Қорытынды.
Сонымен, занда іс жүргізу мерзіндерін белгілеудін салалық максаты—қандайда болсын іс-әрекеттің дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету. Мысалы, ҚІЖК-тің ІІІ-бабында прокурордың, тергеушінің, анықтау органынын жасалған немесе әзірленіп жатқан кез келген қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға міндетті екені көзделген. Заң осы бөлігінде қылмыс туралы әрбір хабарды және арызды тиісті органның (өкілетті адамның) қарауын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Одан соң 184-бапта арыздар мен хабарлар қаралуға жәңе шешімдер қабылдануға тиісті шекті мерзім белгіленген. Бұл жердегі мақсат — қылмыстылар туралы арыздар мен хабарлардың дер кезінде қаралуын қамтамасыз ету.
Іс жүргізу мерзімдерінің негізгі маңызы мынада:
— олар: а) процеске катысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын; ә) сот ісінің тез жүргізілуін; б) пәрменді прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру шарттарын қамтамасыз ететін іс жүргізушілік ерекше кепілдіктер береді;
- қылмыстық процесте жүйелеу функциясын орындауға бағытталған құкықтық құрал болып табылады;
сот ісінің жүргізілуіне белгілі бір қарқын беретін ұйымдық
құрал болып табылады.
Іс жүргізу мерзімдерінің белгілері сот ісін жүргізудегі белгілі бір уақыттың бәрінің бірдей іс жүргізушілік манызы бола бермейтініне байланысты маңызды. Іс жүргізу мерзімдерін өзге мерзімдерден оқшаулайтан негізгі белгілерге мыналар жатады:
- іс жүргізу мерзімдерін белгілі бір құкықтық жағдайларда
(мәселен, кассациялық шағым беруге немесе кассациялық наразылық білдіруге бөлінген он тәуліктік мерзімнің өтіп кетуі
соттың үкімді жүзеге асыруына себеп болады; сезіктіге бұлтартпау шаралары қолданылған сәттен бастап он тәулік өткенге дейін айыпталушыға айып тағылмауы тергеушінің бұлтартпау шараларының күшін дереу жоюына әкеліп соғады) "дербес заң фактісі немесе күрделі заң кұрамы элементтерінің бірі ретінде"' тану мүмкіндігі. Іс жүргізу мерзімін зандық факт ретінде тануға себеп болатан құқықтық жағдай — іс жүргізу қатынастарына қатысушылардың заңмен белгіленген құқыктары мен міндеттерінің пайда болуы немесе доғарылуы түріндегі құкықтық салдарлардың басталуы;
- заңмен белгіленген мерзімдерді сақтау міндеттілігі (ол
мерзімдерді сақтамау сот ісін жүргізудегі зандылык принципін
бұзу деп бағаланады), қажет болған жағдайда мәжбүрлеу қолданылуы мүмкін;
мерзімдерді есептеу мен қалпына келтірудің ерекше тәртібі;
тергеліп жатқан қылмыстық істің категориясына байланысты мерзімдерді заңмен саралау.
Іс жүргізу мерзімдері негіздерге байланысты түрлерге бөлінеді. Түрлі авторлар түрлі сараптама береді, бірақ бірқатар сараптама негіздері бір-бірімен үйлеседі. Осы жағдайға сүйене отырып, іс жүргізу мерзімдерінің мына түрлерге бөлінуін мүмкін деп санаймыз:
1. Қылмыстық іс жүргізу қызметін регламенттеу әдісіне байланысты негіздер бойынша мерзімдер мына түрлерге бөлінеді: а) мерзім-кез; ә) мерзім-кезең2.
Мерзім-кез әрдайым іс жүргізу мерзімдері белгіленбеген әлдебір іс жүргізу әрекетімен үнемі байланысты. Мерзімдердің бұл түрін іс жүргізілетін уақытты көрсететін ерекше терминология бойынша белгілеуге болады. Сондай терминдердің анықтамалары мыналар "кез" (мысалы, КІЖК-тің 70-бабына сәйкес, "қорғаушы айып тағылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі" немесе ҚІЖК-тің 69-бабы бойынша "өзінен алғашқы жауап алудың алдындаға кезден бастап корғаушымен жолыға алады"); "кез келген сәт" (мысалы, ҚІЖК-тің 348-бабының 3-белігі бойынша "сот сотталушыға нақтылау сұрактарын жауап алудың кез келген сәтінде қоюы мүмкін"); "дереу" (мысалы, КІЖК-тің 142-бабының 1-бөлігі бойынша "айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады" деп белгіленген; КІЖК-тің 150-бабының 6-бөлігі бойынша "прокурордың санкциясы немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар қаулы тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезіктіге) жолданады және жедел атқаруға жатады"; "кідіріссіз" термині өзінің мәні жағынан "дереу" терминіне жақын (мысалы,КІЖК-тін150-бабының З-бөлігі бойынша "бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау туралы қаулы материалдары прокуратураға түскен кезден бастап алты сағаттың ішінде прокурордың кідіріссіз қарауына жатады"; "тез арада" терминінің мәні соған ұқсас (мысалы, КІЖК-тін 216-бабынын 2-бөлігі бойынша "қорғаушының қатысуын тез арала қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен қамауға алынғаннан кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті"; "аяқталғаннан кейін бірден" (мысалы, ҚІЖК-тің 203-бабының 1-бөлігі бойынша "тергеу іс-әрекетінің хаттамасы тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында немесе ол аяқталғаннан кейін бірден жасалады"); әлдебір іс-әрекет басталардың "алдында" (мысалы, КІЖК-тің 203-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу іс-әрекетінің хаттамасында ғылыми-техникалық кұралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың хабардар етілгені көрсетілуге тиіс'"); әлдебір іс-әрекеттен "кейін" (мысалы, ҚІЖК-тін 258-бабыньгн 2-бөлігі бойьшша "сараптамалык зерттеудін үлгілері сол адамнан, бірак аталған іздер калдьірылуы мүмкін жағдайлар туралы одан куә (жәбірленуші) ретінде жауап алғаннан кейін ғана алынуы мүмкін"); әлдебір іс-әрекетаен "бір мезгілде" (мысалы, КІЖК-тің 206-бабының 2-бөлігі бойынша "тергеуші айыпталушыға айьштағылған күнтуралы хабарлаНды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушыны шақыру құқығын түсіндіреді"); іс жүргізу "аяқталғаннан кейін"(мысалы, ҚІЖК-тің 213-бабының 4-бөлігі бойынша "еркін баяндау аяқталғаннан кейін жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар ашылуы мүмкін"); "тәмамдалғаннан кейін" терминінін мәні "аяқталғаннан кейін" терминіне жақын (мысады, К.ІЖК-тін 362-бабынын. 1-бөлігі бойынша "төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін іске қатысутыларға бұдан былайғы іс-қимыл барысын түсіндіреді"); әлдебір іс-әрекетке "дейін" (мысалы, ҚІЖК-тін 214-бабьшын 1-бөлігі бойынша "тергеуші бір іс бойынша шақырылған куәлар, жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады"); уақыт шеңберлері нақты жағдайды негізге ала отырып белгіленетін қандай да болсын жағдайдын өзара байланысты көрсетілетін "уақытында" (мысалы, ҚІЖК-тің 222-бабының 3-бөлігі бойынша "тергеуші уақытында келе алмайтын жағдайда тексеруді анықтаушы немесе арыз немесе хабар келіп түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жүргізеді"); "кешіктірмей" (мысалы, КІЖК-тің 235-бабының 5-бөлігі бойынша "почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындаудың күшін бұл шараға қажеттілік жойылған кезде тергеуші немесе прокурор бірақ кез келген жағдайда тергеу аяқталғаннан кейін кешіктірмей жояды"); "анықталғаннан кейін" (мысалы, ҚІЖК-тің 354-бабынын 5-бөлігі бойынша "төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін сарапшыға жазбаша түрде сұрақ беруді ұсынады").
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Томин В.Т., Якупов Р. X., Дунин В. А. Процессуальные документы, сроки и судсбные издержкн в уголовном судопроизводстве. Омск, 1973. С. 19.
-
Якупов Р. X. Уголовно-процессуальные сроки в досудебных статиях. Горький, 1979. С. 6-7.
-
Юрвдический энциклопедический словарь. М, 1984. С. 351.
-
Гуляев Л. П. Процессуальные сроки в стадии возбуждения уголовно-дела и предварительного расследования. М., 1976. С, 10.
-
Выдрин М. М. Уголовно-процессуальные гарантии в суде. Краснодар, 1980.С. 20.
-
'Косанов О. Л., НатаровВ. В. Некоторые вопросы регулятивный функции сроков в уголовном судопроизводстве //Вопросы борьбы с преступностъю. М., 1984. С. 68.
-
Якупов Р.Х. Уголовно-процессуальные сроки в досудебных стадиях. Горький, 1979. С. 11.
-
Якупов Р. X. Сол шығарма. 16—23-6.
-
Гуляев А. П. Процесуальные сроки : стадиях возбуждения уголовно-го дела и предварительного расследовиния. М., 1976. С 5- ІК,
-
Строгович М. С. Курс советско уголовного процесса. М., 1968. Т. 1., С. 201.
-
Чельдав М. А. Советский уголовный процес. М., . С'. 80.15—597
-
Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері.Атамұра. АЛМАТЫ.
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы.Жеті Жарғы.Алматы.2001.
-
Мемлекет және құқық негіздері. Жеті Жарғы.Алматы.2001.
-
Қазақстан Республикасы мен құқықығының негіздері Алматы.2003.
Достарыңызбен бөлісу: |