І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесіне әсер етуші факторлар



бет7/35
Дата19.05.2022
өлшемі417.2 Kb.
#457849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
І тарау. Жас рпа А лтты Т рбие беруді діснамалы негіздері

1.5 Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесіне әсер етуші факторлар

Өзіңді біле түскен сайын парасаттылығың арта түседі.
Ә. Науаи

Қазіргі әлемдік үдерістер өте күрделі. Ақпараттар тасқыны, ғылыми техникалық жаңалықтардың үдей түсуі, адамзаттың өмір сүру формалары мен салттарының ұқсас болуы, түрлі халықтардың ойлау жүйелерінің жақындасуы, ғаламдық қауіптер мен қайшылықтардың үдеуі халықтардың ұлттық өміріне үлкен ықпалын тигізуде.


Себебі, ұлттық тәрбиеге әсер ететін факторларды адамды белсенді іс-әрекетке құлшындыратын, тәрбие беру жүйесін модернизациялауға әсерін тигізетін табиғи және әлеуметтік фактілер шарттары ретінде қарастырады. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Ғалым А.В.Мудрик барлық адамдардың әлеуметтенуіне белгілі бір ортаның ықпалы болатынын зерттей отырып, әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді.
Бірінші – мегафакторлар (мега- ете үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
Екінші – макрофакторлар (макро-үлкен) - ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүрстін тұрғындарды әлеуметтендіру.
Үшінші - мезофакторлар (мезо-орташа) - тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобын әлеуметтендіру жағдайы.
Төртінші - микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады – үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдъщ, діни, мемлекеттік, жеке үйымдар, микросоциум. Бұл факторлар адамның толымды түрде әлеуметтену үдерісін сипаттайды.
Қазақстан Республикасында ұлттық тәрбие берудің жетекші факторларының бірі ғаламдық жаһандану, оның жағымды және жағымсыз тұстарының мәнін түсінуі қажет.
Әлеуметтенудің жаңа факторлары: еңбек нарығы, кәсіпкерлер институты, әлеуметтік өмірдің барлық саласын ақпараттандыру, қоғамның жаңа типі негізінің қалыптасуы, оны жаһандық ақпараттық қоғамға ендіру. Жаһандану – Қазақстан халқының мәдениетаралық диалогы мен ұлттық тәрбиесіне ықпал ететін фактор.
Студент жастар мемлекет құраушы этнос ретінде қазақтың және Қазақстан халықтарының мәдени мұрасының маңызын түсінуі қажет. Студент жастар адамгершілік құндылықтарды меңгеруі, субмәдениеті мен жастар қозғалысына бағдарлануы; Қазақстандағы жастар саясаты мен оның негізгі нормативтік құжаттарының мәнін білуі; студент жастардың салауаттылығын арттыру; республикадағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің негізгі тетігі, институты ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-әрекетінің маңызын түсінуі қажет.
Халық даналығының кәусар бұлағы – қазақ халқының моральдық-этикалық дәстүрлерінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу педагогикалық үдерістің жетекші мақсатының бірі және ұнамды бағдар беретін жеке тұлғаны дамытудың негізгі факторы болып саналады.
Тәлім-тәрбие адамзат тарихымен бірге жасап келеді. Бүкіл адамзатқа ортақ тәрбие талабы – жастарды адам болуға үйрету, адамгершілікке баулу. Ал адам болудың жолдары әр халықтың, ұлттың дәстүрінде, салтында. Ол үлкенді сыйлаумен, тыңдаумен, ата-ана, отбасы дәстүрін сақтауымен, ар-намысты ұятты бетке ұстаумен, өнер-білімге, еңбекке ұмтылумен анықталады. Бұның бәрін халықтық педагогикадан, ұлттық тәрбиеден іздеу керек.
Демек, оқу-тәрбие ісінің тиімді болуы үшін ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканы, ұлттық тәрбиені қатар қолдану қажеттігі айқындала түсуде. Осы орайда, М.Жұмабаевтың «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиені сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуы міндетті» - дегені бала бойында ең алдымен ұлттық тәрбие сіңірмей білім берем деуі әурешілік болады дегенді аңғартады.
Бүгінгі жаһандану үдерісі өз ілегіне көптеген ұлттарды еріксіз ертіп жұтып алып, ұлттық тұғыры тілі мен дінінен айырып, бірте-бірте экономикасы, тілі, салт-дәстүрі, құдіретті ұлттарға сіңіп кету қаупін туғызуда. Осындай жағдайда Қазақстан сияқты көпұлттардың өкілдері шоғырланған мемлекеттің алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, жас ұрпақты өз ұлтының мәдени рухани халықтық педагогика мұрасына тәрбиелеу тарихи қажеттілік болып отыр.
Әрине, мұндай ауқымды мәселелер мынандай жағдайларды басымды қарауды жүктейді. Олар: біріншіден, студент жастардың ұлттық дүниетанымын әлемдік мәдени құндылықтармен диалектикалық тұтастықта дамытып отыруға, екіншіден, ұлттық құндылықтар жүйесін сақтай білуге және оны белсенді түрде басшылыққа алуға жастарды үйрету мәселесіне назар аударуды; үшіншіден, жас ұрпаққа білім, тәрбие беру барысында бір жағынан, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруға; өз елінің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін тарихи әлеуметтік-мәдени жағдайын терең тануға айрықша көңіл бөлу қажет етеді.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - қазақ халқы. Оның тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Ұлттық тәрбие ісіндегі сәбилік кезден – ес біліп, ер жеткенге дейін салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері баланың өсу жолмен беріліп отыр.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары (мәселен бала-бақша, ясли т.б.) болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр, әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған орта құпиясын болжай білуге үйреткен. Мәселен, жұлдыздарға қарап ауа-райын болжау, әртүрлі белгілерге барып жол тауып жүру, әртүрлі аңдардың ізінен жоғалғанын табуға, ізшіл, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған. Үнемі әңгіме, жыр, өлең тыңдап өскен бала жыр-дастандарды тез жаттап алған. Сөз өнері арқылы сөйлеу қоры байып мағыналы, мәнді, орынды сөйлеуге жаттықтырған. Халық даналығы, шығармашылығы, қызықты әңгімелер балаларға қызығушылық тудырып ой-пікірлерін шыңдап отырған. Міне, осының бәрі қазақ халқының бала тәрбиесінде жинаған мол тәжірибесі бар екенін көрсетеді.
Қазіргі жастарға ұлттық тәрбие беруде қазақ халқының сан ғасырлық мәдени мұралары маңызды деп танылады. Ұлттық мәдени мұраларға халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті үлгілері, сәулет, бейнелеу, музыка, қолөнері және т.б. өнер түрлері жатады. Қай елдің болмасын мәдени мұраларында сол елдің өз халқына ғана тән қасиеттер, ұлттық ерекшеліктер бейнеленеді.
Қазiргi кезде қоғам өзгерiстерiнiң шешушi факторы - адам, сондықтан «Адам-қоғам», «Адам-әлем» қатынастарынан адамдардың әлемге, қоршаған орта, қоғамға көзқарасы қандай ұстанымдарға қатысты, әлемдегi құндылықтарды түсiну де маңызды.
Студент жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамдағы достық ахуал мен бейбітшілікті сақтауды түсінуге, ұлтаралық рухани келісімді нығайтуға негіз болады. Студент жастардың бойында қалыптасатын елжандылық, азаматтық, болашаққа деген үлкен сенім, адамдар арасындағы қарым – қатынасқа ізгілікті көзқарас, өз еліне деген мақтаныш сезім бәрі ұлттық ұлағаттың көрінісі болып саналады. Сол себепті қазақ халқының мәдени мұралары қай уақытта болмасын мемлекет құрушы ұлттың рухани құндылықтары ретінде қазіргі студент жастардың тәрбиесінде аса маңызды болып қала береді.
Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның ойынша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамның меңгеруі қажет - материалдық, рухани және социо-нормативті немесе адамгершілік мәдениеті. Материалдық мәдениет адам қолымен жасалған материалдық құндылық заттардың жиынтығы материал (машина, құрал-жабдық, техника, әртүрлі бағыттағы объекгілер т.б.).
Мәдениеттің бұл саласы адамдардың тума қасиет шеберлігінде еместігі ескеріледі. Рухани мәдениетті, интеллектуалды деп те атайды, адамдардың табиғат пен әлеуметтік ортаны қабылдау мен бейнелеудің белгілі бір ғылым мен өнерді айқындалған болмысы ретінде қабылданады. әлеуметтік-ережелі мәдениет, қоғамдық өмірді ұйымдастыру (экономика, құқық, саясат т.б.) тума қасиет мінез-құлыққа тәуелді еместігімен оқшауланады.
Жалпы адамды тәрбиенің әлеуметтік негіздерінін, мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, тәрбиенің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, тәрбиенің әлеуметтік мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз санасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрскет үстінде адамшылық мәдениетке үйренеді.
Демек, тәрбиенің әсері дегеніміз - қалыптасып келе жатқан тұлғаның ортамен (әлеуметтік қана емес, сонымен бірге табиғат, матриалдық, рухани) мақсаттарға сай өзара қарым-катынасы болып табылады. Демек, студент жастарға ұлттық тәрбие берудің факторларына ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы т.б. мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр.
Сондықтан да ұлтты құрайтын адамдардың ой-санасы, мүддесі, намысы жалпылық сипат алып, ортақ деңгейге көтерілгенде оларды әуелгі жеке тұлғаға тәндіктен ажыратып, ұлт еншісіне айналдырып, әрқайсысын ұлттық сана, ұлттық дүниетаным, ұлттық жігер, ұлттық мінез деп ерекшелейді. Ұлттық мінез ұлттың барлық психикалық ерекшеліктерінің жиынтығын құраса, ұлттың сана ұлт ерекшелігін, оның тарихи қалыптасуын меңгеру, ұлттық жігер ұлтының намысын қорғайтын, ұлтын танытуды мақсат ететін әрекетке әкелсе, ұлттық дүниетаным -ұлттық болмыс, тәрбие, тарихи сана, басқа да дәстүрлі мәдени-рухани көзқарастар жүйесін қалыптастырады, ұлттық білімділігіміз білім мазмұнындағы ұлттық дүниетанымызды дамытады. Ұлтқа тән аталған ұлттық сана, дүниетаным, жігер, мінез үлгілері ұлттық тәрбие берудің мазмұнын ашуға негіз болады.
Ұлттық мінез деп ұлттың барлық психикалық ерекшеліктерінің жиынтығын; ұлттың сана – ұлт пен ұлттың ерекшелігін, тарихи қалыптасуын көрсететін үдеріс; ұлттық жігер- өз ұлтының намысын қорғайтын, ұлтын танытуды мақсат еткен әрекет; ұлттың дүниетаным - ұлттық болмыс, тәрбие, тарихи сана, басқа да дәстүрлі мәдени-рухани көзқарастар жүйесі, ал ұлттық білім - білім мазмұнындағы ұлттық дүниетаным, ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен қарау. Ал парыз – өзінің мағыналық аясына ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтып, оларды адам өміріндегі қайшы құбылыстарға қарама-қарсы қоятын жоғары парасаттылық ұғым. Бағамдасақ, патриотизм – адамның туа біткен биологиялық қасиеті емес, ол әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім. Ол Отанға қызмет етуден көрінеді. Әрбір халық өз Отанының, яғни өзі еңбек етіп, өмір сүретін саяси, мәдени, дамуына мүдделі. Ұлттық сана-сезім – адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі.
Жаңа білім парадигмалары студент жастарға бірінші орынға тұлғаның білімін, білігі мен дағдысын емес, оны жан – жақты дамыту, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірту, рухани жан дүниесін қалыптастыру міндетін қойып, мемлекетіміз білім кеңістігіне аяқ басқан кезеңінде, ғылым – білімнің құндылығын, рухани маңыздылығын мақсат етіп қояды.
Қазіргі уақытта «жаһандану» - көрінісі мен мазмұны жағынан дүниежүзілік пікірталас туғызған құбылысты тану мақсатындағы ізденістер. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарда әлемдік даму үрдістері деңгейіндегі өзгерістерді талдау тәсілдері де жаһандану теориясын зерттеу тәсілдері болып табылады. Бұл теория бойынша, әлемдік қауымдастықтың дамуы жекелеген қоғамдар мен мемлекеттердің бүкіл әлемді қамти бастаған ғаламдық үрдістер мен қатынастарға тартылуы бағытында жүріп келеді. Әлемдік қауымдастық дамуының негізгі үрдістерінің бірі бола отырып, жаһандану экономикалық және саяси үрдістерге де, мәдени-өркениеттік саладағы өзара қатынастарға да ықпалын тигізеді. Ол мемлекеттердің, мәдениет мен өркениеттің алдына өздерінің ерекше құндылықтық бағдарларын сақтай отырып, ғаламдық сипатқа ие болған қазіргі заманғы үрдістерге сіңу міндетін қойып отыр.
Адамзаттың бүкіл тарихы - жаһанданудың үздіксіз үрдісі. Ағылшынның «globalzation» сөзі әлем әдебиетінде өткен ғасырдың 80 жылдары жиі байқала бастады. Атап айтқанда, терминді Американың Гарвард, Станфорд сияқты әлемге танымал университеттеріндегі іскерлік, әкімшілік басқару, саясаттану, экономика профессорлары қолдана бастаған еді. Ағылшын және француз тілдерінің сөздіктерінде «global» сөзі глобусты, сфераны ғана емес, сонымен қатар тұтастықты, бүтіндікті білдіреді. Түп төркіні ағылшын сөзінен тарайтын бұл ұғымды одан әрі ғылыми айналымға енгізген 1983 жылы американдық ғалым Т.Левит болды. Ұғым жалпы мағынасында әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпы азаматтық өлшемге ие болуы деген сөзді білдірсе керек.
Сонымен қатар, 80 жылдарының аяғында «жаһандану» ұғымын қалыптастыра және жұртшылыққа танымал ете бастағандардың біріне Р.Робертсонды айтуға болады. Сол кезеңде жаһандану теориясының төңірегінде әлемдік трансформациялау теориясы саласындағы зерттеулердің көпшілігі шоғырланды.
Одан кейінгі жылдары «Жаһандану мәдениеті» атты бағдарламалық мақалалар жинағы жарық көріп, жаһанданудың негізгі теоретиктерінің зерттеулері жарық көре бастады. Олар Р.Робертсон, М.Фезерстоун, Б.Тернер еңбектері болды. Олардың зерттеу нәтижелері жаһандану мазмұнын, оның бағыттарын ашатын іргелі монографиялық еңбектері болды.
Біздің ұлттық даму тарихымызда алғашында М.Дулатидің «Жаһаннама» еңбегінен белгілі болған бұл ұғым, Қазақстан ұлттық энциклопедиясында «Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш.Global - әлемдік, дүние жүзілік, жалпы) – жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі» - деп көрсетілген.
Глобализация ұғымының мағынасымен қатар, саяси және экономикалық, мәдени мазмұнын тұтастай салыстырғанда қазақша нақты баламасын «әлемдік тұтастану» деп қабылдауға болады. «Глобализация» терминінің қазақша негізгі екі баламасы бар: «жаһандану немесе жаһандастыру» және «ғаламдану немесе ғаламдастыру».
Қазақстандағы бұл жөніндегі дискурс екі ұғымды да қатар пайдаланады. Бұл жердегі «ғалам» арабшадан көшірілген формада – «әлем» сөзімен мазмұндас, бірақ «әлемдендіру» деп айтылмайды, себебі ол- стилистикалық және конструктивті жағынан, акустикалық мәні бойынша да қолдануға аса үйлесе бермейді.
Ал «жаһан» ұғымы «жер жаһан» деген тіркеспен айтылатын біріккен ұғымның бір жұбын ғана бөліп қарастырудан туындаған. «Жаһандану» түсінігінің шығу тегімен айналысқан Рим клубының өкілдерінің еңбектерінде жаһандану «ғаламдық теңдік» мазмұнына ие болған.
Демек, жаһандану дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Жаһандану заманында болашаққа нық қадаммен бару үшін ең алдымен ұрпақ бойында ұлттық сананы қалыптастыру қажет. Бүгінгі таңда тұлғаға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениет үлгілерін игеруші, оны өзінің даму жолында тұтынушы, жалғастырушы мұрагер деп қарау қажет.
Жаһандану жағдайында ұлттық бет-бейнені, өзіндік сананы сақтап қалуда мәдениетаралық ынтымақтастық пен интеграцияны дамыту тиімді жол деп танылады. Интеграциямен қатар қоғамда жаңару үрдістері жүруі шарт. Ол үшін белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және психологиялық сипаттағы өзгерістер арқылы қоғамды қазіргі заман дәрежесіне сәйкестендіріп, озық елдердің үлгісін, әсіресе мәдениетін пайдалану, соған бейімделу яғни, модернизациялану керек.
Модернизациялау - қоғамдық іркілістен, тоқыраудан өсіңкілікке, жаңаруға бет бұру деген мағынаны білдіреді. Бұл сонымен қатар, көпжақты өзгерістер арқылы дәстүрлі жолмен дамып келе жатқан ұлттардың бүгінгі күнгі технологияға, әлеуметтік саяси құрылымға, тұрақтылыққа қолын жеткізуі деген сөз.
Жаһандану ағымына ұлтымыздың бай мәдениетін, адамгершілік тәрбиесін қарсы қою, құндылықтарды студент жастардың бойына сіңіру ұлттық тәрбиенің маңызды мақсаты болып қала бермек. Ұлттық мақсат, ұлттық діл, ұлттық идея - ұлттық рухпен тоғысқанда ғана жаһандануда ұлттық келбетті сайтай алады. Сол себепті жаһандану үрдісінде ұлттық келбетті сақтап, елдігімізге берік болу үшін жастарды ұлттық негізде тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет