Консолидация, яғни нығаю тілі мен мәдениеті бойынша жақын бірнеше өз бетінше өмір сүретін халықтың ірі бірегей этносқа қосылуы. Оған шығыс славян тайпаларының IX-XII ғғ. Ежелгі Русь деп аталатын ұлысқа қосылуы мысал бола алады.
Ассимиляция – бір этностың басқаға сіңіп кетуі, бөлшектенуі, нәтижесінде этникалық қасиеттерін жоғалтуы. Қазіргі әлемде бұл үдерістер дамыған елдерде өтіп жатыр, мысалы - Италия, Англия, Дания және т.б.Ассимиляция мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында халықтардың байланысуы үдерісінде табиғи жолмен жүреді. Этникалық тарих - этникалық қауымдастықтың әр түрлі этникалық компоненттер негізінде құрылу үдерісі. Оның нәтижесінде ол этносқа басқа этностардың енуінен жаңа этникалық топтар пайда болады. Энтогенездің екі тарихи типін ажыратады. Этникааралық интеграция жай әрі күрделі тұрғыдан өтуде, онда тілі мен мәдениеті бойынша ажыратылатын халықтардың мемлекет ішінде әрекеттестігі, араласуы оларда ортақ жалпы белгілердің пайда болуына алып келуде. Нәтижесінде этникааралық қауымдастық жинақталады.
Қазіргі уақыт талабы жаңаша дүниелік көзқарас тұрғысынан жаңаша ойлап, шешім қабылдай алатын, креативті ойлау қабілеті дамыған маман тұлғасын, өз елі мен жерінің, туған тілінің жанашырын дайындауды міндеттеп отыр. Бұл міндет жаңа уақыт талаптарына төтеп бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті, ұлтжанды азамат тәрбиелеу ісінің өзектілігін алға тартады. Білім беру кеңістігі жастар үшін мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайда мемлекеттік тілді меңгеруге, ұлт тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуге, ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыруға, білім және мәдени рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Ұлттық тәрбие жүйесін қалыптастырудың әдіснамалық базалық тұғырлары деген не және оған сипаттама беріңіз.
2. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің әдіснамалық тірегінің мазмұнын ашыңыз.
3. «Этнос», «ұлт», «мемлекет құраушы ұлт», «халық», «ұлты», «ұлттық бірлік», «ұлттық діл», «тәрбие», «халықтық тәрбие», «ұлттық тәрбие», «этникалық тәрбие», «азаматтық тәрбие» ұғымдарының шығу тарихын зерттеңіз.
4. Жалпы тәрбиенің қазіргі заманғы теориясы мен практикасы ұлттық тәрбие жүйесін қалыптастырудың әдіснамалық негізі екендігін дәлелдеңіз.
Әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012.
Таубаева Ш.Т. Педагогика әдіснамасы. Оқу құралы. – Алматы: Қарасай, 2013. - 432 б.
Штофф В.А. Введение в методологию научного познания.- Л., 1972.- 215 с.
Қазақ этнопедагогикасының методологиясы мен этнопедгогика және мәдениеттану мәселелері. «Қазақ университеті» баспасы. 44 б.т. Алматы 2000 Ж.
Краевский В.В. , Бережнова Е.В. Методология педагогики: новый этап. Учебное пособие. М.: Академия, 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |