I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері


Экстраверсия - интраверсия анықтау әдістемесі



бет12/14
Дата11.10.2023
өлшемі0.5 Mb.
#480449
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Дип.-Оқушыларды-кәсіптік-бағдарлау

Экстраверсия - интраверсия анықтау әдістемесі.
Жұмыс мақсатын түсіндермей балаларға төмендегі мәліметті беріңдер: «Жауап парағын алған соң, сіздер бірінші сұраққа жауап беріп сұрақ номерін қоса дәптеріңізге жауап белгілейсіз. Осылай кезекпен кезек сұрақтарға жауап бересіз. Сұрақтарға тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіз. Сұрақтарға жауап беру кезінде; «Басқа келген алғашқы жауап, әрине, дұрысы болып саналады». Оқушыларға сұрақ жазылған бланканы тартыңыздар және жұмысқа кірісуге тапсырма беріңіздер. Сұрақ парақшасы 57 сұрақты қамтиды, оның ішінде 24 - Э-И (экстраверсия-интраверсия) шкаласы бойынша, 24 Н (неитроизм) шкаласы және 9 Ж (жалған) шкаласы бойынша.
Сұрақтар

1. Жаңалыққа (идеяға) сіз бірден «ояна», сергек күймен қарайсыз ба?

(Жаңалықты тез қабылдай аласыз ба).

2 Сізді түсінетін, көңіліңізді аулайтын, ойыңзды
растайтын жолдастарыңызды қажет етесіз бе?

3.

4. Сіз «жоқ» деп жауап беруге қиналасыз ба?

5. Сіз алдымен шешім қабылдаудан бұрын ойланасыз ба?

6. Сіз егерде бір нәрсені орындауға уәде берсеңіз әрқашанда, уәдеңізде
тұра аласызба? (ол сізге қаншалықты қиын, әрі жайсыз болсада,
уақытыңызды алатын болсада)

7. Сіздің көңіл - күйіңіз жиі көтеріле ме?

8. Сіз ойланбай, тез сөйлейсіз және шешім қабылдайсыз ба?

9. Сіз ешбір себепсізден себепсіз өзіңізді бақытсыз сезінесіз бе?

10. Бәсеке (спор) үшін сіз бәріне барасыз ба?

11. Сіз бөтен әдемі қызбен (жігітпен) танысқан кезде ұялып,
өзіңізді ығайсыз сезінесіз бе?

12.Сіз кейде ашуланып, өзіңізді ұстай алмай қаласыз ба?

13.Өзіңіздің бір сәттік көңіл күйіңізге қарай жұмыс жасайсыз ба?
(көңіл күйің қалай болса жұмысты солай істейсіз)

14. Егер сіз болып қойған тірлікке біреуге жасамауға және
айтуға болмайтын сөз айтып қойсаңыз, сіз оған ұзақ уақыт
көңіліңізде ұстап (уайымдап) жүресіз.

15.Сіз адамдармен кездесуге қарағанда кітаптарды оқығанды ұнатасыз ба?

16. Сіз ренжіту оңай ма?

17. Сіз көпшілік (компанияда) арасында жиі болғанды ұнатасыз ба?

18. Сіздің кейде басқалардан жасырып қалатын ойларыңыз болды ма?

19. Сіз кейде өзіңізді өте қуатты сезініп барлығы сіздің қолыңызда
сияқты сезінесіз, немесе тіпті керісінше ме?

20.Сіз өзіңізге көп жолдастарға қарағанда аз болса да жақын
достарыңыз болғанын қалайсыз ба? (жүз сомың болғанша жүз досың
болсын)

21. Сіз жиі армандайсыз ба?

22. Сізге айқайласа сіз де солай жауап қайтарасыз?

23. Сіз өзіңізді жиі кінәлі санайсыз ба?

24. Сіздің барлық мінезіңіз, істеген істеріңіз жақсы әрі тартымды?

25. Өз көңіліңізге ерік беріп көпшілік (компанияда) арасында
көңіл көтергенді ұнатасыз.

26. Өзіңізді сезімтал және нәзік адам санайсыз ба?

27. Сізді көңілді сергек адам деп санайды ма?

28. Сіз егерде маңызды жұмысты бітірсеңіз, оны одан да жақсы
атқаруға болатын еді деп ойлайсыз ба?

29. Көпшілік орында (ортада) сіз көп сөйлемейсіз бе?

30. Сіз кейде артық әңгіме (өсек) айтасыз?

31. Сіз кейде басыңызға әр түрлі ойлар келе бергендіктен ұйықтай
алмайсыз ба?

32. Сіз егерде қандай да бір нәрсені білгіңіз келсе, оны оқып аласыз
ба немесе сұрап аласыз ба?

33.Сіздің жүрегіңіз қатырақ соққан кездері болады ма?

34. Сізге үнемі ұқыптылықты талап ететін жұмыс ұнайды ма?

35. Сіздің қорыққан сәттеріңіз болған ба? (приступ)

36. Егер тексеруден қорықпасаңыз сіз өзіңіздің жүгіңізге ақша төлейтін
бе едіңіз?

37. Сізге бір -бірімен әзілдесіп, бірін-бірі мазақ етіп отыратын орта
ұнайды ма?

38. Сіз тартымды емессіз?

39. Сізге жылдамдықты талап ететін жұмысты атқару ұнайды ма?

40. Сізді болып қалатындай келеңсіз істер мазалайды?

41. Сіз асықпай жай жүресіз бе?

42.Сіздің жұмысқа немесе кездесуге кешіккен кездеріңіз болды ма?

43.Сіздің түсіңізге қорқынышты түстер жиі кіреді?

44. Сіз әңгіме айтқанды жақсы көресіз, бөтен адамдар мен сөйлесіп
қалу (араласу) мүмкіндігін жібермейтініңіз рас па?

45. Сізді қандай болсын аурулар ойландырады ма?

46. Егер сізді адамдармен араластырмай қойса онда сіз өзіңізді өте
бақытты сезінесіз бе?

47. Сіз өзіңізді шыдамызбын (нервныи) деп айта аласыз ба?

48. Сіздің таныстарыңыздың арасында сізге ұнамайтыны бар ма?

49. Сіз өзіңізге өзіңіз сенімдімін деп айта аласыз ба?

50. Егер сізге жұмысыңыздағы немесе жеке қателіктеріңізді көрсетсе
сіз тез өкпелеп қаласыз?

51.Көңіл көтеру кештерінен шындап қанағаттануқиын деп санайсыз.

52. Сіз басқаларға қарағанда өзіңді төмен санау толғандырады ма?

53.Сізге қызықты емес топтардың көңіл күйін көтеру өте оңай ма?

54. Сіз өзіңіз түсінбейтін нәрселерді айтқан кездеріңіз болған ба?

55. Сізді өзіңіздің денсаулығыңыз толғандырады ма?
56. Сіз басқа біреуге күлгенді (мазақтағанды) жақсы көресіз бе?
57. Сізді ұйқысыз түндер мазалайды ма?

Сұрақша «кілті».



Ж



Ия

6

24

36





































Жоқ

12

18

30

42

48

54




























Э-И


Ия

1

3

8

10

13

17

22

25

27

39

44

46

49

53

56

Жоқ

5

15

20

29

32

34

37

41

51



















Б


Ия

2

4

9

7

11

14

16

19

21

23

26

28










Жоқ

31

33

35

38

40

43

45

47

50

52

55

57












Нәтижені өңдеу.
Зерттеу нәтижесін өңдеу келтірілген «кілт» көмегімен өңделеді. Оқушылардың экстрарлығын Э-И шкаласы бойынша 12 баллдан жоғары көрсеткіші, 12 баллдан төмен шкала интровертивтілігін көрсетеді. Бейтарап жағдай 12 баллдан жоғары шкаланы көрсеткен жағдайда болады. 4-5 баллдағы көрсеткіш жалған (Ж) шкаланы көрсетеді. Ол тек шеткі (критический) жағдайларда ғана қолданылады. Ж шкаласы оқушы мінез құлқын көрсеткіш индикатор болып табылады көруге болады.Оқушының арманы мектеп қабырғасын бітіріп оқу орнына түсу, мамандық таңдау. Ол қай мамандықты таңдасам екен деп адасуы мүмкін. Осы жерде тағы бір - әдісті ұсынуға болады. Осы жерде оларға, олардың ата-аналарына бірден-бір бағыт беруші кәсіптік икемділігін, мамандыққа қызығуын зерттеуге арналған кәсіптік бағдарлама кітапшалары (қосымшалар - 4, 4.1.) жәрдем бере алады. Кәсіптік бағдарлама кітапшасының мақсаты, оқушыларға, олардың ата-анасына кәсіп таңдауына нақтылы ұсыныстармен жәрдем беру. Оқушының қызығушылығын, дүниетанымын және т.б. мүмкіндіктерін айқындау. Мектеп қабырғасын бітіргенде оның мамандықты саналы таңдауына көмек беру. Кітапша барлық пән мүғалімдермен сынып жетекшілері, ата-аналар бақылауымен зерттеледі. Мұнда оқушыларды жан-жақты зерттеу қарастырылған. Кәсіптік бағдарлама кітапшаларын зерттеу жұмысымызда да қолданып оң нәтижелерге қол жеткіздік.
Оқушылармен жүргізілген, сұхбаттар, анкеталық, диагностикалық сауалнамалар, әдістемелердің қажеттілігі зерттеу барысында тиімді екені анықталып, нақтыланды.
Оңтүстік Қазақстан облысында 12 аудан (ауылдық); Қазғұрт, Арыс, Бәйдібек, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара және 8 қала; Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан, Жетісай, Сарыағаш, Ленгер және Шардара бар.
Бүкіл облыстағы мектептер санын - 967 болатын болса оның 801-і ауылдық жерлерде орналасқан, оның ішінде орта мектеп - 689; ішкі оқыту мектебі - 143; бастауыш мектеп - 135 құрап отыр. Оларда барлығы 515 871 оқушы, орта мектептерде - 474 855; ішкі мектептерде - 31915; бастауыш мектептерде - 8 353 сандықты көрсетуде. Орта мектептегі оқушылар саны -34479, үздік бітіргендері - 1115, ішкі мектептер - 49380, үздік бітіргендері -2029.
Мектеп жасына дейінгі орындары - 103, ондағы балалар - 13953. Кешкі мектептер - 5 оларда балалар - 2610;
Шағын мектептер - 240, оның ішінде - 131 орта, ішкі - 27, бастауыш - 82 құрайды.
Кәсіптік техникалық мектептер - 21, оларда 9096 бала оқиды. ( 10 көмекші қосалқы мектер бар. Облыс бойынша 3 Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттары бар. Оның екеуі Шымкент қаласында, біреуі Отырар ауданында.
Соңғы жылдары облысымызда дипломды жұмыссыздардың көбейіп кеткені жөнінде жиі жазылып та айтылып та жүр. Сонда да бір бірінен аумай қалған мамандарды даярлауды және сол мамандық бойынша оқуды да қоймай келеміз. Былтыр облысымызда меншіктің түрлі формасындағы 29 оқу орны мен олардың филиалдары, 24 колледж, 21 кәсіптік-техникалық мектеп бар-ды. 2007 жылы Жоғарғы Оқу Орны (ЖОО) 11176, колледжде 3210, кәсіптік мектептерде 3212 жас қабылданып оқыды. 2001 жылы 1 қаңтарында жоғарғы оқу орны 47427, колледждерде 11687, кәсіптік-техникалық мектептерде 8520 жас білім алды. Жалпы бұл жылы облыстағы мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарында 61782 жас оқыған екен. Ал биылғы жылы 2002 жылдың өзінде атары белгісіз қаншама оқу орындары ашылды.
Даярланып жатқан кадрлар қазіргі еңбек рыногінде сұранысқа ие ме? Мамандықтар мен кәсіптер тізіміне жасалған талдаулар бірқатар жоғарғы оқу орындары мамандықтарының бірін бірі қайталайтындығын көрсетеді. Олардың көпшілігінде кадрлар гуманитарлық бағдардағы экономикалық және заң мамандықтарына басымдылық беріле отырып даярланады. Мемлекеттік оқу орындарын алып көрелік. «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша 7 ЖОО-ның алтауында, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша үш ЖОО-да даярланады. «Экономикалық бухгалтерлік және бақылау» мамандығы бойынша 13 колледждің алтауында. «Қаржы және несие» мамандығы 4 ЖОО мен 2 колледжде, «Кеден-ісі» мамандығы бойынша 54 ЖОО мен 3 колледжде, «Құқықтану» мамандығы бойынша 5 ЖОО мен 3 колледжде, «Банк-ісі» 3 колледжде даярланады екен. Бұл жерде тек мемлекеттік оқу орындарын айтып жатырмыз. Осы жоғарғы оқу орнын бітірген жастардың барлығы жұмысқа орналасып кете ала ма?
Университеттен болсын мектептен болсын белгілі бір мамандық алғандар қазіргі еңбек рыногы жағдайына бейімделмей шығуы, содан барып дипломды жұмыссыздар қатарын толықтыра түсуде. Қазір шамамен 193 бухгалтер, 202 инженер, 159 мұғалім, 182 мейірбике, 83 экономист жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр екен. Бұл тек ресми мәліметтер.
Үстіміздегі жылы Республика мектептерін 140031 түлек бітіріп шықты оның 122-і «Алтын белгі» иегері болса, 75-і халық шаруашылығы және республика пән олимпидаларының және ғылыми жобалардың жүлдегерлері. Соның биыл Республика бойынша 124415 түлек ЖОО-на құжаттар тапсырды (2006 жылы - 43 мың, 2000 жылы - 103 мың, 2007 жылы - 142 мың). Күндізгі оқу нысаны бойынша - 104300 өтініш, сырттай оқу нысаны бойынша - 11269 өтініш, оқудың жеделдетілген нысаны бойынша - 8846 өтініш берілген. Бұл сандарға үңілсек талапкерлер биыл түлектер санының - 88,8% құрайды. (2006 жылы - 53%, 2007 жылы - 68%) Осы түлектердің 25 мыңы грант және несие жүйесі бойынша ЖОО-на түсуі тиіс.Олардың 30 %-і екі деген бағаға алды. Тек 311 талапкер ғана өте жоғары деген балл жинады. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы мамандығына сұраныс біршама артқанын көрсетеді.
Мамандықтар ішінде конкурсы ең жоғары болған мыналар; қаржы және несие - қазақ бөлімінде бір орынға 57,3 талапкер, орыс бөлімінде - 66,7; бухгалтерлік есеп және аудит - 28,5 және 34,8; кеден-ісі - 29,4 және 22,6; әлемдік экономика - 13,1 және 24,5; ақпараттық жүйелер -9,6 және 15,8.
Педагогикалық мамандықтар бойынша; тарих және география - қазақ бөлімінде бір орынға 25,6 талапкер. Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі - 23. Шет тілі (ағылшын тілі) - 19,3.
Биылғы жылы талапкерлердің жол қатынасын ұйымдастыру (әр бір орынға 32,3 қазақ бөлімі, 17,5 - орыс бөлімі. Есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету (6,8 және 15,4), мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы (16,4 және 5,8) сондай-ақ„мұнай мен газ кен орындарын игеру. Мұнай мен газ геологиясы сияқты инженерлік -технологиялық мамандықтарға да қызығушылықтардың артқанын байқауға болады.
Қысқасы Республика бойынша бір орынға 4-9 үміткерден келеді. Ендігі мақсатымыз осы болашақ мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі тұр. Оңтүстік Қазақстан облысында дәл бүгінгі күні 73 біріккен және шетелдік кәсіпорындар 9415 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорындар негізін мұнай өңдеу, цемент, фармацевтік препарат, киім, жиһаз, темекі өнімдері, тоқыма бұйым, сусын шығарудың технологиялық жабдықтарын, монтаждау мен құрылыс жұмыстарына қызметке шоғырландыруда.
Облысымыз жұмыс қолы жетіп артылатын аумақтың бірі болып саналады. Кәсіптік бағдар беру кезінде аудан, аймақ ерекшеліктерінде де есепке алу керек. Әр ауданның өзіне қажетті мамандары даярлануы қажет. Мысалы, Арыс қаласын алатын болсақ, ол жерге негізінде теміржол станциясы болғандықтан (қаласының өзінде) түрлі механиктер мен жөндеушілерді талап етеді. Ал, ауылдық жерлеріне келетін болсақ ол аймақ егін, малшаруашылығымен айналысатын болғандықтан жерге түрлі ауыл шаруашылық мамандықтары қажет (Мал дәрігері, Фермер, Ауыл шаруашылық, силикатты қосындылармен жұмыс жасайтын және т.б.).
2006 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша облыстағы еңбек ресурстары 1019,2 мың адамды құрады. Бұл жергілікті тұрғындардың 51,6 %-і. Облысымызда жүз мыңнан астам жұмыспен қамтылмаған адам бар. Жұмыспен кемуі мен еңбек рыногындағы проблемалардың негізгі себебі-бос жұмысшы күштеріне деген сұранстың азюынан болып отыр. Айталық, 2001 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша әрбір бос орынға 19 жұмыссыздан келген екен. Облыстың еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту департаментінде 2007 жылдың 1 шілдеге дейін тіркелген жоғары білімді жұмыссыздар саны 16324 адам, олардың арасында мамандығы, жұмыс стажы бола тұра жұмысын еріксіз жоғалтқандар 2600 адамға жеткен.
Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік жағдайында жастарды жұмыссыздық мәселесі ұдайы алаңдатуда. ҚР-да ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2007 жылдың аяғында 251381 адамды немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 3,9 пайызын құраса, оның ішінде жастар 72679 адамды немесе 28,9 пайызды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіштері жөнінен Қызылордада алда болып отыр (4187 жұмыссыз жастар немесе облыс бойынша ресми жұмыссыздардың 42,3 пайызы), Атырау (4387 адам және сәйкесінше 33,1 пайыз), Маңғыстау (6681 адам немесе 36,8 пайыз), Жамбыл (3154 адам немесе 32,5 пайыз), Шығыс Қазақстан (11130 адам немесе 31,1 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (5606 адам немесе 29,9 пайыз) және Қарағанды (5726 адам немесе 29,6 пайыз). Негізінен жұмыссыздар қатарын кәсіби жұмыс тәжірибесі шамалы жастар толықтыруда. Мысалы, жұмыс тәжірибесі 1 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыссыз жастар 22,3 пайызды құраса, 5-10 жыл арасындағылар 22,6 пайыз, 10 жылдан жоғарғылар 10,4 пайызда құрайды. Жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 2007 жылдың 1 жарты жылдығында өтініш білдірген жастар арасынан 17,7 мыңы (салыстыру үшін 2006 жылдың осы кезеңінде 10,5 мыңы) жұмысқа орнасатырылып, жастарды жұмысқа орналастыру деңгейі 26,2 пайызды көрсетіп отыр және бұл Республика бойынша тұтас алғандағы көрсеткіштен 0,5 пайызға төмен. Жұмыссыз жастарды әлуметтік қолдаудың тағы бір белсенді нысаны кәсіби дайындық, қайта даярлау мен жұмыссыздардың біліктілігін арттыру болып табылады. 2000 жылдың бір жарты жылдығында жұмыспен қамту қызметінің көмегімен бар болғаны 2,3 мың жұмыссыз жас азамат оқумен қайта даярлаудан өтті.
Президентіміз Н.А. Назарбаев соңғы қойылған талаптарының бірі - ол ауылдық жерлерді көтеру. Жұмыссыздық мәселесі ауылдық жерлерді айналып өтпеген. 2007 жылдың бір жарты жылдығында ауылдық жерлерде жас жұмыссыздардың саны 21,1 мың болып, барлық жас азаматтардың 31,2 пайызын құрады.
Жастардың жұмысқа орналасуына кедергі келтіретін негізгі себебіне (жастардың бағалауынша) мынаны: тұрғылықты аудандар жұмыс орындарының жоқтығы (49,3 пайыз) жатқызылды. Мұндай бағалау әскери қызметшілерге 59 пайыз, мемлекеттік қызметшілерге 53,7 пайыз, жұмыссыздарға 53,6 пайыз, ғылым, білім және мәдениет саласының қызметкерлеріне 54,5 пайыз және ауылдық аумақтар мен шағын қалалардың жастарына 54 пайыз қатысты болып отыр.
ЖОО-ның 2006-2007 жылдар арасындағы салыстырмалы өзгеріс саны 51-ге көбейді. Ал тек мемлекеттік ЖОО-да дәріс алатындардың саны 99535 адамды құрайды. Статистика мәліметтері жоғары білімді адамдардың анағұрлым көбейгендігін көрсетеді. 2006/2007 оқу жылының өзінде-ақ ҚР-ның жоғары білім инфрақұрылымы 55445 маманды даярлап, олардың саны алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 3675 адамға өскенін байқатты. Бірақ та «саны бар да, сапасы жоқ» деп айтпақшы, жылдан жылға жоғары білімге ие адамдар санының өсуі сол адамдардың жоғары білім ұяларында алған білімінің сапасына күмән тудырады. Алайда бұл мәселе әлі де болса шешімін табуға қажетті.
Колледж саны 2007 жылы 274 бірлікті құрап, 2006/2007 жылдары колледждер түлектері 51913 адам болды. 2000-2007 жылдар аралығындағы өзгерістер динамикасы арнайы орта кәсіби орта білім бар мамандар санының 9510-ға кемігенін көрсетеді. Ал кәсіби мектептердің жай күйі қуантарлық жағдай тудырмады. 2000-2007 жылдар арасында кәсіби мектептер саны 146-ға кеміп, 2000 жылы 304-ті құрады. Ол аздай кәсіби мектептерді бітірушілердің саны тұрақты әрі үздіксіз (2000 жылы 79017-ден 2006 жылы 41527-ге дейін) азаю үстінде.
Жастардың заңгер мамандығын 20,2 пайызы, экономист мамандығын 14,8 пайызы, банк қызметкерлігін 9,6 пайызы, шетел тілдерінің аудармашылығын 5,7 пайызы, электрондық есептеуіш машинаның операторлығын 5 пайызы және салық инспекторлығын 4,5 пайыз иеленгісі келетіні мәлімденді. Бұл мамандықтарды таңдауда жастардың гедонистік және шығармашылық -ал туристік бағыттарындағы материалдық жағдайды жақсарту, қамтамасыз етілген өмір сүру, қоғамға пайдалы болу, өзін-өзі тұрақты жетілдіру мүмкіндігінің болуы, т.с.с. факторлары әсер етті.
Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесі көрсетіп тұрғандай кәсіптік бағдардың жүргізілуі, оқушылардың қазіргі кездегі сұранысқа сай еңбек етуі болып отыр. Ол мектеп қабырғасын бітірісімен белгілі мамандық алмаса да мамандыққа бағыт-бағдар алып шығуы қажет. Яғни, оқу орнына бармаған жағдайда жұмыссыздар санын көбейтпей өзінің кәсібін жасау. Ал оқу орнына барған жағдайда өзінің икемділігіне, қызығуына, қоғам қызығуына сай мамандықты дұрыс әрі, саналы таңдауы. Өмірде өз орнын табуына өте қажетті кәсіптік бағдар жұмыстары әлі де болса күрделі зерттеуді, оны жеке ғылым саласы ретінде қарастыруды талап етеді.
Қорытынды.
Ж. Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асырудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде-кім өзіне ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істелген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ"-дейді.
Соңғы кездері 12 жылдық білім беру туралы мәселесі қолға алынып жатыр. Осы орайда бірінші кезекте кәсіптік білімге көңіл бөлінеді, яғни оқушылар мектеп бітірісімен сұранысқа сай маман болып шығуы қажет. Ал, мамандық иесі болу үшін баланың икемділігі, қызығушылығы, білімі жан-жақты зерттелуді қажет етеді.
Біздің зерттеу жұмысымызда осы кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізудің, оқушыларға, олардың ата-аналарына мамандықты саналы таңдауына көмектесу барысында жүрді.
Диплом жұмысымызда кәсіптік бағдарды жүргізудің бірнеше тәсілдерін жүзеге асырудың тиімділігі көрінді. Нақтылап айтсақ №2 МОӨК-да №51, 52, 53, 54, 56, 60 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген зерттеуде оқушылардың мамандыққа деген икемділіктері мен қызығулары анықталды. Енді осы кәсіптік бағдарлама кітапшаларын қолдану аймағын кеңейтуді мектептерге ұсынып отырмыз. Яғни, мұндай кітапшаларды тек жоғарғы емес төменгі сыныптардан бастап қолға алу қажеттігі бар екені айқындалды.
Зерттеу жұмысымыздың дәлелділігі, мектептердің іс тәжірибесіне енуімен нақтыланып, кәсіптік бағдарлама кітапшаларының оқу-тәрбие барысында қолданылуы болып отыр.
Атақты ұстаз Ахмет Байтұрсынов; «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек»,-деп ұлы өсиет қалдырғаны белгілі. Сондықтан әр оқушыға өз орнын табуға ұстаз ісімен нақтылы көмек көрсетсек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет