып, құрбандық беріп отырған. Үй жануарларында құрбандыққа шалған. Олар күнге, айға, жұлдыздарға да табынып, ата-баба аруағына сиынған. Жайылымға көшу, егін егу мезгілдерін жұлдыздарға қарап белгілеген.


§ 6.Ғұндар

Біздің заманымыздың басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ішіндегі ғұндар ең жауынгері ғұндар болды. Ғұндар туралы мәліметтерді қытай деректерінен кездестіруге болады. Қытайлар оларды «хунну» деп атаған. Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б.з.д. І ғасырдың соңы мен б.з. І ғасырында келген. Дәл осы кезеңде Еуразияның ұлан-байтақ даласында, соның ішінде Қазақстан жерінде де, «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» болды.


Бес ғасырға жуық уақыт бойы ғұндар кең далаға билік жүргізді. Деректерге қарағанда ғұндар 24 руға бөлінген. Әр руды ру ақсақалдары басқарған. Ғұндардың билеушісін «шаньюй» деп атаған. Ғұн қоғамында «түменбасын» шаньюйдің жақын туыстарынан қоятын болған. Ғұн әскерінің негізін атты әскер құраған. Ғұндарда әскери іс аса жоғары дамыған. Ғұн тайпалары ежелгі түрік тілінде сөйлеген. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды.
Б.з.д. ІІІ ғасырда Мөде Қытаймен кескілескен соғыс барысында ғұн тайпаларын біріктіріп, ғұндардың билеушісі – «шаньюй» деген атақ алып. Ол кейін шексіз билікке - «Аспан ұлы» деген атаққа ие болады.
Қытай билеушісі Мөде шаньюймен «Тыныштық пен туыстық» туралы шартқа отырып, жыл сайын оған салық төлеп тұрған. Осы кезде ғұн одағының территориясына Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі жерлер қосылады.
Б.з.д. 55 жылы Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань империясына бағынды. Оңтүстіктегі ғұндардарды – Хуханье басқарды. Ал солтүстіктегі ғұндар Моңғолияның солтүстік- батысындағы Қырғыз-нұр көлінің маңына орналасты. Солтүстіктегі ғұндарды – Чжи-Чжи басқарды. Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы шамамен біздің дәуіріміздің 93 жылы басталған.
Еуропа елдеріне жасалған жорықтар кезінде ғұндарды Еділ (Аттила) басқарды. Аттилаға дүние жүзінің мәдениет қайраткерлері өз шығармаларын арнаған, ал қазақ ғалымдарының ішінен Аттила туралы алғаш рет ғылыми пікір айтқан Ш.Уәлиханов болды. Ғұндардың аты тарихта әсіресе жаугершілік жорықтармен әйгілі болды.
Ғұндар батысқа қарай тез жылжып, тайпалардың біреуін күшпен бағындырса, екіншісін соғыссыз қосып алып отырады. Қазақстан жеріне олар: Сырдария, Арал теңізіне, Орталық және Батыс Қазақстан жеріне жетеді. Ал, б.з. ІV ғасырында олар орыстың оңтүстік даласына, одан әрі Дунай өзеніне дейін барып, «ғұндар» деген атпен қазіргі Венгрия жеріне жетіп қоныстанады. Ғұндар Дунайға, одан Италияға өтіп, кейінірек Рим империясының құлауына себеп болады. Жалпы ғұндар – түркі халықтарының ежелгі бір тармағы. Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар» деген өлеңінде өзін ғұндардың ұрпағымын деп есептеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет